?ткен ?асырды? алпысыншы-сексенінші жылдары аралы?ында д?ниеге келген ?аза? прозасына зер салып ?арап отырса?, ?нер адамыны? т?л?асын, оны? ішінде ?сіресе, а?ындар та?дырын ар?ау еткен к?ркем шы?армалар ед?уір баршылы?. Осы д?ниелерді? к?ркемдік де?гейі, та?ырыпты ?амту тере?дігі, тілі ж?не жазылу стилі ?ркелкі бола т?ра, барлы?ына орта? бір сипатты? басым т?сіп жататынды?ын а??армау м?мкін емес.Осындай ?аламгерлерді? бел ортасында Т?кен ?лім??ловты? есімі жеке дара аталу?а ?бден лайы?ты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?кенні? «?араойы» - ?ажап новелла»
Атырау облысы
Махамбет ауданы
Талдыкөл мектеп-балабақша кешені
Баяндама
Тәкеннің «Қараойы» - ғажап новелла
Газизова Анар Табылдиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өткен ғасырдың алпысыншы-сексенінші жылдары аралығында дүниеге келген қазақ прозасына зер салып қарап отырсақ, өнер адамының тұлғасын, оның ішінде әсіресе, ақындар тағдырын арқау еткен көркем шығармалар едәуір баршылық. Осы дүниелердің көркемдік деңгейі, тақырыпты қамту тереңдігі, тілі және жазылу стилі әркелкі бола тұра, барлығына ортақ бір сипаттың басым түсіп жататындығын аңғармау мүмкін емес.Осындай қаламгерлердің бел ортасында Тәкен Әлімқұловтың есімі жеке дара аталуға әбден лайықты.
ХХ ғасырдың екінші жартысы туған әдебиетіміздің ілгері қарай ілкі қадам жасаған сәтті кезеңі болды.Әдебиеттің барлық жанрында – проза мен поэзия, драматургия мен сында айтарлықтай жаңалықтар жасалды.
Кейіпкерлерді әлеуметтік-психологиялық тарам-тарам шымыр драмалық тартысқа салу-бұл дәуір әдебиетінің негізгі ерекшелігі. Өткір, тіпті трагедиялық қақтығыс кейіпкерінің мінезі мен әрекетінің иірім себебін, түп қазығын ашады.
Әлеуметтік тартысқа түскен образдар жүйесі бүкіл елді астан-кестен қылған аласапыран қазақ қоғамының күрделі сипатын ашады.
Қаһарманның жан иіріміне үңілу, шымыр тартысты екшеу, іріктеу, болмысты талдау – күрделі психологиялық ізденіс арқылы дәуір келбетін ашу – Тәкен Әлімқұлов шығармаларында айрықша танылады.
Тарихи шежіре жанры алуан түрлі. Уақыт өткен сайын күрделене түсіп, көркемдік зері мен зердесі саф алтындай жарқырап келе жатқан бүкіл ұлттық әдебиет тәрізді тарихи шығарманың философиялық тереңдігі мен психологиялық шынайылығы, әлеуметтік-қоғамдық өрісі кемелденуде. Алғашында роман-хроника, ауыз әдебиетінің эстетикасы басымырақ көрінген бұл жанр қазіргі кезде күрделі сипатқа көшуде. Ол сипат – сол кездегі туындылардың түптеп келгенде қазақ өнеріне, қазақ мәдениетіне бір адамдай еңбегі сіңген, жалпы қазақ руханиятының ұлы тарихында үлкенді, кішілі өз орындарын айқындай алған, әр ғасырда әр түрлі тағдыр кешіп, сонысымен ел жадында қалған қайталанбас тұлғалардың туған әдебиетімізден орын алуы,
төл әдебиетімізде бейнеленуі дер едік. Рас, кейде тарихи шындықтың көркемдік биігіне көтеріле алмай жататыны да жоқ емес. Уақыттың өзі екшеген тарихи оқиға қанша мәнді болғанмен, онымен шектелмей, бүкіл адамзаттық, халықтық көкейтесті мәселе қоса көтерілсе ғана көркем шығармашылық қасиетке ие болады.
Осы бағытта тарихи адамдарды эпикалық жүйемен суреттеуде Тәкен Әлімқұловтың халық өнерпаздары жайлы хикаят, әңгімелері елеулі орынға ие. Оның әңгімелері өзіндік әдеби әлемінің сыртқы көрінісімен көркем көрінуімен қатар ішкі байланысының ғарыштық биікке көтерілуімен ерекшеленеді.
Осының бір ғана дәлеліне жүгінейік.Оқушыны негізгі желіден айырмай отырып, ішкі иірімнің нәрлі тармақтарына бойлата білетін шеберлік те, бір кітаптық кілтипанды бір сөзбен білемдеу ұсталығы да, қысқа да нұсқа сөйлеу дегдарлығы да, сөздің «тілін» игерген зергерлігі де айдан анық суреткердің, біздің ойымызша, ең үздік туындыларының бірі – «Қараой» әңгімесі.[1,92-б]Ұлы мұраттар елесін кезіп, айға атылған арыстан болмыстың алмағайып сәтін шағын әңгіменің бойына осындай шеберлікпен сіңіре білу деңгейі – біз жоғарыда айтып өткен ғарыштық биіктік.
Белгілі «Қараой» әңгімесінде қаламгер Махамбетті хан-сұлтандарға, би-болыстарға қарсы күрес ашқан ақын ретінде ғана мүсіндеген болса, көп дүниеден ұтылар еді.Жоқ, жазушы ол арзан, оңай, науқаншыл жолға түспеді.Өз соқпағын тапты, басқаға ұқсамады.Бұл әңгімеде ақын тұлғасы жаңа қырынан жарқырап көрінді.Ол алдымен халық қамын жеген, ел мұңын арқалаған қажырлы күрескер, қоғам қайраткері ретінде, сонан соң арқалы ақын ретінде танылды.Қарақан бастың қамы үшін, немесе жеке бастың намысы үшін «егеулі найза қолға алып, еңқу-еңқу жер шалған» Махамбетті таппайсың бұл әңгімеден. Ел егемендігі, ұлт азаттығы үшін жан қиған, өзін құрбан еткен ақиық ақынның трагедиясы алдыңғы қатарға шыққан. «Тәкеннің «Қараойы» - асыл Махамбет турасында жазылған ең қысқа, ең терең, соншалық шағын, соншама ширақ, керемет, кесек туынды. Жан дүниеңді бұлқынтып, жүйе-жүйкеңді шымырлатар ғажап новелла» деп Төлеген Тоқбергенов [9,185-б] баға бергендей, Азаттық жолында ешкімге бас имеген қайсар жан, қайран ақынның өр тұлғасын сомдаған. Ағайынның алауыздығы, сүйекке сіңген күндестік ұлт қасіреті деңгейінде көрсетіледі.Осы құндылықтардың мәні мен маңызы қазіргі
күнді, қазіргі заманды бастан кешіріп жатқан ұлтымыз үшін ауадай қажет.Демек, Тәкен Әлімқұлов бұл жерде де бүгінгі күнмен, қазіргі заманмен жалғасып жатқан, рухтас, сабақтас, ой толғап отыратындығын аңғару қиын емес.
Қаламгер сонымен бірге ақынның жүрек түкпіріндегі басты, түбегейлі арман-мұраты, мақсаты мен тілегі, мұңы мен зары – бәрі де оның шығармашылық мұрасында тұнып тұрғандығын терең түсінген.Онда Махамбеттің ақындық тұрғысы да, азаматтық тұрғысы да көрініс тапқан.Халықтың еркіндігі, елдің егемендігі, қарапайым қара қазақтың теңдігі... – ақын мұрат тұтқан, туған елімді тәуелсіздікке жеткізсем деген батыр арманының өзекті өртеп, іште кеткен, қолы жетпей қалған биік белестері осылар еді. Бұдан Махамбеттің адамилық, азаматтық тұрғысын танымау мүмкін емес. Осылайша, жазушы ақын өмірінің ең бір қиын, қилы кезеңінің шындығын суреттей отырып, оның тәуекелге бел буып, бітіспес күреске бас тігіп қорғаған азаматтық мұратының, қайраткерлік тұрғысының осындай концептуалдық мәнін терең ашып көрсетеді. Әңгімеде қаламгер тапқан, соны суреткерлік мақсатта жүзеге асыра алған қайталанбас көркемдік олжасының бірі де, бірегейі де осы екені де айдан анық[3].
«Қараой» әңгімесін шамамен тарихи кезең, рухани деңгей, ұлттық үрдіс, билік болмысы деп жіктей қараған адамға осынау шағын туындыдағы үлкен прозаның, шебер суреткердің болмыс бірден көзге ұрары хақ[3,138- б].
Құлықты құлқын билеген заман тегершігінің аранды иініне тұстас келген күрескердің тағдыры да, тәлейі де алмағайып. Араға жылдар салып, ұрпақ ауыстырып айналып соғып отыратын осынау зәрлі заңдылықтың тарих бетінде қалдырған ізін адамзат тарихнамасының қасіретті беттері дейміз. Ақтандақтар аталатын тұстар да – солар. Исатай-Махамбет қозғалысы да дәл осындай тұста бас көтерді.
Адами да, рухани да құлқыны арандай ашылған отарлау саясаты мен жергілікті желөкпе биліктің қиюласқан жігіне қол жуытпай жанталасқан сол тұсты бүгінгі таным биігінен саралау қажеттілік болғанымен мүмкіндігі күрделі құбылыс екені даусыз. Сондықтан да болар, жазушы Т.Әлімқұлов ең ыңғайлы жолды – замана тудырған текетірес бейнесін оған тікелей мұрындық болған жақтардың психологиялық ширығуы мен ішкі әлемнің көзден таса, екінің біріне ежіктеп айтып беруге келмейтін құпиясын зерделеу арқылы жасаған.
Исатайдан айырылып сегіз жыл сергелдеңге түскендегі ақынның сенген соңғы сырласы – Ықылас. Заман тұтқасын ұстаған ұлықтардың бір тетігі.
«Мақа, сізді қалың ел қорғаштауда. Келер жолы сенімді кісілерді ерте
келмекпін» деген Ықылас. Битті көз биліктің атам-заманғы сөз саптауы,әлім-сақтан қалған әдісі – халық атын жамылып, сенім құдіретін малданып алдауы, кісіліктің киелі дуасымен арбауы. Ал, батыр бол, ақын бол, ақылды бол, ақымақ бол бәрібір – осынау зымиян тұзақтан құтылып кетуің неғайбыл. Алысып жеңбесіңді алдап жеңудің төте жолын алдымен арсыз билік таңдамақ[3,145 б].
Сұңғыла зердеде күдік елесі, ақын жүректе сенім сергелдеңі. Жазушы осынау екі параллельді сипаттай келе мәмілеге келмесмәңгілік «ойынның» уақыты мен заманның меңгерген, атадан балаға, баладан далаға көшкен түзуін көркемдік биікке көтерген.
Қазақ тарихындағы Исатай-Махамбет қозғалысы туралы талай ойлар айтылып, талай-талай шығармалар жазылғаны белгілі. Шағын өлеңдерден басталып сүбелі туындыларға ұласқан осынау күрделі тақырыпты игеру талабының деңгейін бағамдар болсақ, дәл осы тақырыптың өзіне ғана тән, өзгеге ұқсамайтын күрделілігін байқар едік. Өйткені, халық мұратына ұласқан үкілі үкім қалауы, билік бейнесінде белең алған өзімшіл, өктем пиғыл, түптеп келгенде – түбегейлі текетіреске ұласқан ұғымдар тарпысуы, күрес туын іштей тынған күпті көңіл алдына көлденең тартқан Исатай батыр бейнесі Махамбет жырларында жеріне жеткізіле айтылған, танымның көркемдік тәсілдерімен жіктелген. Яғни, Исатай-Махамбет көтерілісінің жазба шежіресі жасалған.
«Қараой» әңгімесінің шымырқанған ішкі иірімдері мен үміт пен күдік болмысын заманауи шындықпен астастырған сыртқы желісі болған оқиғаны боямасыз баяндау тәсілінен әлдеқайда жоғары тұр. Әңгімедегі аз ғана кейіпкерлер шоғыры тарихи кезеңдердің бір арнаға түйісіп, бір жүйеге тізілген болмыс-бітімнің атынан сөйлеп тұрғандай әсер етеді. Бүгінгі күннің биігінен қараған оқырман, адам және оның мінез-құлқы, арман-тілегі, пенделік арақатынасы жөніндегі ұғымдардың өзгеріске аз ұшырайтынын, тек жеке бастың, дара мақсаттың мінез-құлқы ғана жиі құбылатынын байқар еді.
Нарында найза көтеріп, «елім!» деп еңіреген есіл ердің Қараойдағы қапалы күндерінің қасіретін тек жанмен ұғып, жүрекпен сезіне керек. Ақын рухын бір сәтке де темендетпей, адамнан келер азаптың аяр бейнесін ғана суреттеген жазушы шеберлігінен кісілік пайымның биік өресін байқауға болады. «Қиғаш» бойындағы жеңісті күндердің дабылы жаңғырған ақындық сананың аты озғанды аяқтан шалуға даяр, аяр болмысты аңдамай қалуы өзінше бір биік, жеңіліп тұрып жеңіске жетудің үздік үлгісі.
Тарихтан белгілі Ықылас, Жаңабергендер – алмағайып сол тұстағы даланың дуалы ауыздыларының өкілдері. Заманына сай туған сарбаздар генерал-губернатордың, яғни бодандық бұғауының қыл шылбырын ескен ұлықтың Ықыласқа берген мінездемесінен аяқ астынан «бауырмал бола
қалатын» жүзі қаралар тобының бет-бейнесін, ішкі әлемін айнытпай тануға болады. «Бұл бізге мейлінше қиын істердің бәрінде де және өте-мөте орындалуы айрықша ептілікті талап ететін тапсырмаларды жүзеге асыруда таптырмайтын адам» [2,540-б]
Мүмкін қазақ деген қауымның қиын жол, қиғаш өткелдерден тұратын тағдыры мен тарихының сан рет алдын кесіп, аранға бұрған осынау «таптырмайтын» талақтар шығар...
Т. Әлімқұлов өз хикаясында негізгі ой желілерін осы төңіректе өрбітеді.
Панасыз күн кешсе де санасыз күн кеше алмас дегдар жанның өз туысының, өз тумасының қолынан ажал аранына ілінуінде қоғамдық қана емес, қауымдық, азаматтық, халықтық трагедия жатыр. Болған оқиғаның сюжеттік желісін баяндау арқылы болмыстың көзден таса құпияларын ашып, тұстас дәуірге ұлағат, келер күндерге аманат айтып, адам атаулыны дәл осындай пәстіктен, пасықтықтан сақтандыру жатыр. Әңгімедегі Әуес бейнесі, күрес жолында шейіт болған бауыр еті балаларын еске алып езілген ақын жүрегі, өткен өмір кешкен ғұмырдың, дөңгеленген дәурен елесі, көзден таса кетсе де көңілдің көгін ендеген қайран Исатай рухы, Махамбеттің Әуес әрекеті арқылы Баян қыздың асыл анасын еске түсіруі шағын жанрдың шалқар мүмкіндігін, саз жазудың сара жолын көрсетіп тұрғаны сөзсіз.
Уақыт тезге салып, замана түзей алмас қасірет – аярлық пен ақкөңіл сенімнің айқасы шағын жанрдың шамасынан тыс қуатпен сипатталған шабыттың жұлдызды сәтіне дөп келген. Осы сәтте атақты Сомерсет Моэмның «Қысқа әңгіме жазудың қыры мен сырында құпия қулық жатады. Шығарманың жақсы немесе жаман болып шығуы тек авторлық концепция, тартымды баяндау, композициялық шеберлік, оймен ойлай білу қабілетіне ғана тәуелді емес. Мәселе – сәті түсіп, жолың болуында» дейтін белгілі пікірін еске алсақ, Тәкен Әлімқұловтың «Қараойы», шынында да, сөз киесі қолдап, өнер пірі қуат берген сәтті шақта жазылған шығарма дер едік.
Тіл безеу, сөз ұйқастыру, орамды ойды оралымды тіркестермен шегелеу, әрбір сөйлемге жеке шығармаға салынар салмақ салу, адами зердемен табиғат «түйсігін» шендестіру шеберлігі де осы әңгіменің өн бойында тұнып тұр.
Жазушы шеберлігі Исатай-Махамбет қозғалысының бастауында шын мәніндегі халық ұлдарының тұрғандығын, олардың қара бастың қамы мен билік тұтқасының дәмімен жоғары тұрған асыл азаматтар екендігін осынау шағын әңгімеде жеріне жеткізе дәлелдей алған, көркем ойлардың, философиялық зерделеудің жаңа белесіне көтерілген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алпысбаев Қ. «Ақберен ақын» «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы»-2003
№6,90-93б.
2. Әбдезұлы Қ. «Тәкен шығармалары» «Алматы» 145-150б
3. Әлімқұлов Т. «Тұлпардың тағдыры» «Атамұра»
4. Дәдебаев Ж. «Уақыт және қаламгер» Алматы. 145-159б.
5. Қабдолов З. «Сөз өнері» «Алматы» 82-83б.
6. Мұхамеджанов Қ. «Уақыт және сын» «Жазушы» 156-157б.
7. Нұрғалиев Р. «Сөз өнерінің эстетикасы» Астана -2003ж. 64-65б.
8. Сманов Б. «Кейіпкер бейнесін талдау» «Алматы» 64-65б
9. Тоқбергенов Т. «Дәстүр сабақтастығы» «Жазушы» 185-186б.
10. www.taken.kz Түлкиев Х. «Т.Әлімқұлов прозасындағы өнер адамдарының
тұлғасы» 3-4б.
11. www.taken.kz Әбдезұлы Қ. «Ақын өмірі және авторлық шешім» 19-23б
12. www.vastana.kz «Т.Әлімқұлов шығармаларындағы тарихи шындық пен