kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шортанбай жырлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Презентация. Әдебиеттік оқу. 10 сынып. Тақырыбы: Шортанбай жырлары.

Мақсаты: Оқушыларды Шортанббай жырларымен таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шортанбай жырлары»

• Шортанбай жырларының көркемдік ерекшеліктері

Шортанбай жырларының көркемдік ерекшеліктері

Тақырып жоспары:

Тақырып жоспары:

  • Шортанбай шығармаларының құрылысы
  • Өлең-жырлардың көркемдік ерекшеліктері
  • Ақын мұрасының әдебиет тарихынан алатын орны
Шығармаларының маңызы • Шортанбай шығармалары ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көркемдік-эстетикалық деңгейін көрсете алатын биікте тұр. • Ақын өлеңге қойылатын талапты терең сезінген, оның шарттарын саналы түрде сақтаған. • Ол – кәсіби ақындыққа, жазба әдебиетке мейлінше жақын тұрған ақын. • Шортанбай өз өлеңдерінің көркемдігіне, тілі мен мазмұнының бір-бірімен байланыстылығына үлкен жауапкершілікпен қарап, ақындық шеберлік тізгінін мығым ұстай білген.
  • Шығармаларының маңызы
  • • Шортанбай шығармалары ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көркемдік-эстетикалық деңгейін көрсете алатын биікте тұр.
  • • Ақын өлеңге қойылатын талапты терең сезінген, оның шарттарын саналы түрде сақтаған.
  • • Ол – кәсіби ақындыққа, жазба әдебиетке мейлінше жақын тұрған ақын.
  • • Шортанбай өз өлеңдерінің көркемдігіне, тілі мен мазмұнының бір-бірімен байланыстылығына үлкен жауапкершілікпен қарап, ақындық шеберлік тізгінін мығым ұстай білген.
Теориялық түсінік • Архитектоника (грекше – architecton) – әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі. Бұл ұғым алдымен сәулет өнеріне байланысты қалыптасқан, ғимарат, құрылыстың сәнділігі, жеке бөлшектерін бір-бірімен үйлестіріп, қиюластыру шеберлігіне саяды. Әдебиетте композиция деген ұғыммен қатар қолданылады. Композиция шығарманың құрылымы, жеке бөлшектерінің өзара түзілісін түгел қамтиды десек, архитектоника шығарманың құрылыс-бітімінің негізінен тұтастығы, бүтіндігі, құранды бөліктерінің жарасым, үйлесім табуы.
  • Теориялық түсінік
  • Архитектоника (грекше – architecton) – әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі. Бұл ұғым алдымен сәулет өнеріне байланысты қалыптасқан, ғимарат, құрылыстың сәнділігі, жеке бөлшектерін бір-бірімен үйлестіріп, қиюластыру шеберлігіне саяды. Әдебиетте композиция деген ұғыммен қатар қолданылады. Композиция шығарманың құрылымы, жеке бөлшектерінің өзара түзілісін түгел қамтиды десек, архитектоника шығарманың құрылыс-бітімінің негізінен тұтастығы, бүтіндігі, құранды бөліктерінің жарасым, үйлесім табуы.
Құрылысы • Шығармалары, негізінен, дәстүрлі жыр үлгісінде келеді. • Жырдың жанрлық ерекшеліктері (ұйқас, екпін, ырғақ, буын, бунақ, шумақ) Шортанбай өлеңдерінде белгілі бір тәртіппен қолданылып, жүйемен өріліп отырады. • Оның өлеңдері дәстүрлі шумақтардан емес, шумақтан кең түйдектерден құрылады.
  • Құрылысы
  • • Шығармалары, негізінен, дәстүрлі жыр үлгісінде келеді.
  • • Жырдың жанрлық ерекшеліктері (ұйқас, екпін, ырғақ, буын, бунақ, шумақ) Шортанбай өлеңдерінде белгілі бір тәртіппен қолданылып, жүйемен өріліп отырады.
  • • Оның өлеңдері дәстүрлі шумақтардан емес, шумақтан кең түйдектерден құрылады.
Түйдек  • Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі. Егер шумақты өлеңдерде тармақтар белгілі тәртіппен, өзіндік ретімен топтасатын болса, жырда олар еркін, әр мөлшерде алына береді. Мұнда тармақтар түйдек-түйдегімен түсіп, әр көлемде топтасып, ұзынды-қысқалы синтаксистік оралымдардың ыңғайымен әрқалай топтаса береді. Кейде жырды шұбыртпалы деп атайтыны сондықтан. Алайда, жыр әйтеуір созылып, шұбатыла бермейді. Әр жерден бір қайырылып, тармақтар тобы синтаксистік оралым (период) көлемінде тиянақталып, одан әрі басқаша топтасып отырады. Түйдек көлемінде көптеген тармақтарды біркелкі үйлестіретін желілі ұйқас қолданылады. Ал қатар тұрған, жақын тармақтар қосымша, жанама ұйқас арқылы өзара үйлеседі.
  • Түйдек
  • Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі. Егер шумақты өлеңдерде тармақтар белгілі тәртіппен, өзіндік ретімен топтасатын болса, жырда олар еркін, әр мөлшерде алына береді. Мұнда тармақтар түйдек-түйдегімен түсіп, әр көлемде топтасып, ұзынды-қысқалы синтаксистік оралымдардың ыңғайымен әрқалай топтаса береді. Кейде жырды шұбыртпалы деп атайтыны сондықтан. Алайда, жыр әйтеуір созылып, шұбатыла бермейді. Әр жерден бір қайырылып, тармақтар тобы синтаксистік оралым (период) көлемінде тиянақталып, одан әрі басқаша топтасып отырады. Түйдек көлемінде көптеген тармақтарды біркелкі үйлестіретін желілі ұйқас қолданылады. Ал қатар тұрған, жақын тармақтар қосымша, жанама ұйқас арқылы өзара үйлеседі.
Түйдектердің ерекшелігі • Шортанбай өлеңдерінде бір түйдектегі ойды келесі түйдекте ретімен сатылай дамытып айтудың үлгісі жасалған. • Ақын түйдектерінде ой желісінің түйінді-түйінді тұсына белгілі бір сөздердің қайталанып келіп отыруы – жырдың көркемдік тәсілі ретінде көрінеді.
  • Түйдектердің ерекшелігі
  • • Шортанбай өлеңдерінде бір түйдектегі ойды келесі түйдекте ретімен сатылай дамытып айтудың үлгісі жасалған.
  • • Ақын түйдектерінде ой желісінің түйінді-түйінді тұсына белгілі бір сөздердің қайталанып келіп отыруы – жырдың көркемдік тәсілі ретінде көрінеді.
Түйдектер мәні  • Әр түйдекте бір мән бар. • «Зар заман» толғауы 14 түйдектен тұрады. • Олардың әрқайсысында заманның әрбір сипаты суреттеледі. • Мысалы, 1-түйдекте ар-ұят, адамгершілікті жоқтай келе – кесірлік көбейіп, жігіттің бағасы кеткені туралы айтылады. • 3-түйдек заманның экономикалық ахуалының тозғанын көз алдымызға көркем түрде елестетеді. • 7-түйдекте заман келбетін аса әсерлі эпитеттермен бейнелейді.
  • Түйдектер мәні
  • • Әр түйдекте бір мән бар.
  • • «Зар заман» толғауы 14 түйдектен тұрады.
  • • Олардың әрқайсысында заманның әрбір сипаты суреттеледі.
  • • Мысалы, 1-түйдекте ар-ұят, адамгершілікті жоқтай келе – кесірлік көбейіп, жігіттің бағасы кеткені туралы айтылады.
  • • 3-түйдек заманның экономикалық ахуалының тозғанын көз алдымызға көркем түрде елестетеді.
  • • 7-түйдекте заман келбетін аса әсерлі эпитеттермен бейнелейді.
Өлең-толғаулардың көркемдік ерекшеліктері • Шортанбай шығармаларында көне түркі әдебиетінен келе жатқан дыбыс қуалау (аллитерация, ассонанс) тәсілі көп ұшырасады: Бір пара жанды малды қып, Бір пара жанды малсыз қып, Бір пара жанды дінді қып, Бір пара жанды дінсіз қып... немесе ...Зар, зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман, – деген тармақтарда дыбыстардың үндестігі және ішкі ұйқас арқылы ақын, біріншіден, өлеңнің көркемдігіне әр берсе, екіншіден, қайғылы хал-ахуалды күшейте алған. • Осы шағын үзінділерде аллитерация мен ассонанстан бөлек, сөз қайталаудың анафора, эпифора дейтін түрлері де көрінеді.
  • Өлең-толғаулардың көркемдік ерекшеліктері
  • • Шортанбай шығармаларында көне түркі әдебиетінен келе жатқан дыбыс қуалау (аллитерация, ассонанс) тәсілі көп ұшырасады:
  • Бір пара жанды малды қып,
  • Бір пара жанды малсыз қып,
  • Бір пара жанды дінді қып,
  • Бір пара жанды дінсіз қып...
  • немесе
  • ...Зар, зар заман, зар заман,
  • Зарлап өткен бір заман, – деген тармақтарда дыбыстардың үндестігі және ішкі ұйқас арқылы ақын, біріншіден, өлеңнің көркемдігіне әр берсе, екіншіден, қайғылы хал-ахуалды күшейте алған.
  • • Осы шағын үзінділерде аллитерация мен ассонанстан бөлек, сөз қайталаудың анафора, эпифора дейтін түрлері де көрінеді.
Теңеулер: Кәпірді көрдің піріңдей, Тілмашты көрдің биіңдей, Дуанды көрдің үйіңдей, Абақты тұр қасыңда Қазылған қара көріңдей! ...Билер жейді параны Сақтап қойған сүріндей. Заманның түрі бұзылды Текеметтің түріндей
  • Теңеулер:
  • Кәпірді көрдің піріңдей,
  • Тілмашты көрдің биіңдей,
  • Дуанды көрдің үйіңдей,
  • Абақты тұр қасыңда
  • Қазылған қара көріңдей!
  • ...Билер жейді параны
  • Сақтап қойған сүріндей.
  • Заманның түрі бұзылды
  • Текеметтің түріндей
Эпитеттер: Бір ғана замана ұғымы Шортанбай қолданысында «зар заман», «тар заман», «бар заман», «асылық асқан заман», «ақыр заман», «текеметтің түріндей құбылған заман», «арғымақ ат тосырқап, тағалы болған заман» , т.б. көркем сөздермен көмкерілген, түрліше сипатталған бейнелерге толы.
  • Эпитеттер:
  • Бір ғана замана ұғымы Шортанбай қолданысында «зар заман», «тар заман», «бар заман», «асылық асқан заман», «ақыр заман», «текеметтің түріндей құбылған заман», «арғымақ ат тосырқап, тағалы болған заман» , т.б. көркем сөздермен көмкерілген, түрліше сипатталған бейнелерге толы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шортанбай жырлары

Автор: Джамбирова Тамара Джумахановна

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453455

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""?дебиет білгірі"  сыныптан тыс саба? "
    ["seo_title"] => string(36) "diebiiet-bilghiri-synyptan-tys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "162406"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422354594"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Имандылық-ізгілік негізі"
    ["seo_title"] => string(29) "imandylyk_izghilik_nieghizi_1"
    ["file_id"] => string(6) "415783"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1494917326"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства