kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?к?рім ??дайберді?лыны? “?АЛ?АМАН-МАМЫР” дастаны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?к?рім ??дайберді?лыны?
“?АЛ?АМАН-МАМЫР” дастаны.

Білімділік ма?саты:

 Поэманы? о?и?аларын басшылы??а ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушыны? идеялы? –эстетикалы? м?раты мен   табысына то?талу.

Дамытушылы? ма?саты:

 Жеке т?л?а ретінде о?ушыларды? ізденімпазды? ?асиеттерін дамыту.Шебер де  шешен,?ткір с?йлей білуге машы?тандыру.

Т?рбиелік ма?саты:

Адамгершілікке, мейірімділікке,білімге ?мтылу?а,талаптылы??а т?рбиелеу

Саба?ты? ??рылымы:
Саба?ты? т?рі: Шы?армашылы?
Саба?ты? ?дістері: м?тінмен ж?мыс, пікір айту, с?ра? - жауап, сахналандырыл?ан к?рініс, с?ра?тар ар?ылы проблемалы? жа?дай ту?ызу.
К?рнекілігі: А?ын портреті, интерактивті та?та, к?рме, кітаптар
Формасы: ?жымды?, топты?, жеке
П?наралы? байланыс: тарих, салт-д?ст?р

Білімділік ма?саты:

 Поэманы? о?и?аларын басшылы??а ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушыны? идеялы? –эстетикалы? м?раты мен   табысына то?талу.

Дамытушылы? ма?саты:

 Жеке т?л?а ретінде о?ушыларды? ізденімпазды? ?асиеттерін дамыту.Шебер де  шешен,?ткір с?йлей білуге машы?тандыру.

Т?рбиелік ма?саты:

Адамгершілікке, мейірімділікке,білімге ?мтылу?а,талаптылы??а т?рбиелеу

Саба?ты? ??рылымы:
Саба?ты? т?рі: Шы?армашылы?
Саба?ты? ?дістері: м?тінмен ж?мыс, пікір айту, с?ра? - жауап, сахналандырыл?ан к?рініс, с?ра?тар ар?ылы проблемалы? жа?дай ту?ызу.
К?рнекілігі: А?ын портреті, интерактивті та?та, к?рме, кітаптар
Формасы: ?жымды?, топты?, жеке

Білімділік ма?саты:

 Поэманы? о?и?аларын басшылы??а ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушыны? идеялы? –эстетикалы? м?раты мен   табысына то?талу.

Дамытушылы? ма?саты:

 Жеке т?л?а ретінде о?ушыларды? ізденімпазды? ?асиеттерін дамыту.Шебер де  шешен,?ткір с?йлей білуге машы?тандыру.

Т?рбиелік ма?саты:

Адамгершілікке, мейірімділікке,білімге ?мтылу?а,талаптылы??а т?рбиелеу

Саба?ты? ??рылымы:
Саба?ты? т?рі: Шы?армашылы?
Саба?ты? ?дістері: м?тінмен ж?мыс, пікір айту, с?ра? - жауап, сахналандырыл?ан к?рініс, с?ра?тар ар?ылы проблемалы? жа?дай ту?ызу.
К?рнекілігі: А?ын портреті, интерактивті та?та, к?рме, кітаптар
Формасы: ?жымды?, топты?, жеке
П?наралы? байланыс: тарих, салт-д?ст?р

П?наралы? байланыс: тарих, салт-д?ст?р

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім ??дайберді?лыны? “?АЛ?АМАН-МАМЫР” дастаны. »

Шәкәрім Құдайбердіұлының  “ҚАЛҚАМАН-МАМЫР” дастаны.   Білімділік мақсаты:  Поэманың оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушының идеялық –эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Дамытушылық мақсаты :  Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.Шебер де шешен ,өткір сөйлей білуге машықтандыру. Тәрбиелік мақсаты:  Адамгершілікке, мейірімділікке ,білімге ұмтылуға ,талаптылыққа тәрбиелеу Сабақтың құрылымы:  Сабақтың түрі: Шығармашылық  Сабақтың әдістері: мәтінмен жұмыс, пікір айту, сұрақ - жауап, сахналандырылған көрініс, сұрақтар арқылы проблемалық жағдай туғызу.  Көрнекілігі: Ақын портреті, интерактивті тақта , көрме, кітаптар  Формасы: ұжымдық, топтық , жеке  Пәнаралық байланыс: тарих, салт-дәстүр  І. Ұйымдастыру бөлімі . Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, өткен сабақта берілген материалдарды сұрау, тексеру, бекіту.

Шәкәрім Құдайбердіұлының “ҚАЛҚАМАН-МАМЫР” дастаны.

Білімділік мақсаты:

Поэманың оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушының идеялық –эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты :

Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.Шебер де шешен ,өткір сөйлей білуге машықтандыру.

Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, мейірімділікке ,білімге ұмтылуға ,талаптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың құрылымы: Сабақтың түрі: Шығармашылық Сабақтың әдістері: мәтінмен жұмыс, пікір айту, сұрақ - жауап, сахналандырылған көрініс, сұрақтар арқылы проблемалық жағдай туғызу. Көрнекілігі: Ақын портреті, интерактивті тақта , көрме, кітаптар Формасы: ұжымдық, топтық , жеке Пәнаралық байланыс: тарих, салт-дәстүр

І. Ұйымдастыру бөлімі .

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, өткен сабақта берілген материалдарды сұрау, тексеру, бекіту.

ІІ.Үй тапсырмасы .Жинақтау Он жетінші қара сөзі Қайраттың белгілері 1. ыстық 2. талаптылық 3. шыдамдылық 4. тоқтаулылық 5. байыпты 6. сабырлы Қайрат Ақылдың белгілері 1. зерек 2. алғыр 3. зейінді 4. ұғымтал Ақыл Жүректің белгілері 1. жылы 2. ыстық 3. тулаған 4. қайнаған 5. әлекшіл Жүрек

ІІ.Үй тапсырмасы .Жинақтау Он жетінші қара сөзі

Қайраттың белгілері

1. ыстық

2. талаптылық

3. шыдамдылық

4. тоқтаулылық

5. байыпты

6. сабырлы

Қайрат

Ақылдың белгілері

1. зерек

2. алғыр

3. зейінді

4. ұғымтал

Ақыл

Жүректің белгілері

1. жылы

2. ыстық

3. тулаған

4. қайнаған

5. әлекшіл

Жүрек

Түйін. Салыстырмалы талдау Ой үндестігі Толық адам болу жолдары

Түйін. Салыстырмалы талдау

Ой үндестігі

Толық адам

болу жолдары

Шәкәрім Құдайбердіұлы Қызметі: Туған күні: ақын ,  жазушы ,  философ , тарихшы ,  композитор 11.7.1858 (кейбір деректер бойынша 24.7.1858) Туған жері: Ұлты: Кең-Бұлақ, Семей облысы, Ресей империясы Қайтыс болған күні: қазақ Әкесі: 2  қазан   1931 Құдайберді

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қызметі:

Туған күні:

ақын жазушы философ , тарихшы композитор

11.7.1858 (кейбір деректер бойынша 24.7.1858)

Туған жері:

Ұлты:

Кең-Бұлақ, Семей облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні:

қазақ

Әкесі:

қазан   1931

Құдайберді

Құнанбай Күңке Нұрғаным Ұлжан Айғыз Құдайберді Тәңірберді Ысқақ Ысмағұл Халиолла Оспан Шәкәрім Ибраһим (Абай) Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық, Арам,айла,зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Ал,енді олай болса,кімді алалық, Қазақта қай жақсы бар,көз салалық. Шын іздесек-табармыз шыны ғалым! Жалыналық Абайға жүр баралық. Атадан алтау,анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ .

Құнанбай

Күңке

Нұрғаным

Ұлжан

Айғыз

Құдайберді

Тәңірберді

Ысқақ

Ысмағұл

Халиолла

Оспан

Шәкәрім

Ибраһим (Абай)

Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық,

Арам,айла,зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал,енді олай болса,кімді алалық,

Қазақта қай жақсы бар,көз салалық.

Шын іздесек-табармыз шыны ғалым!

Жалыналық Абайға жүр баралық.

Атадан алтау,анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ .

Поэма сюжетін және тарихи оқиға екендігін білу үшін шежіреден түсінейік .

ТОБЫҚТЫ

Кішік

Мәмбетей

Әнет (поэмада

Әнет баба)

Әйтек

Тоқалдан

Мәмбетей өте бай

Байбөрі

болып оның қызы:

Қосымша дерек

және

ҚАЛҚАМАН

МАМЫР

Оқиға желісі осы Қалқаман мен Мамырдың шынайы сезімінен өрбиді де,бір рудан болған екі ғашық бір ұшырасқанда Мамыр өз әкесінің өзге біреуге ұзатқалы жатқандығын білдіреді.Бұған көнбейтіндіктерін білдірген қос ғашық ел назарынан тыс жерде қашып өмір сүре береді.

Бұл істі білген ру биі Әнет баба Мәмбетей еліне білдіреп,жастарды жөніне қалдырып есесіне қалың төлеп елді татуластырмақ болады.Бұл іске сірә көнбеген Мәмбетей кектеніп алады.Күндердің күнінде Мамыр еліне төркіндеп келе жатқанда оны Мәмбетей қолбасшысы Көкенай көріп қалып бұл жүзіқара неғып жүр мұнда деп Мамырды оққа жығады.Соң елді жинап біз Мамырды жазаладық,енді Әнет баба неге Қалқаманды жазаламайды деп оны да өлтірулерін тілейді.Бұған көпшілік Тобықты елі көніп алып Әнет бабаны мәжбүрлей бастайды.Осы жайттан және сол тұстағы Қалмақ елі шапқыншылығы үдегенін жақсы білген Әнет баба ел бірлігі үшін бұған шарасыздан көнеді.Оның шарты бойынша Қалқаман Көкенай алдынан атпен шауып өткенде оққа тұтсын тисе,тілегені болсын,тимесе Қалқаманды бұдан былай жөніне қойыңдар деп шешеді.Осы шарт орындалады,бірақ Қалқаман аман қалады да өзін оққа тосқан елден кетіп Ұлы жұздегі нағашысы Еділбайды паналап Бұхар жаққа кетеді.Сол жақта тұрмыс құрып ұрпақ жалғастырады.

Ало осы оқиға болған 1722 жылдан соң 1723 жылы тарихта белгілі Қалмақтар шапқыншылығы боп қазақ сорына “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына жалғасады.Осы тарихи кесапатты Шәкәрім Қалқаман-Мамыр таргедисына байланыстырып,соның салдарының қарғысы деп түсіндіргісі келетін сияқты.Олай ойламасқа да болмайды,шынында бұл оқиғалар 1722-1723 жылдары болып өткені ақиқат.Поэма сюжеті қысқаша осы.

Бәйбішеден

Олжай

Айдос

Қайдос

Жігітек

1.Ырғызбай

2.Көтібақ.

3.Топай.

4.Торғай.

1.Үркер.

2.Мырзатай.

3.Жортар.

4.Өскембай

Құнанбай

Ибраһим (Абай)

Шәкәрім

Өмірбаяны

Туған жері қазіргі  ШығысҚазақстаноблысының   Абай ауданындағы   Шыңғыстау  

бөктерінде  1858  ж.  шілденің 11 -де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған,  Абаймен  әкесі бір, шешесі

бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа  орысша  үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра  тарту,  гармоньда  ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды

Шығармашылығы  «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»),  1905 жылы  Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» ( 1911 ) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды ( 1911 ). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы  Құран  сөздерін және  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  хадистерін  адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:

Шығармашылығы

«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»),  1905 жылы  Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» ( 1911 ) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды ( 1911 ). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы  Құран  сөздерін және  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  хадистерін  адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:

Шығармалары  Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, « Қалқаман-Мамыр» , « Еңлік-Кебек» , « Нартайлақ-Айсұлу»  сияқты оқиғалы дастандар, « Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды.  1911  ж. « Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар  шежіресі » ,  1912  ж.  Семей  қаласындағы « Жәрдем »  баспасынан « Қазақ айнасы » , « Қалқаман-Мамыр » , « Жолсыз  жаза яки кез  болған іс » , « Енлік-Кебек » , « Үшанық » , « Мұсылмандық шарты » , « Ләйлі-Мәжнүн »  т. б. шығармалары жарық көрді.  1978 жылы   Ленинградта  шыққан « Поэты Казахстана»  деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы  1988  ж. « Жалын »  баспасынан жарық көрді.

Шығармалары

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, « Қалқаман-Мамыр» , « Еңлік-Кебек» , « Нартайлақ-Айсұлу»  сияқты оқиғалы дастандар, « Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды.  1911  ж. « Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі »1912  ж.  Семей  қаласындағы « Жәрдем »  баспасынан « Қазақ айнасы » , « Қалқаман-Мамыр » , « Жолсыз жаза яки кез болған іс » , « Енлік-Кебек » , « Үшанық » , « Мұсылмандық шарты » , « Ләйлі-Мәжнүн »  т. б. шығармалары жарық көрді.  1978 жылы   Ленинградта  шыққан « Поэты Казахстана»  деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы  1988  ж. « Жалын »  баспасынан жарық көрді.

Әндері

Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық  Альвин Эрнестович Бимбоэс . Ол  1919  -  1922  жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде  1926  жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі  А.В. Затаевичтің   1925 жылы  шыққан « Қазақ халқының 1000 әні »  жинағына « Тілек - бата»  деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды.  Ахмет Жұбановтың  «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.

Қалқаман-Мамыр”   - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған  дастан . Авторы  Шәкәрім Құдайбердіұлы . Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы  Көкенай батырдың  қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен  Кеңгірбай бидің  "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхара  жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп,  ұрпағы  жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодальдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. “Қалқаман-Мамыр” дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде   кітап  болып басылып шыққан. “Қалқаман-Мамырдың” түрлі нұсқалары бар. Орталық ғылыми кітапхана қоры мен  Әдебиет және өнер институтының  Қолжазба және мәтінтану бөлімінде 9 нұсқасы сақтаулы. [1]  Қалқаман Көкенай батыр атқан садақ оғынан аман қалғаннан кейін Ұлы жүз ішіндегі нағашыларына кеткен екен. Қалқаман ру аталығынан тарайтын ұрпақтары негізінен Ұлы жүз Бәйдібек ішінде Әйтек-Қалқаман ұрпақтары деген атпен белгілі болса керек.

Тақырыбы - қос ғашықтың адал да пәк махаббаты,ғашықтық мұңы және бұған қарама-қарсы рушылдық,ескі нанымыды сұлтауратқан опасыз сатқындардың озбырлығы .  Жанры эпикалық – ғашықтық дастан. Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық. Поэма сюжеті автор өмірінен сәл алдын 1722 жылдары Сыр бойын жайлаған қалың Тобықты руы ішіндегі тарихи оқиғадан алынған. Демек бұл тарихи оқиға Шәкәрімнің өз руы ішіндегі тарихи дерек болып шығады.  Шығарманың басты кейіпкерлері Әнетбаба,Қалқаман,  Мамыр, Мәмбетей,Көкенайлардың  характеристикасын қаламгер тиімді диологтарда,портреттерде,мінездерде сәтті баяндаған.  Шығарма шарықтау шегі екі жастың трагедисымен өрбісе,1723 жылғы тарихи қазақ сорына біткен “ақтабан шұбырынды оқиғасымен аяқталады.

Тақырыбы - қос ғашықтың адал да пәк махаббаты,ғашықтық мұңы және бұған қарама-қарсы рушылдық,ескі нанымыды сұлтауратқан опасыз сатқындардың озбырлығы .

Жанры эпикалықғашықтық дастан.

Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.

Поэма сюжеті автор өмірінен сәл алдын 1722 жылдары Сыр бойын жайлаған қалың Тобықты руы ішіндегі тарихи оқиғадан алынған. Демек бұл тарихи оқиға Шәкәрімнің өз руы ішіндегі тарихи дерек болып шығады.

Шығарманың басты кейіпкерлері Әнетбаба,Қалқаман,

Мамыр, Мәмбетей,Көкенайлардың характеристикасын қаламгер тиімді диологтарда,портреттерде,мінездерде сәтті баяндаған.

Шығарма шарықтау шегі екі жастың трагедисымен өрбісе,1723 жылғы тарихи қазақ сорына біткен “ақтабан шұбырынды оқиғасымен аяқталады.

Поэманың композициялық, сюжеттік құрылысы . № Оқиға желісі 1 2 Оқиға өрісі  Оқиға болар алдыңғы жағдай 3 Байланыс. 18 - ғасырдың бас кезінде қазақтың сыр бойында жүрген кезі Оқиғаның басы Қалқаманның Мамырға асықтығы Байланыс. Оқиғаның өрбуі. 4 Қалқаман мен Мамырдың байланысы. Оқиғаның шиеленісуі 5 Көкенай жағының талабы. Оқиғаны шарықтауы 6 Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы Оқиғаның шешуі Қалқаманның елден кетуі. Жоңғар шапқыншылығы

Поэманың композициялық, сюжеттік құрылысы .

Оқиға желісі

1

2

Оқиға өрісі

Оқиға болар алдыңғы жағдай

3

Байланыс.

18 - ғасырдың бас кезінде қазақтың сыр бойында жүрген кезі

Оқиғаның басы

Қалқаманның Мамырға асықтығы

Байланыс. Оқиғаның өрбуі.

4

Қалқаман мен Мамырдың байланысы.

Оқиғаның шиеленісуі

5

Көкенай жағының талабы.

Оқиғаны шарықтауы

6

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

Оқиғаның шешуі

Қалқаманның елден кетуі. Жоңғар шапқыншылығы

Негізгі ойды ашатын басты-басты эпизодтарды тапқызу арқылы кесте-графаға негізделген дәйектемені талдау

Оқиға

Қыз Мамыр

Эпизодтар

«Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр»

Қалқаманның өз махаббатын сездіруі

Кейіпкерлер іс-әрекеті туралы ақын көзқарасы

Негізгі ой

«Әрі сұлу,әрі есті, еркек-шора»

«Жұмбақ мысал сықылды бір сөз айтты...»

Қалқаман-Мамырдың сүйгені

«Онан басқа бала жоқ әлгі байда»

Мамырдың Мәмбетейдің жалғызы болғандықтан, оны ер балаша өсіруі

«Махаббатта жарым жоқ,жәрдемшім жоқ...»

«Жылы жүрек өзіне жар тапқандай»

Қол ұстасып аттанған қос ғашық

Көкенай- ғашықтарды айырған қатыгез

Жұмбақ сұрақ арқылы Мамырға сезімін білдіруі

«Қызарды,бір ағарды байдың қызы»

«Мінді де екі ғашық кетіп қалды»

«Көкенай тағы көнбей жатып алды»

«Сүйсе де үміт үзіп өлмек жаман»

«Олай болса кетейін қазір алып...»

Мамыр да Қалқаманды ұанатындығын жеткізуі

Қалқаманның да өлімін тілеген Көкенайлар

«Мен сенсіз тірі тұрман, Бір құдайға сыйынып ал да жөнел»»

Екі жастың бір-біріне деген адал махаббаты

«Аямай дәл жүректен атып салды»

«Еркек тоқты -құрбандық»

«Айырған екі асықты оңа ма екен...»

Іс-әрекеті мен, Мамырдың ақтық сөзі арқылы Көкенайдың қатыгездігін көрсету

«Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын,-деп бұйырыпты. »

«Мамырдан қалған жанның керегі не?»

Көкенайдың оғынан аман қалған Қалқаманның өкпе-назы, елінен біржола кетуі

«Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын»

Таным дерек

Әнет баба (1628 – 1723) – "Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша "Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Әнет баба: "Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел "Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып жерлейді. Әнет бабаның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады.

Әнет бабаның бәйбішесінен туған бес баласы Ақтабан шұбырынды бола-тұғында қалмақтың оғынан өліпті. Олардан нәсіл қалғаны мәлім емес. Мұнда сол бәйбіше баласы - Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен, соның Балуанынан тұқым жоқ. Бақайдың балалары өсіп-өнген. Әнет бабаның басқа әйелдерінен Жаубасар, Есболат, Шақа деген ұрпағы бар. Әнет тек Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген. 

Жырдың образдар жүйесіне талдау жасау. сүйгеніне қосылуды армандаған жас Қалқаман сөзге берік ел билеушілердің өктемдігіне қарсы намысшыл кісілігі күшті азамат өз теңін іздеуі Мамыр сөзге адал ескі заманның құрбаны

Жырдың образдар жүйесіне талдау жасау.

сүйгеніне қосылуды армандаған жас

Қалқаман

сөзге берік

ел билеушілердің өктемдігіне қарсы

намысшыл кісілігі күшті азамат

өз теңін іздеуі

Мамыр

сөзге адал

ескі заманның құрбаны

ел ұйтқысы данагөй қария Әнет баба екі жасты қорғаушы надандықтың құрбаны тағдырының Абаймен ұқсастығы батыр Көкенай ескі салтты қорғаушы мінезі қатты кісі өр көкірек асау қанды, салқын рақымсыз, қатыгез

ел ұйтқысы

данагөй қария

Әнет баба

екі жасты қорғаушы

надандықтың құрбаны

тағдырының Абаймен ұқсастығы

батыр

Көкенай

ескі салтты қорғаушы

мінезі қатты кісі

өр көкірек

асау қанды, салқын

рақымсыз, қатыгез

І деңгей

1. Қалқаман – Мамыр поэмасында қай кездегі өмір шындығы суреттелген. Арман мұратына жете алмаған тек Қалқаман мен Мамыр ма? Сол кездегі жастар қайғы қасіретіне кім кінәлі? Оған өз көз қарастарыңды білдір.

2. Жырда Әнет баба екі жасты неге қорғап қала алмады? Қалқаманды тірі алып қалу үшін қандай амал жасады? Мәмбетей жағынын талабымен келісудің себебі не?

3. Екі жасты қатаң жазалаудың астарында қандай мән жатыр? Туыс адамның үйленуі қазақ салтымызға сай келе ме? Оған өз пікірі қандай?

4. Әнет бабаның Абай тағдырына ұқсастығы бар ма? Болса түсіндіріп бер?

ІІ деңгей

1. Жырдағы Қалқаман қандай адам? Оған мінездеме бер

2. Мамыр қандай қыз? Мамырдың өзін атқан Көкенай мен өлер алдындағы арыздасуынан оның қандай қырын байқауға болады?

3 Әнет баба туралы не айтасың? Қалқаман – Мамыр тағдыры туралы алғашқы бағытынан ауытқуға не себеп болды?

4. Көкенай қандай образ? Неге ол қатыгез?

ІІІ деңгей

1.Шәкәрімнің Қалқаман - Мамыр поэмасында қандай мәселе суреттелген?

2.Жырдың басты кейіпкерлері кімдер?

Қайсысы ұнамды, қайсысы ұнамсыз?

3. Поэмадағы жастар сүйіспеншілігі туралы не білдің?

4. Қалқаман -Мамыр неге арман-мұратына жетпеді? Оларға кімдер кедергі жасады

Үйге тапсырма : “Қалқаман-Мамыр” дастанын оқу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ш?к?рім ??дайберді?лыны? “?АЛ?АМАН-МАМЫР” дастаны.

Автор: Ханов Шохан Уалиханович

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 181226


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства