•Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған.
•Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Сәкен жастайынан ән салып, өлең шығарып, өнерге әуестенумен бірге, саяси тартысқа ерте араласты. Сәкен өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты, асқақтата жырлады.
•Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған.
• Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.
•Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.
• Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», — деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді. Сәкеннің жан – жақты білім алуы, азаматтық — әлеуметтік көзқарастырының қалыптасуы, шығарамашылық қадамының басталуы оның 1908 – 1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты.
•1914 жылы Қазан қаласында С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады.
• 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір — тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген. Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.
