21-жаттығуды тексеру,ана тілі жайында жазған мәтіндерін оқыту. М.Шахановтың «Төрт ана»өлеңін жатқа оқыту.
21-жаттығуды тексеру,ана тілі жайында жазған мәтіндерін оқыту.
М.Шахановтың «Төрт ана»өлеңін жатқа оқыту.
Талдаңыз.
Зерттеңіз.
Талқылау.
Мәтіннің синтаксистік құрылымын ашу,ол сөйлем мүшелері қызметінен де анық көрінеді.
Осы стиль түрлеріне оқушылар тоқталып,өздерінің зерттеген стиль түрлерінің мән-мағынасын ашып,мақсаты мен қолданылу аясына,стильдік сипатына,тілдік амал-тәсілдеріне сипаттама береді.
Мәтіннің түрлерін көрсетіп,стильдің түрлерін ажырату.
а)Сөйлемдер жазып,оған синтаксистік талдау жасату: Біз әлемнің қарқынды дамуға бет бұрған кезеңінде өмір сүріп отырмыз.
ә)Әлемнің,туындысы сөздеріне- сатылай комплексті талдау жасату.
9-сынып оқушысы Сабыр Аянға
Мінездеме
Сабыр Аян 1988 жылы 25 қазанда туған.
Алматы қаласындағы №7 мектепте 2001 жылдан бері оқып келеді.Биыл 9-сыныпты бітірді.
Аян-үздік,зерек оқушы.Әсіресе,тарих пәнін сүйіп оқиды.Өз ісіне ұқыпты.Кітап оқуды жақсы көреді.
Аян көпшіл,жолдастарымен жақсы қарым-қатынас жасайды.Көпшілік жұмысқа белсене араласады.
Мінездеме 9-сыныпты бітіруіне байланысты жазылды.
Сынып жетекшісі: Айтбаева С.Е.
Жаздың жайлы кеші.
Бойды сергітетін қоңыр салқын леп дымқыл тұнық ауада біліне бастаған.Зәрі қайтқан күн әлсізденіп,таудан асып,ұясына кіріп барады.
Сұрақ-жауап.Сынақ өткізу.
1.Синтаксис нені зерттейді?
2.Стилистика нені зерттейді?
3.Ауызекі сөйлеу стилінде қандай сөйлемдер қолданылады?
4.Құрмалас сөйлем дегеніміз не,оның қандай түрлері бар?
5.Шартты бағыныңқы сабақтас қай стильдерде қолданылады?
6.Мезгіл,мақсат бағыныңқы сабақтас ше?
7.Сөздердің қандай байланысу түрлері,тәсілдері бар?
Рефлексия (Ойтолғау).
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?
Қандай тапсырма қиындық тудырды?
Үйге тапсырма:
«Менің тілім XXI ғасырда»-ғылыми хабарлама жазып келу.