Просмотр содержимого документа
«М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясындағы ұлттық ойындар көрінісін дәлелдеп жазыңыз.»
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясындағы ұлттық ойындар көрінісін дәлелдеп жазыңыз.
М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бүкіл әлемге әйгілі десек те қателеспейміз.Романда Абай атамыздың қызыға да құмарлана ойнаған ойындары арқылы ұлтымыздың ұлттық ойындары көрініс табады.Қазақ халқында ұлттық ойындар өте көп болған.Ұлттық ойындар- қазақилықтың нышандарының бірі.Автор романда Абай образы арқылы ұлттық ойындарымызды таныта алды ма?
Романның «1-кітабының «Өрде» тарауында Құнанбай Абайды Алшынбай аулына қайындатып, 30 шақты кісімен ұрын жіберді.Осыдан 10 жыл бұрын Ділдәні Абайға айттырған болатын.Енді Абай өзі таңдап ұнатқан сүйгені Сүйіндіктің қызы Тоғжанға қосыла алмайтынын білді.Өйткені, бірі- басқаның қалыңдығы, бірі- қыз айттырған күйеу.Екеуінің де ертеңі ата мен ананың әмірінде еді.Бұл жерде қайындау- қайын жұртын аралау дегенді білдірсе; ұрын бару- көне сөз, күйеу жігіттің қыз жеңгелеріне сый- сияпат алып, айттырған қыздың ауылына келуі.Сөйтіп, Алшынбай ауылына Абайдың ұрын келуіне арналған ойын-той өтті.Мұнда тыстағы ойындар:ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру т.б ұлттық ойындар аталған.Автор ұрын келген жігітті сынап-мінеу мақсатында жиын тойда ойналған ойындардың өзіндік ерекшелігі бар екенін көрсете білді.
Сонымен қатар, романда Абайдың жақсы көріп ойнаған ойындары да кездеседі.Абай жақсы көріп ойнаған ұлттық ойындар кездеседі.Солардың бірі- «Ақсүйек» ойыны.Абай Жәнібекте, Сүйіндік ауылында, Тоғжанмен осы «Ақсүйек» ойыны арқылы табысып,Тоғжан аузынан «Топайкөк» әнін естиді. «Ақсүйек» ойынынан басқа, Ербол бастаған жастар «Алтыбақан» теуіп, «Серек құлақ» ойынын ойнайды. «Серек құлақ» ойынында Ерболдың өзі қасқыр болып, «қолды болатын» көп «қойлардың» ішінен әуелі Абайды алып қашып, ағаш арасына жасырады да, одан кейін Тоғжанды алып қашып, екеуін кездестіреді.Бұл ойын екі жасты табыстыратын ұлттық ойындардың бірі екен.Романда Абайдың ұнатып ойнаған ойыны арқылы өз ғашығымен оңаша кездесіп,ішкі сезімдерін бір- біріне жеткізуде «Ақсүйек» ойынының сол заманда өзіндік маңызының зор екенін ашып көрсетті.
I томның «Қияда» тарауында ұлттық ойындар, сол кездегі ойын сауықтардың барлығы түгелімен айтылған. Қадырбай ауылында ақын қызы Қуандық пен Қадырбайдың әндерін тыңдап, жастардың сауық кешінің ортасында болады. Романда:
«Отауға барған соң, қонақтар қасына көп қыз келіншек пен жас жігіттер жиылды.Ойын- сауық аса қызу боп басталып, таң аппақ атқанша солғындаған жоқ.Бұл түнде ұзақ әсем ән де шырқалып, «Ләппай тутәлә»,
«Орамал тастау», «Хан жақсы ма», «Мыршым», «Белбеу соқ» т.б күлдіргі ойындарының адам көңіл күйін көтеріп, бір сергітіп тастайтындығын көрсете білген жазушының шеберлігі деп білеміз.
Қорыта келгенде, ұлттық ойындарымыздың ойнау мақсатының өзіндік ерекшелігі бар екндігін жазушы Абай образы арқылы суреттей білген. «Абай жолы» романында да бұл айқын көрініс табады.М.Әуезовта бұл еңбегінде осыны ұмытпай, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеген және Абай атамызды мысалға ала отырып өз туындысында ұлттық ойындарды көрсету арқылы романның көркемділігін арттыра білген.Қазіргі заманда да осы ойындар өз жалғасын тауып ұрпақтың игілігіне пайдасын тигізіп отыр. «Ережесіз ойын жоқ, аз ойна, көп ойла» демекші ұлттық ойындарымызды ойнаудан жалықпайық.