Батыс ?аза?стан облысы Казталов ауданы ?ара?зен мектеп - лицейіні? ?аза? тілі ?дебиеті п?ні м??алімі Жанболатов Медет Аскарович презентацияда Ма?жан Ж?мабаевты? ?мір жолы ж?не шы?армашылы?ы топтастырулар орыс тіліне аудармасы ?ле? жолдары топты? тапсырмалар мен диаграммалар енгізілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М. Ж?мабаев "С?йемін" ?ле?і »
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз .
Жүсіпбек Аймауытов
Мағжанның өлеңдері: “ Қысқы жолда”, “Қайың”, “Жел”, “Орман”, “Ой”, “Түркістан”, “Сағындым”, “Балалық шақ”, “Сүйемін” т. б Поэмалары: “Қорқыт”, “Жүсіпхан,” “Батыр баян” Аудармалары: М. Горкийден: “Күн шығады да батады”, “Сұңқар жыры”; Гетеден: “Айырылдым сенен, жан сәулем” т. б
"Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.
Түсіндірме сөздік
Тасбиық
Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері
Алаш
Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы
Кебін
Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім
Әуезхан Қодар - мәдениет-танушы, ақын-аудармашы, «Тамыр» журналының бас редакторы. Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап М. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады.
Мақал-мәтел айту.
І топ
Ана
ІІ топ
Жар
ІІІ топ
Туған ел, жер
Өлең құрылысына талдау
Шумақ-
Тармақ-
Бунақ-
Буын -
Ұйқас-
Шығармашылық жұмыс
«Мағжан және мен сүйетін туған жер»
І топ Хат
ІІ топ Өлең
ІІІ топ Ойтолғау
Тірек сөздер: туған жер, Отан ана, тәуелсіз ел, Егеменді елдің ұланымын
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы
Неліктен ол маған әсер етті?
Мағжан Жұмабаев
«Сүйемін»
Мұқағали Мақатаев
«Үш бақытым»
Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.
Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.
Ғылым қажет даласына қазақтың,
Елім үшін аянбай тер төгейік.
Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.