(1891 немесе 1893 жылы д?ниеге келіп, 1938 жылы к?з ж?м?ан) – а?артушы, энциклопедист-?алым, географ, этнограф, биолог. Жетісуді? Орта Аяг?з болысында, ба?-д?улетті ортада ту?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? е?бектері презентация»
Өткен ғасырдың түрлі саяси оқиғаларының зардабынан қуғын көріп, жазықсыз жазаланған арыс тұлғаларымыз қазірде жаппай ақталуда.
Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы
(1891 немесе 1893 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы көз жұмған) – ағартушы, энциклопедист-ғалым, географ, этнограф, биолог. Жетісудің Орта Аягөз болысында, бақ-дәулетті ортада туған .
1924-1930 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінде (САГУ) оқыды, бір мезгілде курстарда, ликбездерде дәріс оқыды; Түркістан аумағының табиғи ресурстарын зерттеу жөніндегі үш ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты.
Ж.Күдерин ғалым биолог ретінде де көп
іс тындырды. 1930 жылы ол бір модалық қарасораны ойлап тапты. Ол кезде оны тал жіп және май алу үшін өндіретін.
Ж.М.Күдериннің 1992 жылы Алматыдағы «Рауан» баспасынан жарық көрген «Өсімдіктану» кітабы, сонау 1927 және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен тұңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу құралы қайта басылды.
«Өсімдіктану» деп аталатын соңғы аталған екі кітап – екі бөлек дүние. Еңбектердің негізгі мақсаты ортақ болғанмен де, әр кітаптың өзіндік ерекшеліктері бар, ой-тұжырымдары да басқа-басқа. Автордың сөз қолданысы, сөйлем құрылымы мол ізденгенін, тақырыпты жан-жақты меңгергенін көрсетеді. Өз заманында қоғамда кең қолданыста болған сөйлеу тәсілі анық та айқын байқалады.
Ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес, аударма, (басылым көрмеген), 1935, Өсімдіктердің терминдік атауларының латын, орыс, қазақ тіліндегі салыстырмалы сөздігі, ҚазФАН, 1936, қолжазба күйінде баспаға тапсырылған.
Жыланды қалай үйретуге болады және ол көзімен қалай арбайды, қолжазба күйінде қалған, Қазақ руларының шежіресі, қолжазба күйінде Ғ.Мүсіреповке тапсырылған.
«Қара дәптер» аталып кеткен бұл дәптердегі жыландардың арбау әдістері мен барлық бағыттағы діни уағыздар мен зікірлерді жарыстыра отырып, философиялық, танымдық, психологиялық салыстырулар жасаған. Әрі ғылыми, әрі танымдық, әрі көркемдік маңызы терең, орындалуы тосын «Қара дәптерге» С.Сейфуллин пікір білдіріп, «Көкшетау» дастанында Күдерин Жұмаханның атын атап өткен.
- биология (улы жыландар, зиянды жәндіктер мен жұқпалы аурулар),
- ботаника (техникалық өндірістік өсімдіктер - кендір талшықтары, тұт талшықтары, көк сағыз бен тау сағызы, дәнді дақылдар - тары, жүгері, қарақұмық, соя, құмыршық (жұмыршық -?),
- дәрілік өсімдіктер - көкпек, татыран, итсигек), улы өсімдіктер мен майлы өсімдіктер, мал шаруашылығы (биязы жүн талшықтары) саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулер жариялады.
Ғылыми еңбектері :
Әліппе (1919, мектепте қолжазба түрінде оқылған),
Халық әдебиетінің үлгілері (1921-1930 жылдары аралығында қайталанып басылып отырған),
Орта Азиядағы жылан тұқымдарының түрлері, Қызылорда, 1925,
Майлы өсімдіктердің түрлері, 1926
1926
Итсигек - улы өсімдік, 1926-1927, Қызылорда.
Көкпек - жылқы үшін улы өсімдік, 1926,
Тары, жүгері тағы да басқа қуаңшылыққа шыдамды өсімдіктер, 1926, Қызылорда.
Кендір - техникалық дақыл, 1926, Қызылорда,
Татыран - жемдік дақыл және оны қызылшамен будандастырудың нәтижесі, 1927, Қызылорда.
Он оқулық (ауыл шаруашылығының 10 саласына туралы балаларға арналған оқулық, 1928),
Халық әдебиетінің құрастырмасы (хрестоматия). 5-жылдық оқушыларға арналған (1929),
Құмыршық (жұмыршық - ?) - Батыс Қазақстандағы азықтіқ өсімдік, 1929,
Қаратұт - табиғи жібек талшығын беретін ағаш (Алматы, газетте басылған),
Н.И.Баранский. Экономикалық жағырафия, І бөлім, аударма, (1927), ІІ бөлім, аударма (1929, қолжазба күйінде қалған),
Ботаника (Өсімдік) оқулығы (Мәскеу, 1927),
Қазақстанның физикалық географиясы (1929, қолжазба күйінде қалған),
П.Ф.Лезгаф. Физикалық география, аударма(1929, қолжазба күйінде қалған),
Өсімдіктер тіршілігі, 1930,
Қой және оның жүні, Қазбаспа,1930
Кенеп,1930, Қызылорда.
Қазақстан малшаруашылығы, қолжазба күйінде қалған, 1930,
Техникалық дақылдар энциклопедиясы, қолжазба күйінде қалған, 1930,
Кендір, аударма, Мәскеу, 1931
Жамбасбұршақ (соя) - жан-жақты азықтық дәнді дақыл, аударма, басылым көрмеген, 1932.
Ғалымның тәрбиелік мәні зор еңбектері қазіргі заман талаптарымен ұштасып жатыр. Өз заманында ғалым, мәдениет және қоғам қайраткері деңгейіне көтерілген тарихи тұлға қысқа ғұмырында артына өшпес мұра қалдырды.