kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ әдебиеті. 6 сынып. С.Сейфуллин "Ақсақ киік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока Сакен Сейфуллин "Ақсақ киік"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиеті. 6 сынып. С.Сейфуллин "Ақсақ киік"»

Қазақ әдебиеті бойынша өтілетін ашық сабақтың тақырыбы:

С.Сейфуллин «Ақсақ киік».

Мақсаты:

1.Білімділігі: Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңінің негізгі идеясы бейкүнә киіктің ауыр халін суреттеуімен қатар, табиғатты жырға қосудағы ақынның жан дүниесінің тазалығы мен сезімталдығын таныту.

2. Дамытушылығы: Өлеңді талдай отырып, салыстыру және сол бойынша қорытынды жасай білуге, пікірлерін жазуға, әдемілікті қастерлеу үшін көру, сезіну қажеттілігіне тоқтала білуіне ықпал ету.

3.Тәрбиелігі: Табиғатты, сұлулықты аялауға, қорғауға, ізгіліктілікке баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас, кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, ой қозғау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: С.Сейфуллиннің суреті, Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі, Кәкімбек Саықовтың сөзі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың "Жез киік” әні, үнтаспа, жусан, киік мүйізі, сабаққа қатысты жазбалар.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Психологиялық белсенді ахуал туғызу


Саламатсыздар ма ұстаздар,

Саламатсыздар ма ұл-қыздар,

Әзірміз бе сабаққа?

Әдебиет сөз өнері,

Сай келейік талапқа,

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмамыз дұрыс па?

Ойымызды айтайық,

Білімімізді байқайық.

Тексеруші ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.


Оқушылар ұраны:

«...Білімдіден шыққан сөз –

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз».


Сынып кезекшілері кезегі.


Үй тапсырмасы: балалар біз өткен сабақта «шығармашылық жұмыс, яғни мазмұндама жаздық. Тақырыбымыз тылсым дүниеге толы табиғаттың сұлу көрінісі жайлы еді. Аң екеш аңдар да бір-біріне қамқор болып, қиын сәтте қол ұшын берді. Мұны көрген жас аңшы ендігіде аңдарға қиянат жасамаймын деп өз-өзіне серт берді. Мазмұндаманы барлықтарың жақсы меңгердіңдер. Өте жақсы жазған оқушылар ... .Балалар үйге аңдар мен табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттауға берілді. (Айтыңдар).


Сабақтың барысы: Міндетімен таныстыру.

  • Бүгінгі сабақтағы алдымызға қойған міндетіміз табиғат – ананың перзенттерінің іс-әрекеттері туралы оқу, әңгімелесу және ой толғау болмақ (Әркімнің алдында жұмыс қағазы, сөздік жұмыс дәптері, оқулық, күнделік).

Ой қозғау.
- Оқушылар, мына бір өлеңді еске түсірейік. 4-сыныпта өткенсіңдер
Үйден шығып балалар
«Жаз болды, міне!» десіп тұр.
Сағындырған жаз әсері
Құшақтап беттен сүйіп тұр. Естеріңе түсіріңдерші кімнің өлеңі
- Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңі.

- Өте дұрыс. Балалар, біз бүгін үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллиннің өмірімен және "Ақсақ киік "өлеңімен танысамыз. Ендеше, Сәкен туралы не білеміз.

Сәкеннің шығармалары бізге бұрыннан таныс. Жаңа тақырыпты өтпес бұрын еске түсірейікші, Сәкен кім? (топтастыру жұмысын ).

Сәкен





(Ақын, журналист, сазгер, жазушы, драматург).

1) Сәкен Сейфуллиннің өміріне қысқаша шолу

Хронологиялық кесте


1894ж. Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстауында дүниеге келген;
1905 - 1908жж. Нілдідегі орыс - қазақ мектебінде оқиды;
1908 - 1910жж. Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде;
1910 - 1913жж. Қалалық училищеде;
1913 - 1916жж. Омбы семинариясына қабылданады;
1916ж. Бұғылы ауылында мектеп ашып, мұғалімдік қызмет атқарды;
1917ж. Ақмолаға қоныс аударды. «Асығып тез аттандық», «Кел жігіттер» өлеңдерін жазады;
1918ж. 4 маусымда тұтқынға түсіп, Атаман Анненковтың азап вагонында қиындықтар кешеді;
1919ж. 3 сәуірде қашып шығады;
1922ж. «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы шықты;
1926ж. Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленеді;
1930ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.
1937ж. Жалған саяси жаламен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына ұшырайды.


Ендеше, кешегі қатыгездік пен асыра сілтеушіліктің құрбандарының бірі болған, халықтың аяулы ұлы – Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы ақынның тағдырына арқау болған.

1) Бұл кезеңде «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын ашамыз.

(Құрманғазы Сағырбаевтың "Ақсақ киік” күйі баяу орындалып тұрады).

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл ойлы - қырлы панасы бар
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.

Игерту.

1) тізбектей оқыттыру

  • Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін. Арқа, яғни Сарыарқа, Бетпақдала Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең-байтақ шөлді мекен. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 шақырымға созылған үлкен аймақ. Бетпақдала осы сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты құмды, шөлді жер.


Демек балалар осы мәліметтен кейін есімізде сақтау үшін, Бетпақдала-қандай дала?

Ауасы ыстық

ұшы-қиыры жоқ дала

шөлді жер

иен дала

қазақ халқы жайлаған жер

Бетпақдала







- Балалар, енді осы өлеңде басты кейіпкер киік деген жануар емес пе?

Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Ақбөкен – шөлге төзімді әрі жүйрік, ақылды жануар. Жайылып жүргенде біреуі жан-жағын бақылап, «сақтық күзетінде» тұрады. Киіктің дене тұрқы 109 – 130 см, салмағы 25–40 кг болады. Киік жүгіргенде жылдамдығы 70км/сағ. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайтын мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне атаған. Киіктің төлі-құралай. Оның мүйізі, терісі аса бағалы. Мүйізін медицинада дәрі – дәрмек жасауға пайдаланады.


2) мәселелік жағдайды туғызу.

- Жазықсыз жан дегенді қалай түсінесің?

- Киік деген сөздің мағыналас сөзі қайсысы?

- Киіктің сұлулығын автор қалай суреттеген? Тауып оқы.

- Киік неліктен азайып бара жатыр?

- «Киіктің аянышты күйін» өлеңнен тауып оқы.

- Киікті қорғау үшін елімізде қандай жұмыстар жасалуда?



Өлеңдегі түсініксіз сөздер экранға жазылады

2) Сөздік жұмысы

Қу баялыш –шөптің атауы.

Сегіз көштік – ұзындық өлшемі.

Таңа – жануардың әсем, сұлу мүсіні.

Қос – шатыр күрке.

Бетеге – шөп атауы.

Киік –аталық жануар.

Бөкен – аналық жануар.

(Тақтадағы сөздерді дәптерге жазу).

3) Енді өлеңді құрылысына қарай талдау

Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу және кейіптеу кездеседі. Мына жолдарға назар аударайық.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

4) Өлең құрылысына назар аударайық
Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар, 11 а
Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар. 11 а
Сол шөл-де ел жоқ, күн жоқ өс-іп- өн-ген, 11 б
Жән-дік-тің ки-ік де-ген ба-ла-сы бар. 11 а

1. Авторы С.Сейфуллин;

2. Тақырыбы «Ақсақ киік», киіктің аянышты тағдырына арналған;
3. Жанр түрі: өлең;
4. Шумақ – 17;
5. Тармақ – 68;
6. Бунақ - 3;
7. Буын - 11 – 12;

8. Ұйқас - қара өлең;
9. Теңеу – жас балаға теңеген;

10.Шарықтау шегі – киікке атылған оқ;

11.Идеясы – экологиялық жағдайды ашына айту;

12.Өлеңнің негізгі түйіні – табиғатты, оның байлығын қорғау.


Ендеше балалар Ж.Сейілов ағамыздың «Жез киік» әнін, Алтынай Жорабаеваның орындауында тыңдай отырып, әсерлі шабытпен

1-қатар Әдебиетшілер Киікті атқан адамға хат.

2-қатар Экологтар «Киікті қорғау» ой-толғау жазайық.



(Оқушыларға жазғандарын оқыту)

Қорытындылау.

Ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау, жан-жануарларды аялау екен. Өлең 1924 жылы жазылған, осыдан 90 жыл бұрын. Қалай ойлайсыңдар өлең ескірді ме? – Енді, осындай оқиға қайталанбайды деп ойлайсыңдар ма? Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік. Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Несіпбек Айтовтің «Ақбөкен» өлеңі, Жақсыкелді Сейіловтің "Жез киік” әні, С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын "Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады.



Бағалау.

Үйге тапсырма.

1) Өз еріктерің бойынша қалаған 4 шумақ жаттау.

2) Мәнерлеп оқу.

3)«Біз - табиғат сақшысымыз» атты эссе жазу.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Қазақ әдебиеті. 6 сынып. С.Сейфуллин "Ақсақ киік"

Автор: Бейскеева Мария Жанбырбаевна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 387110


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства