Просмотр содержимого документа
«"?ызы?ты ?аза? тілі" сыныптан тыс шара»
І айналым
“Таныстыру”
(Әр топ өз тобын таныстырады.)
ІІ айналым
“Ұшқыр ой”
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс)
ІІІ айналым“Құпия сандық”( Берілген жұмбақтардың жауабын тауып, шешуін үш тілде айтыңыз.)
Қолы менен қаламы жоқ,Бірақ сурет салады көп.
2. Қоймасын қыс ақтарып,Жерді жапты ақ мамық.
3. Бірін-бірі қоштаған,Бір үйден көрдім,Қырық екі дос-жаран.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,Ұзындықтың өлшемі.
5. Қалқиып екі құлағы,Елеңдеп, қорқып тұрады.
6. Жолбарыстан аумайды,Тышқандарды аулайды.
7. Жеп көріп ем өзім мен,Жас шығарды көзімнен.
8. Бұлаңдаған құйрығы,Бір алдарлық қулығы.
9.Әттең, даусым, тілім
жоқ,Құшағымда білім көп.
ІVайналым
«Ойлан, тап»(Әдеби шығармалардан үзінділер беріледі,үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. )
- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - депті.
- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
- Алтынмен ішін безеген,Сырты күміс ақ отауКелістіріп түзегенАрттыруға сайланды.Қырық түйе қазына ,Қырық құл мен қырық күң,Қосып берді қызына.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Өнер, білім бар жұрттар,Тастан сарай салғызды.Айшылық алыс жерлерден,Көзіңді ашып-жұмғаншаЖылдам хабар алғызды
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат ,
Ұят пенен ар қымбат
Өзің сүйген жар қымбат.
Ү айналым
«Айшықты сөздер»
(Берілген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз.)
1.Төбесі көкке жетті
2. Ине шаншар
жер жоқ
3. Қой аузынан
шөп алмас
4. Қабағынан
қар жауды
5. Бетінен
оты шықты
6. Ит өлген жер
7. Төбе шашы
тік тұрды
8. Көзді
ашып-жұмғанша
9. Таяқ сілтем жер
ҮIайналым
“Жекпе - жек”(Әр топтың жетекшілері шығып берілген«балдырғандар»сөзіне бірнеше сөздер құрайды)