Просмотр содержимого документа
«"Елін с?йген, елі с?йген Елбасы" ?ылыми ж?мыс »
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚарағанды облысының білім департаментіЛенин жалпы білім беру орта мектебіБағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттарыСекция: ӘдебиетТақырыбы:“Елін сүйген,елі сүйген Елбасы”Жоба авторы: 8 “А”-сынып оқушысы Елеусіз МейірланЖоба жетекшісі:Қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі Даулетбай Нұргүл Сержанқызы2014-2015 оқу жылы
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Ғылыми жұмыс жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының құрылуына, оның экономикасының, руханиятының дамуы мен өрлеуіне және де қазақ елінің бүкіл әлемге танылуына тарихының зерттелуі мен кемелденуіне өлшеусіз үлес қосқан қазақ елінің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дара тұлғасын зерттеп тану;
Мақсаты: 1) Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту; 2) Жас ұрпақтың бойында елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру; 3) Еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетіміздің шекарасын анықтап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының азаматтық тұлғасын меңгеру, елін сүйген Елбасынан үлгі алуға жас ұрпақты тәрбиелеу;
Жобаның міндеттері:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы деректерді жинақтап, халық санасына жеткізу.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы шілденің 6-ншы жұлдызында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Жастық шағы
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты. Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.
Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.
Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы болашақ жұбайы Сарамен кездесті.
Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Кітаптары
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
www.ZHARAR.com
www.ZHARAR.com
Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың фотосуреттері жинақталып оқырман алдында Елбасы ретінде ғана емес, өз елінің отан сүйгіш патриоты ретінде көрсетілген. Бұл кітапта Елбасының Отанына, жеріне, еліне, мекеніне, ұлттық дәстүріне, ұлттық тәрбиесіне, халқына деген сүйіспеншілігін жеткізетін дәйек сөздері жазылған.
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
2. Қазақстан менеджмент институты
3. Экономика және болжау институты
4. Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университеті
5. Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті
6. Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi, Назарбаев Зияткерлік Мектебі, бірқатар лицейлер мен колледждер Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Отбасылық жағдайы
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар:
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы. [4]
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Елбасының
нақыл сөздері
1. «Жақсыдан бақ қалады» 2. «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» 3. «Тәрбие ошағы – мектеп» 4. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» 5. «Бiз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналуымыз керек» 6. «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
www.ZHARAR.com
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!
Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.Нұрсұлтан Назарбаев
www.ZHARAR.com
Дінге сене отырып, өз салтымыз бен ғұрпымызды сақтауымыз керекНұрсұлтан Назарбаев
www.ZHARAR.com
Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар! Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін!
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Кеңес Одағы (СССР) кезеңінде Қазақстан Республикасы ядролық қару жөнінен төртінші орында болатын. Елбасының көрегенділігінен , өз халқына деген сүйіспеншілігінен Қазақстан Республикасын ядролық қарусыз ел атандырды.
Астана – Тәуелсіздік және бірлік символы
www.ZHARAR.com
www.ZHARAR.com
Әлем басшылары және Елбасы
Артық ғылым кітапта,Ерінбе оқып көруге... АБАЙ.
Мектеп кітапханасында...
“Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім”
“Кітап-алтын қазына”
Ауыл кітапханасында...
Ә. Ермеков атындағы “Атамұра” кітап үйі
Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығы
Облыстық байқау “Тұңғыш президент және менің Отаным”
Әлімқұлов Қ., Қасымбеков М. “Нұрсұлтан деп ат қойдым...”[Мәтін] / Қ. Әлімқұлов, М. Қасымбеков. - Алматы: Өнер, 1997. - 272 бет.
Кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне балаларының атын Елбасының есімімен атаған азаматтардың жүрекжарды лебіздері мен ой-пікірлері арқау болған.
Мен де ғылыми жұмысыма дайындалу кезінде 0-17 жас аралығындағы “Нұрсұлтан” атты есім неше балаға қойылғанын зерттедім. Ол есім 3 балаға қойылған. Бейбут Нурсултан туған жылы- 19.03.2009.-балабақшаға барады, Серікбол Нұрсұлтан туған жылы-23.12.1999, 9-сынып оқушысы, Жұмаахан Нұрсұлтан туған жылы-15.06.1996-мектеп түлегі. Оның ішінде “XIV республикалық Абай оқуларында” I орынға ие болған Серікбол Нұрсұлтанды ерекше атап -өтуге болады .