?аза? хал?ыны? ?лтты? м?лкі бесік туралы ?ылыми жоба. Жоба жетекшісі Ленин орта мектебі м??алімі Ахметова Акнур Тулепбергеновна. Жоба авторы Сабитова Айзере мен ?обланова Назерке. Жобада бесікті? бала денсаулы?ына пайдасы туралы зерттеледі. Бесікте жат?ан бала таза ?рі жылы жатады. Бесік бала?а т?сеніш болуымен ?атар ?ор?аныш ?ызметін де ат?арады. Сан ?асырлар бойы ?олданылып келген бесікті ?азіргі жастар к?біне ?олданудан бас тартып жатыр Жобада осы бесікті? пайдасы насихатталады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазіргі кезде жас жұбайлар нәрестесін бесікке салуды азайтып бара жатыр. Заманауи жиһаздар ата-бабамыздан қалған қастерлі де киелі мүлік бесікті ысыруда, сонымен бірге салт-дәстүріміз де ұмытылуда. Сондықтан жастар арасында бесіктің пайдасын кең насихаттап, ақылды жиһазды қолдануға шақыру.
Бесік тек қазаққа ғана тән емес, ол орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшелігі түрліше болып келеді.
Қазақ тарихында көшіп жүріп елі мен жерін жаудан қорғаған жаугершілік заманда бесік жолда жүруге де ыңғайлы болған .
Қазақ бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды.
Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында.
Ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасаған. Ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қанша бұлқынса да, аударылып кетпейді.
Тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі –қарсылы шайқалмайды, жылы әрі таза болады.
Бесік жабдықтары
Бесіктің жабдықтарына келсек, олар – жастық, құс төсек, жөргек, бесік көрпе, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы, түбек, шүмек. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатылған.
Қазіргі жан-жақты дамыған заманда адам қолданысы үшін әртүрлі заттар, техника, түрлі жиһаздар шығып жатыр. Оның ішінде сәбилерге арналған кереуеттер де бар. Бұл керуеттер ата-бабамыз пайдаланған бесікті әрі ысыруда. Көптеген жастар бесік баланың аяқ-қолын таңып, қысып жатады, сондықтан қимылы азайып, аурушаң болады деп, бесіктен бас тартып жатады. Егер бұл рас болса, ғасырлар бойы бесікке жатып келе жатқан қазағымның балаларынан алып-алып батырлар, ақылгөй билер шықпас еді.
Керісінше, бесік баланың денсаулығына, ми қызметінің дұрыс дамуына үлкен септігін тигізеді.
Қазіргі заманғы нәресте керуеттері
Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян...» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегі кеңестік дәуірде бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Сондықтан бесік қолданыстан шығып қалды. Ал негізінде жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесіктің пайдасы бала үшін ұшан-теңіз. Айталық:
Біріншіден, қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық дамымайды, жетілмейді.
Екіншіден, баланың мазасыздығы анасын алаңдатады. Мұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден, бесiктен шешкен кезде сәби керіліп-созылып рақаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды. Мұның да физиологиялық пайдасы зор.
Төртіншіден, сәбидің тұла бойы таза болады, бесік тазалыққа үйретеді.
Бесіншіден, бесіктегі баланың денесіне дымқыл сыз, дарымайды. таза әрі жылы жатады. Жаялығы құрғақ болғасын ұйқысы да тыныш болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы, бойы сыптай, түп-түзу болып өседі.
Алтыншыдан, бір қалыпты ырғақпен тербетілген баланың жүйке-жүйесі тыныш болады.
Жетіншіден, бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді Қайырымды мінез қалыптасады.Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Сегізіншіден, бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тіл-көзден сақтайды.
Әрине, бесік пайдалы екен деп, баланы күні-түні таңып қоюға болмайды. Арасында шешіп алып, аяқ-қолын созып, жаттығулар жасау керек. Бала бесікте жатпаған уақытта бесік көрпешелерін далаға күннің көзіне, қыста аязға жайып алу қажет.
Бесікке салу дәстүрі
Бесікті аластау дәстүрі
Нәрестені бесікке салар алдында бесікті міндетті түрде аластайды. Отпен: адыраспанмен, сіріңкемен аластауға болады. Аластаудың мақсаты бала ұйықтап жатқанда шошынбасын, ұйқысы тыныш болсын дегені
Бесікке кімдер салады?
Бесікке салу дәстүрін жасы үлкен, көп бала тапқан, өнегелі, ауыл-аймаққа сыйлы апа-әжелерге сеніп тапсырады.
Бесікті аластау
Шүмекті сату дәстүрі
Шүмек сатып алу
“ Тыштыма”
“Тыштымадан” түскен тәттілерді жас балаларға үлестіреді
Баланы бесікке оң жағынан әкеліп салады
Баланы бөлеп болған соңбаланың ұйқысы қалың болсын деген ниетпен бесіктің үстінетоғыз қабат көрпе жабады да,бесік жырын айтады.
Қорытынды
Осы күні кейбіреулердің бесікке бөлеуге қарсы болып жүргені — мүліктің қасиетін түсінбегендік. Бесік күн ыстықта салқын, күн суықта жылы болады. Ол баланы шыдамдылыққа да баулиды.
Сондай-ақ, суық пен ыстықтан да қорғап қана қоймай, кездейсоқ құлаған заттан бесіктің жақтаулары балаға қорғаныш қызметін атқарады.
Бесік — ата-бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны қастерлеп, бағалай білу — бізге міндет.
Жас аналарға, балалы болғалы отырған болашақ аналарға айтар кәдем сәбилеріңіздің бойын бесікке үйретудің қамын жасаңыздар. Бұл көненің қажетсіз қалдығы емес, бұл ақылды аналарға арналған «ақылды жиһаз».