Діни қиссалар -Пайғамбарларменәулие-әмбиелер,періштелерменсахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжетіҚұран Кәрімненалынған. Өйткені Құран Кәрім тек діни кітап қана емес, сонымен бірге, араб классикалық әдебиетінің де ғажайып үлгісі. Негізінен,қарасөзтүрінде айтылатынертегілерменәңгімелерді,аңыздарменәпсаналардыараб тілінде қисса десе, парсы тілінде«дастан»деп атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығыс хикаяларының өлең жырға айналдырған үлгілерін ғана«қисса»немесе«дастан»деп таныған.
Осындай қиссалардың бірі - Бурхонуддин Рабғузидің (XIV ғ.)«Қиссаси Рабғузий»немесе«Қисса-с ул әнбия»деп аталатын прозалық шығармасы.«Қиссаси Рабғузи»- Пайғамбарлар мен әулиелер, сахабалар мен жын-шайтандар, т.б. туралы әңгімелер жинағы.
Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар;
2. Пайғамбарлар, әуле-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар;
3. һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен,«Нұх ғалейхиссалам»деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ,«Қиссаси Рабғузийде»Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.) туралы да қызықты хикаялар бар.
Аталған жәдігер дүниедегі аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор - Рабғузи. Автордың шын есімі - Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі.Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге қарағанда, автор аталған шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен.
Лұқман хәкім қарыз сұрап келген кісінің бетін қайтармайтын еді.
Бір күні бір кісі келіп, мың алтын алады. Іштей: “Қарызын бермей кетейін”,- деп ойлайды. Жолда бара жатып, бір жерге демалады. Сол кезде бір құс ұшып келіп, жатқан түйіншекті іліп ала жөнеледі. Құс Лұқман Хәкімнің үйінің төбесінен ұшып бара жатқанда, түйіншегі жерге түсіп кетеді.
Қарыз алған кісі Лұқман хәкімге қайтып келеді, тағы мың алтын
беруін өтінеді. Ішінен: “Егер осы жолы берсе, мың алтынын екі мың
қылып қайтарармын – ау”, - деп ойлайды.
Лұқман сұрағанын береді. Алтын алған кісі сауда жасап, мың алтыннан
он мың пайда көреді. Лұқманның алған қарызын екі есе қайтарады.
Сонда Лұқман Хәкім: “Бірінші алғанда бермей кетейін деп арамдық
ойлап едің, ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің,
пайда таптың. Бұдан былай қара ниет болма” – дейді.
Сұрақ-жауап- Қазақ ертегілерінде осы әңгімемен сюжеті жағынан ұқсас ертегілер кездесе ме?
- Қарлығаш қандай құс?- Қандай оқиғаны жақсы іске, қайсысын жаман іске жатқызар едің?