Просмотр содержимого документа
«Тірек мектеп -Ресурстық орталық»
Жанында инернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінде өткізілген ресурстық орталықтың жұмысының есебі.
Қазақстан Республикасының 2011 -2015 жылға арналған Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасындағы шағын жинақты мектептердің мәселесі бөлімін іске асыру мақсатында, 2012 -2013 оқу жылында жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінде «Тірек мектеп –ресурстық орталығы» ашылып, өз жұмысын бастады.
Ресурстық мектеп – бұл шағын жинақты мектептер оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп салалы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу –тәрбие үрдісінің әрекеттерін бағыттап отыратын мектеп.
Магниттік мектеп – бұл оқушы континентімен аз қамтылған, біріктірілген сыныптары бар және ресурстық орталықтың біртұтас жүйесіне енетін жалпы білім беретін мектеп.
Жоғары сыныпта бейіндік оқытуды қамтамасыз ету үшін ресурстардың жетіспеуімен жақын ортадағы білім беру мекемелері мен тірек мектепті біріктіретін бейіндік білім берудің тірек мектебі – ресурстық орталық болып табылады.
Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінде 2012 -2013 оқу жылынан бастап ресурстық орталық жұмыс жасауда. Мақсаты: Үздіксіз білім беру үшін біздің заманға қажетті нақты арнайы білімдерді меңгерген, ауқымды ақпараттарды қолдана білетін, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол дені сау түлек дайындау.
Міндеті:
- Ресурстық және магниттік мектеп-терде оқу –тәрбие жұмыстарын интеграциялау негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін құру;
- Оқу –тәрбие жұмыстарының бірыңғай кестесін жасау;
-Кіріктірілген, бейінделген пәндер мен курстар жүргізу;
-РО орталықты басқару жүйесін құру;
-Балаларды сессия кезінде әкелу, тұратын жерін және тамақтандыруды ұймдастыру жүйесін жасау;
-Реттеуші сипаттағы құқықтық құжаттарды дайындау (ережелер, шешідер, бұйрықттар және т.б)
Ресурстық орталыққа магниттік мектептердің 10-11 сынып оқушыларын ҰБТ –ге дайындау негізінде өтілді.
Осы орай құрылған ресурстық орталықтың әрбір сессиясы жақсы деңгейде өтіледі. Сессияға келген магниттік мектептер Гастелло орта мектебі, Тасөткел орта мектебі, Өмірлік орта мектептерінен келген оқушылылардың орналасуына жеткілікті деңгейде жағдай жасалады, үш мезгіл тамақтанады, олар үшін спорттық, сауықтыру, көркемдік-эстетикалық және зияткерлік сипаттағы дамытушы сабақтар ұйымдастырылады. Оқушылармен топтық және жеке жұмыстар жүргізіледі.
Білім беру процессі ресурстық орталыққа кіретін мектептердегі негізгі пәндерден және бейіндік курстардың сабақтарынан, тірек мектептің оқу зертханалары және шеберханаларында таңдау бойынша курстардан басқа, ортақ оқу жоспарының негізінде іске асты. Сессия барысында бірінші, жоғары санатты тәжірибелі ұстаздар дәріс береді.
Түске дейін негізгі базалық сабақтар, түстен кейін таңдаулы, элективті, факультативті сабақтар жүргізіліп, оқушыларды шығармашылыққа, зияткерлікке, көркемдік-эстетикалыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында әр түрлі қоғамдық іс –шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ «Сұңқар» клубы жетекшісі Сейтахметов Ж.Ғ, спорттық жарыстарды ұйымдастырған Ыбырай Байдос, «Көңілді мәре» жарысын ұйымдастырған жастар одағы жетекшісі Мынбаева Ж, «Білімділер мен білгірлер» сайысын ұйымдастырушы педагог Әмірбек А.Ә және мектеп кітапханашысы Өтекеева Төлеу ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа сапар» атты көрме ұйымдастырды.
Мектеп психологы Мурзабекова Мақпал жоспарлы түрде оқушылармен жұмыс жасады.
Оқушылардан келген күні кіру тесті алынынды. Кіру тесті мен шығу тесттерінің қорытындысы төмендегідей:
мектептер
Кіру тесті
Шығу тесті
ҰБТ қорытындысы
Өмірлік О.М 10 сынып
65,5%
66%
Өмірлік О.М 11 сынып
66,7%
72,2%
88%
Тасөткел О.М
52,2%
64,4%
74%
Гастелло О.М
56%
54%
71,6%
Тассуат О.М 10 сынып
35,7%
46,3
Үкібаев О.М
79%
2014-2015 оқу жылында ресурстық орталыққа келген оқушылардың кіру және шығу тесттерінің қорытындысы
№
мектеп аты
кіру тесті
шығу тесті
1
Өмірлік о.м
91%
92%
2
Үкібаев о.м
70%
76%
ТМ-РО-дағы оқу үдерісі бірыңғай барлық мектептердегі күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға сәйкес жүргізіледі, яғни магнитті мектептердің оқушылары оқытылатын пәннің мәніне қарамастан кесте бойынша сабақтарға қатысады. Кестеге бұл күндері қолданбалы (10-11 сыныптар үшін) курстары енгізілген. Магнитті мектеп оқушыларына оқу үдерісі – қазіргі білім беру технологияларын міндетті қолданумен тұлғалық-бағдарлы тәсілдер негізінде ұйымдастырылды.
Өз сабақтарында мұғалімдер АКТ –ны ( интерактивті тақта, интернет және т.б) және химия, физика, биология сабақтарында зертханалық құрал –жабдықтарды қолдана отырып сабақтарын жүргізді. Интерактивті құралды қолдану, арнайы пәндік құралдарды, көрнекіліктерді пайдалану оқушыларға мектеп пәндері жайлы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сессия соңында оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнаманың қорытындысында бақылағанымыздай, магниттік мектептерден келген оқушыларға сессия барысы мен мұғалімдермен тіл табысу жақсы деңгейде болғандарын атап өтті және ауылдық мектептерден келген оқушылардың ата –аналарының қарсылықтары жоқ екендігі де бақыланды. Сессиядан кейін де магниттік мектеп оқушыларына интернет желісі арқылы тапсырмалар беріліп отырады.