Просмотр содержимого документа
«Сыни ойлау туралы шы?аршашылы? ж?мыс»
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
Сыни ойлауды қалай айқындай аламыз.(Дэвид Клустер). Сыни ойлау - дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау дағдыларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын,сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Ешкім де біз үшін сыни ойлай алмайды.Өз басымен ойлау жіне де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет. Сыни ойлау міндетті түрде жаңа өзіндік болуы шарт емес, біз басқа адамның идеясын немесе сенімін өзімдікі сияқты қабылдауымызға құқылымыз. Бізге басқалардың пікірімен келісу ұнайды бұл біздің ойымыздың достығын дәлелдейтін сияқты. Сыни ойлайтын адам басқа біреудің пікіріне жиі қосылады.Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады.
Өз іс- тәжірибемде байқағаным оқушылармен өзара диалогтік,әлеуметтік әрекеттестіктің арқасында сыни ойлауын дамыту үшін оларға өз деңгейіне қарай сұрақтар мен тапсырмалар беру керек екен. Оқушы тапсырманы орындау үшін алдымен жеке ойланады содан соң топтағы сыныптастарымен ой бөлісіп, пікір алмаса отырып ортақ шешім шығарады.Сонымен қатар мәліметтерді талдау, салыстыру, ерекшелігімен білу де оқушыны сыни ойлауға дағдыландырады. Оқушылар тапсырмаларды топпен орындау барысында өз көзқарастарын, пікірлерін айтып, қорғай алады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы үшін практикалық іс- әрекетке баулу, белсенділіктерін арттыру қажет. Сонымен бірге , білімге деген көзқарастарын өзгертуге үйрету, өз ойларын анық айтуға оқушылардың бойына білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру қажет.
Оқушылардың когнитивті және танымдық дәрежесінің дамуын анықтап алу үшін Қазақстанның білім беру жүйелерінде мектептің қандай түрлері бар деген тапсырма бердім. Бұл тапсырманы оқушылар топтп сыни ойлана отырып орындады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар топта бір- бірлерінің пікірлерін ортаға салып сенікі дұрыс, сенікі дұрыс емес деген сияқты
қарым- қатынас жасап жатты.Сыни ойлау арқылы оқушылар ойланады дұрыс жауаптың өзіне сыни көзқараспен қарап, оның басқа жауаптарын іздептіру арқылы үлкен жетістіктерге жете алды. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып өздерін -өздері реттеулерін өздеріне -өздері есеп бере алатынын байқадым. Оқушылар тапсырманы анық және түсінікті етіп жеткізе алды. Сын тұрғысынан ойлау модулінің ,оның ішінде әдіс тәсілдерінің жаңа сабақты түсіндіруде берері мол. Сабақ жоспарын жасау кезінде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін және психологиялық
жай- күйлерін ескерген жөн.
Сондай- ақ сыни ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады.Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде ғана тексеріліп ұштала түседі немесе Ханна Арендт жазғандай «Кемелденуге тек қана біреудің қатысуымен ғана жетуге болады. Біз басқалармен пікір таласы, мәтін оқып талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз ойымызды айқындаймыз және тереңдетеміз.»
Сондықтан да сыни ойлау аясында жұмыс істейтін педагогтар әрқашанда өз сабақтарында жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін, олардың ішінде әңгіме дебат зертханалық әңгіме және де оқушыныңжазба жұмыстарының әртүрлі жариялануын қолданады.
Қорыта айтқанда, әрбір сыни ойлаушы адам қандай да бір қоғамдастықта еңбек етіп өз тұлғасын қалыптастырудан басқа ауқымдық мәселелерді шеше алады.