kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?сет Найманбаев ?мірі мен шы?армашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рі: кіріспе саба?ы

Саба?ты? к?рнекілігі: ?сет Найманбаев портреті, ?анатты с?здер, матрица, тірек с?здер, а? пара?.

Технологиялы? карта: Ауызша - 1

Саба?ты? барысы: ?йымдастыру кезе?і (1-2 мин)

Карта бойынша ж?мыс т?ртібі т?сіндіріледі. Саба?ты? та?ырыбы ж?не мазм?ны айтылады. Сыныпты белсендіру ?шін сынып к?шбасшысына с?з беріледі. ООМ бойынша ж?мыс жасалады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?сет Найманбаев ?мірі мен шы?армашылы?ы»



Мұқанова Гүлдана Молдахметқызы

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.



Ұсынылып отырған сабақ жоспары «Биоақпараттану және Синергетика» (БжС) технологиясының «Ауызша сабақ-1» картасы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 "А"

Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаев өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Норматив талабына сай - 63% оқушылар оқу материалын сабақта меңгеру. Оқушылардың жылдам, қисынды және сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнді сапалы меңгеруіне қызығушылығын ояту. Әсет Найманбаев өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу.

Алған білімдерін өз бетінше қолдана білу деңгейлерін және ойлау, зейін мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәнін үлгі тұту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: кіріспе сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Әсет Найманбаев портреті, қанатты сөздер, матрица, тірек сөздер, ақ парақ.

Технологиялық карта: Ауызша - 1

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

Карта бойынша жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сабақтың тақырыбы және мазмұны айтылады. Сыныпты белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс жасалады.

ООМ(орын отырғызу матрицасы)оқушыларды сабақта толық қамтуға, басқаруға арналған амал. Оқушылардың орнын көрсететін кесте, әр баланың жоғарғы жылдамдықпен сабаққа қатысуын қамтамасыз етеді және жеткен нәтижесін көруге мүмкіндік береді.



A B C D E F























Үй тапсырмасы: Сергіту сәті (көз жұмып өткен тақырыпты еске түсіру. 1 мин.)

I кезең. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойылады, ООМ бойынша материалды бекітуге тексеру жүргізіледі.

Бірінші белгі қойылады. Барлық оқушыларға "-" немесе "+" белгілері қойылады.

Сұрақтар:

1. Ыбырай қай жылдары өмір сүрді?

2. Ақынның "Маңмаңгер" әнінің негізгі тақырыбы не?

3. Ыбырай Сандыбайұлы қандай ақын?

4. Үкілі Ыбырайдың "Гәккуін", "Қыз Жібек" операсын кім орындайды?

5. Ыбырайдың заман тақырыбындағы өлеңдерінің өзге ақындардың өлеңдерімен салыстырғандағы ұқсастықтары қандай?

6. Ыбырай Сандыбайұлы сал-серілік өнерге неше жасынан бет бұрған?

7. Жыршыл ақынның "Қалдырған" атты шығармасының негізгі тақырыбы не?

8. Ыбырай қай жылы жазықсыз жаламен түрмеге қамалған еді, одан кейінгі тағдыры қалай болды?

9.Біржан салдың Ыбырайға берген бағасы қандай?

10. Үкілі Ыбырайдың өзіне үлгі еткен ақындары кімдер?

11. Ақын "Қарақат көзді, сым саусақ" өлеңінде халықтың поэзия дәстүріндегі қандай тәсілді пайдаланған?

12.Ыбырайдың ақындық ерекшелігінің басты көрінісі неде?

13. Ақын неліктен «Халық жауы» атанды?

14. Ақынның "Үкілі Ыбырай" атануының себебі не?

ІІ кезең.Сабақты бастамас бұрын, тақырыпты дәптерлеріне жаздырту.

Жаңа сабақты түсіндіруге 2-3 минут арнаймын. Жалпы сипаттама беремін.

Тірек сөздермен жұмыс.

Сабақ алдында мұғалім тақтаға 7,14 немесе 21 тірек сөздер жазады. Оқушылар берілген уақытта сөздерді есте сақтап, есте сақтау уақыты аяқталған соң, осындай уақытта сол сөздерді дәптерлеріне жазады. Жазу уақыты аяқталғаннан кейін мұғалім ООМ бойынша тексереді.

Екінші белгі қойылады.

Тірек сөздер

1.Айтыс

2.Әнші

3.Сазгер

4.Суырыпсалма

5. «Маңмаңгер»

6.Әсет

7.Жарылғапберді

8. «Ағаш ат»

9.Ырысжан

10.Сұлулық

11.Атамекен

12.Поэзия

13.Өсиетнама

14.Махаббат

Есте сақтау және жазу нормативі

7 сөз - 30 секунд

14 сөз - 1 мин 15 секунд

21 сөз - 2 мин 30 секунд



ІІІ кезең.Ұғынуды ұйымдастыру.

Шарты: а) 1 параққа 3 мин бере отырып, тақырыпты оқыту. Арасында уақытты ескертіп отыру.

б) кітапты жапқызып қою.

в) тірек сөздерді қатыстыра отырып қарама - қарсы сұрақ қою.

г) әр баланың жауап беруіне 3 сек беріледі.

Мұғалім ООМ бойынша оқушыларға сұрақ қояды.

Үшінші белгі қойылады.

1. Әсет Найманбаев өмір сүрген жылдарды атаңыз?

2. Ақын қалай "Әнші Әсет" атанды?

3. Әлімғазы болыс Әсетке қандай көмек берді?

4. Қоянды жәрмеңкесінің ақын шығармашылығына әсері қандай?

5. "Жеріміз кейін қалды Емілбарлық" өлеңінің туу себебі не?

6. "Ағаш ат" қиссасының негізгі тақырыбы не?

7. Ақынның қисса-дастандарын атаңыз?

8. Әсеттің дидактикалық сарында жазылған өлеңдері қандай?

9. "Ақырғы сөз" туындысында ақын нені жырлайды?

10. Әсет пен Ырысжан айтысының негізгі тұстары қай айтыстың түріне құрылған?

11. Әсеттің ұстаздары кімдер?

12. "Інжу-Маржан" әнінің ерекшеліктері не?

13. Әсеттің қандай әндері бар?

IV кезең.Сын тұрғысынан ойлауды ұйымдастыру.

Мұғалім ООМ бойынша оқушыларға сұрақ қояды. Сұрақтар оқушылардың меңгеру сапасын тексеру үшін сапалы құрылуы керек. "Иә" немесе "Жоқ" - деген жауаппен шектелетін сұрақтар болмауы керек.

Төртінші белгі қойылады.

Сұрақтар:

1. Әсет 8 жасында-ақ әншілік өнерімен танылған.

жоқ

Әсет 14-15 жасында ақындық, әншілік өнерімен танылған.

2. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқан сапарында Үкілі Ыбырай Құлтума, Ақан серінің әндерін бірінші рет естіген.

жоқ

Бұл сапарында Жарылғапбердінің әнін естіген.

3. Арқа әндерінің кең тынысты шалқымалы әуені "Шама" , "Майдақоңыр", "Мақпал" әндерінен сезіледі.

жоқ

Арқа әндерінің кең тынысты шалқымалы әуені "Үлкен Ардақ", "Еркем-ай", "Қаракөз" әндерінен сезіледі.

4.Әсет Мүсіреп, Ғазиз, Ахмет имамның медресесінде оқиды.

жоқ

Ол Ғабдішүкір имамның медресесінде оқиды.

5.Әсеттің әке-шешесі бай-қуатты, білімдар, атақты адамдар болған.

жоқ

Әсеттің әке-шешесі кедей-шаруа адамдар болған.

6.Әсет пен Ырысжанның айтысы көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.

иә

Әсет пен Ырысжанның айтысы айтулы, озық туынды. Себебі, оның дүниетанымы, ой тереңдігі айтыс жанрында кейінірек танылған болатын. Әйгілі ақын қызбен айтысқанда ол он сегізде еді. Соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады.

7. Ақынның "Шоқтығы биік", "Өмір өткел", "Нығмет" атты қисса-дастандары бар.

жоқ

Ақынның "Салиха-Сәмен", "Жәмсап", "Кешубай" атты қисса - дастандары бар.

9. Феодалдық құрылысты әшкерелеп, оның өкілдерін мінеп-сынаған шығармасы:

1."Фәни дүние"

2."Сеніспей уағдалы серттен қайтпа"

3."Жас шама"

жоқ

Феодалды әшкерелеген шығармасы: "Қарақұрсақ Күшік болысқа"

10. Әсет "Сұрша қыз", "Балқадиша", "Гауһар қыз" әндерінің авторы.

жоқ

Әсет "Ырғақты", "Сырмақ үйкер", "Аққарагер" әндерінің авторы.

11. Сейфіл-Мәлік-Жамалдай,

Бейнетіне көнсем-ай!

Қозы Көрпеш-Баяндай,

Бір молада өлсем-ай,

Сағындарған еркем-ай.- Бұл ән "Еркем-ай", "Мақпал", "Ардақ" деп аталады.

жоқ

Бұл ән "Інжу-Маржан" деп аталады.

12. Әсет Найманбаев Пушкиннің "Евгений Онегинін" аударып, қисса етіп жырлаған.

иә

Аударманы қазақ үрдісіне бағындырып Татьянаны "Тәтіш" деп атады.

13. "Ақырғы сөз", "Жас шама" өлеңдерінде жастық шақтың қызықты кезеңдері жырланады.

жоқ

Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге деген сағыныш сезімі басым.



V кезең. Тақырыптық сөздік қор (5 мин.)

Шарты: а) Пәндік терминдер, түсініктер, ережелер арқылы бар білетіндерін қорытындылап жазу.

б) Жазып болған соң, қатар отырған оқушылардың дәптерлерін алмастыра отырып санату.

в) Тақтадағы матрицаға белгілеу.

г) Ең көп жазған 1, 2 оқушыға оқыту.

Бесінші белгі қойылады.

Бағалау:

4+ - "5"

3+ - "4"

2+ - "3"

1+ - "2"









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?сет Найманбаев ?мірі мен шы?армашылы?ы

Автор: Муканова Гулдана Молдахметовна

Дата: 18.01.2016

Номер свидетельства: 278480


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства