kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауына» және қазақ тілінен берілген құрмалас сөйлемге толық сатылай кешенді талдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

в статье рассмотрены инновационные методы обучения на уроках литературы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауына» және қазақ тілінен берілген құрмалас сөйлемге толық сатылай кешенді талдау»


Алматы облысы, Талғар ауданы, №49 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Уалибаева Нұргүл Сағынбайқызы

Сабақтың тақырыбы : Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауына» және қазақ тілінен берілген құрмалас сөйлемге толық сатылай кешенді талдау

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға қазақ тілінен берілген құрмалас сөйлемге және әдебиеттен қазақтың жыраулық поэзиясының атасы -Шалкиіз Тіленшеұлының «Би Темірге бірінші толғауына» толық сатылай кешенді талдау жасату арқылы пәнді ғылыми негізде сатылай, жүйелі , кешенді меңгерту.

2. Оқушылардың сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы танымдық-психологиялық қасиеттерін дамыта отырып, ұлттық құндылықтарды бағалап , қолдана білуге машықтандыру.

3. Оқушыларды туған елінің , өскен жерінің , өзінің ұлтының , ата-бабасының тегін, өзіндік ерекшелігін үйрене отырып , сақтауға ,жыраулар поэзиясын оқыту арқылы халқымыздың тарихын ,басынан кешкен ауыр жағдайын танып-білуге,құрметтеуге ,бағалай білуге тәрбиелеу. Сабактың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың типі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен, жеке жұмыс, ойтолғау, СКТ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, бор, тақта,портрет, «Білім кемесінің» макеті,т. б, дидактикалық материалдар.

Сабактың барысы:

I. Ұйымдастыру : а)«Шаттық шеңберін» құру

ә) Сыныпты 3 топка бөлу : 1-топ « Шұғыла»

2-топ: «Жұлдыз»

3-топ: «Аманат»

Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.

б)Таныстыру:

1-топтың таныстыруы: Шұғыладай шуақ шашқан әлемге,

Қазақ тілдей тіл бар ма екен әлемде?

Әдебиет пен тілді талдап жан-жақты,

Сатылайды таратамыз бар елге.

2-топтың таныстыруы: Жұлдыздай боп жарқыраймыз ,жанамыз,

Сатылай деп әсем әнге саламыз.

Әрбір пәнді сатылаймен меңгеріп,

Болашаққа нық сеніммен барамыз.

3-топтың таныстыруы : Қазақ тілі – ғаламат,

Атадан қалған аманат.

Ана тілді сақтайық,

Жасамайық қиянат.

в) (Мұғалім оқушылардың назарын тақтаға аударады. Бұрышта «Білім кемесі» макетінің желкенінде бүгінгі күннің жоспары жазылып тұрады.Мұғалім бүгінгі сабақтың ерекше өтілетініне оқушылардың назарын аударады.)

-Бүгінгі сабақта сендер «Білім кемесімен» саяхатқа аттанасыңдар.Аттанбас бұрын алдыңғы тақырыбымызда өткен Асан қайғы атамыздың :

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады,- деген қанатты сөзін басшылыққа ала отырып және мына желкендегі бүгінгі сабағымыздың өтілу жоспарымен танысып, сол жоспарға сәйкес тапсырма орындасаңдар ғана саяхатқа аттанасыңдар.Олай болса бүгінгі сабағымыздың жоспарымен танысыңдар:

Берілген тапсырмаларды сатылай кешенді талдау:

1.Сыныпты топқа бөлу,топтың аты,ұраны,топ басшысын сайлау.

2. Қазақ тілі бойынша берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау.

3. Сөйлем ішіндегі күрделі сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау.

4.Сөйлем ішіндегі туынды сөзге сөзсазындық ( фонологиялық ) талдау.

5. Сөйлем ішіндегі жуан және жіңішке сөздерге математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

6.Әдебиет пәнінен жыраулық өнердің атасы - Шалкиіз Тіленшіұлының «Би Темірге бірінші толғауын» талдау.

7. Шалкиіз жырауға дыбыстық мінездеме беру.

8.Бағалау.Топ басшыларының топ мүшелерін бағалауы.

9.Үйге тапсырма «Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды».

( әр топқа бағалау парақшалары беріледі,топ басшылары бірін-бірі және өздерін бағалайды)

Мұғалім оқушыларға бүгінгі талданатын сөйлемді таңдау үшін ортаға 1 оқушыны шығарып, қоржыннан асық алдыртады, асықтағы желімделген сан қанша болса, сол ретте тұрған сөйлем тақтаға жазылады.

( күн реті ,сынып жұмысы жазылады)

Қазақ тілі пәнінен мына тапсырмаларды орындайды.

« Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, тіл арқылы әр адам өз халқының тарихын сүйіп оқиды , тереңнен толғанады.»

(Мұстафа Шоқай) 1) Ойтолғау (ұлттық құндылық , ана тілі туралы қарасөзбен, нақыл сөздермен өз ойларын жеткізеді) .

2) Осы сөйлемге жан-жақты талдау жасау керек.

I.Құрмалас сөйлемнің 1-сөйлеміне синтаксистің 7 сатысы бойынша толық талдау жасау ( 1- топ талдайды)

II. Ана тілі күрделі сөзін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау (2- топ талдайды)

III.Құндылықтың сөзіне сөзсазындық (фонологиялық) талдау (3-топ талдайды)

IV.Халқының,тереңнен сөздеріндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру(1-топ дауысты дыбыстардың жіктелуіне, 2-топ дауыссыз дыбыстардың жіктелуіне , 3-топ айтылу, жасалу тәсілдері мен жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай рет-ретімен талдайды)

V. Қазақ әдебиеті пәнінен қазақ жыраулық поэзиясының атасы - Шалкиіз Тіленшіұлының «Би Темірге бірінші толғауына» сатылай кешенді талдау.

II. Білімін тексеру.

1-топ құрмалас сөйлемге синтаксистік талдаудың 7 сатысы бойынша талдау. «Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, тіл арқылы әр адам өз халқының тарихын сүйіп оқиды , тереңнен толғанады.» (Мұстафа Шоқай)

( Сөйлемге байланысты ойтолғау айту )

1.Синтаксистік талдау:

1.1.Сөйлемде үш тыныс белгісі бар,олар: нүкте (.); үтірлер (,) сызықша (-).

а) Нүктенің қойылу себебі, ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр;

ә) Үтірдің қойылу себебі, құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің ара-жігін ажырату үшін;

б) Сызықшаның қойылу себебі, бастауыш пен баяндауыш есім сөздерден болғандықтан, бастауыштан кейін сызықша қойылып тұр.

1.2.Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр. Хабарлы сөйлем дегеніміз- айтылу мақсаты хабарлау , суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында жазуда нүкте қойылады.

1.3. Құрылысына қарай – құрмалас сөйлем. Себебі үш жай сөйлемнен құралып келіп , күрделі ойды білдіріп тұр.

а)Құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдеріне қарай :салаласа байланысқан құрмалас сөйлем,себебі құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара тең дәрежеде салаласа байланысып тұр.

ә )Салаластың мағыналық түрлеріне қарай- жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, себебі құрамындағы жай сөйлемдердегі ой өзара мезгілдес,бағыттас,ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста ешбір жалғаулықсыз салаласа байланысып тұр.( Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес тұрып та,(және,да,де,әрі) сияқты жалғаулық шылаулар арқылы да байналыса береді.)

1.4.Құрмалас сөйлемнің алғашқы жай сөйлеміндегі сөздерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол үшін, ең алдымен баяндауышты тауып аламыз.Себебі :

а) Баяндауышсыз сөйлем болмайды;

ә) Баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты;

1.4. а)Ұлттық құндылықтың ең бастысы несі ?-ана тілі – аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл арқылы екі түбірдің тіркесуі арқылы жасалған күрделі зат есімді,(-і) тәуелдік тұлғалы баяндауыш (ережесі);

б) Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз;

ә) ана тілі- ұлттық құндылықтың несі?-ең бастысы- аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен ең деген күшейткіш үстеудің тіркесуі арқылы жасалған күрделі зат есімді , (-сы) тәуелдік тұлғалы бастауыш (ережесі );

б)Бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табамыз. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз – сөйлемде өзі байланысқа түскен тұрлаулы я басқа мүшелерді анықтап, толықтап,пысықтап тұратын сөздер.

Ненің ? – құндылықтың -дара, түбірі-құн,синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл арқылы -ды,-лық-сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануымен жасалған туынды зат есімді,(- тың) ілік тұлғалы иелік анықтауыш ( ережесі ).

в )Қандай құндылықтың?- ұлттық-түбірі-ұлт-дара,зат есімді, синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл арқылы ( -тық) зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақпен жасалған туынды, қатыстық сын есімді анықтауыш(ережесі)

1 .5. Енді осы алғашқы сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай талдаймыз.

а )Ұлттық құндылықты - қабысу.Себебі , қатаң орын тәртібі арқылы іргелес тұрып,қабыса байланысып тұр, тәсілі-орын тәртібі арқылы.

ә ) Құндылықтың бастысы – матасу.Себебі бағыныңқы сыңары ілік септігінде, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауында тұрып матаса байланысып тұр . Тәсілі-жалғаулықты.

б ) Ең бастысы-ана тілі- қиысу. Себебі,бастауыш пен баяндауыш жақ-жағына, түр-түріне сәйкес келіп, қиыса байланысып тұр.Тәсілі-интонация.

1.6. Сөйлемде :

Ұлттық құндылық, құндылықтың бастысы деген сөз тіркестері бар.

а ) Құрылысына қарай екеуі де еркін тіркестер. Себебі бағыныңқы сыңарын кез-келген сөздермен алмастыра беруге болатын тіркес.

ә ) Тұлғасына қарай екеуі де есімді тіркестер.Себебі басыңқы сыңарлары есім сөздерден болып тұр.

2-жай сөйлемдегі сөздерге синтаксистік талдау.

1.4.а ) Әр адам қайтеді?-сүйіп оқиды,күрделі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл арқылы екі сөздің тіркесуімен жасалған (-іп ) көсемше тұлғалы,(-ды) жіктік тұлғалы күрделі баяндауыш (ережесі).

ә) Сүйіп оқитын кім? – адам-дара зат есімді, атау тұлғалы бастауыш(ережесі).

б)Нені сүйіп оқиды?-тарихын-дара зат есімді, (-ы) тәуелдік тұлғалы , (-н) табыс тұлғалы тура толықтауыш(ережесі).

в)Кімнің тарихын?-халқының-дара зат есімді, (-ы) тәуелдік тұлғалы, (-ның) ілік тұлғалы иелік анықтауыш(ережесі).

г) Қай халқының?- өз- өздік есімдігінен жасалған дара анықтауыш(ережесі).

ғ) Қалай сүйіп оқиды?-тіл арқылы- аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл арқылы негізгі сөз тіл және арқылы септеулік шылауы арқылы жасалған күрделі қимыл-сын пысықтауыш(ережесі).

д) Қай адам?- әр-дара, белгісіздік есімдігінен жасалған анықтауыш.

2-сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай талдаймыз.

а) Халқының тарихын-матасу. Себебі бағыныңқы сыңары ілік септігінде, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауында тұрып матаса байланысып тұр . Тәсілі-жалғаулықты.

ә) Адам сүйіп оқиды – қиысу.Себебі,бастауыш пен баяндауыш жақ-жағына, түр-түріне сәйкес келіп, қиыса байланысып тұр.Тәсілі -жалғаулықты.

б) Тіл арқылы сүйіп оқиды – жанасу.Себебі сөз бен сөздің орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестері.Тәсілі- септеулік шылау арқылы.

в) Тарихын сүйіп оқиды – меңгеру. Себебі сөз бен сөздің табыс септік жалғауы арқылы байланысқан түрі.Тәсілі- жалғаулықты.

г) Әр адам- қабысу.Себебі , қатаң орын тәртібі арқылы іргелес тұрып,қабыса байланысып тұр, тәсілі-орын тәртібі арқылы.

ғ) Өз халқының – қабысу.Себебі , қатаң орын тәртібі арқылы іргелес тұрып,қабыса байланысып тұр, тәсілі-орын тәртібі арқылы.

1.6. Сөйлемде:тіл арқылы сүйіп оқиды, тарихын сүйіп оқиды,әр адам, өз халқы- деген сөз тіркестері бар.

а) Құрылысына қарай- еркін тіркестерСебебі бағыныңқы сыңарын кез-келген сөздермен алмастыра беруге болатын тіркес.

ә) Тұлғасына қарай - тіл арқылы сүйіп оқиды, тарихын сүйіп оқиды- етістікті тіркестер.Себебі, басыңқы сыңарлары етістіктен болып тұр. Әр адам, өз халқы-есімдікті тіркестер.Себебі ,басыңқы сыңарлары есім сөздерден болып тұр.

Үшінші сөйлемдегі сөздерге синтаксистік талдау.

а) Қайтеді?-толғанады-дара,етістікті,-а көсемшелі, (-ды) жіктік тұлғалы баяндауыш.

ә) Қалай толғанады?- тереңнен – туынды үстеу ,(-нен) шығыс септігінің көнеленуінен жасалған қимыл-сын пысықтауыш.

3-сөйлемдегі сөздерді байланысу тәсілі мен түрлеріне қарай талдаймыз.

а) Тереңнен толғанады-жанасу. Себебі, сөз бен сөздің орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та,алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркесі. Тәсілі- жалғаулықты.

1.6.Сөйлемде: Тереңнен толғанады сөз тіркесі бар.

а) Құрылысына қарай – еркін тіркес. Себебі, бағыныңқы сыңарын кез-келген сөздермен алмастыруға болады.

ә) Тұлғасына қарай – етістікті тіркес.Себебі, басыңқы сыңары етістіктен болып тұр.

. 2- топ ана тілі сөзін сөз құрамына, лексика- грамматикалық мағынасына талдау

Ана тілі

1.Бұл сөз үш құрамнан тұр: ана және тіл+і.

2.Тұлғасына қарай – ана тілі- туынды түбір. Себебі аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл арқылы екі түбірдің тіркесуінен жасалған туынды сөз.

3.Құрылысына қарай – күрделі , тіркесті сөз. Себебі ритм - ырғағы жағынан бірұдай , лексика- семантикалық жағынан біртұтас, лексика- грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып ,тіркесіп, тұрақталған құрама сөз.

4. Сөзде бір лексикалық , екі грамматикалық мағына бар.

5.Лексикалық мағынасы – жалпы ұғымға берілген атау.

6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім.

6. 2.Екінші грамматикалық мағынасы – (-і) тәуелдік жалғауы арқылы берілген категориялық- грамматикалық мағына- меншіктік мағына.

7. ана тілі - несі ? деген сұраққа жауап береді. Ендеше , бұл- зат есім (ережесі) .

8. Мағынасына қарай :

а) Жалпы есім. Себебі біркелкі дерексіз ұғымның жалпылай аталуы.

ә) Жансыз. Себебі тіршілік иесі емес.

б) Дерексіз. Себебі ,көзбен көріп , қолмен ұстап тануға болмайтын дерексіз ұғым атауы.

в) Нақты емес. Себебі , дерексіз болған нәрсе нақты болмайды.


3-топ құндылықтың ,ұлттық сөзіне сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасайды.

Ұлттық

1.Бұл сөз айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай -жуан буынды сөз.Себебі,сөздің құрамындағы дауыстар-жуан дауыстылар.

2.Бұл сөз ұлт-тық болып 2 буынға бөлінеді.Себебі, сөздің құрамында 2 дауысты дыбыс бар:-ұлт буыны-тұйық буын.Себебі,буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр, -тық буыны-бітеу буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

3.Бұл сөз ұлт-тық болып 1 жағдайда тасымалданады,себебі сөз екі буыннан тұр немесе буын жігіне сәйкес тасымалданған.

4.Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты.Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады.Бұл сөзде екпін -тық буынындағы ы дауысты дыбысына түсіп тұр.

5.Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар. Түбір сөз ұлт жуан болғандықтан, оған жалғанатын қосымшаның да (-тық) жуан нұсқасы келіп тұр, сондықтан біз оның (-тік) жіңішке нұсқасын алмаймыз.

6.Сөзде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Түбірдің соңғы дыбысы т қатаң болғандықтан, өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының (-тық) қатаңнан келуін талап етіп отыр,сондықтан біз оның ұяңнан келетін (-дық), үндіден келетін (-нық) нұсқасын алмаймыз.

.

4. 3 топ та халқының,тереңнен сөздеріндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме береді.

1-топ.Берілгені: халқының,тереңнен сөздерінде қанша дыбыс бар,

оның нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды.

Шешуі:халқының,тереңнен сөздерінде 16 дыбыс бар:олардың 6-ы- олар: 1 а, 2 ы, 3 е дыбыстары-дауысты дыбыстар.Себебі , бұл дыбыстарды айтқанда ,өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.10-ы- олар: х,л,қ,т, 3 н,р,2 ң – дауыссыз дыбыстар.Себебі,бұл дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

а) Тілдің қатысына қарай 6 дауысты дыбыстың 3-еуі, яғни олар:3 е –тіл алды немесе жіңішке дауыстылар.Себебі ,бұл дыбыстарды айтқанда , тілдің ұшы сәл ілгері қарай созылып, үсті сәл төмендейді. Екеуі ,олар: а,ы -жуан дауыстылар.Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ,тілдің ұшы

ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай 6 дауысты дыбыстың біреуі-ол: а-ашық дауысты.Себебі ,бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып,ауа еркін шығады.3-еуі –олар:3 е-жартылай ашық дауыстылар.Себебі,бұл дыбыстарды айтқанда жақ жартылай ашылып,ауа еркін шығады. Екеуі-олар: 2 ы-қысаң дауыстылар.Себебі бұл дыбыстарды айтқанда жақ тар ашылып,ауа қысылып шығады.

б) Ерін мен езудің қатысына қарай 6 дауысты дыбыстың алтауы да – олар: а,2 ы, 3 е-езулік дауыстылар.Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда, ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады. Сөзде еріндік дауыстылар жоқ.

2-топ. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.

а) Үн мен салдырдың қатысына қарай 10 дыбыстың үшеуі-олар: х,т,қ – қатаң дауыссыздар. Себебі,бұл дыбыстар тек салдырдан тұр;

ә) Жетеуі-олар: л,р,3 н, 2 ң –үнді дауыссыздары.Себебі,бұл дыбыстарды айтқанда, салдырдан гөрі үн басым.

б) Сөздерде ұяң дауыссыздары жоқ.

3-топ. Айтылу,жасалу тәсіліне қарай 10 дауыссыз дыбыстың 2-еуі-олар: т,қ –шұғыл дауыссыздары.Себебі, бұл дыбыстары айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-бірімен жуысып,ауа сүзіліп шығады;

Біреуі-ол: х-ызың дауыссызы.Себебі,бұл дыбысты айтқанда, ауа мұрын арқылы шығады.

Біреуі –ол: р-діріл дауыссызы.Себебі, бұл дыбысты айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне соқтығысып, ауа дірілдеп шығады.

Біреуі-ол: л –ауыз жолды дауыссызы.Себебі ,бұл дыбысты айтқанда,ауа ауыз арқылы шығады.

Бесеуі- олар: 3 н,2 ң –мұрын жолды дауыссыздары.Себебі,бұл дыбыстарды айтқанда ауа мұрын арқылы шығады.

б) Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: 10 дауыссыз дыбыстың бесеуі- олар: 3 н,р, л- тіл алды дауыссызы; төртеуі- олар: х,қ,2 ң –тіл арты дауыссыздары; біреуі-ол: т-тіл мен тіс дауыссызы.

III.Өткен тақырыппен жұмыс, IV.Түсінігін тексеру.

5. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлының «Би Темірге бірінші толғауын» сатылай кешенді талдау.

Өлеңді 3 топ та кезек-кезекпен мәнерлеп жатқа айтады

1. Авторы( автор тур. қысқаша түс. беру).(1-топ)

2. Тақырып-бұл өнер туындысының іргетасы.(2-топ)

Бұл-шығарма. Әдеби шығарма дегеніміз - белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.Бұл толғаудың тақырыбы- күні кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жыраудың бүгін тағдыр тәлкегімен түзге тентіреуі,жырауды көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойғаны суреттеледі.

3. Жанр түрі- поэзия (толғау ). Толғау дегеніміз-көне дәуірлерде туып, қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі , философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі,табан астында суырып салып айтуға құрылған лиро-эпикалық жыр. Толғау- күрделі ,көлемді лирикалық туынды,сюжетсіз поэма.(3-топ)

4. Идеясы- автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат,мүддесін,арманын білдіреді. Бұл толғаудың идеясы- жыраудың философиялық тұжырым болып келетін өсиет-өнегеге , ақыл-нақылға толы шумақтары, жыр-толғауларынан ел ынтымағын, татулығын тілеп,халықтың болашағына алаңдаушылығы , жыраудың Темір биге деген өкпесін , оның маңындағы екіжүзді қолшоқпарларына деген ашу-ызасын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелей отырып, сол заманның шындығын ашып көрсете білуі.(1-топ)

5.Шумақ- аяқталған синтаксистік бір тұтас ойды білдіреді. Толғау 16 шу- мақтан тұрады.(2-топ)

6. Тармақ-өлеңнің әр жолы. Толғау 63 тармақты.(3-топ)

7. Бунақ- Өлең жолдарының белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.

Толғау -2-3 бунақты, барлығы- 130 бунақ.(1-топ)

8. Буын саны- сөздің құрамындағы дауысты дыбыстың санына бай- ланысты.Өлең -7-8-9 буынды.(2-топ)

9. Ұйқас түрі.Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз,әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі. Толғау аралас өлең ұйқасымен жазылған (а-а-б-в-б-в-б-б-б) және ерікті ұйқаспен жазылған(а-б-в-г-д)(3-топ)

10. Әдеби-теориялық ұғымдар:

10.1. Троп (құбылту)-сөздерді тура мағынасында емес,бұрма мағынасында қолдану, көріністі бейнелеп,кейде перделеп,тіпті өңін айналдырып айту.(1-топ)

Троптың түрлері:

Эпитет-айқындау,заттың,құбылыстың айрықша сапасын,сипатын анықтайтын суретті сөз: алтын алдаспаным,бармай тапқан Қағбамсың,алтынды кесе сары бел,тал мойныма,арабы торым,семіз торыңмын,ұялы берік,сегіз қиыр,егеулеген болат,ақылсыз достыдан,ақылды дұшпан,сом жүрегім,т.б.(1-топ)

Метафора-(грекше-көшіру)-екі нәрсенің ұқсастығына қарай бірінің орнына бірін ауыстырып қолдану не өзге затқа не құбылысқа балау.

Сен алтынсың-мен пұлмын,Сен жібексің-мен жүнмін,

Сен сұлтансың-мен құлмын,Сен сұңқарсың-мен қумын!

( алтын, сұлтан,жібек,сұңқар- Би Темірді айтқаны, пұл,құл,жүн,қу-өзін айтқаны).(2-топ)

Метонимия-бір заттың я құбылыстың басқа бір заттың я құбылыстың мағынасында айтылуы.

Күйбеңдескен көп жаман-бидің маңындағы қолшоқпарлар,арабы торым,Алдаспаным,Қағбамсың –Би Темірді айтуы,көбең семіз торыңмын,көп құлыңның бірімін-жыраудың өзін айтуы.(2-топ)

Аллитерация –дауыссыз дыбыстың әр тармақтың басында қайталанып келуі.

Күн жауарға ұқсайды,Көлдерде қулар шулайды.

Көкшіліден ол айуан,Көп ішінде бір жалғыз,

Көп мұңайып жылайды.Күліктен бек ұнармын.

Көбең семіз торыңмын,Көп құлыңның бірімін.

Жақсыңнан мені кем көрдің,Жаманыңмен тең көрсең,

Бар күшіңді сынамай,Балуандармен күреспе.

Жоғары қарап оқ атпауық түсер қасыңа,

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,Жақсы да келер бұл көпке,

Жаман да келер бұл көпке,

Сен алтынсың-мен пұлмын,Сен жібексің-мен жүнмін,

Сен сүлтансың-мен құлмын,Сен сұңқарсың-мен қумын,

Сұлтан ием,сом жүрегім аяман,Саған дұшпан-маған жау.(3-топ)

Ассонанс-тармақтың басында бірыңғай дауысты дыбыстың қайталанып келуі.

Алп,алп басқан,алп басқан,Арабы торым өзіңсің,

Алтынды кесе сары бел,Алсам мен саған ұсынармын,

Егеулеген болат өте алмас,Есендікте малыңды бер де, батыр жи,

Ақылсыз достыдан,Ақылды дұшпан артық-ты.(3-топ)

10.2. Фигура (айшықтау)-сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.1-топ)

Фигуранының түрлері:

Арнау-жазушының көбіне-көп ақынның өзіне не өзгеге,кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы , көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.Шалкиіз жыраудың толғауы Ноғайлы әміршісі Темір биге арналған.(1-топ)

Параллелизм(егіздеу)-екі ұдай нәрсені,құбылысты,,ұғымды,сезімді қатар қойып , жұптап суреттеу.

Жырау жауатын күн алдындағы табиғат суреті мен өзінің көңіл-күйін,соққы жегенін:Көп ішінде бір жалғыз,Көп мұңайып жылайды-

Күйбеңдескен көп жаман, Сөзі тигенге ұқсайды,-дейді.

Жырау Темір биге деген өкпесін,оның маңындағы екіжүзді қолшоқпарларына деген ашу –ызасын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелейді.

Аспанды бұлт құрсайды- Күн жауарға ұқсайды.

Көлдерде қулар шулайды- Көкшіліден ол айуан, Соққы жегенге ұқсайды.(2-топ)

Қайталау –бұл сөз әсерін күшейте отырып,оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап,айтар ойды ,ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре тісу.(2-топ)

Анафора –биіктеу,жоғары шығу,өлеңнің әр жолы ылғи бір сөзден басталып отыруын айтады.

Сен алтынсың-мен пұлмын,Сен жібексің-мен жүнмін,

Сен сұлтансың-мен құлмын,Сен сұңқарсың-мен қумын.(3-топ)

Эпифора-өлең шығармаларында сөйлемнің әсерлігін күшейту үшін белгілі бір сөз ,сөз тіркестері тармақ аяғында қайталануы.

Күн жауарға ұқсайды,Соққы жегенге ұқсайды,Сөзі тигенге ұқсайды,

Арабы торым өзіңсің,Алдаспаным өзіңсің,

Жақсыңнан мені кем көрдің,Жаманыңмен тең көрдің,

Дұшпаныңнан бір сақтан,Ойнап жүрген достарыңнан бір сақтан.

Жақсы да келер бұ көпке,Жаман да келер бұ көпке,

Сұлтан ием,сом жүрегім аяман,Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!(3-топ)

Лексикалық мағына жағынан:

Антоним-мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Жақсы да келер бұ көпке,Жаман да келер бұ көпке.

Ақылсыз достыдан,Ақылды дұшпан артық-ты.(1-топ)

11. Түсіндірме сөздік. Толғауда мынадай түсініксіз сөздер бар: қу-аққу, арабы торым- бұл жерде а.м. асыл тұқымды,көкшіліден-су айдынында,қағба-Меккедегі мұсылмандар құлшылық еткенде бет түзейтін қасиетті орын, алдаспан- наркескен қылыш,күлік-сәйгүлік,жүйрік жылқы,ғазизлеген-құрметтеген, кепке- « бас»деген мағынада.(2-топ)

12. Өлең-ң негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Толғау арқылы оқушыларды өздерінің туған жерін сүюге , қадірлеуге,елін сүйер патриот болуға тәрбиелеу,қандай жағдай болса да адамгершілік қасиеттерін сақтап қалуы.(3-топ)

Мұғалім оқушыларға жоспарланған тапсырмаларды толық орындағандарын айтады.( желкендегі тапсырмалар орындалды, кеме жүзуге дайын).

V.Қорытындылау. « Күн» бейнесінің символын ашу, күннің шуақтарына жырауға мінездеме беру:

Ш – шыншыл,шыдамды

А – абыройлы,ақылды

Л – лауазымды

К – кемеңгер,көсем

И – иманды

І – ізетті,ілімді,ілтипатты

З – заңғар,зерделі


Ж – жақсылықты

Ы – ынтымақты,ырысты

Р – рақымдылықты

А – адамгершілікті

У – уағыздаушы

VI.Бағалау. Мұғалім оқушыларға сабақтың аяқталғанын айтып, әр топтың топ басшылары топ мүшелерін бағалау парақшаларымен қалай бағалағандарын сұрайды әрі өзі толықтырады.

VII.Үйге тапсырма. 1.Жоғарыдағы құрмалас сөйлемнің 2,3-сөйлемдерін талдауды аяқтап келу.

2.1-топқа: «Жыраулар поэзиясы –өз дәуірінің айнасы»тақырыбына баяндаудың тірек сызбасын жасау.

2-топқа:»Синквейн» әдісімен Шалкиіз жырау мен Би Темірге мінездеме беру(бес жолды өлең) немесе Венн диаграммасымен салыстырмалы мігездеме беру.

3-топқа:»Шалкиіз жырау- қазақ жыраулық поэзиясының атасы» тақырыбына эссе жазу.

Рефлексия. Сабақ мәресіне жетті. Тақтада 3 қоржын ілініп тұрады, 1-қоржын – «Өте тамаша»,2-қоржын – « Жақсы»- 3- қоржын- «Орташа». Оқушылар өздерінің сабаққа деген пікірлерін жазып, қоржынға салады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Уалибаева Нургул Сагынбайкызы

Дата: 06.12.2018

Номер свидетельства: 489157


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства