Амандасу. Кезекшіні тұрғызу. Түгендеу. /мақсатымды айтам/ Балалар, бүгінгі сабағымызда Қазақ халқының салт дәстүрлері жайында мәлімет аламыз. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін қайталау барысында ,түрлі грамматикалық тапсырмалар орындаймыз. Мәтін бойынша пікірлесеміз. -Ал қанекей балалар, үй тапсырмасын тексерейік. Үй жұмысын тексеру. Монологты тексеру. Бұйрық райда жіктеңіз. Бесікке салу Шартты райда жіктеңіз. Қырқынан шығару /Үй жұмысын ауызша бағалап өтемін./ Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт-дастүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт- дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халқымыздың тарихын, тәлім-тәрбиесін негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана сезім көзқарасын қалыптастыруды мақсат ету. 1)Бесікке не үшін салады? Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады. Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды. Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дармайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі. Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі. Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет сіңеді Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды. Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір көзқарасы ғана. Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», т.б. жоғалды. Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегенді тегін айтпаған шығар. Төрге іліп, қырық жыл қырғын болса да, көшкен жұртта қалдырмай өзімен бірге алып жүретін қасиетті бесігін қазақ неліктен қадірлеген? Не себепті бос бесікті тербетуге тиым салған? Өйткені бір ғана шаңырақтың емес, тұтастай ұлттың ұйыған құт-берекесі, арман-аңсары, болашағы сыйған бесік символдық биіктікке көтерілген. Бесік барда ұрпағының өрісі кеңіп, ұлт болашағы бұлыңғыр тартпасына кәміл сенген. Бұл ұзақ әңгіменің жүгі.Жас балаға айдарлы, айбарлы болсын деп айдар тағу, басына бақ қонсын, маңдайы жазық болсын деп кекіл қою дәстүрлері архаизмнің «сарқыншағы» санала бастады.Қос айдарлы ұл кетті,Қос тұлымды қыз кетті – деп келетін Бесік жыры (салт) . Әлди- әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Арша ма екен бесігі? Алар ма екен әкесі? Өрік пе екен бесігі? Сүйе ме екен әкесі? Жиде ме екен бесігі? Әлди-әлди, аппағым, Қойдың жүні қалпағым... 2)Қырқынан шығарғанда неліктен қырық қасық су құяды? Қырқынан шығару– сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткенде орындалатын ғұрып. Қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестенің қарын шашын ер кісі алған, ұрпағы өсіп-өнген қария әже 40 қасық суды баланың үстіне құйып тұрып “30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын” деп тілек айтқан. Баланы Қырқынан шығару тойына жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап 40 қасық су құяды, шомылдырған ыдысқа “Күні күмістей жарқырап тұрсын” деп күміс сақина, жүзік сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі. Қария анаға көйлектік мата, шашын алған ер кісіге тақия, т.б. сыйлықтар беріледі. Қарын шашты шүберекке түйіп, бөбек киімінің иығына қадап қояды. Өнерлі әйелдердің біріне “Он саусағы майысқан шебер, өнерлі болсын” деп баланың тырнағын алғызады. 4) Баланың тұсауын неге ала жіппен байлайды? Баланың тұсауын ала жіппен кеседі. Ақ жіп пен қара жіптің екеуін айқастыра отырып есіп, ала жіп дайындалған. Бұл — өмір-тіршіліктің нышаны. Өмірде барлығы қос-қостан жаратылған әрі ылғи қатар келіп отырады. Айталық, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, қараңғы мен жарық, ыстық пен суық, ең бастысы, ер мен әйел… Бұлар қатар жүреді, бірінсіз бірі болмайды.Тек бір Алла ғана жалғыз. Ала жіптің негізгі мәні осында. «Кісінің ала жібін аттамасын, ұрлық қылмасын, қиянат жасамасын, жаман жолға түспесін» деген себеппен ала жіп дайындайды» деген түсінік бар. 3)Жана туған нәрестенің алғашқы көйлегін қалай атайды? Жана туған нәрестенің алғашқы көйлегін “иткөйлек деп атайды”. Өйткені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. ”Иткөйлекті” баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес, халық итті “жеті қазынаның” бірі деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге “баламыз көп болсын” деп, “қиындыққа берік болсын” деген ырым бар. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін айтқаны. Жаңа сөздер: Тұсау кесу-разрезать путы Қаз тұру-стоять на ногах Кәде-подарок Жіп-нитки Ал енді сөздер арқылы сөйлемдер құрастырамыз. Мәтінді мұқият тыңдаймыз. Ал енді өз ойларыңды ортаға салыңыздар. Мына тапсырмаларды орындайық. Тапсырма Оқушылар сұрақтарды кезекпен оқып,диалог құрастырады Тұсау кесу қашан басталады? Тұсауын кімге кестіреді? Екі бала не істейді? Дастарқанға не шашылады? Тұсаукескен адамға не беріледі? Грамматикалық тапсырманы орындаймыз Өзгелік етіс- күлдір,оқытқыз Ортақ етіс- сөйлес,апарыс Ырықсыз етіс- берілді,қаралды. Өздік етіс- көрін,еңбектен,киін. Тағы бір грамматикалық тапсырманы орындаймыз. 1)Балалар біресе домбыра тартады, біресе ән салады, кейде ұлттық ойындар ойнайды. 2)Сәбидің тұсауын кестіріп,және баланың қолынан ұстап жүргізеді. Келесі тапсырманы орындаймыз. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерн ажыратыңыз. 1)Сенің досың келгенде,мереке аяқталмаған еді. Қонақ келсе,дастарқанды жайнатып қояды. Анама жәрдемім болғандықтан,өзімді жеңіл сезінемін. Мен сөзімде тұру үшін, осы аптада мәтіндерді қазақ тіліне аударып бітіремін. Бұл қандай сөйлем. Сөйлемді дұрыс құрастыру,және түрін ажырату керек Білімдеріңді тексеру үшін мына тест тапсырмасын орындаймыз. Тест Қазақ халқының салт дәстүрлері туралы ойларыңды ортаға салайық. Кезекпен тақтаға шығып жазайық. Қорытынды сұрақтар: Сонымен балалар, Салт дәстүрлер туралы не білдіңдер? Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру: Тұсау кесу туралы мәтінді мазмұндау. Сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау Сау болыңыздар! |