Просмотр содержимого документа
«Наурыз айы ту?анда, той болушы еді б?л ма?да »
«Мұнайлы аудандық орталық кітапханасы» КММ
Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда
( мерекелік кеш)
Маңғыстау -2015ж
Армысың, Әз- Наурыз !
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа,инабаттылыққа, халқымыздың салт- дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Буклет, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа, көрме, қазақтың үйінің көрінісі.
1-Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда қауым думан бар!
2-Жүргізуші:
Наурыз тойы басталды,
Көргендерге арманда,
Көрмегенде арманда,
Қызықтан құр қалмаңдар!
Би: «Наурыз» биі-бишілер тобы.
1-Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан - тойға жетіп, ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет- тілектеріңіз қабыл болсын! № 8 мектептің 7 «в» сынып оқушылары дайындаған « Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
2- Жүргізуші:
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам-Жаңа- жыл Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсыша « Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі-«Ұлыстың ұлы күні»-деп атайды екен.
1-Жүргізуші:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
2-Жүргізуші:
Той пердесін ашайық Ұлыс күні қазан толса,
Тойға шашу шашайық Ол жылы ақ мол болар.
Той шашуға тойыңдар Ұлы кісіден бата алса,
Бұдан кейін ойын бар. Сонда олжалы жыл болар.
Ән: «Наурыз» Орындайтын: Мадиханова А
1-Жүргізуші:
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз ақсақал,
Бата сұрап өзіңнен Қыдыр баба !
Қыдыр ата:
Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз ұлысты болсын.
Жеріміз ырысты болсын.
Дастарқаның мол болсын
Абыройың зор болсын!
Төрт- түлік ақты болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Қайда барса жол болсын!
Еліміз, жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз берік болсын!
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің бірі болсын! Әумин
2-Жүргізуші:
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы
Жұрттың күткен , мінеки ыхласы
Көже құйып күйбеңдеп басын асып,
Бермек әркім қонақасы.
Ән: «Құтты болсын , Әз Наурыз» Орындайтын: Қартжанова Ж
1-Жүргізуші:
Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады. Оның мәні – жаңа жылда тойымшылық, молшылық болсын деген ұғымды білдіреді.
2-Жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі.
Көрініс: «Күн мен түннің теңелуі
Күн : Наренбаева А
Армысың түн! Барша жер бетіндегі тіршілік иесіне тыныс алдырып, жаңа әлемдегі жаңа жас Қазақстанның дамуына үлес қосар азамат баласымен тыныштыққа қауышу бақытың құтты болсын! Ортамыз өзіңмен ажарлансын!
Түн: Әбдіхалық Ұ.
Армысың күн! Тылсым тыныштықта жатсам да, жер бетіндегі тіршілік иелерінің тіршілігінен хабардармын. Өзің айтқандай елбасының жолдауындағы халқымыздың тұрмыс- тіршілігін, әл-ауқатын көтерудегі оң қадамдары менің де қуанышым, сондықтан ашық аспан аясында жүздерінен бақыт нұры төгілген халқымды өзіңмен құшақ айқастыра тұрып, құттықтағалы келдім.
Жер ана : Құдайбергенова Б.
Уа халқым, күн мен түннің теңеліп, ортамызға келгені құтты болсын! Менде қалың ұйқымнан оянып, жан дүнием бусанып, өздерінің ырзық несібелеріңді, өндіретін мерзімнің келіп жеткеннің хабардар еткелі алдарыңа келіп қалдым.
Күн: Жер ана! Түн бауырым өз ұясына қонғалы өзіңіздің рұқсатыңызды күтіп тұр.
Жер ана: Алдың тұнық, тынысың тыныш болсын!
Қазағымның әрбір үйінде күнделетіп той болсын!
Би : «Бисұлтан» тобы
1-Жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән- салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым!
Күй: «Балбырауын» Орындайтын: Мустафаев Б
2-Жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымын, шуағымын күн- анағ
Алып кетіп жер бетіне гүл көктем!
Ән: Курбанов А.
1-Жүргізуші:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігінің,
Тойы деп айтуға да болатындай. Бесікке салу салтынан көрініс:
2- Жүргізуші:
Қош келдің жаңа жыл!
Жаңа бақыт жаңа нұр.
Төрлет төріме жыл басы
Береке бер еліме!
Қой жылы: Ассалаумағалейкум халқым менің!
12 жылды артқа тастап менде алдарыңызға келіп қалдым. Соңғы келгенімде тәй—тәй басқан жас буын едіңіздер, енді міне толықсыған алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіруге ұмтылған басқа мемлекеттермен терезесі теңеліп, бәсекеге қабілеті артқан, өздеріңіздің жүздеріңізді көріп қуанып тұрмын.Еліміздің ертеңі, келешегі жас жеткіншек өздеріңсіңдер. Салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттен аулақ болғайсыздар! Жаңа жыл сіздерге бақ береке, шаттық сыйласын! Жер бетінде тыныштық әлемі бұзылмасын!
Жүргізуші:Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніне!- деп ортамызға тазша бала да келіп қалған сияқты.
( Осы кезде Тазша бала дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды.
1.Наурыз дегеніміз не?
2 Наурыз туралы қандай мақал- мәтел білесің?
3 Наурыз туралы ән мен өлең айт.
4Жеті қазынаны ата.
5Жеті ата дегеніміз қандай ұғым ? Атауларын ата.
6 Үш алысты ата.
7Үш арсыз не?
8Шұбат дегеніміз не ? Ол қалай дайындалады.
9Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.