Күні: | Пәні: Қазақ әдебиеті | Сынып: 6 |
Сабақтың тақырыбы | Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев «Анау – аспан, мынау – бақ», «Елім барда» өлеңдері |
Мақсаты | Ақынның өлеңдеріне деген оқушы қызығушылығын ояту. Өлеңді мәнерлеп оқып, тақырыбын түсіну, көркемдегіш құралдарды табу. «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін Абайдың «Қыс» өлеңімен салыстыру. Туған жерге, Отанға, атамекенге деген оқушылардың құрметін арттыру. |
Күтілетін нәтиже | Ақынның өлеңдеріне деген оқушы қызығушылығы оянады. Өлеңді мәнерлеп оқиды, тақырыбын түсінеді, көркемдегіш құралдарды табады. «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін Абайдың «Қыс» өлеңімен салыстырады. Туған жерге, Отанға, атамекенге деген оқушылардың құрметі артады. |
Сабақтың әдісі | Топтық жұмыс, ой қозғау, сөздік жұмыс, миға шабуыл, венн диаграммасы, ой қорыту, топтастыру, шығармашылық жұмыс, бес жолды өлең, ой толғау жазу. |
Ұйымдастыру кезеңі | Сыныппен танысу, сабаққа дайындықтарын пысықтау. Сыныпты топтарға бөлу. (1 минут) |
Ой қозғау | Өткенді еске түсіру. М.Мақатаев қай жылы, қай өңірде дүниеге келді? М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылында дүниеге келген. М.Мақатаевтың қандай шығармаларын білесіңдер? «Есіңе мені алғайсың», «Фантазия», «Мен – таулықпын», «Саржайлау», «Аққулар ұйықтағанда», «Поэзия», «Әйелдер», «Барлығы да сендердікі», «Райымбек, Райымбек», т.б. М.Мақатаевтың «Қара өлең» атты өлеңінде не туралы айтылған? Қазақтың қасиетті қара өлеңіне деген құрметі туралы айтылады. (2 минут) |
Білгенге маржан | Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Ол кісі қайратты болған. Әкемнің ақындығы - ең бірінші табиғи дарын, сосын соның дамуына туған жері, әжесі қатты әсер еткен. Өзі көп нәрсені әжемнен үйрендім дейтін. Әңгімелескен адамнан тереңдік іздейтін, ол адам көңілінен шықпаса ренжіп таяз дейтін. Толқынбек Берген Жары Лашын апа: «Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болған соң күлімдеп, анам екеуімізге оқып беретін. Ол күз мезгілін жақсы көретін. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрғанда қолынан қалам түспейтін. Көктемде сайрандадық, жасардық, күз – енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін». (2 минут) |
Психология ахуал | М.Мақатаев «Есіңе мені алғайсың» өлеңі аудиотаспадан жіберіледі. М.Мақатаевтың өмір жолынан слайд көрсетіледі. (2 минут) |
Миға шабуыл | - Табиғаттың төрт мезгілін атап беріңдер? - Жаз, күз, қыс, көктем - Сендерге қай мезгіл ұнайды? Несімен? - Қыс мезгілін ұнататындарың бар ма? (1 минут) |
Мағынаны тану | «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін мәнерлеп оқу, жұбымен, тобымен талдау. - Өлеңде қыс көрінісі қалай суреттелген? - Дәрігер бейнесінде - Табиғатты адам кейпінде суреттеу көріктеудің қай түріне жатады? - Кейіптеу - Абайдың «Қыс» өлеңін естерімізге түсіріп, жатқа айтып бере қойыңыздаршы. - Абай мен Мұқағалидың өлеңдерін салыстыру. Абайдың «Қыс» өлеңінде 11 буын, 4 тармақ, 3 бунақ, қара өлең ұйқасы М.Мақатаевтың өлеңінде 7 буын, 4 тармақ, 2 бунақ, кезекті ұйқас (7 минут) |
Ойлан-Жұптас-Бөліс | «Елім барда» өлеңін оқып, талдау. - Оқушылар, біздің Отанымыз қай жер? - Қазақстан Республикасы - Еліңіз бақытты ғұмыр кешуі үшін қандай ерлік жасаған болар едіңдер? - Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер? - Отан үшін отқа түс өлмейсің. Отан – отбасынан басталады. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Туған жерге туыңды тік. Туған жер алтын бесігім. Туған жердің түтіні ыстық. Өлең сөздеріндегі ақынның Отанына, туған жеріне деген ыстық ықыласын танытатын сөздерін табу. Өлең мәтініндегі ырысым, бақытым деген метафораларға сөйлем құрап жазыңдар. (8 минут) |
Қосжазба | Сөздікпен жұмыс жүргізу Желі – құлын, боталарды мойнынан байлап қоятын, екі қазықтың арасында керілетін жіп. Көген – қой, қозы-лақтарды мойнынан байлау үшін қысқа жіптер тағылған, ұшы түйілген, ұзын арқан. (2 минут) |
Шығармашылық жұмыс | Отан туралы, табиғаттың экологиялық жағдайы туралы шағын шығарма немесе өлең жазуға болады. Ән айтуға да болады. Ел, табиғат сөздеріне 5 жолды өлең құрау. Ақын Өр дарынды Толғанады, ойлайды, тебіренеді Ақын өз халқын сүйеді Шайыр Өлеңді өз ойымен құрау. ----------------------------- ------------------- бағынамын, ----------------------------- ------------------- сағынамын. ----------------------------- ------------------- ---------------- ----------------------------- ------------------- табынамын. (10 минут) |
Ой қорыту | Мұқағалидың өз оқуындағы өлеңдерін тыңдату. (3 минут) |
Түйін | Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жассам бұған жұртым елеңдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім. (2 минут) |
Рефлексия | «Мен үшін қызықты болды» кері байланыс (2 минут) |
Бағалау | «Неліктен бұл үздік?» топтарды бағалау (2 минут) |
Үй жұмысы | «Бақытым бар үшінші Отан деген...» шығарма жазу. «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдерінен ұнағанын жаттау. (1 минут) |