kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Махамбет ?тіміс?лыны? ?мірі, шы?армашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік:Махамбет,оны? жалынды жырлары туралы т?сінік беру.Махамбетті? ?аза? ?дебиетінде Исатай бейнесін ал,ал?аш?ы жырлаушыларды? бірі екендігін,?ле?деріні? Исатай ?азасынан кейін шы?уын,оларда?ы мада?тау,марапаттау,жо?тау ?ндерін таныту,Исатай бейнесін сомдауда?ы метафораларды? р?лін т?сіндіру.

Дамытушылы?:О?ушыларды? ойлай,салыстыру,ой ?орыту,ал?ан білімдерін ?мірде ?олдану сия?ты ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік: елге,жерге деген с?йіспеншілік сезімдерін ояту,а?ын бойында?ы ?лтжандылы?,адамгершілік ?асиеттерді ?лгі ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Махамбет ?тіміс?лыны? ?мірі, шы?армашылы?ы »

















Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы

«Темір» жалпы орта мектеп

Омарбекова Қалима Ералықызы

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтімісұлының өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Махамбет,оның жалынды жырлары туралы түсінік беру.Махамбеттің қазақ әдебиетінде Исатай бейнесін ал,алғашқы жырлаушылардың бірі екендігін,өлеңдерінің Исатай қазасынан кейін шығуын,олардағы мадақтау,марапаттау,жоқтау үндерін таныту,Исатай бейнесін сомдаудағы метафоралардың рөлін түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлай,салыстыру,ой қорыту,алған білімдерін өмірде қолдану сияқты қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: елге,жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,ақын бойындағы ұлтжандылық,адамгершілік қасиеттерді үлгі ету.

Сабақ түрі:жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:талдау,жинақтау,көркем мәтінмен жұмыс,ізденушілік.

Көрнекілік құралдар:хронологиялық кесте,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі

Жаңа сабақты видеороликпен түсіндіру

Ерлік пен елдік - Махамбет ұраны

Қиын да сұлу тағдыр десек те болмай ма, Махамбеттің тағдырын!? Оның есімін атағаннан - ақ жүзі жалпылдаған, көз жанары өңменнен өтетін, сөйлеген сөзі өткір, өлең мен оттан өрілген іспетті жарқын бейне көз алдымызға келмей ме?

Үстінде бадана көзді сауыты, басында батырлар киер дулығасы, "ер қаруы - бес қару" түгел батыр сар даламен арғымығын құйғыта келе жатқандай! Батыр боп шынықтырған да осы сар даласы!

Еділ мен Жайық арасын мекендеген Бөкей хандығында Нарын құмында Бекетай деген жерде дуниеге келген болашақ көтерілісші, жалынды ақынның атасы Құлмәлінің батырлық, билігі, шешендігі шартарапқа тараса керек. Дауылды жылдардың жалынды жыршысы Махамбет Құлмәлінің Өтемісінен туған.

Өзі бір өлеңінде:

Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік, - дейді.

Хан тұқымын қараға теңестірген от ауызды, орақ тілді Махамбет тумысынан батыл болатын. Өзін мақтап өлең айтқызуға тырысқан хан беделін "Хан емессің, қасқырсың" өлеңінде төмендетуге жігері жеткен батыл азамат еді.

Махамбет Исатай ағасына қосшы бола жүріп, үстем тап өкілдерінің бұқараға жасаған қиянатын беттеріне басты. Жәңгір ханмен араздық қарулы көтеріліске ұласып, тарихтың парақтарын толтырды.

Махамбет жылаулар мұрасын мол білген екен. Өз өлеңдері де телегей - теңіз көп болған деседі. Ата жыраудан бала жырауға жетіп, халық санасында сақталып бізге жеткендері ақынның көтеріліс туралы өлендері. Ерлік пен елдікті ту еткен ақын - көтерілістің жалынды жыршысы бола білді. Ол әр уақытта жалтармады, тайқымады, үрейленбеді, өйткені онда өлім мен бейнеттен сескенбейтін жалынды жүрек бар еді.

Жайықтың бойы көк шалғын-

Күзерміз де жайлармыз.

Күлесті сынды күреңді,

Күдірейтіп күнде байлармыз.

Құдай істі оңдаса,

Ісім жөнге келгенде,

Қамалаған көп дұшпан

Әлі де болса қойдай қылып айдармыз, - деп

шалқаюы, оның Шалкиіз, Асан, Сыпыра, Доспанбет сынды батыр жыраулр мұрасын, олар негізін салған ерлік жырларды жақсы білгендігінен туған емес пе екен?!


ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе.Мұғалім сөзі

1.Махамбет Өтемісұлы- қазақтың көрнекті ақыны

2.Махамбет кім? (топтастыру әдісі)

3.Семантикалық карта

Ақынның өмір сүрген дәуірі

Туған жері

Ақынның жақын адамдары

Ақынның ерекше қасиеттері

ХІХғ.ІІжартысында өмір сүрген.

1804ж Орал облысы Нарындағы Бекетай құмында туған.

Ұлтуған,Типан атты әйелдері болған.Өзі он ағайынды.Махмұт,Нұрсұлтан балалары.

Өткір тілді,сөзге шешен,арабша,орысша тіл білген.Төкпе ақын,найзагер,жауынгер ақын,әділетсіздікке төзбейді,қазақ жанашыры.

4. «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқу(мұғалім)






5. Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.

Өлеңнің тақырыбы

Идеясы

Менің пікірім

Ерлік поэзиясы

Батырлықты, достықты дәріптеу, туған жерін сүюге,әділдікке тәрбиелеу.

«Батыр- ел қорғаны»

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту

Сұрақ: Өлең кімге арналған? Кім туралы жазылған?

Жауап: Өлең Исатай Тайманұлына арналған.

Сұрақ: Исатай кім еді?

Жауап: Исатай – орыс отаршылдарына қарсы көтерілісті ұйымдастырушы, халық қамын ойлаған, зорлық-зомбылыққа төзбейтін, әділ,адал, батыл адам.Махамбеттің досы.

Сұрақ: Исатайдың сырт бейнесі, жан дүниесі, ақылдылығы қандай сөздермен , қалай бейнеленген? Исатай бейнесін дәптерге жазу. Исатай бейнесін осы сөздер ашып тұр ма?

Оқушы жауабы тыңдалады.

Сөздікпен жұмыс.

Ақынның көркем сөз жасау шеберлігі (өлеңнен эпитет, теңеу, метафораны табу)

Ү. Сабақты бекіту

Салыстыру әдісі

«Тарланым» өлеңіндегі Халық ауыз әдебиеті «Алпамыс батыр»жыры

Исатай бейнесі Алпамыс бейнесі

Атқан оғы Еділ-Жайық Алпамыстың жан түспес

тең өткен Қаһарланса көзіне

Атқанын қардай боратқан. Қ аланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды.

Сұрақ: Осы өлең жолдарынан Исатай,Алпамыс бейнелерінен қандай ұқсастықты байқадыңдар? Өлеңде қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

Жауап: Ұқсастық бар. Гипербола-әсірелеу тәсілі қолданылған.

ҮІ. Оқушы білімін бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру:Махамбетке хат жазу





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Махамбет ?тіміс?лыны? ?мірі, шы?армашылы?ы

Автор: Омарбекова ?алима Ералы?ызы

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176559


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства