kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Әуезов "Талантқа тағзым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Әуезов "Талантқа тағзым"»

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Талантқа тағзым»

(М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған)

Сабақтың мақсаты: 

1.Білімділік : Әйгілі ұлы жазушы,драматург,қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны, алғашқы шығармалары туралы білімдерін толықтыру.

2.Дамытушылық: 

А) Шығарма түрлерін сатылы комплексті талдай білуге дағдыландыру.

Ә)Ойлау белсенділігін,ой-өрісін арттыру,сөздік қорын молайту.

Б)Сауатты оқып-жазуға,оқыған мәтінді тусінуге,оны өз сөзімен мазмұндай білуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармаларын оқып-үйрену арқылы адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Интерактивті ,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,пікір айту,түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,М.Әуезовтың портреті,слайдтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.(Сәлемдесіп,сабаққа даярлықтарын тексеріп, орындарына отырғызу.)

2.Үй тапсырмасын тексеру 

«Еңлік-Кебек»,»Қаракөз», Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы» шығармаларына сатылай комплексті талдау жасау.

3.Жаңа сабақ. Мұхтар Әуезов. Мұғалімнің кіріспе сөзі,мәтіннің жоспарымен таныстыруы.

Мәтіннің жоспары:

1.М.Әуезовтің шығармашылық өмір жолы.

2.Шығармалары.

3. Шығармаларына шолу.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)

Интерактивті тақтаны пайдаланып, алдын ала құрылған слайд бойынша оқушылар жұмыстанады.
Мағынаны ажырату.

1-ші оқушы М.Әуезов туралы айтады. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушысы –Мұхтар Әуезов. Ол-қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман-эпопеяның авторы,шын мәніндегі тұңғыш драмалық шығарма жазушы.Әлем әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға.

2-ші оқушы М.Әуезовтің шығармашылық өмір жолы туралы айтады.

28.09.1897ж. М. Әуезов қазіргі Семей обылысының Абай ауданында дүниеге келген. Атасы Әуез Абаймен сыйлас болған. Атасы Әуездің тәрбиесінде

өскен бала Мұхтар сауатын Абайдың қолжазба өлеңдерін оқып, жаттаумен ашқан.Ол алдымен ауыл мектебінде оқып, содан соң Семей мұсылман медресесінде жалғастырады.

1908 ж 11 жасында Семейдегі 5 сыныптық орыс гимназиясына оқуға түседі.

Одан соң 4 жылдық мұғалімдер семинариясын бітіреді.

Оқуды өте жақсы оқиды.

1922 ж Ташкент мемлекеттік университетінде тыңдаушы болады.

1923 ж Санк-Петербург университетіне ауысады.

1928 ж Санк-Петербург университетінің филология факультетін бітіреді.

1930 ж Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университеті шығыс факультетінің аспирантурасын бітіреді.

3-ші оқушы Шығармалары туралы айтады.

1917жылы Еңілік-Кебек” пьесасы алғашқы көлемді көркем шығармасы болды.

1920-шы жылдары “Қорғансыздың күні”әңгімесі,“Қараш-қараш оқиғасы” повесі, «Қаракөз» жеке кітап болып басылып шықты. “Бәйбіше-тоқал”, ”Қаракөз” драмалық шығармалары театрларда қойылды. 1930 жылдары. “Қаракөз”,”Түнгісарын”,“Айман Шолпан”, “Тартыс” “Тастүлек”, ”Қобыланды” драмалық шығармалары. Сол жылдары ол бірыңғай кәсіби жазушылықпен айналысып, шығармашылық еңбекке түбегейлі бет бұрды. Орыс және Батыс классикалық әдебиетін зерттеп үйренді. В.Шекспирдің “Отеллосы” мен “Асауға тұсау”, Н.Гогольдің “Ревизорын” т.б аударды. Шебер аудармалар ретінде бағаланды. М.Әуезовтың драматург ретінде қалыптасуына зор әсерін тигізді. 1936 жылы 15 жыл жазған 4 кітаптан тұратын әлемге әйгілі “Абай жолы” трагедиясы дүниеге келді. Абай романына 1949 жылы Сталиндік сыйлық, Абай жолы эпопеясына 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді. Әлем мойындаған үлкен жеңіс еді.



Мұғалім Мұхтар Әуезовтың шығармаларына шолу жасап,түсінік береді.



Қорғансыздың күні

Ақан болыс пен Қалтайдың күндерін әрең көріп отырған жетім-жесірге көрсеткен қорлығы суреттелді. Қаралы сұлу, Жетім,Жуандық, Ескілік көлеңкесі,Кім кінәлі әңгімелері. Бұл әңгімелерінде теңсіздікті,әділетсіздікті,басты кейіпкерлердің әрекетін,мінез-құлқын,психологиясын көрсету арқылы көркем бейнелей білді. Қараш-қараш оқиғасында басты кейіпкер Бақтығұлдың іс-әрекеті,қорғансыз кейіпкерлерінен мүлдем бөлек.Қорғансыздар тағдырға көнген жандар болса, Бақтығұл-қарсылықшыл тұлға.Оның мінезі тағдырдың қиындығына қарсы шыққан күрес кезінде қалыптасады,Жарасбайдың сатқындығын көрген Бақтығұл оны өлтіріп кегін алады.



Мұғалім “Абай жолы” роман-эпопеясы-ұлы шығарма екендігі туралы айтып,ерекшелігін түсіндіреді.

М.Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы-әлемдік сөз өнеріне қосылған мұра.Шығармашылық ғұмырының ширек ғасырын арнаған ұлы туындысын жазушы көп ізденіс,терең зерттеу,ұзақ дайындықтан кейін жазды. Шығармада Абайдың дүниеге келуінен бастап,өмірінің соңғы сәттеріне дейін суреттеледі.Роман-эпопея Абай жайлы болғанымен,ол бүкіл қазақ қоғамының жарты ғасырлық даму жолын сипаттайды.Бұл шығарма қазіргі уақытта әлемнің жүзден астам тілдеріне аударылған.Бұл шығарманы оқыған кез-келген оқырман сол кездегі казақ халқының өмірі,тарихы,салт-дәстүрімен танысады. Төрт томдық эпопеясының әр тарауы Абай өмірінің әр кезеңін суреттейді.Жас Абай,ақын Абай,аға Абай,дана Абай.Міне,Абай образы осылай күрделене түседі. Романның тілі аса бай. “Абай жолы” роман-эпопеясы-қазақ әдебиетінің ғана емес,әлемді әдебиеттің де үздік туындысы.



Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар өздіктерінен жұмыстанады.

Слайдқа түсірілген қосымша материалдармен жұмыс.

Сабақты бекіту сұрақтары.

1.М.Әуезов кім?

2.Ол қандай оқу орындарында оқыды?

3.Ол кімнің,қандай шығармаларын аударды?

4.Қай шығарманы 15 жыл жазды?

5. М.Әуезовтің баласы кім?

6.Оның шығармаларын ата.

«Ән мен жырдың арқауы,

Ұлы есімге арналады»

(Оқушылар өз өлеңдерін оқиды)



Бағалау.



Үйге тапсырма: Мұхтар Әуезовтың шығармаларына шолу жасау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М.Әуезов "Талантқа тағзым"

Автор: Матабаева Гульжан Ершекеновна

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396664


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства