Сабақтың басы 5 минут Білу, түсіну Есте сақтау (бұрын оқылған ақпаратты дұрыс жаңғырту). 5 минут «Сұрақ-жауап» | Психологиялық ахуал тудыру Шаттық шеңбері. Сыныптағы 5 оқушыға БАУЫР сөзінің әріптерін таратып беремін. Сол әріптен басталатын тілек айтады. Топтарға бөлу. Мақалдың жалғасын құрастыр І топ: «Бәріміз бір өзеннің арнасы, Бір атаның баласымыз» ІІ топ: «Атың жақсы болса – қанатың, Ағайын жақсы болса – санатың» ІІІ топ: «Сыртқы түр - перде. Ішін айт, пиғылын айт» ІV топ: «Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды» V топ: «Адам адамға дос, жолдас, бауыр» Сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдыңғы сабақта Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өмірі, жетім балалар тағдыры туралы жазылған шығарма М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармамен танысақанбыз. Өздерің мәтіннен оқығандай, ҰОС жылдарында да мемлекет жетім балаларды әр отбасына бөліп беріп, олардың отбасында өсуіне жағдай жасаған. Тіпті ұлтына, нәсіліне де қарамай, адам баласының барлығын бірдей көрген. Бүгінгі сабақта осы шығарманың негізгі кейіпкерлеріне салыстыру арқылы талдау жасау, бүгінгі күнмен байланысыру. “Тазының өлімі”, “Жыланды жаз”, “Мұрагер”, “Көк мұнар” шығармаларының авторын ата “Мұхтар Мағауин – бүгінгі ұрпақтың да, келешек ұрпақтың да алдында айрықша еңбегі бар айтулы қаламгер” Авторын ата Дәуренбек пен Ахмет арасындағы түсініспеушілік неден басталды? Ахмет отбасында Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдердің қандай әрекеттері мен қарым-қатынастары себеп болды? Шығарманың “Бастау” бөлімі саған қалай әсер етті, қандай сезімге бөледі? - Әйткенмен де, дәл осы баланы таңдауыңызға не себеп? – деп сұраған замандастарына Ахмет қарттың берген жауабы қандай? “Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала болып шықты. Көбіне жалғыз ойнайды. Әкесінің тымағын айналдырып киіп, ... Шығармадағы ойды жалғастыр. Зигфрид бойынан қандай адами игі қасиетті көруге болады? “Бес-алты күннен соң ауылға қызыл ала жағалы бір топ адам сау ете түсті” Шығарманың қай бөлігі? Мазмұнын жалғастыр Нартайды асырап алған адамды ата, кәсібі не? Зигфридтің толық аты-жөнін атап бер Зигфридтің тілін кәлимаға келтірген молданы атап бер Шығарманың негізгі ойы қай кейіпкер арқылы көрінген? | Шеңберде тұрған 5 оқушы өзіне ұсынылған әріптен басталатын тілек айтады. Мысалы: Б – белсенді болайық, А – алғыр бол, У – уақытты тиімді пайдалан, Ы – ынтымақтаса жұмыс жасайық, Р – сабақ нәтижесіне разы болайық т.б. Бұл сөздің сабақ тақырыбына қатысы бар екендігін оқушылар қорытып шығарады. Мақалдарды құрастыру арқылы топтарға жиналады. Әр топ өз мақалын мәтінмен байланыстырып талдайды. сабақ мақсаты, әрекеттер, күтілетін нәтижесі оқушылармен бірлесіп анықталады. Бiлу бөлiмiнде оқушылар үйге берiлген «Бiр aтaның бaлaлaры» шығaрмaсының мaзмұнын меңгеру дәрежесiн aнықтaу үшiн әрi сaбaққa қызығушылғын aрттыру мaқсaтындa интерaктивтi тaқтa көмегiмен ұяшықтaрғa жaсырынғaн түрлi деңгейдегi сұрaқтaрғa жaуaп береді. |
Сабақтың ортасы 10-14 минут Қолдану. Талдау. Бұрын оқылған ақпараттарды жаңа және нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін қолдану. Топтық жұмыс «Аялдама» Топ бағалаушысы 2 минут «Фигуралар» Жинақтау 5 минут жаңа тұтастықты жаңғырту үшін бұрын алынған білімді және шеберлікті қолдану
«Ақылдың 6 қалпағы» Бағалау 6 минут Өзіндік пікірге негізделген материалдың маңыздылығын бағалау, ПОПС | «Тарсия» пазлдары 1-топ: Автор өмірі. Шығармашылығы, әңгіменің кейіпкерлері туралы пазлдар жинақтау 2-топ: «Визуалды айғақ» Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айырылған ата-аналар, мен жетім қалған балалар, тылдағы ауыл тірлігін суреттеңіз. 3-топ: «Пирамидалық талқылау» Шарты: Ахмет қарттың әрекеттерін пирамида түрінде жазып шығу керек. Қадамдары: 1. Негізгі кейіпкер, тақырыпқа қатысты 1 сөз не сөз тіркесі; 2. Тақырыпты ашу (жасы, мінезі, қасиеттері, сырт тұлғасы) үшін 2 сөз не сөз тіркесі; 3. Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?); 4. Мәселе тарихы (мысалы: қаржы, жоқшылық, кездейсоқтық); 5. Бірінші оқиға (көтерілген мәселелер); 6. Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы); 7. Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы); 8. Шешімі - 8 сөз не сөз тіркесі. 4-топ: Дәуренбек пен Ахметтің қайшы мінезді қаһарман екендігін мәтінге сүйене отырып салыстырыңыз. 5-топ: «Егер мен...» 15 жыл өткен соң... Зекен және Дәуренбектің кездесуі Бағалау. Критерийлер 1-топ: Автор өмірі. Шығармашылығы, әңгіменің кейіпкерлері туралы пазлдар жинақтайды | 2-топ: Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында балаларынан айырылған ата-аналар, мен жетім қалған балалар, тылдағы ауыл тірлігін суреттейді | 3-топ Шарты: Ахмет қарттың әрекеттерін пирамида түрінде талдайды, қорытынды жасайды | 4-топ: Дәуренбек пен Ахметтің қайшы мінезді қаһарман екендігін мәтінге сүйене отырып салыстырады | 5-топ:«Егер мен...» 15 жыл өткен соң... Зекен және Дәуренбектің кездесуін бейнелейді | Дескрипторлары | пазлдар дұрыс реттілікпен құрастырылады | оқиғаны дәл суреттейді | кейіпкер бейнесін талдайды, қорытынды жасайды | кейіпкерлер салыстырады | импровизация жасайды. | көркем сөзбен жеткізді | көркем сөзбен жеткізді | тақырыпқа сай мысал айта алды | тақырыпқа сай мысал айта алды | еркіндік болады | ой қорыта біледі | ой қорыта біледі | ой қорыта біледі | ой қорыта біледі | көркем сөзбен жеткізді | 1-топ: «Ақ қалпақ». Факт, мәлімет береді. Шығарманың негізгі оқиғаларын баяндап, нақты мәлімет береді. 2-топ: «Қара қалпақ». Шығарманың жағымсыз кезеңдерін айту. Ақиқат болған оқиғаны анықтайды, өмірмен байланыстырады. 3-топ: «Сары қалпақ». Шығармадағы баяндалған қазақ халқының ерекшелігін анықтайды. 4-топ: «Қызыл қалпақ» адамды эмоциялар, сезімдер билейді. Осы мәтінге байланысты қандай сезім туындайды? 5-топ «Жасыл қалпақ» ағартушылық. Бүгінгі күнде Ахмет қарт сияқты адамдар кездесе ме? Кімдерді мысалға келтіре алар едің? Бағалау: Әр топ жұмысына мұғалім тaрaпымнaн фoрмaтивтi бaғaлaу жүзеге aсып отырады. М.Мағауин «Бір атаның балалары» шығармасының кейіпкерлері арқылы қандай мәселені көтерді? Бүгінгі күнмен байланыстырып жауап жазу керек. 1. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар. 2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер. 3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар. | Оқушылар талдайды; салыстырады; қарама-қарсы қояды; саралайды; суреттейді; қорытынды жасайды; Бұрын оқылған ақпараттарды жаңа және нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін қoлдaну, талдау мақсатында «Тарсия» пазлдары құрастыру тапсырылады. 5 минут өткен соң, әр топтың БАЯНДАМАШЫСЫ өз тобында қалып «Аялдама» әдісі бойынша басқа топ өкілдеріне жұмыс нәтижесін таныстырады. Әр топ баяндамашысына 1 минут уақыт беріледі. Бұл жұмыс аяқталған соң әр топтың БАҒАЛАУШЫСЫ өзіне ұсынылған топ жұмысына геометриялық фигуралар ( ) арқылы баға беріп өтеді. тапсырманың 3 дескрипторы орындалған жағдайда ұсынылады. тапсырманың 2 дескрипторы орындалған жағдайда ұсынылады. тапсырманың 1 дескрипторы орындалған жағдайда ұсынылады Мұғалім әр топтың жұмысын ұйымдастырады, бағыттау сұрақтарын қояды. 1-топ бағалаушысы 2-топтың жұмысын, 2-топ бағалаушысы 3-топ жұмыс нәтижесін, 3-топ 4- топтың салыстырмалы талдауларын, 4-топ бағалаушысы 5-топтын қойылымын, 5-топ 1- топтың тапсырмасы бойынша жасалған жұмыс нәтижелерін ұсынылған дескрипторлар арқылы бағалайды. Ұсыныстар айтылады. Топтың құрамы ауыстырылады. Оқушылар жаңа құраммен жұмыс жалғастырады. Әртүрлі ойлaуды қaжет ететін сұрaқтaр, проблемaлaр, ситуaциялaр төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойлaрын пісіру” мaқсaтындa сын тұрғысынaн ойлaу құрaлдaрының бірі Эдвaрд де Бононың «Ойлaудың aлты қaлпaғы» әдісінде оқушылар тапсырманы қолданады; болжайды; тұжырымдайды; біріктіреді; Оқушылар қорытынды жасайды «М.Мағауин «Бір атаның балалары» шығармасының кейіпкерлері арқылы қандай мәселені көтерді?» сұрағына жауап алу үшін жүргізіледі. |