kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін

    кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

ә) Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру,

    ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;

б) Ананы сыйлауға, қадірлеуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық. «Сәттілік» тренинг

Сендерге табыс тілеймін,

Жарық пен жылу, денсаулық!
Біріңе - бірің сендер де,
Тілеңдер біраз жақсылық - деп балалар, біз бір - бірімізге бүгінгі сабақта сәттілік тілейік. Ол үшін бірімізге - бірімізге қарап, жымиғанымыз дұрыс.

ә) Топқа бөлу: ана мен бала суреттері арқылы

ІІ. Үй тапсырмасы

«Батыр-Баян» поэмасын сюжеттік композициялық талдау.

Шығарма желісі

Оқиға өрісі

Поэтикалық тілі

Үзінді мысал

Кіріспе бөлімі

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның өрбуі

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі

ІІІ. Тақырыпты ашу

«Бес арыс» деген атпен ел есінде қалған ақын-жазуларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса, енді бірі тұңғыш қазақ романын жазып шықты. Одан да басқа артына мол мұра қалдырып кеткен арыстарымыздың елеулі еңбектері ұлан –ғайыр.

Олай болса, бес арыстың мүшелерін тізбектеп шығайық:
Бес арыс

Ш. Құдайбердіұлы
М. Жұмабаев
Ж. Аймауытов
А. Байтұрсынов
М. Дулатов

Бүгін біз М.Дулатов туралы білетін боламыз. Ендеше, бейнебаянға назар аударайық.

М.Дулатов кім? (Оқушылар тақтаға өздері жазады)
                                                              

М. Дулатов

             Ақын,      жазушы,       Алаш қайраткері,        аудармашы,        драматург

ІV. Жаңа сабақ

Я, Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Жанкелдин ауданындағы Қызылбел елді мекенінде дүниеге келген.
1935 жылы 50 жасқа 1 ай қалғанда «Ақ теңіз - Балтық» каналының бойындағы Сосновец станциясындағы түрме ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер - білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Міржақып шығармалары
Өлеңдері:
Алашқа
Зар заман
Мектепке
Елім - ай
Жас қазақ, қайдасың?
Шешенің балаларын сүюі т. б
Әңгімелері:
Жазғы кеш.
Оқымысты бала.
Күз.
Қасқыр қысты қалай өткізеді?
Шалдың үш баласы.
Ешкімге жауыздық қылма. т. б.
Роман:
Бақытсыз Жамал
Аудармасы:
А. С. Пушкиннен
Абу Фирас Шиллер.
Лермонтовтан т. б.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"»

Күні: 27.01.17

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін

кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

ә) Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру,

ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;

б) Ананы сыйлауға, қадірлеуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық. «Сәттілік» тренинг

Сендерге табыс тілеймін,

Жарық пен жылу, денсаулық!
Біріңе - бірің сендер де,
Тілеңдер біраз жақсылық - деп балалар, біз бір - бірімізге бүгінгі сабақта сәттілік тілейік. Ол үшін бірімізге - бірімізге қарап, жымиғанымыз дұрыс.

ә) Топқа бөлу: ана мен бала суреттері арқылы


ІІ. Үй тапсырмасы

«Батыр-Баян» поэмасын сюжеттік композициялық талдау.



Шығарма желісі


Оқиға өрісі


Поэтикалық тілі


Үзінді мысал


Кіріспе бөлімі


Оқиғаның басталуы


Оқиғаның өрбуі


Оқиғаның шиеленісуі


Оқиғаның шарықтау шегі


Оқиғаның шешімі


ІІІ. Тақырыпты ашу

«Бес арыс» деген атпен ел есінде қалған ақын-жазуларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса, енді бірі тұңғыш қазақ романын жазып шықты. Одан да басқа артына мол мұра қалдырып кеткен арыстарымыздың елеулі еңбектері ұлан –ғайыр.

Олай болса, бес арыстың мүшелерін тізбектеп шығайық:
Бес арыс

Ш. Құдайбердіұлы
М. Жұмабаев
Ж. Аймауытов
А. Байтұрсынов
М. Дулатов

Бүгін біз М.Дулатов туралы білетін боламыз. Ендеше, бейнебаянға назар аударайық.


М.Дулатов кім? (Оқушылар тақтаға өздері жазады)

М. Дулатов

Ақын, жазушы, Алаш қайраткері, аудармашы, драматург


ІV. Жаңа сабақ

Я, Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Жанкелдин ауданындағы Қызылбел елді мекенінде дүниеге келген.
1935 жылы 50 жасқа 1 ай қалғанда «Ақ теңіз - Балтық» каналының бойындағы Сосновец станциясындағы түрме ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер - білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Міржақып шығармалары
Өлеңдері:
Алашқа
Зар заман
Мектепке
Елім - ай
Жас қазақ, қайдасың?
Шешенің балаларын сүюі т. б
Әңгімелері:
Жазғы кеш.
Оқымысты бала.
Күз.
Қасқыр қысты қалай өткізеді?
Шалдың үш баласы.
Ешкімге жауыздық қылма. т. б.
Роман:
Бақытсыз Жамал
Аудармасы:
А. С. Пушкиннен
Абу Фирас Шиллер.
Лермонтовтан т. б.

Олай болса, балалар, бүгін біз осы өлеңдердің ішінен өзімізге ең жақын адам ана туралы, анасы балаларын қалай жақсы көретіндігі туралы «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Анаға баланың алалығы жоқ - демекші әр ана өз баласын жақсы көреді. Сендерді әрдайым ойлап, үлгілі, әдепті, білімді болғандарыңды қалайды.
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасын түсіндіру. Оқушыларға оқыту.
Бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, анасының қасында болады. Біз ана туралы өз ойымызды айтайықшы.
- Ең жақын адам
- Ең қымбат адам
- Тілекші
- Қамқоршы
- Жарық өмір сыйлаушы.
Сөздікпен жұмыс
Көз жасын көлдету - қатты жылау.
Төбесі көкке жету - қуану.

V. Проблемалық сұрақтар

1. Ақын осы өлеңі арқылы  қандай ой айтпақ болды?

2. Өлеңнен ананың баласына деген қандай сезімі, қандай қасиеттері танылады?

3. Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай дәрежеде?

4. Ана туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

5. Аналар неліктен бір –біріне ұқсайды?


VІ. Тренинг «Менің анам...»

Оқушылардың өз аналарын әдеби тілде суреттеп беру сұралады


VІІ. Бекіту тапсырмалары

А) Өлеңге сатылай кешенді талдау (дәптермен жұмыс)

1. Авторы: М.Дулатов

2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған

3. Жанр түрі – поэзия ( өлең) Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен

қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып

келетін өрнекті сөз жүйесі

4. Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір көрністерін суреттегенде,

оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.

Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

Идеясы – ананың бар арманы, өмірінің мәні – баласы,

соның амандығы

5. Өлеңнің құрылысын талдау

Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

Тармақ – өлеңнің әр шумағы

Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ

Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. (8,11 буын)

Ұйқас. Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне – бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)

6. Өлеңнің тілі

Арнау– бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына қайрыла арнай

сөйлеу.Олар кейде лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар

арқылы құрылады. (Сұрай арнау)

7. Түсіндірме сөздік (бұл өлеңде түсінуге қиын тиетін сөздер жоқ)

8. Өлеңдегі ажарлау. Эпитет:

9. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – балаға ана қадірін құтыру, ананы сүюге,қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу

Ә) "Мен анамды сүйемін"  ойтолғау жазу немесе өлең құрастыру

Б) "Аналар әлемі“. Семантикалық кесте толтыру


VІІІ. Тест сұрақтары

1. М.Дулатұлы қай облыста дүниеге келген?

А) Семей облысы  Б) ОҚО В) Талдықорған облысы  С)Торғай облысы

 2.  Міржақып қандай оқу орнында оқыған?

А) Орынбор рабфагінде Б) Петербург артеллерия  училищесінде

В) Торғайда орыс- қазақ мектебінде   С)Ахмет- Риза медресесінде

 3. Сол кезеңдегі қазақ оқығандарының бас қосатын орны қай жер болды?

А)  Алматы. Б) Омбы. В) Торғай. В) Орынбор

 4. Омбыда ол кіммен танысады?

А) Шәкәрім Б) А.Байтұрсынұлы В) М. Жұмабаев В) Ж. Аймауытов

 5. Міржақыптың "Жастарға" деген өлеңі  қай газетте басылды?

А) "Түркістан уалаятының газеті"  Б) "Серке "  газеті

В) "Дала уалаятының газеті"           С) "Айқап"  журналы

 6. Ел санасын ояту мақсатында А.Байтұрсыновпен бірігіп қандай газет шығарды?

А) "Түркістан уалаятының газеті"           Б) "Қазақ "  газеті

В) "Дала уалаятының газеті"                    С) "Айқап"  журналы

 7. Автор  проза саласында күшін сынап қандай роман жазды?

А) "Бақытсыз Жамал"   Б) "Ақбілек" В) "Қалың мал" С) "Абай жолы"

 8. М.Дулатұлы қай жерде дүние салды?

А) Петербургте Б) Торғайда В)Сосновец бекетінде С) Уфада

9. Міржақыптың анасы кім?

А) Дәмеш Б) Айғаным В) Жамал С) Ұлжан


Бағалау кестесі

9 дұрыс жауап - “5”

8-7 дұрыс жауап - “4”

6-5 дұрыс жауап - “3”

4-1 дұрыс жауап - “2”


ІХ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Ана өмір шырағы,

Ана өмір тірегі.

Ана – деген жылы есім,

Жан тербетер ұлы есім.

- Балалар, анамызды біздер өзіміздің жақсы қылығымызбен, жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса қазір жылдың қыс мезгілі болғанымен тақтада тұрған құшақ жайған ананың суретіне гүлді жылы тілек айту арқылы көңілдерін жаз етейік.


Х. Үйге тапсырма

М.Дулатұлы. «Шешенің  балаларын  сүюі» өлеңін  жаттау.


ХІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі

Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді. Анушируан Әділ патшаның: «Құдайдың көңілінен қалай шығуға болады?» — деген сұрағына, дана уәзірі Бұзұрхмехр: «Анаңды қуанту арқылы», — деп жауап берген екен. Ендеше, «бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен» аналар аман болсын!






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М.Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"

Автор: Аяган Шарбану Шалкарбайкызы

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 387159


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства