Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.
1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты деректер:
Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.
«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.
Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1. Көксерек Қараадыр ауылында.
2. Көксерек – түз тағысы.
3. Жекпе – жек.
• Топтық тапсырмалар орындау. (жеке оқушылар карточкамен жұмыс жасайды)
1 - топ.
Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе - кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
2 - топ. Бес жол өлең стратегиясы. Синкуэй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1. Қасқыр
2. Жыртқыш, қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
4. Қасқыр - түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі, көкжал.
1. Аңшы
2. Қырағы, сақ
3. Атады, көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.
3 - топ. Венн диаграммасы.
ІІІ кезең. Самғау.
Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.
Тақырыптар:
1. Жазушымен сырласу,
2. Табиғатқа тіл қату,
3. Адамдарға үн қату.
ІІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
ІҮ. Үйге тапсырма беру. «Көксерек – табиғатың тағы перзенті» шығарма жазуға дайындалу.