Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: сюжет, композиция, психолгизм, психологиялық параллелизм; Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, сіздің ойыңызша, мынандай дәлелдер келтіруге болады т.б. |
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | Оқушыларға Интербелсенді тақтадан «Психологизм» сөзі көрсетіледі. Бұл сөзбен қандай ұғымдарды байланыстырасыздар? Бұл ұғымды әдебиетпен байланыстыруға бола ма? Қалай ойлайсыздар, «Кенесары-Наурызбай» жырында психологизм бар ма? | Оқушылар тақтадан көрінген сұрақтарға өзара ақылдаса отырып жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтыруға мүмкіндіктері бар. |
Сабақтың Ортасы 1 минут 5 минут 2 минут 15 минут 3 минут | Оқушылар кездейсоқтық әдісімен (есімі жазылған таяқша, жыл мезгілдері, реттік саны т.б.) төрт топқа бөлінеді. ТЖ Топта отырған оқушыларға мәтін таратылады. Мәтін мазмұнымен танысып, сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Әдебиеттегі психологизм дегеніміз... Әдебиеттегі психологизмге мысал болатын шығармалар... Оқушылар сағат тілімен бір-бірінің жауабын «Екі жұлдыз, бір тілекпен» бағалайды. Сұрақтарға толық, түсінікті жауап берген топқа жұлдыз ұсынады. ТЖ Оқушылар РАФТ әдісі бойынша топта жұмыс жасайды. Р – рөль А – аудитория Ф – форма Т – тақырып Тапсырма 1-қадам. Топпен ақылдаса отырып, кейіпкердің бейнесіне талдау жасаңыз. 2-қадам. Кейіпкердің бейнесіне еніп, оның ішкі сезімін тануға тырысыңыз. 3-қадам. Кейіпкердің бейнесіне еніп, хатты қай бағытта жазатыныңызды жоспарлаңыз. 4-қадам. Хат жазыңыз. Рөл | Кейіпкер | Аудитория | Адамдар | Форма | Хат | Тақырып | Кейіпкердің жан дүниесі | Кейіпкер бейнесіне енеді; Кейіпкердің ішкі сезімін (психологиясын) анықтайды; Құрылымын, жанрын сақтай отырып, хат жазады. | «РАФТ» стратегиясы бойынша оқушылар жазба жұмысын орындайды. Мысалы, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жыры бойынша, «Кейіпкерлердің жан дүниесі» деген тақырыпта кейіпкердің (мысалы Кенесары, Наурызбай т.б.) рөліне еніп, адамдарға арнап, хат жазады. |