Тыңдалым алдындағы тапсырма 1-тапсырма. Ж «Ақпаратты сүзу» әдісі. Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазып, мағынасын анықтаңыз. Дескриптор: ҚБ: «Температураны өлшеу» әдісі. Тыңдалым кезіндегі тапсырма 2-тапсырма. ЖЖ «Қар кесегі» әдісі. Тыңдалым мәтініндегі әлеуметтік мәселені талдаңыз. Мамандық таңдау – маңызды іс Мамандық... «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Ал қазір ше? Заман талабына сай нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, әртүрлі мамандық келе бастады, әлі де олардың шегі көрінер емес. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілетің мен бейімділігіңе сай кәсіп түрін таңдау... Бұл – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдаудың 4 қадамы. Бірінші қадам: Байыппен бағдарлай біліңіз Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады. Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз. Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз. Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен, оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты. Төртінші қадам: Сұранысты да назарда ұстаңыз Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз. Дескриптор: ҚБ: «Сиқырлы сызғыш» әдісі. Саралау тапсырмасы: «Орналастыру жоспары» әдісі. 3-тапсырма. ТЖ «Жылдам дебат» әдісі. Тыңдалым мәтініндегі негізгі ойды анықтайды, негізгі ой бойынша өз көзқарасын білдіреді. «Жақтаушы» және «Даттаушы» топарасында пікірталас ұйымдастырылады. Дескриптор: тыңдалым мәтініндегі негізгі ойды анықтаңыз; өз көзқарасыңызды білдіріңіз. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Саралау тапсырмасы. Диалог және қолдау көрсету. Бағытталған сұрақтар: Болашағыңды қандай мамандықпен байланыстырасың? Қазіргі заманғы қажетті мамандықтар туралы не айтар едің? Жетекші сұрақтар: Мәтіндегі мамандық таңдау қадамдарымен келісесің бе? Аталған қадамдарға тағы нені қосар едің? Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 4-тапсырма. Ж «Екі жақты күнделік» әдісі. Тақырыбы | Мәтін | Мамандық таңдауда қоғам сұранысын қанағаттандыру | | Дескриптор: мәтіндегі әлеуметтік мәселеге байланысты өз көзқарасыңызды талдаңыз; өмірмен байланыстырып ойыңызды тұжырымдаңыз. ҚБ. «Жапонша бағалау» әдісі. Саралау тапсырмасы. Диалог және қолдау көрсету. Тірек сөздер: білікті маман, қоғамға пайдалы болу, нарық сұранысын қанағаттандыру, ел дамуына үлес қосу. |