?лы Отан со?ысыны? ая?тал?анына биыл 70 жыл толады. ?р жыл сайын сол со?ыста ?айтыс бол?ан, же?іс к?нін к?ре алма?ан батырларымызды еске алып, же?іс к?ні? тойлаймыз. ?р жыл сайын ?лы Же?іс мерекесін тойла?анда оларды еске алып, бастарына г?л шо?тарын апарады. Ардагерлерімізді ??тты?тап, сыйлы?тар беріледі. ?азір де біз т?уелсіз елде, бейбітшілік елде ?мір с?ріп жатырмыз.
?лы Отан со?ысында ?аза тап?ан а?аларымызды? рухына бас иеміз. Б?л со?ыста бізді? ?келеріміз ежелден еркіндік а?са?ан ер ?аза?ты? рухын,батырлы?ын ?лемге паш етті. ?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ерлігі ?шін 500 ?аза?станды? Ке?ес Ода?ынын батыры ата?ын алды. Оларды? ішінде Батыр апаларымыз М?нш?к М?метова,Алия Молда??лова,а?аларымыз Бауыржан Момыш?лы, Т?леген То?таров есімдерін ма?танышпен айта аламыз.
?лы Отан со?ысы хал?ымыз?а т?нген е? ауыр к?ндер болды. Т?рт жыл, 1418 кун мен т?н бойы ?з жері мен отаны ?шін, келешек ?рпа? жан ?илы со?ыс ж?ріп жатты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ерен ерліктерімен ба?алан?ан батырлар »
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Хисма Аңсар
Ұлы Отан жеңісіне 70 жыл
Бұдан 70 жыл бұрын жалаулатқан Жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысының іздері Атырау жерінде де сайрап жатыр. Тұтқыннан шабуыл жасаған неміс фашистеріне қарсы тұруға Атырау өңірінен 42058 адам майданға аттанды. Солардың 13287-сі ұрыс даласында қалды. Атырау облысының азаматтары қолдарына қару ұстап жолдың шегіне қашуына, жеңіс табуына мол үлес қосты. Атыраулық Кеңес Одағының батырлары Боран Нысанбаев, Муса Баймұханов, Қайырғали Смағұлов т.б жауынгерлік «Даңқ» ордендерінің үш дәрежесінің бірдей иегерлері - Шүкір Еркінов, Ғизат Әліпов,Гаврли Шамин т.б сынды ержүрек ұлдарын мақтаныш тұтады. Оларды баршасының ерлік іздері, сөз жоқ, кейінгі ұрпаққа өнеге, шынайы тағылым. Атыраулық барша әлумет мұнайшысы бар, балықшысы бар, малшысы бар, егіншісі бар, бәрі жұмыла ембек етіп, майданға азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ жөнетіліп отырды.Әсіресе Эмба мұнайы,майдан үшін, ондаған танктер мен ұшақтарға автокөліктер мен поездарға ауадай қажет болатын.
Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ішінде менің атамның туған ағасы Бисембай Бимухамбетұлы болды. Ол 1926 жылы туылған. 1944-1950 жылдар армияға қызмет етті. Оның жыл жарымы майдан окоптарында өтті. Армиядан аман-есен оралып іскі істер органдарында ұзақ жыл жұмыс істеді. 1983 жалы өмірден озды. Сол атамыздың майданнан жазылған өлең хатынан үзінді келтірейі:
Он сегізге келгенде
Ата-анадан айырылып
Тәңірег мұнша не жаздың.
Тілекші бол ата-ана,
Жақсылық күні жақында
Менен сәлем айтындар
Жақын-жуық халқыма...
Менің тілейтінім, ешқашан соғыс болмасын, еліміз тыныш болсын.
Пән мұғалімі: Қалиева Айтолқын Қайсақызы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Бейсенбек Аян
Ұлы жеңіске 70 жыл
1941 жылғы 22 маусымда тарихта мәңгі қалатын қасіретті күні. Жеңіс жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталған. Фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Соғыс батыры Бауыржан Момышұл, Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова соғыстың батыр құрбандары болды. Менің атам да сол қатысты. Аты Жумаділ Орынбеков 1942жылы соғысқа аттанды. 1943 жылы Сталинград майданында соғысқа ерлік көрсетіп, қайтыс болды. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін туған жеріміз, тіліміз үшін жауға күресті. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқағы тен болған еді. Ел үмітін ер ақтар, ер атаған ел сақтар дей келе бұл соғыс миллиондаған адамның өмірі жалмады. Мен соғыстың ешқашан болмағынын тілеймін. «Ер есімі ел есінде»- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған апа-ағаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мәңгі есте сақтаймыз.
Пән мұғалімі: Қалиева Айтолқын Қайсақызы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Дабысов Алижан
Батырлар ерлігі ұмытылмас
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 70 жал болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерлік сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өзлерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында , күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы соғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орның жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаhарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқымен бірге, кеңес халқы неміс басшылыраынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарынң басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 кун мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жүмылды...
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жеті ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде,Днепр өткелідегі, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда бартыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды,Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия,Чехословакия,Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарындағы жеңіс туған көтеріп өтті. Ұлы Отан жалдарындағы біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз-болашақ ұрпақты Отанын сүюге,елінің,жерінің адал патриоттары,достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән мұғалімі: Қалиева Айтолқын Қайсақызы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Амантай Алихан
Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды
1945 жылдың 9мамыр күні Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердіңде үлесі зор.Біз жеңіс күнін жақындатқан,фашизімге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздырмыз. Жақын арада жуңістің 70 жылдығын тойламақпыз. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы апа-ағаларымыздың жан кешті ерлігі туралы тек оқулықтардан,көркем әдебиет және кино туындыларынан ғана білемз.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ағаларымыздың рухына бас иеміз. Бұл соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың рухын,батырлығын әлемге паш етті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағынын батыры атағын алды. Олардың ішінде Батыр апаларымыз Мәншүк Мәметова,Алия Молдағұлова,ағаларымыз Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров есімдерін мақтанышпен айта аламыз.
Сол Отан үшін қан кешкен жауынгерлердің әрбір қадамы,жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі біздің болашағымызға үлгі боларлық сабақ. Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды.
Пән мұғалімі: Қалиева Айтолқын Қайсақызы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Шафхатова Амина
Ұлы Жеңіске-70жыл
1941жылдың 22 маусымында немістер біздің отанымызды жаулап алу үшін соғыс бастады. Немістер біздің әдемі қалаларымызға боьба лақтырып, барлық жерімізді бүлдіріп,халқымыздың жасы үлкенін де,кішісін де барлығын жазалап,өлтірген. Бұл соғыс өте ауыр болды,4жыл бойы біздің еліміздің жауынгерлері жан аямай соғысты. Сол жылдары Отанын қорғау жолында миллиондаған адам қаза болды. Майдандағы жауынгерлерге көмектесу үшін елде қалған ата-әжелер,аналар,кішкентай балалар барлығы еңбек етті, жауынгерлерге қажетті тамақ, киім, қару-жарақ жіберіп отырды. Қазақстаннан бір миллион үш жүз алпыс мың жауынгер соғысқа қатысты. Олар өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетті, елдің тарихында қалды. Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров, Ақан Құрманов, Бауыржан Момышұлы,Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты батыр ағаларымыз бен апаларымызды мақтаныш етеміз. Осындай ержүрек батырларымыздың ерлігі, отансүйгіштігі арқасында біздер соғысты 1945 жылы 9-шы мамырда жеңіп шықтық.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 70 жыл толады. Әр жыл сайын сол соғыста қайтыс болған, жеңіс күнін көре алмаған батырларымызды еске алып, жеңіс күнің тойлаймыз. Сол кезде орден, медальдармен, мектептер, оқу орындары ашылған. Әр жыл сайын Ұлы Жеңіс мерекесін тойлағанда оларды еске алып, бастарына гүл шоқтарын апарады. Ардагерлерімізді құттықтап, сыйлықтар беріледі. Қазір де біз тәуелсіз елде, бейбітшілік елде өмір сүріп жатырмыз. Осының барлығы, Жеңіс туының желбіреуі тек осы азаттарға байланысты. Біз оларды әрқашан да ерекше көңілмен еске алып, батырлықтарын ұмытпаумыз керек. Ал егер бейбіт елде өмір сүргіміз келсе, Ұлы Отан соғысында Отанымызды кеудесімен қорғаған қаһармандар рухына иіп, олар әкелген жеңіс жолын біз тек ерлік, еңбекпен жалғастыра аламыз
Пән мұғалімі: Қалиева Айтолқын Қайсақызы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Жұмабай Талғат
9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні
1941 жылы 22 маусым-тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс жарияламастан шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер келіп, олардың ішінде кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалармен бойдеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына алып, қазақстанның өзінен 12атқыштар және 4 атты әскери дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардығң қатарында Кеңес Одағының ондаған мығң қазақстандықтар болып, басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе ұмытылмауы керек.
Елбасымыздың «Нұрлы жол- болашаққа бастау жолы» атты жолдауында «2015 жыл-ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі бейіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Асамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.
Ешқашан да жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінгі біздің міндетіміз- болашақ ұрпащтарды Отаннын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән мұғалімі: Қалиева Айтолқын Қайсақызы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Хибаттола Диана
9мамыр- Жеңіс күні (Тарихи ұлы жеңіс)
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс –күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атауларының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қандай кезенді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдар немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрседе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқаның ержүректілігі мен төзімділіктері пеш ететін, таризхта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы септерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктін сән үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала жатыр. Қариялар азайып бара жатыр бірі мініп келместін кемесіне, бірі күтіп, әнеки, жағада тұр- деп тебіренген Мұқағали жұбырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емеспе!? Солардың жанымен, қанымен терімен,көз жасымен, күшімен, ісімен,ерлігімен,атаның туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке.Оққа ұшқан қарулас жолдыстарының аманатын арқалап, аман оралған ардагерлератамыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттары қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш- әрине бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерей тойы. Ұлы Жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің.
Пән мұғалімі: Қалиева Айтолқын Қайсақызы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 3 «в» сынып оқушысы: Ізтұрған Ақмарал Ізтұрғанқызы
Ерен ерліктерімен бағаланған батырлар
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 70 жыл толады. Әр жыл сайын сол соғыста қайтыс болған, жеңіс күнін көре алмаған батырларымызды еске алып, жеңіс күнің тойлаймыз. Әр жыл сайын Ұлы Жеңіс мерекесін тойлағанда оларды еске алып, бастарына гүл шоқтарын апарады. Ардагерлерімізді құттықтап, сыйлықтар беріледі. Қазір де біз тәуелсіз елде, бейбітшілік елде өмір сүріп жатырмыз.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ағаларымыздың рухына бас иеміз. Бұл соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың рухын,батырлығын әлемге паш етті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағынын батыры атағын алды. Олардың ішінде Батыр апаларымыз Мәншүк Мәметова, Алия Молдағұлова, ағаларымыз Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров есімдерін мақтанышпен айта аламыз.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 кун мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ жан қилы соғыс жүріп жатты.