kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғылым фантастика. Пунктуация

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныпқа өткен ашық  сабағым 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғылым фантастика. Пунктуация»

Мазмұны:


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Бәсекеге қабілеттілік: ұлы өнертапқыштыққа бастар жол!

2.2. Ақпарттық қоғамдағы робототехниканың дамуы мен болашағы.


ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



І.Кіріспе


"Қазір бой жарыстыратын заман емес,

ой жарыстыратын заман"

Н.Ә.Назарбаев


Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Қазіргі заман талабына сай оқушылардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері — жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.


1-сурете мектеп оқушылары жаңа технологияны үйренуде.



ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Бәсекеге қабілеттілік: ұлы өнертапқыштыққа бастар жол!

Ақпаратты технологиялар –  бұл нағыз қазіргі дәуірдегі жас ұрпақтың болашаққа бастар жолы, себебі ақпараттық технологиялар туралы Елбасымыздың биылғы Жолдапуында айтқандай біз цифрлық технология мен робот техникасын тиімді қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

Оның іске асуы барлық қазақстандағы мектептерімізде робот техникасы пәнін енгізіп, оны қолдануға және де  әрбір оқушының техникалық-шығармашылық қабілетін дамытуға арналған. Сондықтан жаңа ақпараттық және инновациялық тұрғыдан біздің елімізде сапалы білім алып, жаңа баспалдаққа көтеретін боламыз.  

Осы сөздің дәлелі ретінде осы мектепке желтоқсан айының 20-сына 5 дана «Роботрек» конструкторы мемлекеттен берілген  болатын. Қаңтар айынан      бастап, мектептің 5-сынып оқушылары арасындағы қызығушылық танытқан оқушыларды іріктеп үйірме ашқан болатынбыз. Қазіргі таңда сол оқушылармен бірлесіп төрт – бес роботты құрап, жасатудамыз.

Осы үйірме барасында қолданатын әдістеріміздің бірі –ол интербелсенді әдісі. Интербелсенді әдіс- үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Бұл әдістің негізгі мақсаты- білу емес, үйрене білу және тек ақпаратты беру ғана емес, жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту болып табылады.Интербелсенді әдіс арқылы оқушының

  • өзіне деген сенімге тәрбиелейді;

  • сыни ойлау дағдыларын дамытады;

  • шешендік өнерін жетілдіреді;

  • өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады;

Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту,бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, рға

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру ;

- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;                              

  Қазіргі таңда электронды үкіметінің қызметімен қолданып жүргендер баршылық, әрбір адам жоғары әрі жылдам сапалы Интернеттің болғанын қалайды, оның көптеген мүмкіндіктерін және де ақпаратты-коммуникациялық технологияларын меңгергісі келетіндер қаншама.

  Расында  қазіргі  таңда ақпараттық технологияларсыз өмірді елестету қиын.  Бұл тиімді жағдайды  іске асыруға, мектептегі оқушыларымыздың толық мүмкіндігі бар. Жастарымыздың өмір сүріп отырған елімізде ақпараттық технологияны дамыту үшін көп шығын кетпейтіні белгілі. Себебі, бұл таза «ақыл-ой» еңбегінің жемісі. Анығы, ақпараттық технология оқушыларымыздың өмір деңгейін жақсартып, сабақтарын жеңілдетуге көмектеседі. Жаңа мүмкіндіктерді ашуды қамтамасыз етеді.  Мәселен, робот техникасының үйірмелерінде оқушылар жас кездерінен бастап-ақ «жаңадан» кәсіпкерлік қызметін бастаған әлемге әйгілі бизнесмендер Джон Рокфеллер, Стивен Джобс, Марк Цукербергке еліктеп мектептерімізде болашақ программисттердің  шығуна түрткі болатындығы анық.

«Ақпаратты Қазақстан - 2030» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның ақпараттық қоғамға көшуін іске асырудың қорытындылаушы кезеңіне айналады деп болжануда.

Сондықтан бұл ақпараттық технологиялардың іске асуы тек қана жаңа өзгеріске қадам басудан басқа, еліміздегі мектептерді дамытатын катализаторға айналады.

– Әрине, ақпараттық технологияның дамуы – болашағымыз. Қазірден бастап бұл жүйе елімізге өз үлесін қосуда.  

Заман сұранысына орай, барлық оқу орындарының ұлттық және жалпы азаматтық зерделік іздену мен құндылыққа бағдарлануы күшеюде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - ізденімпаз, жасампаз жаңашыл мұғалімнің әлемдік педагогика тәжірибелерін зерттеп, ұлттық педагогика негізінде сабақты түрлендіріп, заманауи педагогикалық технологияны қолдану әдістемесін терең меңгеріп, отансүйгіш шығармашыл тұлғаның жүрегіне жол таба білуі болып табылатындығы анық. Өйткені, бүгінгі шығармашыл, ізденуші-оқушы еліміздің әлемдік озық ақпараттық технологиялық прогрестен қалмайтын жаңа жобаларын жасап, оны әлемдік деңгейге ұсына алатын, сенімді келешегіміз. Ол дегеніміз, қарқындаудағы қазіргі ұшқыр ақпараттық технологиялық прогресс заманында жастардың жан-жақты білімді болуы, яғни гуманитарлық, жаратылыстану және саяси экономикалық ғылымдарынан сауатты болуының талап етілуі. Себебі кез-келген ақпараттық технологияның түрлерін жобаларға озық оймен талдау жасап, оған жаратылыстану ғылымдарының заңдылықтарымен қарай білу керек. Олай дейтініміз табиғатта барлық заңдылықтар өте дәлдікпен қарастырылған және бұл заңдылықтар артық не кем емес. Осыған орай ізденуші бізге белгісіз жаңа жобаларды жасауда табиғат заңдылықтарына аз да болса сүйене отырып, оған негізделген сілтемеге сүйенуі керек. Белгілі бір нәрсені жетілдіруді – дамыту дейміз. Дамытуды – ілгерілету, өсіру, күшейту, арттыру, ілгері қарай өзгерту деуімізге де болады. Оқушыларымыздың шығармашылық белсенділігін артырып, ізденумен жоқ нәрсені ойлап тауып, оны кәдеге асыра алатын білімді ұрпақ тәрбиелеуміз крек. Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, М.Қаламқалиев, А.Н.Леонтьев, А.Е.Әбілқасымова, т.б. еңбектерінде, танымдық және шығармашылық қызығушылық туралы зерттеулер баяндалған. Біздің оқушыларымызды шығармашылық іс-әрекетке дайындауда танымдық қызығушылықтың маңызы зор екені белгілі. Танымдық қызығушылық әрбір жеке оқушылардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына бағытталған іс-әрекеті белгісі ретінде көрініп, дарынды оқушының ынтасын, құлшынысы мен ақыл-ойының бағытын анықтайды, шығармашылық іс-әрекетке ықпал етеді, қажеттілігі мен ізденімпаздығын тудыруға негіз болып, оқушының шығармашылық қабілеттілігінің дамуына мүмкіндік береді.



2.2. Ақпарттық қоғамдағы робототехниканың дамуы мен болашағы.

Менің ойымша, әрбір жас ғалымның асқақ арманы – ғылымдағы алғашқы қадамдарының, жаңалықтарының жемісін көру! Егер еңбегі тынымсыз зерттеудің нәтижесінде еліміздің болашағы үшін зор пайдасын тигізсе, бұл – орындалған мақсат! Көштен қалмай, қазіргі заманға сай өмір сүру үшін инновациялық жобаларды өзімізде ойлап табу қажет. Идеясын қыруар қаржыға ұсынатын шіренген шеттегілерге жалтақтауды қойып, жаңалыққа құмар жастардың игілігін іске асыру керек. Бұл істе Елбасы жастарға үлкен үміт артуда. Қазақстан үшін робототехника өте жас сала. Мысалы, Жапония, АҚШ, Германия сияқты робототехника саласындағы жетік елдер сондай биік дәрежедегі өндіріске ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбектеніп  жетті. Қазірге кезде робототехника саласы қарқынды дамып келеді және де басқа елдердегі робототехника саласы Қазақстандағы робототехниканы 10-20 жылға озып отыр.

Қазақстандағы робототехника саласы белгілі бір жетістіктерге жетіп, өзіміздің индустриялды роботтарды шығара алатын зауыттарды құра аламыз. Әрине, бұл мақсатқа жету өте қиын, бірақ жүзеге асырылмайтын іс деп ойламаймын. Ең бастысы шын ниетпен еңбектенсек, алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.   

Оқушылардың шығармашылық белсенділікке айналдыра отырып, оның шығармашылық сипатын және қоғамдағы бағытын айқындайды, және өзіндік көзқарасын қалыптастырады.

Ізденімпаздық – адамның өз бетімен жұмыс істеуіне, ізденуіне пайдалы әсерін беретін интеллектуалдық қабілеті. Ж.Қараев, Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова, С.С.Смаилов, С.С.Жұмашева т.б. ғалымдар, танымдық ізденімпаздықты зерттеп, осы мәселенің төңірегінде құнды пікірлер айтты.

Танымдық ізденімпаздықтың өлшемдері мыналар: – өз бетінше білім алуға дайындықтың болуы мен оны қолдана білу; – мұғалімнің басшылығымен педагогикалық үрдісте мақсатты өзара әрекет; – қажетті білімдерінің болуы; – іс-әрекет тәсілдерін білуі; – әрекетке бейімделу және өзін-өзі бақылау; –танымдық мәселелерді өз бетінше шешу біліктілігі; – мәселелерді шешуде керекті ұжымдық нысандарды ұйымдастыру дағдыларын білуі.

Сондықтан, ізденімпаздық дегеніміз – танымдық хабар-ошарды қабылдаудан, күрделі шығармашылық белсенділіктің дамуымен қатар жүретін әрекет. Танымдық іс-әрекет, ізденімпаздық ұғымдары шығармашылық ұғымының мазмұнын, түсіну аясын кеңітіп, нақтылай түседі. Ал, орта мектеп шеберханасы, жас техниктер үйірмесі және әскери техникалық шығармашылық клубтарындағы дәріс жүргізетін ұстаз машықтану сабақтарын өте тиімді және кызықты етіп жүргізуі үшін, оқушының жас ерекшеліктерін және сонымен қатар оның даралық кызығушылығын ескере отырып казіргі ғылыми зерттеу жұмыстарының барысымен үйлестіріп отыруы керек.


ІІІ. Қорытынды.

Қорыта айтқанда, уақыт өткен сайын ғылым мен білімнің түрлері күн санап жаңарып отыр. Оқушылардың ақпаратық технологияны меңгеріп, оның қыр-сырын келешекте терең үйреніп елімізге пайдасы тиетін болуы керек. Оқушыларымыз мектеп қабырғасынан бастап ақпараттық технологияларын робот техникасын және де сабақтан тыс жұмыстарда, яғни робот техникасы шығармашылық үйірмелерінде және мектептен тыс мекемелерде ұйымдастырылатын өнертапқыштармен рационализаторларда жоба жұмыстарына қатысып шыңдалып, отыратын болса онда келешекте біз білікті де білімді өнертапқыш ұрпақтар өз еліне жаңалықтар әкелетін патриот өнертапқыш, технолог, инженер мен конструкторлар мен дизайнерлер, бір сөзбен айтқанда болашақ академиктер шығуы әбден мүмкін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғылым фантастика. Пунктуация

Автор: Садибекова Лаззат Балтабаевна

Дата: 17.05.2018

Номер свидетельства: 469969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства