kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ғажайып елінің аңыздары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жинақ әр түрлі жастағы балаларға арналған шағын аңыздардан тұрады. Сабақ барысында материалды қолдануға өте ыңғайлы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ғажайып елінің аңыздары"»

Жер тарихы туралы

Көне көз қариялар жердің пайда болуы жөнінде мынадай әңгіме айтатын. Жерді екі өгіз мүйізімен көтеріп тұрады екен. Жердің беті біртегіс жалпақ болады екен. Жыл мезгілі ауысқан кезде әлгі екі өгіз жерді бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырады. Ал егер екі өгіз орындарын ауыстырған жағдайда – жер сілкінеді.

Адамдардың тау-тасқа айналуы

Ұмай ана көп құрсақ көтерген. Он екі қыз өсіріпті. Бәрі де адам баласын бақытқа кенелтіп, моншылықпен жырғалту үшін қызмет етеді. Өзендерді бөгеп, шөл жерлерге су шығарады, тау басындағы бұлақтардың көзін ашып, суды молайту үшін қажымай еңбек етеді.

Қыздарының осындай игі істеріне сүйсінген Ұмай ана олардың бұдан әрі де өмір бақи адам баласын жарылқай беруі үшін және алғы күндеріне жол сілтеп, бақыт нұсқап тұруы үшін, қада тастарға айналдырып жіберіпті дейді.

Адамдар сол қада тастар жөн сілтеп тұрған бағытпен жүрсе – құла дүзде де адаспайды, тіршілігіне қажеттің бәрін тауып алып отырады.

Күн, Ай және Қораз

Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Ағайынды үшеуі: Күн, Ай және Қораз аспанда тұрыпты.

Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық, сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіпті.

Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті. Ойланып отырып, Айға былай депті: «Менің байқауымша сенің ешкіммен сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетінді көрмейін! Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың».

Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Кука-реку!» - деп шақыратын болыпты. Онысы: «Қайырлы таң, мейірімді аға!», - дегені екен. Ал күн батып, ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.

























Ұмай ана

Есте жоқ ерте заманда, алып Алтай тауын қоныстанған бір қауым жұрт болыпты. Олар жыныс орманды жамылып, аң аулап күнелтеді екен. Бір жылы қыста кенеттен құрық бойы қар жауып, ауыр апатқа ұшырапты. Тек аю терісін жамылып, аң аулап кеткен батыр ғана терең тас үңгірге тығылып аман қалыпты.

Қар тоқтаған соң тас үңгірден шыққан Аю батыр «тірі қалған жан бар ма екен» деп жұтаған қауымның жұртын кезіп келе жатып, көк бөрінің бір үлкені қар астынан бір өлікті қазып шығарып жатқанын көреді де «айырын алайын» деп айғайлап ұмтылады.

Ол таяп келгенде, көк бөрі өлікті тастай салып, көк сағым болып көкке ұшып кетеді.

Ал қардың бетінде айдай сұлу бір қыз жатады. Бұл бөстекке оранған бойы қар үстінде қалған «Айсұлу» атты ару екен. Ол өкпесі бүлкілдеп, тірі жатыр, оның уыздай денесіне бөрінің тісі тимепті.

Қуанышы қойнына сыймаған Аю батыр айдаладан табылған Айсұлуды көтеріп, тас үңгірге әкеледі. Бойына жан кіріп, көзін ашуын күтіп ұзақ отырады. Бірақ, ол бейне қатты ұйқыда жатқан адамдай сұлық жата береді. Күте-күте көсегесі көгеріп, шыдамы таусылған Аю батыр үңгірдің аузына шығып айналаға көз салады. Құрық бойы қар басқан төрт төңірек тып-типыл, тым-тырыс, жер бетінде қыбыр еткен жан жоқ.

Әбден дағдырған Аю батыр осыншама қалың қарды жауғызған көкке қарап налиды. Сол сәтте көк төсінде ұшып келе жатқан екі құсты – Ұмай мен Құмайды көреді. Олар бірте-бірте төмендей ұшып, үңгірдің аузында тұрған Аю батырдың басын сипай өтеді де, екі кесек тас тастап кетеді. Бұл тастың бірі ақ, енді бірі қызыл тас екен. Бұған таңдаған Аю батыр бұл екі тасты қолына алып, бірін-біріне ұрады. Бұл шақпақ тас еді, ұрылғанда жарқ етіп ұшқан ұшқын үңгірге тығылған қу шөптер мен шірік қоқырға тиіп, тұтанып жана бастайды.

Сол кезде үңгірге құс бейнесінде ұшып кірген Ұмай ақ шашты анаға айналады да, қу шөпшектерді құшақтап әкеліп салып, жеңімен желпіп, отты маздатып жіберді. Жанған отқа бойы жылынған Айсұлуға ақырындап жан кіреді. Ол басын көтеріп, орнынан тұрып, өзін өлімнен құтқарған отқа, от анасы Ұмайға иіліп сәлем етеді, сыйынып, алғыс айтады. Бұған сүйінген Ұмай ана, екі алақанын отқа қақтап, Айсұлудың бетіне басады. Онан соң Айсұлудың қолын әкеліп, Аю батырға ұстатып: «Енді екеуің бас құрып, түтін түтетіп үй болыңдар, өрен-жарандарын көп болсын! Оттарың өшпесін!» - деп бата беріп, көзден ғайып болады.

Орман тауды ойсыратқан қар тұз тағысы аң-құстарды да ауыр апатқа ұшырақан еді. Аң аулай алмаған Аю батыр мен Айсұлу әбден ашығып, өлім халіне жетеді. Олардың қолынан келері отты үзбей жаға беру болады. Сөйтіп отырғанда, үңгірдің астынан дабырлаған дыбыс естіледі. Байқап көрсе, үңгірдің астында қоянның іні бар екен. Үңгірде бүрісіп жатқан қояндар отқа бойы жылынып, орындарынан тұрып, дабырлап жүріпті. Сонымен бұлар «жер астынан жеті қоян тауып» алып, қатты қуанады және олардың етін талшық етіп, қыстан шығады. Қазақ қауымының «жерден еті қоян тапқандай қуанды» дейтін сөзі осыдан шығыпты.

Бірте-бірте қақаған қыс өтіп, қалың қар еріп, орман арасы ашылады. Аю батыр орман аралап, тау-тасты кезіп, аң-құс аулайды. «Аю да болса байым, үңгір де болса үйім» деп тас үйде қалған Айсұлу отын алып, су құйып, жидек теріп, аулап әкелінген аң-құс еттерімен тамақ істейді. Бұладың өмірі осылай өтіп жатады.

Күндерде бір күнАйсұлу өзінің жүкті болып қалғанын байқайды. Ол соны Аю батырдан жасырып жүреді. Бірақ аулап әкелінген аң-құстың еттерін, жеміс-жидектерді жегісі келмейді. Жесе құсады. Оны «дерт шалды» деп, қайғырған Аю батыр аң аулаудан қалады.

Ақырында Айсұлу өзінің жүкті болғанын, айдындағы аққудың жұмыртқасына жерік екенін айтады. Оның жерік асын тауып әкелу үшін Аю батыр жолға шығады. Бірақ асқар-асқар таулардан өтіп, тар жол тайғақ кешулерді басып, айдындағы аққудың жұмыртқасын тауып әкелу – оңай-оспақ іс емес еді. Күннен-күнге, айдан-ай өтеді. Аю батыр кешіге береді.

Енді ай-күні толып, Айсұлу толғатады. Жапа-жалғыз тас үңгірде толғатқан жас ару жылап-еңіреп жер мен көктің бәріне сыйынады. Өзін өлімнен құтқарып үй еткен Ұмай анаға жалынып-жалбарынады.

Сол сәтте Ұмай ана келіп, маңдайынан сипайды. Ол дереу толғақтан айығып, егіз бала (бір ұл, бір қыз) туады. Ұмай ана балалардың кіндіктерін кесіп, жөргекке орап, Айсұлудың бауырына салады да «Бауы берік болсын!» айтып кетіп қалады.

Аман-есен босанып, қол-аяғын бауырына алған Айсұлу егіз баласын емізіп оырады. Сырттан: «бармысың, армысың?» деп Аю батыр кіреді. «Біреу еді ұмайым, екеу болды құмайым» деп, Айсұлу құшағындағы екі баланы оған ұсынады.

Осыдан соң олар ұзақ өмір сүреді. Айсұлу егіз-егізден құрсақ көтеріп, көп балалы болады. Олардың ұрпақтары рулы елге айналған екен.























Үй хайуандарының ата тегі

Бұл ерте заманда жер бетінде әлі жылқы да, сиыр да жоқ кезде болған оқиға.

Бірақ сиырлардың атасы Зеңгі баба бар екен. Адам-атаның тұсында өмір сүрген. Адамдар Зеңгі бабаға шөп беріп, сауып сүтін ішкен.

Ал жылқылардың атасы кең далада жүрген. Оны Жұпар деп атайды. Ол адамнан: «Маған да шөп берші!» - деп сұрайды. Сонда адам: «Егер келіссең мен сені ерттеп мініп жүрейін, қалауыңша жем-шөп берейін», - депті. Ат келіседі де, адам оған шөп береді.

Түйелердің арғы атасы – Ойсыл қара. Ойсыл қара суға салса батпайтын, ескі саба сияқты екен.

Барлық қойдың атасы – Шопан ата.

Ал ешкінің атасы болмаған. Бір күні қой бағып жүрген қойшыға иесі: «Егер Шопан ата қозы берсе, барлығы менікі болады. Егер Шопан атаға ұқсамай туса, онда сенікі болады», - дейді. Қой ылғи қозыларды туа береді. Сол кезде қойшы оның қарнына таяқты сұғып алады. Қой буаз болып, құйрық майы жоқ, құйрығы бар ешкі туады. Иесі өзінің малына санамай, ешкіні қойшыға береді.

















Ай мен күн

Бұл атам заманда болған оқиға. Өте ертеде болғаны сондай, қай жүзде және қашан орын алғанын ешкім есіне түсіре алмайды.

Бір беделді және аты шыққан байдың Айсұлу мен Күнсұлу атты екі қызы болыпты. Олардың асқан көркемдігі сондай, екеуін де аспан шырақтарына салыстырады екен. Және осындай жағдайларда жиі кездесіп тұратын жәйттерше, апалы-сіңлі бойжеткендер екеуінің қайсысы әдемірек деген сұрақ төңірегінде ұдайы пікір таластырып қалады екен.

Уақыт өткен сайын олардың арасындағы бәсекелестік те қарқындап қыза түсіпті. Дауласулары біртіндеп үдей беріп, түптің түбінде жаулыққа ұласыпты.

Күндерде бір күн, дауда жеңіліп бара жатқан Күнсұлу, ызаланғаны сондай, Өзінің әпкесінің бетін тырнап-тырнап алыпты. Сонда олардың бәсекелесулерін бақылаған Пайғамбар, шыдамы таусылып, былай депті:

  • - Жер бетінде өмір сүрушілердің әрқайсысы өзінше жақсы, өз көркімен тамаша, ал сендер оны түсінбедіңдер. Сендер енді адамдардан мәңгі алыста тұратын боласыңдар!

Апалы-сіңлі қыздар көк шырақтарына: Ай мен Күнге айналыпты. Сөйтіп ел аузында айтылатындай, өзінің бетіндегі жазылмайтын тыртығынан ұялғандықтан, Айсұлу аспан төрінде тек түнгі шақтарда, Күнсұлу жоқ кезде ғана пайда болады екен.















Отаутас

Баяғыда бір байдың жалғыз қызы болыпты. Сол қызға бір шал құда түседі. Әне-міне той болады деп отырғанда, қыз бір кедейдің жігітімен қашады. Бұған ашуланған бай: «Екеуін қуып жетіп, бауыздап өлтіріңдер!» - дейді.

Қыз бен жігіттің аттары болдырып, қуғыншылар жетіп қалады. Сонда қыз: «Е, құдай, өзің мыналардан құтқара көр!» - деп құдайға жалбарынады.

Сонда үлкен тас қақ айырылып, қыз бен жігіт тасқа кіріп кетеді де, тас жабылып қалады. Қуғыншылар көргендеріне сенбей, кері қайтады.

Бұл таудың «Отаутас» деп аталуы осылай. Таудың пішіні алыстан қарағанда ақ отауға ұқсайды.







Күн, Ай, және Қораз

Тобылғы, Баялыш, Арша

Ерте-ерте, ертеде бір-екі үйлі жан бір-біріне жақын тұрыпты. Бірі – Сексеуіл, оның ұлы – Баялыш, енді бірі – Қарағай, оның қызы – Арша болыпты.

Алғаш солар көрші болып, жақсы тұрыпты. Баялыш Аршаға қалың беруге ойланғанша, арша Баялышты бек сүймепті, түсі қара болғасын һәм ризалық бермепті.

Сонда әкелері ұрсысып қалып, Тобылғы келіп татуластырса да болмапты.

Сол уақытта Сексеуіл мен Баялышпен тұрудың қиын болатынын көріп, Арша оңтүстікке кетуге ойлапты.

Ол кеткен соң Қарағай тәкаппарланып, басын жоғары көтеріп мейлінше созылыпты. Сексеуіл қайғыдан бүкірейіп кетіпті. Тобылғы Сексеуіл мен Қарағайды татуластыра алмағандығына ұялып, қызарып кетіпті.

Содан бірталайға шейін Қарағайдың қызынан хабар болмапты. Сонан соң Арша тасқа ғашық болып, шешесінен қашып барып, осы күнге шейін таспенен бірге тұрып келеді.





















Жерұйық

Жер бетінде жанға жайлы бір жұмақ орын бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол «Жерұйық» деп аталады. Онда адамдар ауырмай-сырқамай жүз жасқа дейін, тіпті одан да ұзақ өмір сүреді, ал мал жылына екі мәрте төлдейді, онда ауылдарға жау шабу қатері жоқ, онда сұрапыл жұттар орын алмайды.

Барша төңіректе жайқалып қалың майса шөп өседі, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағады, ал көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді.

Адамдар мың мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамын ойлап жандарын ауыртпайды.

Онда бәрі тең, әрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп үйлесімді өмір сүреді.

Және бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды.

Тек сол жерге жету қиын. Ұзақ та ауыр жолға жылдар бойы дайындалу қажет.

Жерұйыққа апаратын жол шөл далалар арқылы, таулар мен теңіздер арқылы өтеді деседі. Тек бақыт үшін күрес дегеннің не екенін білетін әрі барша сынақтан мойымай өткен халық қана осынау елде өз қонысын орнықтыра алады.

Алайда бұл жердің қайда жатқаның ешкім білмейді...













Есекқырған жұлдызы

Айман-Шолпан жұлдызы күн шығардан бұрын көрінеді де, келе жатқан жаңа күннен хабар береді. Оны адамдардың бәрі жақсы көреді. Бар жағынан Айман-Шолпанға ұқсас бір жұлдыз бар, бірақ ол көк жүзінде түн ортасында пайда болады да, жолаушыларды алдап, керуендерді адастырады. Оны Есекқырған деп атайды. Ал оған бұл атау неге берілгені туралы халық ішінде мынадай әңгіме айтады.

Елсіз далада есектердің үлкен керуені келе жатады. Құдыққа жеткеннен кейін, кірешілер түнемекке тоқтайды. Түн ортасында керуен басы оянып кетеді де, аспан айдынынан жарық жұлдызды көреді. Содан ол адамдарды жұлқылап оята бастайды:

  • Әй, тұрыңдар, жолға шығу керек, таң атып келеді. Міне, әлден Айман-Шолпан көкте тұр, асығу қажет, түске дейін келесі құдыққа жетіп алатын болайық.

Керуен жолға шықты. Бір сағат жүрді, екі сағат жүрді, үш сағат жүріп келеді, ал түн созылып, таусылар емес, жарқырауық алдамшы жұлдыз жарқырап тұрды да батып кетті. Ал нағыз Айман-шолпан туып, жер жарықтана бастағанда адамдар өздерінің жолдан шығып, сусыз бос далада адасып кеткендерін ұқты. Құдық іздеп еді – таппады. Талшық етер азық пен шөл басар су жоқтықтан барлық есек қырылып қалды. Ал керуеншілер тек бірнеше күннен кейін ғана түйелердің арқасында, құл сүлдерлерін сүйретіп, суға апаратын жолға шыға алды. Есекқырған жұлдызы осындай.

Бөрі-Тастаған тауы

Тарбағатай тауларының солтүстік сілімдері мен Қалба тауларының оңтүстік сілімдері арасында Сары дала жазығы жатыр. Осы жазықтың ортасында едәуір биік Бөрі-Тастаған тауы жеке-дара еңсе көтеріп тұр. Осы атаудың қалай пайда болғаны жөнінде мынадай аңыз бар.

Бір кездерде Тарбағатай тауында алып әйел ешкі бағып, тоқыма тоқып жүреді екен. Әдетте ол үлкен Тарбағатай үстінде отыратын, ал бұл кезде оның аяқтары кіші Тарбағатайда жататын.

Бір күні оның малына қасқыр тиеді. Алып әйел ұршықты ұстай алып, онымен қасқырды жіберіп ұрады. Ұршық Сары құлап түседі де, сонда мәңгі қалып қояды. Бөрі-Тастаған тауының аты осыдан – бөріге, яғни қасқырға тастаған деген тіркестен шыққан екен.



Іле мен Қаратал

Сиқырлы Балқашың Іле есімді сұлу қызы болыпты. Оның даңқы күллі далаға тараған екен. Оған құда түсушілер – дәулетті байлар мен хандар көп болыпты, бірақ олардың ешқайсысын да қыз өзінің сұлулығына тең көрмепті.

Сонда Балқаш күйеулер үшін жарыс өткізуге ұйғарады. Сөйтіп сиқыршы:

  • Кімде-кім ақылды, епті және күшті болып шықса, сол Ілені алады! – деп хабарлайды.

Бұл жайды жас Қараталдың құлағы шалды. Жігіт өте кедей еді. Бірақ оның бірер тамаша сәйгүлігі болатын, өзі ептілігімен, жаужүректігімен және күшімен ерешеленетін. Сондықтан сиқыршының сарайына барып бақ сынауға Қаратал да аттанады.

Жарлы жігіт пен Балқаштың сөйлескісі де келмейді. Бірақ Іле оны бір көргеннен-ақ жақсы көріп қалды. Әкесіне өтініш айтып, Қараталды күйеулер жарысына қатыстыруға оны көндірді.

Қаратал байлар мен хандарды күресте де, ат бәйгесінде де жеңді. Алайда Балқаш сөзінде тұрмады. Ол кедей жігітті өзіне күйеу бала етуден бас тартты.

Сұлу қыз күні бойы жылады, ал түнде оған құпия түрде Қаратал келді де ұсыныс айтты:

  • Егер мені сүйсең – қашайық!

Іле оған қуана келісті. Сол түні-ақ олар Қараталдың атына мінгесіп, шауып кетті.

Балқаш олардың бірге қашып кеткені туралы біліп қойды. Далада күн күркірегеннен әрмән қатты естілген ашулы дауыспен, ол қашқындарға тоқтаңдар деп әмір берді. Бірақ Іле мен Қараталдың қайтуға ниеті жоқ еді. Олар Қараталдың туған ауылына қарай құстай ұшты.

Сонда сиқыршы далаға ауысты да, қашқындардың аттарының аяғы астына үлкен көлге айналып кеті.

Содан бері бұл көл оның атымен Балқаш деп атала бастады. Іле мен Қараталды сиқыршы әр тұстан осы көлге құйылып жататын асау өзендерге айналдырып жіберді. Олардың қосылғысы келіп буырқанып-толқып жатқанына талай ғасыр болды.

Толағай тауы

Ертеде бір дәу өмір сүріпті. Оның екі ұлы болған екен. Кіші ұлы, Ертісте шомылып жүріп, суға кетіпті. Дәу баласын іздестіреді, бірақ таппайды. Сонда ол Ертісті байлап қоюға бел байлайды. Сөйтіп дәу Тарбағатай тауларынан Толағайды бөліп алады да, Ертіске қарай көтеріп ала жөнеледі. Қалба тауына жеткен кезде тоқтап, өзінің үлкен ұлының қасына дамылдайды, одан Толағайды Ертіске дейін жеткізу үшін өзіне көмектесуін сұрайды. Бұл үшін ол ұлының ештеңеге алаңдамай, жақсылап тынығып алуын, әйелімен кездеспеуін, онаша түнеуін өтінсе керек. Бірақ ұлы әкесі айтқан шарты бұзып қояды, сөйтіп ертесіне тауды көтеріп жүруге шамасы жетпей қалады. Сондықтан, өзі де шаршаулы дәу Толағай тауын әрі тасымай, Қалба таулары қатарында қалдырып кеткен екен.

Шөл және түйе

Бағзы бір заманда әлдеқандай хан өмір сүріпті. Және оның жігіт болған ұлы мен айдай сұлу қызы бар екен. Уақыт өте береді. Хан қызына дәулетті күйеу табады да,оны ұзатпақ болады. Бойжеткен әкесіне жалынып, өзін туған ауылынан әкетпеуді өтінеді. Бірақ әкесі оған былай деп жауап береді: «Қыздар атам заманнан ұзатылуда және күйеу балалар атам заманнан қалыңдықтарын өз ауылдарына алып кетеді».

Сонда қарындасы мен ағасы үйден қашып кетуге тәуекел етеді де, түн қараңғысында атқа мінеді.

Таң атқанда хан ұйқысынан оянды да, не жоғалтқанын білді. Ол тілазар балаларына ашуланды, сөйтіп өзінің таңдаулы жігіттерін қашқындарды қуып жетуге жұмсады. Ханның балалары өздерінің құтыла алмайтының түсінді. Сонда бойжеткен құм болып шашылып түсті де, шөл далаға айналды, ал бозбала адамдар түйе деп атайтын жануарға айналды. Жалғыз түйе ғана шөлді кесіп өте алады, ал шөл дала өз иелігіне басқа ешкімді де кіргізбейді.

























Бурабайдың қайдан шықаны жөніндегі аңыз

Көз көріп құлақ естімеген алыс замандарда, қазақтар Алатау баурайында, Балқаш, Арал және Каспий жағаларында қоныстанған шақтарда, сол өңірлердің барлығы толған тау, өзен, орман, көл екен. Арнасы кең, суы мол өзендерде балық құжынап, ит тұмсығы өтпес ну ормандарда аң көп болған көрінеді. Осындай жағдай талай ғасыр бойы сақталса керек. Бірақ бірде қазақ руларының әлдеқайсысы бірдеңеден айыпты болып қалыпты да, сонысымен алланы ашуландырыпты. Алла адамдарға қатты қаһарланса керек, сөйтіп барлық орман, тау, өзендердің бәрін жинастырып қапқа салып алыпты да, солтүстікті бетке алып әлдебір жаққа жүріп беріпті. Бірақ алланың қабында тесік бар болатын.

Алла жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кезде оны түшкірік қысады. Сонда алла түшкіріп жібереді де, қаптағы тесіктен өзі жинап алған орман, жер, тау, көлдердің бір бөлігінің түсіп қалғанын аңғармай қалады. Бұл жәйт тура қазіргі кездегі Бурабай курорты тұрған жерде болыпты. Аңыз осылай дейді...

























Дөңгелек көл туралы аңыз

Бұл бағзы бір уақыттарда болған еді. Жас жігіт көрші ауылдың бойжеткеніне ғашық болып қалады, қыз да оны жақсы көріп кетеді. Олар қосылғысы келеді, бірақ оған қалыңдықтың ата-анасы қарсылық білдіреді.

Болашақ күйеу бала кедей еді, ал олар өздерінің сұлу қыздарын дәулетті байға ұзатқысы келетін. Сонда жастар ауылдарынан қашып кетуге бел байлайды. Бірақ олардың бірге қашқандығы тез білініп қалады да, соңдарынан қуғын жіберіледі.

Қуғыншылар оларды қуып жетуге тақалып қалады, әне-міне дегенше ұстап алатын да түрлері бар, бірақ бойжеткен аспай-саспай, арт жағына қарай білезігін лақтырып тастай салады. Сонда іле-шала, білезік түскен жерде көл пайда болады.

Қыз бен жігіт көзден таса болып үлгереді. Сол заманнан бері көл Зеренді деп аталады «зерен» - «білезік» деген ұғымды беретін көне сөз. Зеренді көлі дөп-дөңгелек және оның суы көздің жасындай таза да мөлдір.























Райымбек бұлағы

Ертеде бір кездерде жер бетінде Райымбек батыр өмір сүріпті. Ол өзінің сарбаздарымен бірге қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаған болатын. Ауыр шайқастар жүріп жатқан. Бір кездері, жауды қуып келе жатып, Райымбектің жауынгерлері шөл далаға тап келеді. Олар сусап, шөлдейді, сөйтіп олар су іздеуге кіріседі. Ұзақ шарлайды, бірақ еш жерден бұлақ таппайды.

Сарбаздар әлсірей түседі. Сонда Райымбек бар күшімен ұрып, найзасын жерге қадайды, ал найзаны қайта суырып алғанда, сол жерден су шапшып шығады.

Сонау бұлақ осы уақытқа дейін Алматы облысының Қарақастек ауылында мөп-мөлдір болып тұнып ағып жатыр. Халық сол тұманы қасиетті деп санайды және оны Райымбек бұлағы деп атап кеткен.





























Күзгі қозының көлі

Бұл атам заманда болған еді. Тау ішіндегі бір жазирада таза бұлақ бар болатын. Әкесі мен баласы баққан қойларын суаруға сол тұмаға жабатын. Олардың отарында бір күзде туған, яғни марқа қозы бар еді. Сол марқа қозы күндерде бір күн бұлақтан су ішіп сусынын қандырып алуға бел байлапты. Кенет, суды рахаттанып сіміріп жатқанында, оны бұлақ өзіне тарта бастайды. Қозының суға батып бара жатқанын көрген бала жүгіріп барып, оны құтқарып алуға тырысады. Бірақ қозыны шығарып алуға әлі жетпейді. Сонда бала әкесін шақырады. Әкесі баласына көмекке келеді де, қозыны екеулеп тарта бастайды, сөйтіп бірлесе қимылдап, оны құтқарып қалады. Ал бұлақтан бір кезде лық етіп мол су көтеріледі де, көл болып, күллі жайылымды басып кетеді. Сол уақыттан бері оны Марқакөл – «Күзгі қозының көлі» деп атап кеткен екен.





























Ұмайдың бұлақтары

Ерте, ерте, ертеде, алабажақ таулар етегінде бір отбасы тұрып жатыпты. Оларда бәрі бар екен – күйлі-қонды мал табындары да, дендері сау әрі ақылды балалары да болыпты. Бірақ бірде ошақ басына күтпеген жерден пәле келіпті: кенже ұл қатты сырқатанып қалыпты, Ол күндіз-түні төсекте есінен айырылып алас ұрыпты. Балгерлер оны ақ түйенің сүтіне де шомылдырыпты, жеті ақ қойдың жүнінен бастырылған киізге де орапты, борсық майын да ішкізіпті, дертті қуып шығу үшін қамшымен де сабалапты, жылқы етін де жегізіпті, ал бірақ бала көз алдарында арып-аршып, құл сүлдері қалып бара жатады.

Қолдан келер дәрмен жоқ, не істерін білмей, ата-ана қайғыдан құса болыпты. Бар тапқан-таянған, жиған дәулетін балгерлерге беріп, ұлдың еміне жұмсапты, соңғы күміс теңгесіне дейін шығарыпты. Бірақ ауруды жазуға ешкімнің де шамасы келмепті.

Міне сондай күндердің бірінде баланың анасы үй жинап жүріп, киіздің бір бүктеуіне түсіп көзден таса қалған балақай білезігін тауып алады. Содан көп жыл тауып алған, сосын содан кішкентайына көз тиюден қорғайтын білезік-тұмар жасап берген. Перзенті оны тағып жүрген кезде олардың отбасын қырсық біткен айналып өтетін-ді. Мұндай тұмарларды бөтен адамдарға беруге де, сатуға да болмайды деседі, бірақ енді амал жоқ. Бұл білезік енді олардың үйіндегі жалғыз құнды дүние еді. Алайда оны балгер қабыл алмады, әшекейдегі ақық атты ескі асыл тастан қашалған жеті моншақты ол менсінбеді, оны қымбат мүлік болып саналмайды деді. Әйел үйіне салы суға кетіп оралды.

Қайтып келе жатқан жолында ол бұтақтар кең жайылған ағашты көрді. Кәрі долана ағашы бұтақтарын әйелге созып, құдды құшақтағысы келгендей, сөйтіп оны жұбатқысы келгендей болды. Сорлы әйел жылап жібереді де, анасына шағынғандай көңілмен, оған өзінің мұңын айтады. Сосын, ұлының білезігін Ұмай анаға тарту етіп, бұтаққа іледі. Содан соң, кетуге енді жинала бастағаны сол , кенеттен, білезіктің моншақ тізілген жібі үзіліп кетеді де, моншақтар сыңғыр қағып жерге домалап түседі. Олардың түскен жерінен шып-шып етіп титімдей бұлақтар атқылай жөнеледі. Олардың саны тура жетеу еді, тап бір шашылып түскен моншақтардың мөлшеріндей – жеті моншақ, жеті бұлақ.

Мынадай кереметті көріп, таң болған әйел бұлақтардың бәрінен де аз-аздап су құйып алады. Содан соң үйіне жеткенше асығады, сырқат ұлының аузына тезірек таңғажайып су тамызғанша шыдамсызданады. Ана жүрегі алдамайды. Баласы бірер жұтым су ішкен бетте, дертінен табан астында сауығып, жайнап шыға келеді.

  • - Сенің жалбарынғанынды естіп, саған жаны ашыған, сөйтіп қол ұшын созған – Ұмай-ана піріміз, - деді әйелге бір кемпір, - себебі Ұмай ана – барша балалар мен әйелдердің қорғанышы.

Сол уақыттан бері халық осы жеті бұлақтың суын шипалы деп санайды. Олар ағып жатқан аңғарды Ұмайдың бұлағы – Ұмайбұлақ деп атайды. Егер кімді-кім осы жерге таң ата келсе, бұлақтардың түбінен көгілдір моншақтарды көре алады деседі білетіңдер. Алайда Ұмай ана оларды елдің бәріне көрсете бермейді. Ұмай-ана піріміз оларды тек жаны таза адамдардың көмекке мұқтаждарына ғана көрсетеді.

























Жұмбақ жартас

Бурабай көлінің қақ ортасында Жұмбақтас деп аталатын ғаламат сырлы жартас тұр. Ол күллі Солтүстік Қазақстандағы осынау аса көркем орынның символы деп есептеледі. Егер жартасқа шығатын көз салсаң – шашы желмен созыла желбіреген сұлу қызды қырынан көргендей боласың, ал оған егер батыстан қарасаң – көзіңе құс тұмсық жалмауыз кемпір шалынады. Осындай қызық тас. Бұл орынға байланысты мынадай бір аңыз бар.

Әңгімешілер ертеде бір байдың сұлу қызы болғанаң айтады. Оған көптеген күшті де бай жігіт бірінен соң бірі келіп, құда түскен екен. Бірақ қыз бір кедей жігітті жақсы көріпті. Алайда олардың некелесуіне қыздың әкесі қарсы болады. Сондықтан ғашықтар түн жамылып бірге қашып кетуге уағдаласқан көрінеді. Сөйтіп, олар түнде үйлерінен жасырын шығып келіп қайыққа мінді. Міне, жағадан айдынға шығып үлгерді. Осы кезде соңдарынан қуғын жетеді де, суға тіреліп, тұрып қалады. Сонда көл ортасына барып қалған қашқындарды, қыздың әкесінің қуғыншылары садақпен ата бастайды. Зу-зу ұшқан жебелер жігіттің жүрегіне қадалады да, ол қаза табады. Ал қыз қайғыдан өзін өзі суға тастайды. Көлге құлап түседі де, жартасқа айналады.





















Махаббат тасы

Бұл тас шынымен бар. Іле сырты Алатауының аса биік емес асуларының бірінде тұр. Сырт қарағанға, ол – біздің тауларымыздан жиі кезіктіруге болатын жәй ғана қарапайым тас, дәлірек айтқанда – жартас. Бірақ егер байыптап қарар болсаң, оның бетіне қырынан бедерленген екі бейнені – жүздерін күнге төсеген әйел мен ер кісілерді көруге болады.

Алматыда бұл тас жайында айтылып жүрген талай аңыз бар. Олар сан түрлі. Бірінде соншалықты романтикалық сезіммен басталып, қайғылы аяқталған махаббат тарихы айтылады: бойжеткен әлде алысқа кетіп қалады, әлде қайтыс болады, ал ғашық бозбала өзінің аспани ғашықтығының естелігіне өздерінің кескіндерін тасқа ойып салады. Басқаларында былай айтылады – өзара ғашық жастарға әуелде бірдеңе немесе әлдекім кедергі болып, олар қосыла алмайды, бірақ, ақырында, барлық қиындықтан өтіп, олар бақытқа кенеледі. Жұрт сол ғашықтарды осы тас қасынан көріпті, олар мұнда өздерінің үйленген күндерінің кезекті жылын атап өтуге арнайы келген екен деседі. Тасқа жас бейнелерді әсерлі бедерлеген белгісіз мүсінші Алматы көркемсурет училищесінің студенті болған екен.

Мынадай сенім бар: егер осы тасқа таң шапағымен бірінші боп келіп, тілек тілер болсаң, онда ол міндетті түрде орындалады. Ал бірақ, махаббат тасы Көкжайлауға бастар соқпаққа тақау жерде тұрғанымен, оған жету соншалықты оп-оңай емес.

Аңыз-тасты алғашқы ұмтылыста-ақ бірден тауып алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Солай болу да керек. Махаббатқа жол табу дегенің өте қиын...











Өмірзая жұлдызы

Өмірзаядан өткен сұлу жұлдыз болмаған екен. Күллі аспан шырақтары оған сүйсіне қарайды екен. Ал ол сонау бағзы замандарда түні бойы көк жүзінен түспейді екен.

Дөңгелек жүзді көркем Ай өзінің бәсекелесі ретінде Өмірзаяны жек көріп кетеді.

Бірде олар аспанда кездесіп қалды да, сөзге келісіп қалысты, сосын ашу үстінде біріне бірі тарпа бас салып төбелесті. Өмірзая пысығырақ еді: ол тырнақтарымен Айға жабыса кетті де, оның бет-аузын түгел тырнап тастады. Осы уақытқа дейін – мұқият қарап көріндерші – Айдың бетінде қара тырнақтар көрініп тұр.

Нашар мінез-құлқы үшін Құдайлар Өмірзаяны жазғырады. Олар Өмірзаяға аспанда қысқа мерзімге ғана көрінуге әмір етті, оның өзінде көкте басқа шырақтар: не Күн, не Ай, не жұлдыздар жоқ кезде ғана шығатын болды.

Сондықтан тамаша сұлу Өмірзая көк аспанда жападан-жалғыз жарқырап тек кешкісін, күн батқан шақта ғана пайда болады да, жұлдыз туар-тумастан жоғалып кетеді.





















Қонақасы

Баяғы заманда, жер бетінде адамдар әлі мүлдем азғантай болған кездерде, бір асқан дана қарт өмір сүріпті. Ол жабайы түйелерді, аттарды, сиырларды, ешкілерді қолға үйретіпті, сөйтіп қазақ даласында мал өсірумен шұғылданған алғашқы малшы болыпты. Оның үш ұлы бар болатын. Кеңпейіл де көргенді ұлдар бар мәселеде әке сөзін тыңдайтын екен, малын асқан ынтамен бағыпты, табын, үйір, отарларды мұқият қорғапты.

Әбден қартайған соң, шал ұлдарын қасына шақырып алды да былай дейді:

  • Ажалым жетті, балаларым, жақында өлемін. Еңбек пен ақыл жұмсап тапқандарымның бәрін сендерге қалдырамын. Менің малымды төрт тең бөлікке бөліңдер, әрқайсысы өзіңе бір-бір табыннан алыңдар да, әке ісін табыспен жалғастырыңдар. Көш беретін жақсы жолдарды таңдап алыңдар, малды қадірлеңдер, басына бас қосып көбейтіндер, тату-тәтті өмір сүріңдер, өз ұрпақтарынды жақсылық пен ізгілікке баулыңдар...

Ұлдары әкелеріне бас иіп тағзым етті, өздеріне берген тартуы үшін рахмет айтты, бірақ үйден шығардан бұрын, оған былай деп сұрақ қойды:

  • Біз қағыс естіген жоқпыз ба, айтыңызшы, біздің әкеміз, біз сіздің аманатыңызды дұрыс ұқтық па екенбіз? Біз ғой – үшеуміз, ал сіз малды төрт бөлікке бөлуді тапсырдыңыз. Төртінші бөлікті кімге қалдырмақшы едіңіз?

Ажалы жетіп отырған қарт былай жауап берді:

  • Төртінші бөлікті мен сендердің... қонақтарына қалдырымын. Ас пен баспанаға мұқтаж болған әркім, кімде-кім өз ықыласымен немесе мұқтаждықпен сендердің үйлеріңе бас сұқса, солар сендерден баспана, жылы көңіл және мол ас-су табатын болсын. Ал егер сендердің меймандарың сыпайыгершілікпен, өздерінің қарапайымдылығынан тағам мен сусыннан бас тартатын болса, онда оларға айтыңдар, олар сендердің емес, өздеріңнің ас-суларынды ішіп-жеп отырсыңдар деңдер, өйткені сендердің дәулеттеріңде олардың да үлесі бар.

Ғасырлар өтіп жатты. Адамдар көбейіп, далаға тарап кетті. Үлкен ұлдың ұрпақтары үлкен орданы – ұлы жүзді, ортаншы ұлдың ұрпақтары орта орданы – орта жүзді, кенже ұлдың ұрпақтары кіші орданы – кіші жүзді ұйыстырды. Содан бері өмірде көп өзгеріс болды. Бірақ барша уақытта – ғасырлар, жылдар, күндерде қырдағы қонақжайлылық әдет әрдайым берік болып келеді. Қазақтың үйіне күндіз немесе түнде кім кірсе де, әрқайсысыне жылы қабақпен күтіп алу және құрметтеу, бейбіт тынығысқа жағдай жасау және жомарт ас-су тарту дәстүрі – «қонақасы» тосып тұрады.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ғажайып елінің аңыздары"

Автор: Солтанбекова Нұргүл Аскербекқызы

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365677

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Тарихы сырлы ертеңі,нұрлы ғажайып ел »"
    ["seo_title"] => string(44) "tarikhy_syrly_iertien_i_nu_rly_g_azhaiyp_iel"
    ["file_id"] => string(6) "408764"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492008328"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ел ерте?ін ойла?ан Елбасы "
    ["seo_title"] => string(31) "iel-iertien-in-oilag-an-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "155530"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421297387"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ғажайып сурет әлемінде""
    ["seo_title"] => string(22) "gazhaiyp_suret_leminde"
    ["file_id"] => string(6) "532702"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1576702141"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Тіл дамыту. Ертегі елінде"
    ["seo_title"] => string(26) "tildamytuiertieghiielindie"
    ["file_id"] => string(6) "309347"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458795145"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Ертегілер елінде" жа?а жылды? сценарий "
    ["seo_title"] => string(48) "iertieghilier-ielindie-zhan-a-zhyldyk-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "207793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430653036"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства