kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиет п?нінен "А?ыз а?ын - С?кен" та?ырыбы

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?ыз -  а?ын.

Ма?саты:

1.О?ушылар?а  С?кен Сейфуллин шы?армашылы?ыны? таби?атын таныту. С?кен т?л?асын толы??анды ??растыру?а к?ш салу.

 2. О?ушылар д?ниетанымын ке?ейту, ой ?ш?ырлы?ына баулу.

3. О?ушыларды ?лтжандылы? рух?а, ізденпаздылы??а т?рбиелеу.

Жабды?талуы: С?кен Сейфуллин суреттері, буклет, кітаптар к?рмесі, ?анатты с?здер.

Барысы:

М??алім с?зі: ??рметті о?ушылар! Абайды? ізбасары, арысымыз С?кен Сейфуллинге арнал?ан ?деби кешімізді  бастайы?. Заман ?згерген сайын талапта ?згереді. Міне, кезінде ?аза? жерінде туып - ?скен а?аларымыз ?з жерінде жау болып ?у?ындалып, репрессия ??рбаны болды. Ал, ?азір заман т?зеліп, ??рбан бол?ан алаш азаматтары а?талып, о?улы?тарды? т?рінен орын ала бастады.

О?ушы: Сен жайлы талай естідім,

              А?ыз к?п, а?а, сен жайлы ...

              Жиналып ?арттар кеш??рым

              Сен жайлы бір жыр тол?айды.

              О баста б?рін та?дыры?

              Кеме?гер ?ылып жарат?ан,

              ?улие ?арттар барлы?ы

              Аузына елді ?арат?ан.

              Ма?тайды сені, д?лділім,

             Со?ады таудан майда леп.

             ?оштайды б?рі бір-бірін:

             «С?кендей болу – ?айда!» ... деп.

О?ушы: ?алада сол с?т жымиып,

              ?жімдер ?нсіз таралып,

              Ж?зіне с?уле ??йылып,

              Д?ние бір с?т жа?арып.

              Сиынып сонда мы? рет,

              Ш?кірлік айтам ішімнен,

              Сенбісі? ?лы ??дірет,

              Жігіттікті еске т?сірген...

              ?тті?бе а?ып, ?з-а?а,

              ?адірі?ді елі? білсі? деп.

              Арты?нан келген азамат

             А?ыз ?ып айтып ж?рсін деп.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиет п?нінен "А?ыз а?ын - С?кен" та?ырыбы »

Аңыз - ақын.

Мақсаты:

1.Оқушыларға Сәкен Сейфуллин шығармашылығының табиғатын таныту. Сәкен тұлғасын толыққанды құрастыруға күш салу.

2. Оқушылар дүниетанымын кеңейту, ой ұшқырлығына баулу.

3. Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізденпаздылыққа тәрбиелеу.

Жабдықталуы: Сәкен Сейфуллин суреттері, буклет, кітаптар көрмесі, қанатты сөздер.

Барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Абайдың ізбасары, арысымыз Сәкен Сейфуллинге арналған әдеби кешімізді бастайық. Заман өзгерген сайын талапта өзгереді. Міне, кезінде қазақ жерінде туып - өскен ағаларымыз өз жерінде жау болып қуғындалып, репрессия құрбаны болды. Ал, қазір заман түзеліп, құрбан болған алаш азаматтары ақталып, оқулықтардың төрінен орын ала бастады.

Оқушы: Сен жайлы талай естідім,

Аңыз көп, аға, сен жайлы ...

Жиналып қарттар кешқұрым

Сен жайлы бір жыр толғайды.

О баста бәрін тағдырың

Кемеңгер қылып жаратқан,

Әулие қарттар барлығы

Аузына елді қаратқан.

Мақтайды сені, дүлділім,

Соғады таудан майда леп.

Қоштайды бәрі бір-бірін:

«Сәкендей болу – қайда!» ... деп.

Оқушы: Қалада сол сәт жымиып,

Әжімдер үнсіз таралып,

Жүзіне сәуле құйылып,

Дүние бір сәт жаңарып.

Сиынып сонда мың рет,

Шүкірлік айтам ішімнен,

Сенбісің ұлы құдірет,

Жігіттікті еске түсірген...

Өттіңбе ағып, әз-аға,

Қадіріңді елің білсің деп.

Артыңнан келген азамат

Аңыз ғып айтып жүрсін деп.

Оқушы: Ардагер аға - Сәкеннің жарқын бейнесін мәңгілік ету жолында көптеген игі істер атқарылды. Туған әдебиетіміз бен өмірімізде Сәкеннің көркем бейнесі жасала бастады. Көркем прозада атақты қаламгеріміз Ғабит Мүсірепов қаламынан туған «Кездеспей кеткен бір бейненің» орны өзгеше. Сол секілді С.Талжанов «Сейфолланың Сәкені» атты документті повесть жазды. Бұлармен қоса поэзияда да ақын бейнесін жасауға талаптанған жақсы ізденістер бар. Революционер ақынға арналған ондаған өлең-жырлардың сыртында үлкен-үлкен үш бірдей поэма да туды. Олардың авторлары арқылы ақындарымыз – Асқар Тоқмағанбетов, Қалижан Бекхожин, Саттар Сейтхазин.

Оқушы: Сәкен Сейфуллиннің көркем өнердегі бейнесін, азаматтық ірі тұлғасын жасауға құлшыныс білдірушілер арасынан драматургтер мен сахна қайраткерлері атқарған жұмыстар орны өзгеше. Санап отырсақ, бүгінгі таңға дейін Сәкен өмірі мен революциялық қызметін көрсетуге арналған, немесе ақын шығармалары негізінде жасалған жеті бірдей сахналық туынды дүниеге келді.

Оқушы: Бұдан кейін сахнаға қойылған пьеса драматург Қапан Сатыбалдиннің «Жер бетіндегі ең ұзақ жол» деген драмасы. Бұл туынды «Ең ұзақ жол» деген атпен Республикалық балалар және жасөспірімдер театрында сахнаға шықты. Сәкеннің революциялық қуат пен шабытқа суарылған жалынды жырларының туу процесін, творчестволық лабораториясын жасауға да ден қойылған. Бұл талабы негізінен сәтті шыққан.

Оқушы: Ғасырларға даңқынды алып барамын.

Перзенті болғанмен ол бір әкенің,

Қимайды ел бір әкеге бұл Сәкеннін!

«Ақ сүтім! Ақ перзентім!» дейді халық,

Жаныңның Альбатрос жыр Сәкенін!

Қашанда халық айтса дәл айтады.

Тау құптап, бұлт тымағын шалқайтады.

Маңдайын ай сәулеге ашып тастап,

«Жас қазақ марсельезасы» ән айтады!

Хор: «Жас қазақ марсельезасы».

Оқушы:

Атқыған оқ боранда ол – қызыл жалын,

Шақырып шайқасқа жас бауырларын.

Жан отын жалауы етіп арманыңның,

Азаптың өзіне алған ауыр жағын.

Ертектеп естуші едік ерлерді,

Көзімен мұндай ерді кімдер көрді?!

Біз көрдік сол бір ерді оқ астында

Бұғауды бұзып шыққан тас кемерді!

Оқушы:

Ұқсап бақ болмасаң да ұлыларға,

Солай болсаң жалының суынар ма?

Ақ жолы арманыңның – ақ семсерің,

Жүзінен сүй жауыңа суырарда!

Өзі солай, өзгеге соны шарт қып,

Нағажайды уыстан түнде жарқ-жұрқ,

Тар жолда, ажалменен арпалыста,

Шыққан кім азаттықты ту ғып, ант қып?!

Біздің Сәкен, міне, осындай нұр Сәкен!

Өлең – жырда тың көтерген жыр – Сәкен.

Оның есімі: «Совестан... Гүлстан»...

Жыр биікте – Альбатрос жүр Сәкен!

Оқушы: Әбділдә Тәжібаевтің «Монологтар» пьесасы да «Сағынамын күн сайын» деген атпен сахнаға шығарылды. Бұл негізінен драмалық поэма. Мұндағы негізгі кейіпкердің бірі – Сәкен Сейфуллин.

Әлжаппар Әбішевтің «Сәлем, Сәкен аға» атты пьесасы Шымкент облыстық қазақ драма театрында қойылды. Пьеса Сәкен өмірі мен революдциялық істеріне бүгінгі замандастар көзқарасы тұрғысынан қайрыла үн қату, жауаптасу, ой түю, пікірлесу ретінде жазылған.

Оқушы: Драматург Амантай Сатаевтің «Жол үстіндегі тамұқ» деген тарихи – революдциялық драмасы бойынша Семейдің Абай атындағы қазақ драма театры қойған «Ажал вагоны» спектакілі. Драманың авторы шығарманы жазбас бұрын Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабының оқиғалары болған жерлермен жүріп өткен. Соның нәтижесінде Амантай Сатаев 1970 жылы «Ақын ізі» атты кітабын жазды.

Ән: «Тау ішінде».

Оқушы: Қазақтың Абай атындағы Ленин ордені академиялық опера және балет театры сахнасында белгілі композитор Сыдық Мухамеджановтың Сәкеннің «Көкшетау» поэмасы негізінде жазған «Жұмбақ қыз» операсы қойылды. Операны көрермен қауым жылы қабылдады. Ал, балет сахнасында ақынның «Аққудың айрылуы» бойынша «Аққу әні» атты балеттік би қойылды. Биді қойған балетмейстр, Қазақ ССР-нің халық артисі, республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Болат Аюханов.

Оқушы: Көтеріп биік-биік тұғырларға.

Жақсы адамның ежелден жаны сұлу,

Жаны сұлу жандардың бәрі сұлу.

Тау санамас тарысын тарланбоздар,

Жаттың тауын онда жоқ тарысыну.

Сұлулықтың күнә ғой әрін сылу,

Батырлықтың өлім ғой сағы сыну.

Көтерді батырдың аруағын

Туған жер топырағына қаны сіңу ...

Оқушы:

Халықтың билігіндей заңның жоқ та,

Өзі ғой әділ қазы, әділ сот та:

Өссек те сақалдыны сыйлап,

Кейде

Тоқсандағы қоспайды шалын топқа,

Жиырма жасар жігітті пір тұтады,

Халқы үшін түсер болса қалың отқа.

Таниды халық жазбай батырын да,

Сүйеді аруақты ақынын да.

Халыққа сыбырлаудың керегі жоқ:

Жібермейді ешкімнің тақымында...

Жалдан тартып мінген күн ол атында,

Күрескердің кірген күн санатына;

«Жетті, - депті,- қызыл көз қорқауларға

Әлсізді талату да, тонату да!..»

Оқушы:

Анненковтың азапты вагонында,

Салып тұрып ажалды табанына.

Орақ – Балға одағын орыс, қазақ

Өнеге ғып көтереді заманына!

Жаны сусап, көсеммен жолығысқан,

Ильич те оның сеніммен қолын қысқан:

Большевиктің парызы – ұқты Сәкен-

Бұқараға бақыттың жолын нұсқау!

Толғағанда көптің ол қамын ынтық,

Көкейдегі қалмаған барын іркіп.

Тілге оралған ойларын түгел төккен.

Ұшқын атып, сөзінен жалын бүркіп.

Оқушы:

Достық – сый дастарқаннан дәм татысып,

Горькиймен сырласып,

Шер тарқатысып,

Қуанды ол келер күндер жырларына,

Көңілмен ергек болжап, дарқан пішіп.

Ақын тура өткен жол – Ленин ізі,

Адастырмас жұлдызы – Ленинизм.

Жұлдызынан көз жазып көрмеген ол-

Сүрінбеген бір мәрте, соны сезін!

Сенімді жан өзіне, мұратына,

Қосады екен көптің күш қуатына,

Сөз келтіріп, әсте шаң жуытпаған,

Сейфуллин Сәкен Қызыл ту атына.

Оқушы:

Сәкен десе бар қазақ тәк тұрыпты:

Сүйсініп, бөркін көкке лақтырыпты.

Тұңғыш саңлақ жыршысын қазанның

Еркелеткен сәбидей шат қылықты!

Осындай ұл туғызған халқымызға

Тәліммен тағзым ету салтын бұзба

Алға

Аға дәстүрін жалғадық па-

Өлшенбей ме сонымен нарқымыз да!

Сейфуллин Сәкен де бар – Туы барда!

Әлі үлгермей жатырмыз...

жуырманда

Алтыннан да сомдаймыз өр тұлғасын,

Көтеріп биік-биік тұғырларға,

Аманат қып келешек буындарға.

Ән: «Көкшетау».

Мұғалім сөзі: 1938 жыл, 25 ақпан ... Бұл күні қазақ поэзиясының басына қара бұлт үйірілген, орны толмас өкініш пен қайғыға толы қаралы күн болды деп ойлаймын. Бұл күні «ажал» атты келместің кемесі өз «Бармакелмесіне» өр тұлғалы, қайсар рухты ақынымызды мәңгілікке алып кетті. Міне, оқушылар, өздеріңіздің де көздеріңіз жеткен шығар. Қазақтың бір туар алыптарының бірі - Сәкен Сейфуллин өмірден озса да, оның шығармалары, өлеңдері, поэмалары мәңгі өлмейді. Сәкен мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп – қадірлейтін қазынасы!

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған!- дегендей, Сәкен ағамызға арналған әдеби кешімізді жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?дебиет п?нінен "А?ыз а?ын - С?кен" та?ырыбы

Автор: Аязбекова Зауреш Каримовна

Дата: 18.01.2015

Номер свидетельства: 157522


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства