Басы 10 мин 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түстер арқылы топқа бөлу. Бір-біріне есімдерінің алғашқы әрпіне сай сын есіммен комплимент айтады, психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызады.(Мысалы: Дидарлы Дильназ ..) Топтағы тәртіпті қадағалау, жұмысты ұйымдастыру мақсатында топ басшысын сайлау. Топтың «Алтын ережесін» қайталау. Үй тапсырмасын тексеру. «Қалыпқа келтір» СТО 1)Сын есім заттың .... білдіреді. (түсін, атын, қимылын) 2)Сын есім тұлғасына қарай ....болып бөлінеді. (негізгі/туынды, түбір/қосымша, дара/күрделі) 3)Басқа сөз табынан, жұрнақ арқылы жасалған сын есім....деп аталады. (негізгі, туынды, күрделі) 4) «Бойшаң» деген сөзді ...... сын есімге мысалға келтіруге болады. (күрделі, туынды, негізгі) 5) «Қызыл сары» құрылысына қарай ..... болады. (дара, туынды, күрделі) (жест арқ. бағалау) Тақырыпқа шығу. «Миға шабуыл» стратегиясы. Сын есімнің мағыналық түрлері. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті.Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». «Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі де оның тұрмай ма аңдағанда» Абай. Берілген Абайдың нақыл сөздерінің ішінен сын есімдерді табу. Сын есімнің жасалуына назар аудару. Түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты анықтауға итермелеймін. 1.Осындағы «Нұр, сезім, ой» деген сөздердің түбірі қай сөз табынан? (зат есім) Ендеше, бұл сын есім зат есімнің қатысуымен жасалып тұр. Ал, «Жылы , ыстық» деген сөздер қалай жасалып тұр? (негізгі түбір) 3.Біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар? (Сын есімнің мағыналық түрлері) Нақтырақ, қатыстық және спалық сын есімдер. Сын есімнің мағынасы грамматикалық ерекшелігіне қарай: Сапалық сын есім заттың түр-түсін,сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есім. Заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім. Проблеманы айқындау. Қалай ойлайсыңдар, қатыстық сын есімнің айырмашылықтары қандай? Жетістік критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құру, мақсатты айқындау. Жетістік критерийлері: 1. Сын есімнің мағыналық түрлерін игеремін.. 2. Сапалық пен қатыстық сын есімді ажырата аламын, мағынасын түсінемін. 3. Сын есімге лексика-грамматикалық талдау жасай аламын. Сергіту сәті. Түстерді тақтада оқиды , бұл оқушының зейінін байқатады. М: күлгін, ақшыл,қара,қызыл | Г.Қосымова. Ж.Дәулетбекова. «Қазақ тілі» 6-сынып, жұмыс дәптерлері, моноблок, интербелсенді тақта Learning Apps.org Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта |
Ортасы 10 мин 10 мин 5 мин 2 мин 1 мин Соңы 5 мин | Проблеманы шешу кезеңі. АКТ 1-топ.«ТВ-шоу» әдісі арқылы сапалық және қатыстық сын есім туралы ақпаратты таратады. (топпен) Ақпараттың мазмұнын, ондағы идеяны, тілдік құралдарды бірігіп, топта талдайды. Оны өздері білетін өзге де мағлұматтармен толықтыруларына болады. Нәтижесінде «Білім» телеарнасының арнайы бағдарламасыы ретінде ақпаратты таратады. Критерий: Ой жүйелілігі, мазмұндылығы. Сөз саптауы, шеберліктері. Мәдениеті, этикасы. (0-1 ұпай) 2-топ «Ойлан, жұптас,бірік!» әдісі арқылы қосымша ақпараттады пайдаланып, постер қорғайды. Өздері қалаған тәсілмен (диаграмма, кесте,кіл сөздер арқылы,т.б) Проблема шешімін қолдану кезеңі. Бір-бірінен ажырату үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз. Жеке, топпен жұмыс. Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді тап.Функционалдық сауаттылық. ... Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей, бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы жігіт екен. ... Үстіндегі көйлегіндей көгілдір көзді әнші әйел әнмен бірге өзі де аспанға оп-оңай көтеріліп кеткендей көрінеді. ... Өнерлі бала екен...- деді. Мен онысын «үйрен» дегендей ұқтым.Талапты ерге нұр жауар. Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды. Ақылды жігіт атқа да мінер,Таққа да мінер.
2. Жұрнақтарды дұрыс жалғап, қатыстық сын есім жаса. «Мозайка» СТО.Қолдану. Атты-лы, саз-ды, бала-лы, жігер-лі, от-ты, егін-ді, иман-ды, ерін-шек, айт-қыш, көр-гіш, біл-гір, шек-сіз, жаз-ғы, күз-гі, былтыр-ғы, ал-ғыр, мінез-ді,өнер-лі, қызыл-ды-жасыл-ды, жүгір-гіш, жан-жақ-ты, орман-ды, тау-лы-тас-ты, әсер-лі, қаз мойын-ды, теке сақал-ды, жоғары-лы-төмен-ді, ай қабақ-ты, ақ бас-ты, ой-лы-қыр-лы. 3. «Ішіне-сыртына» стратегиясы арқылы сапалық және қатыстық сын есімдерді тиісті жәшікке салу қажет. 4. «Қалалық» сөзіне лексика-грамматикалық сатылай кешенді талдау жасау арқылы, жасалу жолдарын түсіндіру. Бекіту. Тест арқылы жүзеге асырамын. АКТ Ехсеl-ден нәтижесін көріп бағалаймын. Кахутка тест. Бекіту. 1. Қатыстық сын есімді табыңыз. A) Қызғылт орамал. B) Орманды алқап C) Жап-жасыл жер. 2. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз. A) гүлге, ерге B) қысқы, басыңқы C) қызыл ала, үлкенірек 3. Сын есімді табыңыз. A) сырт B) Қышқыл C) Мезгіл 4.Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз. A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімнің түрі? B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім. C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім. 5.Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз. A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. B) Біркелкі сындардың Бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстырады.н сын есім. C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, Заттың сынын анықтайтын сын есім. 6.Сапалық сын есімді көрсет. A) көк, қызыл, жақсы B) өнерлі, қысқы, көтеріңкі C) мінезді, былтырғы, отты 7. Қатыстық сын есімді тап. А) иманды адам В) Тәуірлеу қағаз С) ащы дәм 8. «Ащылау қымыз» сапалық па, қатыстық па? А) Қатыстық В) Сапалық 9. Негізгі сын есімді тап. А) гүлді В) тоғайлы С) қысқа 10) Туынды сын есімді белгіле. А)әшекейлі В) аласа С) жеңіл Бағалау.Спикер топ мүшелерін алдын ала таратылған бағалау парағындағы критерийлер арқылы бағалайды. Үй тапсырмасы: СТО. «Еркін жазу» стратегиясы. Спалық және қатыстық сын есімдерді қатыстырып, көршісіне мінездеме жазу. Рефлексия. Кері байланыс. Әр топ сабақтан алған әсерлерін «Күн көзі және бұлт» әдісі арқылы жазып қалдырады. Маркерлік тақтада күннің көзі салынған плакат. Күн шуағына жеткен жетістігін, бұлтқа жетілдіру керек тұстарын стикерге жазып қалдырады. Бүгінгі сабақтың қандай шуақты сәттері есіңде қалды? Нені білдік? Не үйрендік? Қандай сезімде болдың? Қандай ой салды? Қандай шешім қабылдадың? Өзіңді қалай сезіндің? | Ғаламтор материалдары. Постер, маркерлер, маркерлік тақта, геометриялық фигуралар Г.Қосымова.Ж. Дәулетбекова. «Қазақ тілі» оқулығы. 6- сынып Learning Apps.org Интербелсенді тақта Learning Apps.org Интербелсенді тақта Kahoot! Ұялы телефон Бағалау парақтары Стикерлер, маркерлік тақта |