Ғ.Қайырбеков «Ана тілі» Өлеңді жатқа сұрау. 1 слайд I топ. Ғафу Қайырбеков кім? Қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді? II топ. Ана тіліміз жайлы тағы қандай ақын,жазушылардың өлеңдерін білесіңдер? III топ. 1. Тілге қатысты мақал-мәтелдер айту. 2.«Ана тілім -тірлігімнің айғағы» тақырыбына тіл туралы әңгіме жазуға берілген оқу 2 слайд Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту . (Б. Момышұлы) Мұғ сөзі: Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында , өрлігінде орасан зор байлығында. Оқушылар біздің осыдан түйгеніміз тіл адамға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен –ақ беріледі екен. Сондықтанда біз ана сүтімен келген ана тілімізді шұбарламай құрметтегеніміз жөн. • Ана деген қасиетті сөз екеніне келісесіңдер ме? • Не себепті? «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» – дегендей, анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан – жануар да баласына мейіріммен қарайды. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің анасын аялауға тырысады. 3 слайд Бүгінгі біз танысатын әңгіме де «Ана» деп аталады. Шығарманың авторы Баубек Бұлқышев. Баубек Бұлқышев Ұлы Отан соғысына қатысқан. Балалар, биыл Ұлы жеңіске неше жыл. - Адамзат тарихындағы ең зілді де зұлматты соғыстың артта қалғанына биыл 70 жыл толып отыр. Бұл күн тарихта туған жердің бостандығы, келешек ұрпақтың бақытты болашағы жолында қаһармандықпен, ерлікпен, жанқиярлықпен күресудің жарқын белгісі ретінде алтын әріптермен жазулы. Қазақстаннан шыққан жүздеген мың өрімдей жігіттер мен қыздар ұрыс алаңдарында қаһармандық пен ерліктің өшпес үлгісін көрсетті. Тылда қалғандар да жеңісті жақындату үшін бар күш-жігерлерін жұмсады. Қанды майданға Жаңаарқа ауданынынан 1157 майдангер аттанды. Біздің жерлесіміз Амантай Дәулетбеков жайлы мағлұмат алайық. ДӘУЛЕТБЕКОВ АМАНТАЙ (1917-1943 ж.), аға сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж.). Жаңаарканың түлегі. Армия қатарына 1939 ж. шақырылып, әскери қызметті Шығыста бастады. Дәулетбеков 1942 ж. көптеген қызметтес жолдастарымен бірге Брянск майданына жіберілді. Ол 13-армияға қарасты танкілерді ататын 1180 полктың артиллериялық тобының командирі болды. 1943 ж. 6 маусымда Орел мен Курск темір жолдары арасындағы Поныри қалашығы тубінде кескілескен ұрыс басталды. Жауға бірнеше рет тойтарыс берді. Ақыры жау 1943 жыл 9 шілдеде жау 1019 атқыштар полкына басып кіреді.А.Дәулетбеков бастаған жауынгерлер ерлікпен шайқасты. Тіпті, оқтары,гранаталары, жағар майлары бітседе жаумен жекпе-жекке шықты. Ұрыс 2 сағатқа созылды. Қаншама жауынгерлер қаза тапты. Жау 200 солдатымен Амантай Дәулетбековты қалдырды. Жау осы кезде тоқтатылды. Президиумның 1943 жылғы 24 желтоқсандағы жарлығы бойынша Амантай Дәулетбековке Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Қазіргі таңда 3 соғыс ардагері тірі. Қуанышбеков Зейнулла, Сидусов, Тарадо. Мұғ сөзі: Ұлы Отан соғысы даласында біздің болашағымыз үшін жанын қиғандар мен соғыс салған жарақаттың салдарынан бейбіт заманда көз жұмғандардың ерліктерін біз мәңгі ұмытпаймыз. Баубек Бұлқышев 1916 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында туған. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Б. Бұлқышев көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер. Баубек Бұлқышев орыс, қазақ тілдерінде көптеген әңгімелер және роман жазып, республикалық газет, журнал беттерінде жарияланды. «Балалық шақ», «Есімде қанды жорықтар», «Алматы – менің туған қалам» деген бітпей қалған романы және «Айсұлу» атты поэмасы бар. Жазушы «Ана» әңгімесінде өзінің анаға деген нәзік сезімін паш етеді. Өмірден ерте кетседе көңілде көркем сөздері қалған Баубек Бұлқышевтің «Ана» тақырыбындағы шығармасына тоқталамыз. Дәптерге күнді жазу және тақырыпты жазу. а) -Мәтінді оқушының мәнерлеп оқуы. ә) Азат жолдармен бөліп оқу. б) -Мәтінге сұрақтар қою. в)Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу. 1. Мәтіннің негізгі ойы не? 2. Мәтінде қандай теңеу бар? -Неге теңізге теңейді? 3. Есінен не нәрсе ешқашан кетпейді? 4.Ананы қай кезден бастап іздейсің? 5.-Жылап уанбай шырылдағанда кімді іздейсің? 6.Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар? Жұбанбай Уанбай жылай беру еш нәрсеге көнбеу -Дүниеде не қымбат? (Ана) - Ана неден қымбат?(Бәрінен) Ананың махаббаты, жалпақ дүние,толқымайтын жүрек,тасымайтын қан,сезбейтін сезім сөз тіркестерін дәптерге жазғызу. Интер тақтадан видео. Сұлушаш Дәрібаева «Ана туралы монолог» тыңдау. Монолог дегеніміз не? Шығармашылық жұмыс. «Бәйшешек» тобы Мен анамды қалай ардақтаймын. «Қызғалдақ» тобы Менің анам – алтын. «Жауқазын» тобы Ана –қамқор тәрбиеші. Сонымен балалар, ана әлемдегі ең асыл жан екен. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Әңгіменің авторы кім? Мәтіннің негізгі ойы не? Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі толғанысын, тебіренісін сезіндің бе? Ана күн секілді айналаға мейірімін, жылуын шашып тұрады. Ана – бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді. Қорыта айтқанда барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, бақытты болуын ойлау керек. 1.Ана туралы мақал айту. 2. Ана туралы өлеңдер оқу. - Балалар, көктемнің алғашқы күндерінің бірінде қандай мереке бар? - 8 наурыз – аналар мерекесі. Олай болса, анамыздың құрметіне ән шашу. 3.Ана туралы ән айту. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларға жүрек қима қағаздар таратып, соған өз аналарына деген тілектерін жаздыру. Парақшалар тарату . Б. Бұлқышев “Ана” әңгімесін мәнерлеп оқу. “Ана” немесе “Асыл әжем” тақырыбына шағын әңгіме жаз. Балалар, сендерге аналарың қандай керек болса, аналарың үшін сендер де керексіңдер. Аналарың әрқашан сендермен бірге болсын. Аналарың – алтыннан да қымбат, баға жетпес қасиетті жан. Әр топ өзін-өзі бағалау. | Ғафу Қайырбеков(1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Көрнекті ақын әрі жазушы.Ақынның қырықтан астам кітабы жарық көрген. Ақын «Ана тілі» өлеңінде қазақ тілінің ерекше қасиеті мен байлығын паш етеді. Оқушылар бірлесіп, ақылдасып өз ойларын айтады. Бауыржан Момышұлы (1910-1982 жж.) Қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ж:• Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – ана. «Бала – ананың бауыр еті» - дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. Оқулықтан оқып,сұрақтарға жауап береді. Ж:(Өйткені теңіз терең,сол сияқты ананың да тілі,тілегі ,махаббаты шексіз,терең) Ж:Ананның айналып-толғанғаны еш естен кетпейді. Оқулықтан жазып алады. Әр шағын топ ақылдасып, бірлесіп жауап береді. Өз ойларын жазады. Күнделікке жазып алады |