kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "?аза? тілі п?ні бойынша о?ушыларды ?БТ-?а дайындауды? тиімді жолдары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алімні? ж?мысында к?п ?иынды? тудыратын орташа о?итын о?ушы емес, потенциалды ж?не ?ауіп тудыратын балалар, ?йткені тест с?ра?тары орташа о?итын о?ушылар?а ба?ыттал?ан. О?ушыларды? жеке ерекшеліктерін ж?не білім сапасын к?теру ж?мыстарын келесі кезе?дерден к?руге болады.
1-кезе?. Диагностикалы?:
- Ба?ылау ж?мыстарын ?ткізу ар?ылы о?ушыларды? білім де?гейлерін аны?тау,
-?ткен жылда?ы ?БТ н?тижесі мен бай?ау тестілерді? сараптамаларын жасау ар?ылы ?иынды? тудыратын м?селелерді аны?тау;
-?БТ-ны ?ткізу ережелерімен ж?не ?сыныстарымен танысу.
2-кезе?. Практикалы?:
- Тест жина?тарымен ж?мыс;
-К?рделі та?ырыптар бойынша де?гейлік тапсырмалар;
-Топты? ж?не жеке дайынды?;
-Тестпен ж?мыс істеуде тиімді т?сілдерді ?олдану.
3-кезе?. Аны?таушылы?:
- Та?ырыптар бойынша ба?ылау тестілері,
- Мониторинг;
- ?атемен ж?мыс пара?ын ж?ргізу;

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "?аза? тілі п?ні бойынша о?ушыларды ?БТ-?а дайындауды? тиімді жолдары" »

Гүлнара Есбатырова, Жітіқара қаласы гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», – деп тұжырымдады. Ал, қазақ халқының тіл келешегі – бүгінгі мектеп оқушыларында. Негізгі талап – мектеп оқушыларын өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу.

ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.

Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?
Мақсаттар:
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жүргізу үшін алдымен жылдық жоспар дайындап алу керек.

Фонетика Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Тасымал.Екпін.
Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.
Лексика Синоним, антоним, омоним сөздер; мақал-мәтелдер; фразеологизмдер; сөз құрамы; сөзжасам; қос сөздер.
Морфология Жай септеу; тәуелдік септеу.Күрделі зат есім.Көмекші есімдер.Тәуелдік жалғауы; жіктік жалғауының көпше түрі.
Етістердің түрлері.
Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері.
Етістіктің шақтары,грамматикалық формалары.
Түбір мен қосымша. Сөз тудырушы жұрнақтармен сөз түрлендіруші жұрнақтардың айырмашылығы.
Синтаксис Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Күрделі бастауыш пен күрделі баяндауыш.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері , тыныс белгілері. Салалас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.
Сабақтас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.
Іс-қағаздардың үлгілерін сауатты толтыра білу амалдары мен тәсілдері.

ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Интерактивті технологияларды қолдану,
- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Анықтаушылық:
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.
Алдын-ала өзім бақылау тест –«Кіріспе тест» өткіздім. Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы , сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар.
Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат қояды.Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады
Мысалы:
-грамматикалық ережелерді аудару,жаттау;
-ережелерін еске түсіріп жазу;
-мысалдар келтіру;
-бірін-бірі тексеру;
-өзін тексеру.
Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест құрастырылады
2. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізіледі. Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылады.
3. Білімде қалып қоюшылық анықталған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру:
-сұрақты асықпай, түсіне оқу
-сұраққа қатысты грамматикалық материалды еке түсіндіру.
Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;
2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса , бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.
«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?
1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;
2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.
Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.
Қорытындылай келе,мынаны айтқым келеді.Әлемдік тәжірибеде ТМД елдерінде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ екен.ҰБТ– орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.

ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:
1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2.Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі.
3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді.
5.Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.
Сондықтан ұстаздар қауымы,қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық.Ел болашағы – білімді жастардың қолында.Сол себепті білімді ұрпақ, жеке тұлға қалыптастыру – біздің ең басты мақсатымыз.

Мұғалімнің жұмыс жүйесінің педагогикалық идеялары:

   Арнайы жекелеп оқыту;

   Дифференциялық оқыту;

   Оқушының интеллектуалдық даму деңгейінің есебі;

   Әр оқушының белсенділігі тану үрдісіне қатыстыру;

   Білім сатысының үздіксіздігі және;

   Оқыту деңгейінің диагностикасы;

   Өзін- өзі көрсетуіне мүмкіншілік беру;

   Жетістікке жағдай тудыру;

Коммуникативтік дағдыда тәрбиелеу;

   Жеке тұлғалық  бағытта оқыту теориясына сүйену.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің тиімді жақтары: 

    1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып дайындалуға талпынады;

     2.Қосымша сабақтар алады;

     3.Ата-аналардың баланы оқытып-тәрбиелеуде жауапкершілігі артады;

     4.Тестілеу арқылы өз білімдерінің деңгейін біліп, білмейтіндерін меңгереді;

     5.Мұғалімдердің,мектеп басшыларының оқушылармен жұмысы артады;

     6.Мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты көтереді;

     7.Мұғалім,ата-ана,оқушы арасында байланыс артады;

     8.Оқушылардың біліміне әділ баға қойылады;     

9.Мұғалімдердің де еңбегі әділ бағаланады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "?аза? тілі п?ні бойынша о?ушыларды ?БТ-?а дайындауды? тиімді жолдары"

Автор: Есбатырова Гульнара Ашеновна

Дата: 13.08.2015

Номер свидетельства: 225207


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства