kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атырауский колледж транспорта и коммуникации

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? жоспарында С?лтанмахм?т Торай?ыровты? ?мірі мен "Шы?амын тірі болсам адам болып" ?ле?і тере?інен т?сіндіріліп, т?рлі жа?а технологиялар ?олданылу ар?ылы талданып т?сіндіріледі. ?ле?ді талдап, жат?а айтады.?ле?ні? мазм?ны тал?ыланып, та?ырыпты? негізгі идеясын ашады.?ле? мазм?ны ар?ылы о?ушыларды патриотты?а, Отанс?йгіштікке, адамгершілікке, ерінбей ?з бетінше ізденуге т?рбиелеу болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атырауский колледж транспорта и коммуникации »

Сабақ жүргізетін мұғалімнің аты - жөні


Шулгаубаева Гулнур

І курс(10 класс)

Атырау көлік және коммуникация колледжі

Сабақтың атауы

Тақырыбы: С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып»

Сілтеме

Сабақ жоспары ,слайдтар

Жалпы мақсаты

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып негізгі түйінің табу.

Міндеттер

Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ете отырып, тіл байлықтарын дамыту. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлықты ояту


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, СКТ, Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, талқылау
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
а/- Сұлтанмахмұт кім?
- Қандай еңбегін білесіңдер?
ә/Топтастыру стратегиясы. (1 - слайд)

Мұғалімнің кіріспе сөзі./Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру/Интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян жүріп жатады. (2 - слайд)

- ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды.
Кесте. Тірек сызба (3 - слайд)
Өлеңдері
Поэмалары
Прозасы
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» «Анау - мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т. б «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы», «Қамар сұлу»,«Кім жазықты?» «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

« Шығамын тірі болсам адам болып»өлеңінің шығу тарихына тоқталу.
Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өзінің досы, туысы Шайбай Аймановқа хат арқылы жолдаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір»кітабында жарияланған. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман - аңсарын, сезім - күйін жырға қосады./Өлеңді оқушыларға мәнерлеп айтып беремін.
Интерактивті тақтадан өлең сөзі шығып тұрады. (4 - слайд)

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиҺанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.

Кітаппен жұмыс. 1 - 2 оқушыға мәнерлеп оқыту.
Топтық жұмыс. С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» Өлең құрлысына Сатылай кешенді талдау жасау. (5 - слайд)
1. Авторы - С. Торайғыров.
2. Тақырыбы - Адамдық
3. Жанр түрі - өлең
4. Идеясы - Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлық
5. Шумақ - 3
6. Тармақ - 4
7. Бунақ саны - 3 бунақты
8. Буын саны - 11
9. Ұйқас - а/а/б/а/- қара өлең ұйқасы
10. Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет, теңеу - Көрде тыныш жату,
жарық күнде сәуле қуған,
алуға күнді барып белді буған,
толған айдай балқып туған,
ойында оты барлар, надандықты тебу
Абайдың он жетінші қара сөзінің мәтіні көрсетіліп, Сұлтанмахмұт идеясымен үндестігін тану. (5 - слайд)

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Ой сергіту. Оқушылар өз ойын білдіріп, ашық пікірлеседі (4 - слайд)
Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті?
Кім болуды армандайсыңдар?
Ақынның айтайын деген ойы не?
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- С. Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және тарихи - әлеуметтік оқиғаларға және қазақ жерінің өзгерістерге өзінің азаматтық ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының қатарына жатады. Сұлтанмахмұт қазақтың жыр - дариясын құрайтын үлкен, асау арналы өзеннің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.

Үйге тапсырма.
«Кім болам»тақырыбына эссе жазу
Бағалау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Атырауский колледж транспорта и коммуникации

Автор: Шулгаубаева Гулнур Шортановна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156911


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства