Сынып: | 5 «Б» |
Пәні: | Әдебиет |
Сабақтың тақырыбы: | Ата мен баланың сағынышы |
Оқу мақсаты: | Шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекетіне баға бере отырып,адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын түсіну. |
Табыс критерийлері |
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: |
а) Әңгіменің тақырыбы мен идеясын біледі. ә) Сұрақтарға жауап бере алады. б) Мәтін бойынша жоспар құра алады. | а) Мәтіндегі диалогты тауып оқиды. Сағыныш сезімінің мағынасын түсінеді ә) Сағыныш сезімінің мағынасын түсінеді | а) Әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыра алады. |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Ресурстар |
3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал тудыру | Бүгінгі сабақ барысында бір-біріне жылы лебіздерін білдіру | Оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттыру | Оқушылармен сәлемдесіп, оқу-құралдарын тексеріп, күн ретін жаздырдым. «Шаттық шеңбері» | Оқушылар күн ретін жазды. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап тұрып,жылы лебіздерін білдіреді. | |
3 мин | Топтастыру | Қиындылардан мағыналы нақыл сөз шығару | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнату. | Нақыл сөздерді қиындылармен біріктіру арқылы оқушыларды топтастырамын | Оқушылар қиындыларды біріктіріп, шыққан нақыл сөз бойынша орындарына отырды. | Нақыл сөздер жазылған қиықшалар |
3 мин | Үй тапсырмасын тексеру. | Әңгімеге жасалған сатылай кешенді талдау жұмыстары | | 1-2 оқушыға оқытамын, сол бойынша басқа оқушылардың талдауын түзеймін. | Оқушылар тыңдап отырып,өз қателері болса жөндейді. | Оқушылардың жұмыс дәптерлері |
5 мин | Қызығушылықты ояту | Мұғалім өз атасының жазған хатын оқиды | Ата мен бала арасындағы сағынышты сезіндіру | Музыка әуенімен хатты оқимын | Оқушылар тыңдайды. | Музыка әуені,хат. |
20мин | Мағынаны тану | Қазіргі кезеңде ата-әжесімен кездесуіне тыйым салынған балалар бар (Бұрыш стратегиясы арқылы ) | Оқушының сыни ойлауын дамыту | Топтардың тапсырмаларын түсіндіру. | 1-топ Келісемін 2-топ Келіспеймін 3-топ Күмәнданамын 4-Құнды пікір Әр топ өз көзқарастарын қорғап шығады. | Плакат,маркер,қалам |
5 мин | Ой толғаныс | Шығармашылық жұмыс | Оқушылардың қабілеттерін шыңдау | Әр түрлі шығармашылық тапсырмаларды экраннан көрсету. Оқушылар өздері таңдаған жұмыс түрін жасайды | 1. Эссе жазады 2. Атасына арнап өлең шығарады 3. Кейіпкерге хат жазады | Слайд |
2 мин | Үй тапсырмасы | Ермек ұйқыдан оянған соң не болады деп ойлайсың? Әңгімені ары қарай қалай аяқтар едің? | Оқушының ойлау қабілетін шыңдау. | Үйге тапсырма бердім | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алды | |
2 мин | Рефлексия | Бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс | Оқушылардың сабақ барысы туралы пікірін білу | Табыс критерийі жазылған парақшаны таратып беру | Кері байланыс парағын толтыру | Табыс критерий парақшалары |
2 мин | Бағалау | | | Алдын-ала берілген бағалау парақшалары бойынша білімдерін бағалап,бағдаршам бойынша көңіл-күйлерін байқадым . | Бағалу парақшаларында қойылған ұпай сандарын айтып шықты. | Бағалау парақшалары, бағдаршам суреттері |