Просмотр содержимого документа
«Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі»
Сабақтың тақырыбы: Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Алашорда әдебиетімен таныстыру. Оқушыларды Алашорда әдебиеті туралы тың деректермен қанықтыру.
Дамытушылық:Алашорда әдебиетін тұшынып оқуына мүмкіндік беру.
Тәрбиелік:Балалардың бойында Алаш қайраткерлері секілді Отанын, елін, жерін сүюге баулу. Халқына адал қызмет етуге үндеу. Оқушылардың бойында адами жақсы қасиеттер сіңіру.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, сыни тұрғыда ойлау әдістері
Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін алашордашылар тәуелсіздікті ту ғып көтеріп, ұлттық мемлекет құруды көздеді. Осы мақсатпен олар Мұстафа Шоқай басқарған Қоқан үкіметін, генерал Калединнің «Оңтүстік-шығыс одағын», Колчакты қолдады, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. Тұрар Рысқұлов «Қазақстан» деген еңбегінде атап көрсеткеніндей, «олардың ұлтшылдық арман-мақсаты мен көмек аламын деген ойы ақталмады: ақтар бәрібір ұлтшылдарға сенбеді, ал олар болса сонда да большевиктерге қосылудың орнына колчактықтардың қорлығына шыдағанды жөн көрді», дейді.
Алашорда туралы шағын бейнеролик көрсетіледі.
Оқушылардың жеке пікірлері сұралады.
«Топтастыру» стратегиясы
(5 мин)
Тапсырма
(5 мин)
ХХ ғасыр әдебиетіне тиесілі шығармаларды «Алтын сандыққа», тиесілі еместерді «Ағаш сандыққа» салу.
«Алтын сандыққа» салынатын шығармалар:
1.«Манзумат қазақия» жинағы
2. «Патша әмірі тарылды» өлеңі
3. «Адасқан өмір» поэмасы
4. «Гүлқашима» дастаны
5. «Топжарған» дастаны
6. «Айтшы, ақ қайың» жинағы
7. «Еңлік-Кебек» пьесасы
8. «Нағиманың өкпесі»өлеңі
9. «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»
«Ағаш сандыққа» салынатын шығармалар:
1.«Жарлының жаны берік-ті» өлеңі
2. «Бағаналы терек жарылса» өлеңі
3. «Кенесары-Наурызбай» дастаны
4. «Байұлы» әңгімесі
5.«Әй, жігіттер!» өлеңі
6. «Бойы бұлғаң» өлеңі
7. «Қор болды жаным» өлеңі
8. «Үш қиян» толғауы
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов жайлы қызықты деректер:
(5 мин)
1. Бірде тегі неміс В. Радловқа Ә. Бөкейхан: «Сіз қазақтың құқықсыз екенін айта жүріңіз» деп қолқа салғанда, анау: «Құдай әрбір ұлтқа түрлі тағдырды бұйырады. Сіздер бұған көндігулеріңіз керек» депті. Мұны естіген Әлекең Радловты көрсе, не кілт бұрылады екен, не ол кіргенде шығып кетеді екен. Бұл не? Бұл – принцип. Бұл – «ғалым бүйтіп айтпайды, сенің қасыңда отыру – ұлтымды қадірлемегендік» деген протест.
2. Төлеубай деген кісі кезінде Меккеге барып, қажы атанған екен. Осы сапарда Қара теңіз жағасында Ә. Бөкейханмен ұшырасыпты. Қажылық сапар шеккен адәр жерде садақа беріп, екі дүниенің обал-сауабын ойлайды ғой. Пітір-садақа беріп жатқанын көріп, Әлихан Төлеубайға: «Жат жұрттың бейшараларынан бұрын, әуелі қазақтың қалың жарлы-жақыбайын тойындырмадыңыз ба?» депті.
3. Бөкейханов болмысының салауатты, алдына келген жанның мысын басатын өзгеше
жаратылыс иесі екендігі. Бұл жайлы Әлкей Марғұлан, Қалижан Бекхожин, Ғалым Ахмедов, Мариям Мұқанова, Валентина Әуезова естеліктерінде ашық жазған. Тіпті, тұтқындауға келген Мәскеудің үлкен лауазымды тергеушілерінің
өзі тұтқындайтын кезде артық мінез көрсете алмаған. Лиза Әлиханқызы былай дейді: «Әкемнің мысы кез келген адамды басып тұрушы еді. Әкем өзін тұтқындауға сауылдап кіріп келген тергеушілерді көргенде саспастан: «Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Бұл мәдениетті кісілер. Дәстүр аттамайды», - деді. Олар үндей алмай қалды. Сол паузаны пайдаланып: «Кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?» деді. Олар рұқсат берді. Көршісі, аса белгілі кеңес ғалымы трубканы алғанда: «Вася, мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат!» деді де маған қарап: «Лиза! Сен анда-мұнда жүгірме! Одан ештеңе шықпайды. Бұл «барса-келместің» командировкасы», - деді сабырмен. Тергеушілер мұның бәрін тыңдап тұрды, үндеуге бата алмады.
Мен соған таңқалдым». Бұл әңгімені Лиза Кеңес тұсында Алаш тарихынан жабық тақырыпта докторлық диссертация қорғаған тарихшы Жақсаливке айтып берген. Әлекеңді көрген адамдар: «Біз Бөкейхановпен еркін сөйлесе алмаймыз. Оның мысы басып тұрады және астарлап сөйлейді», - дейді екен. Әлекең өзінің сырын санаулы адамдарға ғана айтқан. «Мен тек Байтұрсыновпен, Дулатовпен ғана ұлт туралы ашық сөйлесе аламын», - дейтіні сол.
4. Әлихан Бөкейханов күйеу баласы Смағұл Сәдуақасов қайтыс болғанда қатты уайымға батады.
5. Әлиханның тағы бір тұлғалық, адамгершілік қасиетін Әміре Қашаубайұлына байланысты 1925 жылы Парижде дүниежүзілік этнографиялық концерт болады. Оған Әміре баратын болып бекітіледі. Соған байланысты Әлекең Ахмет Байтұрсынұлына ренішпен хат жазады. «Әміре қашаубайұлын Парижге жібермекші. Ол бір де бір әннің сөзін толық білмейді. Болмайтын нәрсені айтады. Мен оны әншілердің арнаулы үйіне апарып, ән салдырдым. Әйтсе де, Әміре ән салған кезде қатты ұялдым. Айтқан әнінің сөзінде пәтуа болсашы. Бір ән сөзін жаттатуға болатын еді ғой. Өзі орыс мещаны сияқты киінеді. Оны дұрыстап киіндіру де соншалық қиын іс па еді» - деп назын айтады. Әрі өзі бас болып, Әміреге ән сөзін түгел жаттатқызып,
жаңаша киіндіріп аттандырады. Әлихан мен Мұстафаны жолықтырып, дәмдес болып қайтқан соң Әміре: «Сендер мұнда келіп ап қазақпын деп мақтанасыңдар. Ал мен нағыз қазақты Мәскеу мен Парижден көрдім», - дейді екен.
Шығармашылық тапсырма
(5 мин)
«Алашордаға – 100 жыл» деген тақырыпта оқушылар қатар бойынша үш топқа бөлініп, афиша құрастыру
ІҮ. Қорытынды
(6мин)
Алашорда үкіметі өз жұмысын ұзақ жылдар бойы жалғастыра алмады. Бар жоғы 1917 жылдан 1920 жылға дейін ғана қызмет атқарады. Алашорда үкіметінің құлауының бірнеше себебі бар. Кеңес үкіметінің қатты өркендеп қанат жаюы – Алашорда үкіметінің өмірін ұзартпады. Ұлт көсемі Ә. Бөкейхановтың бас
ұстанымы болды.
Ең бірінші
– Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі керек.
Екінші ұстанымы
– Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Бөкейхановтың сөзімен айтсақ, «қазақтың әрбір тасы өңіріне түйме болып тағылуы тисі».
Үшінші ұстанымы
– Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үсітіне тоқыма болып икілуі тиіс. Яғни, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс болған.
Төртінші ұстанымы
– қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Бұл идеологиялық ұстаным болатын.
Ал бесіншісі
– ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді.
Ү. Оқушыларды бағалау
ҮІ Бекіту сұрақтары
1. Алаш Орда әдебиеті жайлы не білесіздер?
2. Алаш Орда автономиясының төреағасы кім?
3. Алашордашыларды ата.
4. Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов туралы не білесіздер?