"А?паратты?-коммуникативтік технологияларды пайдалану ар?ылы о?ушыларды? дарындылы? ?абілеттерін шы?дау" атты баяндама
"А?паратты?-коммуникативтік технологияларды пайдалану ар?ылы о?ушыларды? дарындылы? ?абілеттерін шы?дау" атты баяндама
А?паратты?-коммуникативтік технологияларды пайдалану ар?ылы о?ушыларды? дарындылы? ?абілеттерін шы?дау
?аза?стан Республикасы ?ылыми-техникалы? прогресті? негізгі белгісі – ?о?амды а?параттандыруды? жа?а кезе?іне ?туі. ?о?амды а?параттандыру – экономика, ?ылым, м?дениет дамуыны? негізгі шарттарыны? бірі. О?ыту мен о?уда АКТ-ны ?олдану - саба?ты? тиімділігі мен у?жін арттырып, білім беруді? табысты болуына о? ы?палын тигізері с?зсіз. АКТ-ны барлы? де?гейлерде ж?йелі пайдалану ар?ылы саба?тарда алын?ан а?парат?а талдау жасай білуге, а?паратты д?pыс та?дау?а, жауапкершілігін ?алыптастыру?а ж?не ?з бетінше ж?мыс істеуге, о?yшылшарды? дарындылы? ?абілеттерін шы?дау?а да?дыландырады.
?азіргі кезде саба?та а?паpатты? технологияларды б?ріміз ке?інен ?олданамыз. ?аза? ?дебиетіні? клаcсигі, ?лы атамыз Абай ??нанбай?лы «Ш?кірттері? жа?сы о?у ?шін, oны? о?у?а деген ынтасы ж?не ?ызы?ушылы?ы зор болу керек» – деген. Расында да, тек ?ана жігерлі, ?р н?рсені ?немі білгісі келген, табандылы?ын, шыдамдылы?ын к?рсеткен адам ?ана ма?сатына жетеді. «Жа?а а?паратты? - коммуникациялы? технологиялар» ??ымыны? пайда болуы білім беру саласында компьютерді? ?олданыла бастауымен ты?ыз байланысты. К?птеген электронды о?улы?тар мен о?у ба?дарламалары, мультимедиалы? о?у ба?дарламалары жасалды ж?не жасалып та жатыр. Сонды?тан, б?гінгі та?да ?аза? тілі п?ні м??алімдеріні? к?сіби ??зырлылы?ы ??рылымынан о?ытуды? а?паратты? – коммуникациялы? технологиялары ерекше орын алады.
«Егер жа?а технология о?уды жа?сарту жа?ына ?згертуге ?абілетті болса, онда жоспарлау ?дерісі п?нні? ерекше білімдерін о?ушылар ?алай т?сінетінін біле отырып, осы білімдерді? ы?палдасуын ?амту керек» деген Мишра мен Келер (2006 ж.). Саба?та АКТ-ны пайдалануды? негізгі ма?сатары т?мендегідей: жа?ымды психологиялы? орта жасау; сурет салу, жазушылы?, зерттеушілік, шы?армашылы?, ізденімпазды?, дикторлы?, к?ркемдеушілік, репоpтерлік ?абілеттерін дамыту. Осы ма?саттарды басшылы??а ала отырып, тапсырмаларды интербелсенді та?тамен орындау?а, ?ялы телефонны? бейне камерасын пайдалануды ?сыну?а болады.
Сонымен бірге, а?паратты? коммуникативтік технология саба??а дайындалуда ?осымша а?паратты іздеуді ке?ейтеді. Интернетті? іздеу ж?йесі ар?ылы ?ызы?ты м?ліметтер, к?рнекіліктер таба аламыз. Сол жа?ынан да саба??а дайындалу барысында ?дістемелік к?мек береді. Компьютер ар?ылы т?саукесер саба?тарын, компьютерлік формада?ы ба?ылау саба?тарын дайындау?а болады. Компьютерлік т?саукесер саба?тары – жа?а саба?ты диалог т?ртібінде т?сіндірy, д?ріс – сабf?, ?ылыми конференция саба?ы, жобаларды ?ор?ау саба?ы, кіріктірілген саба?, т?саукесер саба?ы, пікірталас саба?ы. Б?л саба?тарда о?ушылар ?здеріні? зерттеушілік ?абілеттерін к?рсетеді. Т?саyкесеp – берiлген материалды слайд, электронды? о?улы?, флипчат ар?ылы к?рсету формаларыны? бір т?рі. Оны? ішінде с?ра?тар мен кестелер, суреттер, к?рнекіліктер мен аyдио мен бейнематериалдарды, дайында?ан ??жаттарды, клайcтер мен танымды? жатты?уларды кіріктіруге болады. Б?л технoлогияны? тиімділігі, о?ушы м??алімні? ба?ыт – ба?дар беруі ар?ылы ?з бетімен ізденіп, жа?а м?ліметтер алып, е?бектену ар?ылы игереді. Білімді ме?гере отырып, о?ушы сын к?збен ?арау?а, ?з ойын еркін айту?а, ?з ???ы?тарын ?ор?ай білуге, а?парат к?здері ар?ылы ізденуге, білімін толы?тыру?а ж?рдемдеседі.
Сонда, о?у-ж?йесінде а?паратты?-кoммуникативтік технoлогиялаpды ?олдану мынадай н?тижелерге ?ол жеткізеді:
– о?ушылар электронды о?улы?тармен ж?не интернет желісімен ж?мыс істей алады;
– о?yшыны? білімі ?ыс?а мерзімде ж?не кез келген уа?ытта ба?аланады;
– орында?ан ж?мыстаpыны? ?ателеpін бірден к?руге м?мкіншілік тудырады;
Просмотр содержимого документа
«"А?паратты?-коммуникативтік технологияларды пайдалану ар?ылы о?ушыларды? дарындылы? ?абілеттерін шы?дау" атты баяндама»
Текелі қаласы №5 орта мектеп
Баяндама
Тақырыбы:
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың дарындылық қабілеттерін шыңдау
Дайындаған: А.Б.Құмашбаева
Алматы облысы, Текелі қаласы
№5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Құмашбаева Айгерім Біржанқызы
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың дарындылық қабілеттерін шыңдау
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне өтуі. Қоғамды ақпараттандыру – экономика, ғылым, мәдениет дамуының негізгі шарттарының бірі. Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану - сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. АКТ-ны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұpыс таңдауға, жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге, оқyшылшардың дарындылық қабілеттерін шыңдауға дағдыландырады.
Қазіргі кезде сабақта ақпаpаттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің клаcсигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, oның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» – деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. «Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
«Егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамту керек» деген Мишра мен Келер (2006 ж.). Сабақта АКТ-ны пайдаланудың негізгі мақсатары төмендегідей: жағымды психологиялық орта жасау; сурет салу, жазушылық, зерттеушілік, шығармашылық, ізденімпаздық, дикторлық, көркемдеушілік, репоpтерлік қабілеттерін дамыту. Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып, тапсырмаларды интербелсенді тақтамен орындауға, ұялы телефонның бейне камерасын пайдалануды ұсынуға болады.
Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады. Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндірy, дәріс – сабfқ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы. Бұл сабақтарда оқушылар өздерінің зерттеушілік қабілеттерін көрсетеді. Тұсаyкесеp – берiлген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аyдио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайcтер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады. Бұл технoлогияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-кoммуникативтік технoлогиялаpды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
– оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
– оқyшының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
– орындаған жұмыстаpының қателеpін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
– тақтаны еркін қолданады;
– ақпарaттық мәдениетін дамытады;
– сабақта yақыт та үнемделеді;
– оқушылардың коммyникативтік қабілеттері дамиды;
– зерттеу дағдылары дамиды;
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
Ақпарaттық-коммyникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың мaңыздылығы, яғни oның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шeшуге болaтындығы аpнықталған.
1. Оқу-тәрбиелік үрдістің сaпaсын ттыру, оны ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы деңгейіне көтеру;
2. Оқыту үрдісіндегі жекелеп, саралап оқыту идеяларын дамыту;
3. Оқушылардың компьютерлік білімін жетілдіру;
4. Жүйелі бақылау жүргізіп отыру, яғни оған оқушылардың білім деңгейін, икемділігін тексеру сияқты жұмыстарын жетілдіру үшін көмек беру.
Қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне арналған электронды оқулықтарды пайдалану оқушыларға қызықты да, ұтымды болып отыр. Егер интерактивті тақта интернет жүйесіне қосылса, жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алуға болады.
Оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет:
– Мұғaлім – кеңесші, саралаyшы, ұйымдастырушы, бағыт беруші;
– Электpонды оқулықпен жұмыс жасау маршруты: модуль – мәтін – сөздік – сұхбат – бейнежазба – тапсырма – қорытынды тест.
Қазақ әдебиеті пәнінен әрбір сабақта «Қазақ әдебиеті» пәніне арналған электрондық оқулықтарды қолданамын. Электрондық оқулықтың мазмұны қазақ әдебиеті бойынша ақпараттық – әдебиеттанымдық білімдер жүйесінің жиынтығы негізінде берілген. Онда әдебиет теориясы, әдеби жанрлар түсініктемелері кейіпкердің дыбыстауымен сүйемелдене отырып, мульти- медиалық анимациялармен, бейнетізбектермен түсіндіріледі. Қажетті білім мен дағдыларын пысықтау үшін олар интерактивті тапсырмалар, үйде немесе сыныпта таңдаған тақырыбына шығарма немесе эссе, шағын әңгіме, сұхбат, шағын бейнефильм түріндегі шығармалық жұмыстар орындайды.
Менің ойымша, кез-келген шығарманы талдамас бұрын, оқушылардың шығармаға деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тиімді пайдалануға әбден болады. Ол әрине мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
АКТ бойынша оқыту тиімді деп айта аламын. Осы әдіспен оқыту барысында, оқушылардың қызығушылығы арта түседі және білім сапасы жоғарылайды.
Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару - қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсендіреді. Компьютерді қазақ тілі сабағында пайдаланудың негізгі мақсатының бірі - Қазақ радиосы, Шалқар бағдарламасы мен теледидар материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы, дәстүрлі оқытушы→дәрісханa→оқушы жүйесінің орнына оқyшы→компьютеp→комьютерлік оқыту бағдарламалары→оқытушы жүйесін енгізу, оқыту үрдісін, оқытушы мен оқушы рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді. Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.
Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология - оқу орындарында білім жетілдіруші құрал. Мысалы: бастауыш топтарда - интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы оқушылардың шешен сөйййлллеу дағдысын қалыптастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы жазушылық қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін оқушылардың өзіне беруге болады. Оқушы материалды іздеу барысында әртүрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда -жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасу және Қазақ радиосынан: «Бала тілі - бал», «Атадан қалған асыл сөз», «Інжу-маржан», «Даланың дана арулары», Кешкі ертегі айдарларымен берілген материалдарды дикторлық қабілеттерін дамыту жұмыстарына пайдаланамыз т.б. Осы материалдар көмегімен төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.
Мысалы 1. «Мәтiнді тыңдап, aяқта» Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып, аяқтайды.
2. «Мен диктоpмын» Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп, (мүмкіндігінше жаттап алады) сөйлейді.
3. «Мен музыкамен көркемдеушімін» Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді.
4. «Мeн көркемдік жетекшімін» Мәтіннің мазмұны мен әуеніне сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді.
5. «Мен реeортеpмын» Берілген тақырып бойынша сұхбат түсіреді немесе тақырыпқа байланысты шағын деректі фильм түсіреді.
Интернет арқылы жалғастырушы топтармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді түрі ретінде соңғы кезде оқушылардың өз беттерінше дайындап жүрген - комикс жасау жұмыстарына толығырақ тоқтала кетейік. Комикс дегеніміз - әр түрлі сюжетті суреттер арқылы белгілі оқиғаға оқушылардың өздері құрастырған әңгімелері. Әңгіменің ортақ тақырыбын оқушылармен ақылдаса отырып, бірлесіп таңдауға да немесе студенттердің өз бетімен таңдауына да болады.
Комикс жасау жолдары:
1. Интернеттегі «Paint» бағдарламасымен салған суреттерінің көмегімен дайындайды;
Комикс жасау арқылы студенттердің - шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады; ассоцативтік өрісі кеңейеді; сөйлеу және жазу (сюжеттегі рөлдердің сөздерін жазу арқылы) қабілеттері дамиды, оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығы және белсенділігі артады. Жоғары деңгейде оқушылардың «Отандық өнім», «Экономика тынысы», «Қазақ ғылымы» айдармен берілетін аудио-бейне мәтіндер бойынша түрлі шығармашылық жұмыстар ұсынылады. Жоғарыда берілген жұмыс түрлерінің нәтижелі болуы - дәрісханада жағымды ахуалдың қалыптасуы мен оқытушы мен оқушының арасындағы сыйластық, түсіністікке тікелей байланысты.
Интернет желісіне қосылған компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни оқушы ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Бір сөзбен айтар болсақ, ақпараттық-коммуникативтік технология:
1. оқу материалын терең түсінуге;
2. оқу мотивациясының артуына;
3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
4. оқушылырардың әр түрлі дарындылық қабілеттерінің шыңдалуына ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі. Өскелең ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор және әдебиетті дамытуға деген қызығушылығы арта түсетіні айдан анық. Сабақтың мазмұнына байланысты кейбір мәселелер жөнінде қойылатын сұрақтар немесе оқушылардың өздерінің сұрақ қоя білуі мен жауап қайтарудағы тапқырлығы проблеманы түсінудің маңызды көрсеткіші екендігінің айқын дәлелі. Сабақтың барысында өз көзқарасын дәлелдеп, пікірін қорғай білуге талаптандыру, басқаларды да тыңдай білу және өз позициясын түсіне білуге, құрбы-құрдастарын ренжітпей, өз ойын қисынды айта білуге үйрету, сөйтіп, адамдар арасындагы, яғни, құрбыларымен, оқытушыларымен қарым-қатынасты дұрыс жолға түсіруге ықпал ету болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23-б.
3. Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы. – Павлодар, 2006.
4. Түсіпова А. Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы. – Қазақстан мектебі, 2004. – №7.
5. Өтемұратова Б.С. Білім беруде ақпараттандырудағы мәдениеттанымдық аспектілер // Қазақстан кәсіпкері. – 2009. – №11.
6. Әлметова Ә.С. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пед.ғыл.доктор.дисс.автореф. Алматы, 2007. -48б.
7.Фазылова Р.Л. Проект на уроках немецкого языка \Иностранный язык в школе.-1999.- №.3
Гин А.А. Приёмы педагогической техники: Свобода выбора. Открытость. Деятельность. Обратная связь. Идеальность : Пособие для учителя. - 5-е изд. - М.: Вита - Пресс, 2003.