kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абайды? т?л?алы? болмысы" ашы? саба?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «Абайды?  т?л?алы?  болмысы».

Ма?саты:  Абай шы?армашылы?ын насихаттау.
Білімділік:  О?ушы бойына Абай поэзиясын, ?лы ойшылды? рухани м?расын сі?іру.
Дамытушылы?:  Тіл байлы?ын дамытып, еркін с?йлей білуге баулу, эстетикалы? т?рбие беру. 
Т?рбиелік:  О?ушыларды? с?йлеу м?дениетін дамыту, іздемпазды??а, ?нерпазды??а, ?нерді ба?алау?а, с?юге т?рбиелеу.
К?рнектілігі:  Слайд ар?ылы суреттер к?рсету. Интерактивті та?тамен ж?мыс т?рін жетілдіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абайды? т?л?алы? болмысы" ашы? саба?.»

Тақырыбы: «Абайдың тұлғалық болмысы».


Мақсаты: Абай шығармашылығын насихаттау.

Білімділік: Оқушы бойына Абай поэзиясын, ұлы ойшылдың рухани мұрасын сіңіру.

Дамытушылық: Тіл байлығын дамытып, еркін сөйлей білуге баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, іздемпаздыққа, өнерпаздыққа, өнерді бағалауға, сүюге тәрбиелеу.

Көрнектілігі: Слайд арқылы суреттер көрсету. Интерактивті тақта.

Барысы:

1 бөлім: Абайдың балалық кезі және өскен ортасы.

2 бөлім: Абай және табиғат.

3 бөлім: Абайдың қара сөздері.

4 бөлім: Абай аудармашы.

5 бөлім: Абай туралы сөз.

6 бөлім: Абай ғұлама ақын, композитор.













Абайым, сыйым, пірімсің!

Айтылмас жанның сырысың

Бітпейтін дастан жырысың,

Қаншама ғасыр өтсе де,

Абайым, мәңгі тірісің! – дегендей,

Абай – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға.

« Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап оқы көңілге» - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан – теңіз. Абай өзге жұрттың тілін, халықтың қалпын біліп, өз жұртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті.

Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар сіздердің назарларынызға – 2сынып оқушыларының «Абайдың тұлғалық болмысы» атты тәрбие сағатын көруге шақырамыз.

  1. Абайдың суреті (слайд)


1) 1-оқушы О.Еркежан

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы тамыздың 10 күні, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Абай – ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы.

Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен – ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Медреседе оқып жүрген кезінде Абай үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар алып оқыған.


2-оқушы Сабина

Өнегелі өмірдің бастауы асқар таудай атасы – Құнанбай, ағар бұлақ анасы – Ұлжан, мейірімді, қамқор шежіре әжесі Зеренің орны бір бөлек. Халқымыз «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» десе, ұлы ақынның ата-анасы: бірі - елдің атасы, бірі – елдің анасы. Әкесі Құнанбай ел басқарған адам болған. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, өзімен бірге ала жүрді. Балалықтан ерте айырылып, тез есейген Абай, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешен сөздерін бойына сіңіре білді.


3-оқушы Адина

Әке - шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т.б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь,Щедрин, Лермонтов, Некрасов тағы басқаларының шығарма-

ларымен танысты. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқыды.


4-оқушы Гүлім

Халқымыз «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей әкесі – Құнанбай ақыл парасат иесі, ел билеген көсем, бұлбұл шешен, әрі қатал талапты, табанды әрі шешімді адам болған.Абайды жасынан өзімен бірге ала жүріп, үлкен өнегелі отрыстарды көрсетіп, шешендердің асыл сөз, абзал қасиеттерін , әділ биліктерін оған сабақ етті. Осындай көңілі ояу, көзі ашық, биіктегі әке дәстүрі баладан – балаға жалғасты. Абай өз балаларына да осы үлгіні берді, оқытты, халық адамы етіп тәрбиеледі.

( Көрініс «Абай мен Әбіш»)

3) Мұғалім: Өнегелі тәрбиені үлгі ете орырып адам болу жолына ғылыми тұрғыда өз шығармалар- ында дәлелдеп көрсетті.

1. Алуа «Әсемпаз болма әрнеге»

2.Диляра «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

3.Мадияр «Ғылым таппай мақтанба»

4. М. Еркежан. Өлең сөздің патшасы

5. Дәнел. Интернатта оқып жүр


Мұғалім: Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол – керемет суреткер ақын. Табиғаттың көрнісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрнісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып,тілдестіріп,сұлулыққа өң, рух беріп отырды.

1. Альдина «Күз»

2. К. Малика «Қыс»

3.Сабина «Жазғытұры»

4.Айжан «Жаз»


4. Мұғалім: Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.

(Қара сөз.) (Арлан, Ерасыл, Ы. Малика,Адина,Аружан)


5. Мұғалім: Қазақ халқын жер бетіне танытқан да, ұлы халықтардың еңбегін қазаққа таныстырғанда Абай атамыз болған. Ол орыс ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударды.

О. Еркежан: «Қараңғы түнде тау қалғып» бұл өлеңді немістің ұлы ақыны Иоганн Вольфганг Гете шығарған. Гете 1848 жылы дүниеге келіп, 1932жылы дүниеден қайтқан. Гетеден орыс халқының ұлы ақыны Михаил Юрьевич Лермонтов аударған. Одан Абай бұл өлеңді қазақ тілінде жаңғыртты.

Акежан: Горные вершины,

Спят по тьме ночной,

Тихие долины,

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы,

Подажди немного,

Отдохнешь и ты.

Альбина: Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап,

Даланы жым-жырт дел-сал ғып,

Түн босады салбырап.

Шаң шығармас жолдағы,

Сыбдырламас жапырақ.

Тыншығарсың сендағы,

Сабыр қылсақ азырақ.

Мұғалім: Кезекте Абайдың тағы бір аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа». Көріністі тамашалайық.

( Көрініс. Автор Дәнел, шегіртке Адина, құмырсқа Диляра)

6. Абай туралы сөз.

(Әлішер, О. Еркежан, Арай, Гүлім, Айнара)

7. Абай ғұлама ақын,композитор.

Хор: «Көзімнің қарасы» сынып хор.

Қазақ биі: Қыздар тобы.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай». Қыздар тобы.

Би: Қазақ биі.

Күрес: Ұлдар тобы.

Би: Қара жорға.

Мұғалім: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! – деп

С. Торайғыров айтқандай, балалар, Абайдың өлеңдері – біз үшін ең қымбат, ең асыл дүние. Осы асылымызды жоғалтпай, қадірлеп, қастерлеу біздің, келер ұрпақтың міндеті.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Абайды? т?л?алы? болмысы" ашы? саба?.

Автор: Сагадиева Ризаг?л Имашевна

Дата: 18.01.2016

Номер свидетельства: 278520


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства