kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жайықты тербетеді Жұбан жыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жайықтытербетеді  Жұбан жыры 

Жайықтытербетеді  Жұбан жыры 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жайықты тербетеді Жұбан жыры»





























Кештің тақырыбы: Жайықтытербетеді Жұбан жыры

Кештің мақсаты: Балаларға жерлесіміз Жұбан Молдағалиев туралы мағлұмат беру.

Естеліктер арқылы Жұбан әлеміне тоқталу. Әдебиет әлеміндегі Жұбан өлеңдерінен

жыр шашу. Жұбан өлеңдері арқылы адамгершілікке, ерлікке, ұлтжандылыққа,

Отанын сүюге тәрбиелеу.

Кештің барысы:


1 – жүргізуші: Жайық өзеннің сол жақ бетіндегі Азынабай- Тайпақ деп аталатын алқап- Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған жері. Осы өңірдегі Өлеңті өзенінің бойындағы Жыланды аумағының Шеген қыстағында 1920 жылы күзде Байбақты руының Құл деп аталатын тармағына жататын Молдағалидың кенжесі Жұбан өмірге келді.

2 – жүргізуші: 1920- 21 жылдары Жайық өңірін аштық жайлап, халықтың тең жартысы тамақтың тапшылығынан опат болды. Тұрмыстық күйзеліс оба індетімен ұшырасты.

Жұбаннан үлкен балалар аштан, аурудан қазаға ұшыраған Зеріп ана бауырында жалғыз қалған кенжесін қалайша өлімнен құтқарамын деп жан ұшырды.

1 – жүргізуші: 1928 ж Жұбан әуелі ауылдағы, одан кейін Қызылжар мектебінде оқып, орталау білім алды. Жұбанның алғашқы ұстазы Ғабдолла Махамбетов.

2 – жүргізуші: Ж. Молдағалиев- өз заманының перзенті. Ол кеңес дәуірінің кезеңіндегі ащы- тұщының дәмін баршамен бірге тартты. Ақиқатты тура айтқыш мінезімен бірде жоғары, бірде төмен деңгейлердің бәрінен де өтті. 60- жылдары жарық көрген Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» кеңестік дәуірдегі штампқа сай келмейтін эпикалық шығарма. Бұл туындының ерекшелігі сол, ол өз ұлтын әдеби шығарманың бас кейіпкері етіп көрсете біледі.

1 – жүргізуші:

«Мен қазақпын, қаныммен, сүйегіммен,

Сәл- салтанат, салтымда сүйемін мен ...

Ұлы аманат етейік ер кіндікті

Ел құлдықты білмесін, жар күңдікті.

Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең

Қазақ болу- зор бақыт дер күн тіпті».

Міне ерлік, міне тәуелсіздікті, егемендікті аңсау! Бұлай деп Жұбан ақын 1964 жылы, яғни бостандық туының тігілуінен 30 жылға жуық бұрын айтып аңсады, келер ұрпаққа аманат етіп тапсырды.

2 – жүргізуші: Сол ұрпақ араға 20 жыл тастап, 1986 жылы бостандық туын көтерді. Нәтижесінде арманына жетті, жеңіске, ел тәуелсіздігін ие болды.

Ж. Молдағалиев бұл ұрпақтың рухани көсемі болды. Оны қаралаушылардан қорғады, сөйтіп ғасырлар бойы бостандық аңсаған халқының алдында перзенттін парызын өтеді.

1 – жүргізуші: Жұбанның мықты мінезі- бойындағы табиғат берген ақыл- қайрат, жігермен ұштасатын. 1986 жылғы оқиғаға байланысты Жұбан ағаның бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі халқына қызмет етті. Абырой үшін айқасқа шығып, ержүрек, шыншыл адам ретінде өз халқына жан дүниесіндегі арға толы қасиетін сыйлады. «Мен қазақпын» поэмасын балалар бақшасынан бастап мың қайталап, мың серпіліп оқып, миына тоқыған, кеуделері намысқа толы саналары сергек қазақ жастарын арашалады, оларға бағытталған бәлекет Жұбан ағаның қаһарман жүрегіне соғылып тас талқаны шықты. Мәселе: не тағдырға көну бар, не ерлікпен өлу бар деген тұжырымға тірелгенде Жұбан ақын екіншісін қалап алды. Сын сағаттап сол халық мүддесі үшін айтатынын айтып, нағыз ерлік көрсетті. Халықтың арына, намысына қол көтергендерге қарсы тұрып, ерлік көрсетуі Жұбан ақын үшін оқайлықпен аяқталмады.

2 – жүргізуші: Ол қазақ жастарына дүре соғып, ит қосып, қыздарды бұрымынан сүйреп, тепкі астына алған жендеттер әрекетін өз көзімен көріп налып: «Мен неге осы кезге дейін өмір сүріп, осындай аюандықтың куәгері болдым екен», -деп толқыды, буырқанды- бұрқанды,-Бұл жайт оның өмірін қысқартты. Ар жазасы- бар жазадан ауыр жаза.



1 – жүргізуші: Жерлесіміз Қадыр Мырза Әли өзінің «Жазмыш» деген кітабында:

«Ж. Молдағалиев сұмдық ірі тұлғаболатын. Тау қопара алатын құдірет күштің иесі еді», - депті. Бұл дәл айтылған баға. Ақын Ж. Молдағалиев ұлттың намыс туын қолына ұстап, халқының ар- намысы үшін шыбын жанын тігіп, Алаш тәуелсіздігіне жол ашты, еліміздің егемендігінің алғашқы қазығын қадап кетті.

1988 жылы ақын Жұбан Молдағалиев көз жұмды.

2 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз Ж.Молдағалиевтің шығармашылығына арналып, «Жайықты тербетеді Жұбан жыры» деп аталады. Бүгінгі сайыстың жеңімпаздары аудандық кезеңге жолданатын болады.

Сайыс екі бөлімнен тұрады.

  1. Жыр – бәйге / Жұбанөлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу/

  2. Туған топыраққа тәу етеміз, сыйлаған адамзатқа жыр - Жұбанды/ оқушы шығармашылығы/

2 – жүргізуші: Сайысымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Оқу ісінің меңгерушісі – Шолпан Қуанышқызы

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Бағдагүл Қаратайқызы

  3. Тәрбие ісінің меңгерушісі – Айжан Ғаллемқызы

2 – жүргізуші: Сайыстың 1-кезеңіне қатысушыларды ортаға шақырып, реттік номерлерін анықтап алайық.


  1. Әлібек Камшат 9 – сынып оқушысы

  2. Айбекова Жұпар 8 – сынып оқушысы

  3. Кенжегалиева Аягөз 7 – сынып оқушысы

  4. Сағын Ботагөз 6 – сынып оқушысы

  5. Муканова Аягөз 6 – сынып оқушысы

  6. Төлеуқызы Аяулым 6 – сынып оқушысы

  7. Әлібек Қырымбек 6 – сынып оқушысы

  8. Мұратқызы Дина 5 – сынып оқушысы

  9. Орынгазиева Гүлімкөз 5 – сынып оқушысы

  10. Кенжегалиев Асқар 6 – сынып



1 – жүргізуші: сайысымыздың 2 – кезеңі бойынша қатысушыларымызды өз туындыларымен қарсы алайық.

  1. Әбілғазы Индира 7 – сынып оқушысы

  2. Мұратқызы Дина 5 – сынып оқушысы

  3. Орынгазиева Гүлімкөз 5 – сынып оқушысы




2 – жүргізуші: Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына береміз.


1 – жүргізуші: Сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп – көп рахмет. Сау болыңыздар.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жайықты тербетеді Жұбан жыры

Автор: Еламанова Райхан Максотовна

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407211

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Конспект к внеклассному мероприятию "Таби?атым - тал бесігім" "
    ["seo_title"] => string(65) "konspiekt-k-vnieklassnomu-mieropriiatiiu-tabig-atym-tal-biesighim"
    ["file_id"] => string(6) "204278"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429628957"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства