Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие : "На земле друзей не так уж много,опасайтесь потерять друзей" (6-7 класс) »
Шалқар қаласы, №5 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уразаева Фатима Кенесовна
Эссе тақырыбы: «Қос балдақты қарттың сыры» деп аталады.Бұл жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым –өзім тұратын елді мекенде тұрған, қазақ халқының басына қиын – қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау. Сол Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында Отан соғысының майдангері Юсупов Мұқанбетқали Төлегенұлыда бар.Ол кісінің жүріп өткен өмір жолын зерттеп,осы эссе жұмысыма арқау етпекпін. 2013 жылы мамыр айында №5 орта мектебінде дәстүр бойынша, Ұлы Отан соғысы ардагелеріне арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барып,Ұлы Жеңіс күнімен құттықтадық.Отан үшін от кешкен майдангерлерді құттықтай отырып,Отанға деген сүйіспеншіліктерін,ардагерлерге деген құрметтерін көрсетті. Ерекше атап өткіміз келетіні,18 жасында соғысқа аттанып,сұрапыл соғыс жылдары ерлікпен шайқасқан,балдақпен елге оралған Мұқанбетқали Төлегенұлы Юсупов. М.Шыманұлы ауылында тұратын Мұқан атаның үйіне 5"б"сынып оқушыларымен барған болатынмын.Мұқан ата басынан кешкен оқиғаларынан сыр шертіп,тек қана соғыс жылдарын емес,отбасы жайында,ұстаздық еткен еңбегі туралы ,өнегелі әңгіме өрбітті.Тек өкініштісі, 2014 жыл желтоқсан айында аяулы әкеміз тоқсанға қараған шағында бақилық болды..
Соның айғағы ретінде атаның өзі туралы айтқан өмірдеректеріне токталып өтейін.
Юсупов Мұқанбетқали Төлегенұлы 1924 жылы Қаратал елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Сүйеу Төлегенұлы 1941 жылы Тасқынбай түбегінен соғысқа аттанды. Сүйеуден бес ұл (Мұқанбетқали, Ахметқали, Рыспағанбет,Тоқберген, Әбубәкір),бір қыз Балғаным 7-жасында қайтыс болған.Әкесі Сүйеусоғыстан хабарсыз кетті. Шешесі және төрт бауырымен қиыншылықты көп көрген.. Жастайынан ауыр жұмыстар істеп,Шалқар қаласына түйемен отын апарып сатып күнімізді көрдік.деп отыратын. Өзі де әкесінің артынан 1942 жылы 6 тамызда 18 жасында соғысқа аттанады.. Соғыста Ворошилов атындағы стансадан Днепрге дейінгі аралықта жаяу жүріп өткен. Осы екі аралықта талай боздақтар оққа ұшып, қан судай төгіледі. Қаршадайынан бейнетті көп көріп, ширақтыққа үйренгендіктен, әрі алып-ұшып тұрған бозбала шағы болғандықтан көп қиналмаған. Арасында орыс тілін үйренуге зейін қойып, көп ұзамай сержант атаныпты. Өзі айтпақшы:«1943 жылы Днепрге жақындап қалған тұс. Бір поселкені аламыз деп қыруар адамнан айырылдық, жау қатты қарсылық көрсетті. Бас көтертер емес. Жаппай оққа ұшып тегіс қырылып қалар түріміз бар. Өзім шешім қабылдап, бес солдатты ертіп жаудың ту сыртынан өтіп кеттім.Ата –баба әруақ қолдап пулеметтің үнін өшірдік. Қолымыздағы қаруымыз бесатар.Қару –жарақ жетіспей тұрғантұс.Осы жеңісім үшін «Ерлігі үшін медалін»берді. Осы соғыста аяғымнан қатты жарақаттанып, Тбилиссидің госпиталінде алты ай жатып, 1944 жылдың сәуір айында қос балдақпен елге оралдым.
Биссимилла дегенім сөздің басы
Елімнің естірме екен кәрі-жасы?
Соғыста кездескенді есіме алсам,
Көзімнің тоқтамайды аққан жасы
Жатырмын Тблисий қаласында
Каспий мен Қаратеңіз арасында.
Хатты алып оқыған ағайындар,
Сәлем айт бар Баршаның баласына-деп, елге деген сағынышты хат арқылы басатынмын»-деп отыратын.
Мүгедектігін мойындамай мұғалім болып жұмысқа кіріседі.Қырық жыл отасқан жары, әрі ақылшысы,қиын – қыстауда сүйеніші болған, жеті баласының анасы Шәмшияға үйленген. Сарықамыс мектебінде қырық төрт жыл мұғалім болып, 1988 жылы зейнеткерлікке шықты. Осы күнгі аудан жұртшылығына мәлім азаматтар: Жаңғабыл Қабақбаев, Жеткерген Елемесов, Ұзақбай Ысқақов Әсия Сейталина Астанада тұратын белгілі ғалым, професор Жақсылық Ниеталин шәкірттері. Білімі терең емес, бірақ көргені , көңілге түйгені көп болатын.
Өзінен туған үш ұл, төрт қызына жоғары білім алып берген аяулы әкеміз тоқсанға қараған шағында бақилық болды..
Солардан тараған жиырма екі немересіне батасын беріп, Алласына шүкірлігін айтып өтті.
Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, жеңіс үшін жанын берген аталарымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан апаларымыз бен әжелерімізді мақтаныш етеміз. Осы орайда ел намысы мен Отан абыройы жолында от кешіп, кеудесін оққа тосқан қандастарымыз бен жерлестеріміздің есімін жаңғыртып, жас буын санасына сіңіре түсу – біздің басты борышымыз.Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігінің, жастарды патроиоттық сезім мен ерлікке тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп білеміз.