kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ЗДІК К?РКЕМС?З О?У ШЕБЕРІ» САЙЫСЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?ЗДІК  К?РКЕМС?З  О?У  ШЕБЕРІ» САЙЫСЫ

Ма?саты:
Мемлекеттік тілді? ?олданылу аясын ке?ейту, мемлекеттік тіл саясатын ке?інен  насихаттау, талантты жастарды жан-жа?ты к?термелеу.Хал?ымызды? дана а?ындары, ??лама ойшылдары,  ?аза?ты? а?ын –?ле?дері мен ?ндеріні? таралуын насихаттау, б?гінгі ?рпа?тарыны? а?ындарды? м?расына ?ызы?ушылы?ын арттыру, о?ып – білуге, тани т?суге ынталандыру.?асырлар то?ысында ?асыр а?ындарыны? а?ынды? таланттарын ш?кірт ж?регіне ?ялату, сол ар?ылы оларды? бойында поэзия ?леміне, жалпы с?з ?неріне с?йіспеншілікті берік ?алыптастыру.

Міндеті: к?ркем ?дебиетті, ?аза? ?аламгерлеріні? шы?армашылы? м?расын насихаттау, ел бірлігін ны?айту ж?не отанс?йгіштік сезімге т?рбиелеу, ?аза?ты? ?лтты? м?дениеті мен ?неріне, ?дебиеті мен тіліне деген к?пшілік ы?ыласын арттыру, жастар арасында кітап о?у м?дениетін дамыту.

Бай?ауды? ?азылар ал?асы ашы? дауыс беру ар?ылы бір же?імпаз бен ?ш ж?лдегерді аны?тайды. ?азылар ал?асы бай?ау?а ?атысушыларды? ?нерін ба?алау кезінде оларды? к?ркем м?тінді о?у шеберлігіне, дауыс м?неріне ж?не тіл тазалы?ына, м?тінді та?дау тал?амына, сахнада ?зін-?зі ?стауына, киім с?ніне баса назар аударады.

К?рнекілігі: презентация, а?ын шы?армашылы?ынан к?рме, т.б.

Ба?алау критерийлері:

- та?ырыбына  с?йкес,  шы?армаларды та?дап алу;

-  к?ркем шы?армаларды  орындауда  кейіпке еніп, к?рерменге жеткізе білуі;

-  к?рермендерді? ж?регіне жол таба білуі;

-   шы?армаларды орындауда  дикцияны? талап?а сай  болуы, орфографиялы? ?ателерді жібермеуі;

-  интонациялы? с?йлеу байлы?ы (ыр?а?ты  т?рлендіріп отыруы, к?ші,  паузалы? ?зілісті тиімді, дауысты жо?ары шы?аруы )

 - сахна?а шы?у м?дениеті

?рбір критерийлер 0- ден бастап, 5- балды? ж?йемен ба?аланады.

?міткерлер:  ?здік орындаушы  бас ж?лдесі,  I д?режелі дипломмен,  II д?режелі дипломмен,  III д?режелі дипломмен,    ?те жо?ары шеберлікпен орында?аны ?шін, Жо?ары сахналы? м?дениеті ?шін, К?рермен к?зайымына айнал?ан орындаушы  номинациялар беріледі.

1- ж?ргізуші

С?леметсіздер ме ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Б?гінгі ?ткелі отыр?ан «К?ркемс?з о?у шебері» атты  сайысымыз?а ?ош келді?іздер!.?аза? а?ындарыны? ?р?айсысы шын м?ніндегі дарын, ?айталанбас шы?армашылы? т?л?а бір –бір дара  ретінде танылып отыр.

Тілді?  б?рі ?ымбат ма?ан

?рбір ?лт тілі сыр са?та?ан.

Б?рінен де сен арты?сы?,

?аза? тілім, жыр бапта?ан!

Тілім барда ма?танамын,

?німді айтып шаттанамын.

Сол тілімні? ??діреті,

Таптатпа?ан  жат?а ба?ын.- деп б?гінгі а?ындарды?   сайыс додасын ?рі ?арай жал?астырамыз.

2- ж?ргізуші


Ия, ?лылар, ?лылар!
Кім ?лы десек ?аза?та жетеді ?ой шіркін – ай!
Біра? соны? ішінде
Абай, Ыбырай, М??а?али.
Е? дарынды, е? шебер а?ындар.
Б?гінде ?з алдына т?уелсіздік алып, егеменді ел, дамы?ан ?з жолы бар мемлекет атан?ан ?аза?стан Республикасы ?з ?л – ?ыздарын, халы? арасынан шы??ан дана ??ламалары мен а?ындарын, батырлары мен д?лд?л шешендерін, кейінгі ?рпа??а жеткізіп, танытып отырады. Оларды? ?рбір жа?сы с?зі мен іс - ?рекетін насихаттап, мерейтойларын атап ?туде.

1- ж?ргізуші

?нерпаздар жарысып  ?н салады,

Жиын десе, той десе жан салады.

Сайысымызды? ашылу ??рметіне,

?уелеген ?сем  к?й  жолданады.

Кезек «  » орындауында?ы  «?л?исса» к?йіне кезек береміз.

2- ж?ргізуші

Ал, енді балалар ?азір  т?релігін айтатын, сайысымызды ба?алайтын,

Н?рлы ?мітін  ар?ала?ан  ар?а?а,

Жан с?улесін тарататын барша?а,

Шын пейілмен ??рметімізді к?рсетіп,

 ?діл?азаларды ша?ырамыз орта?а, -деп  ?зіміз айтып ?ткен сайыс?а т?релік ететін  ?діл?азылар ал?асымен таныс болы?ыздар: (?азылар ал?асын сайлау)

1.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ЗДІК К?РКЕМС?З О?У ШЕБЕРІ» САЙЫСЫ»

«ҮЗДІК КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРІ» САЙЫСЫ

Мақсаты:
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу.Халқымыздың дана ақындары, ғұлама ойшылдары, қазақтың ақын –өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының ақындардың мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.Ғасырлар тоғысында ғасыр ақындарының ақындық таланттарын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы бір жеңімпаз бен үш жүлдегерді анықтайды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

Көрнекілігі: презентация, ақын шығармашылығынан көрме, т.б.

Бағалау критерийлері:

- тақырыбына сәйкес,  шығармаларды таңдап алу;

- көркем шығармаларды орындауда кейіпке еніп, көрерменге жеткізе білуі;

- көрермендердің жүрегіне жол таба білуі;

- шығармаларды орындауда дикцияның талапқа сай болуы, орфографиялық қателерді жібермеуі;

-  интонациялық сөйлеу байлығы (ырғақты түрлендіріп отыруы, күші, паузалық үзілісті тиімді, дауысты жоғары шығаруы )

- сахнаға шығу мәдениеті

Әрбір критерийлер 0- ден бастап, 5- балдық жүйемен бағаланады.

Үміткерлер: Үздік орындаушы бас жүлдесі, I дәрежелі дипломмен, II дәрежелі дипломмен, III дәрежелі дипломмен, Өте жоғары шеберлікпен орындағаны үшін, Жоғары сахналық мәдениеті үшін, Көрермен көзайымына айналған орындаушы номинациялар беріледі.

1- жүргізуші

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Көркемсөз оқу шебері» атты сайысымызға қош келдіңіздер!.Қазақ ақындарының әрқайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға бір –бір дара ретінде танылып отыр.

Тілдің бәрі қымбат маған

Әрбір ұлт тілі сыр сақтаған.

Бәрінен де сен артықсың,

Қазақ тілім, жыр баптаған!

Тілім барда мақтанамын,

Әнімді айтып шаттанамын.

Сол тілімнің құдіреті,

Таптатпаған жатқа бағын.- деп бүгінгі ақындардың сайыс додасын әрі қарай жалғастырамыз.

2- жүргізуші


Ия, ұлылар, ұлылар!
Кім ұлы десек қазақта жетеді ғой шіркін – ай!
Бірақ соның ішінде
Абай, Ыбырай, Мұқағали...
Ең дарынды, ең шебер ақындар.
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс - әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.

1- жүргізуші

Өнерпаздар жарысып ән салады,

Жиын десе, той десе жан салады.

Сайысымыздың ашылу құрметіне,

Әуелеген әсем күй жолданады.

Кезек « » орындауындағы «Әлқисса» күйіне кезек береміз.

2- жүргізуші

Ал, енді балалар қазір төрелігін айтатын , сайысымызды бағалайтын,

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Әділқазаларды шақырамыз ортаға, -деп өзіміз айтып өткен сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: (қазылар алқасын сайлау)

1.

2.

3.


1- жүргізуші

Қазақ тілі ,

Байсалды баба тілім,

Сол байлықтан аз емес алатыным,- дей отырып, «ҮЗДІК КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРІ» сайысы төмендегі 3 кезеңнен тұрады.

Сайысымыздың төмендегі кезеңдерін таныстырып өтеміз.

1.Бәйге ( сұрақ- жауап сайысы)

2.Жыр парағы (Өздері сүйіп оқитын шығармалардан өлең, прозалар оқу бағыты үш түрден тұрады)

І кезең: мәнерлеп өлең оқу;

ІІ кезең: прозалық шығармадан үзінді оқу;

ІІІ кезең: драмалық шығармадан үзінді оқу.


3. Полиглот ( бір шығарманы екі немесе үш тілде оқу)

Өз бақтарын сынау үшін келген үміткерлерді ортаға шақырамыз.

Жүректен өлең төгіп қосқан жырға,

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

Қошеметтеп, көрермен қол соғыңдар,

Сайысқа қатысушы тұлғаларға

2- жүргізуші

Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

1.

2.

3.

4.

5.

(Сайысқа қатысушылар әділқазыылар алқасының алдынан қағаздар алып , шақыру реттерімен нөмірленеді.)

1- жүргізуші

Белгілі ұлы ақын, ғұлама ойшыл А.Құнанбаев атамыз айтқандай : «Болмасаң да ұқсап бақ,»- демекші қатысушы үміткерлердің құрметіне

Ән қандай, әнші қандай, тұнған таудай,

Барады жүректерде тағат қалмай,

Осы қүні басылмайды емін тауып,

Тамылжытып әншіміз әнін салмай- деп айтпақшы келесі кезекті әнге береміз.

«» орындауындағы «Сарыжайлау» әніне кезекті береміз.

2- жүргізуші


1- кезең Бәйге сайысы (Сұрақтар алдын- ала конвертке салынып беріледі.)
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары?
«Үш бақытым», «Отан» өлеңдерінің авторы кім?
«Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!- деп басталатын өлең кімнің өлеңі?

Ыбырай Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
А. С. Пушкиннің атақты “Евгений Онегин” романын кім аударды? Абай
Мұқағали Мақатаевтың туған жері? Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылы
Абай туралы қысқаша мәлімет?
Ы. Алтынсарин алғашқы мектепті қашан және қайдаашты? /1860, Торгай
Абайдың қара сөздерінің саны нешеу?
Мұқағали қай өлеңінде өзі туралы жазды?/ анкета/
«Бай баласы мен жарлы баласы»әңгімесінің кейіпкерлері кімдер, әңгіменің авторы?
Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін ата?
Мұқағали Мақатаевтың патриоттық өлеңдерін атаңдар?
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.- кімнің өлеңі және қалай аталады?
«Қазақ хрестоматиясының» авторы кім?

1- жүргізуші

2- кезең «Жыр- парағы»

Тілдің негізгі қызметінің бірі, бізге жеткізетін ақын –жазушыларды мәнеріне келтіре отырып, дауыс ырғағымен жеткізу болып табылады.

Орындалмай қалды қанша арманы.

Жас ақындар өнеріңді жалғады.

 Ұрпақтарың есіне алып ақындарды,

Жауһар жырыңды сазды мақаммен сомдады. Олай болса, отты өлеңдерге «Өсірем мен де жырыммен,өлеңшіл халық өнерін»-деп көркем сөзді оқуға, яғни түсініп, мәнерлеп, жатқа айтуға кезек берелік.(поэзия, проза, драма бағыты бойынша)

2- жүргізуші

Ежелден ұлы еліміз іргелі,

Шежіреміз, тарихымыз ілгері.

Менің тілім –Қаздауысты Қазыбек

Әйтеке мен Төле бидің тілдері –деп айтқанымыздай қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ саламыз.

Көрініс :

«Жұмбақ» 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

1- жүргізуші

3- кезең «Полиглот»

Көп тіл білу –әрбір адамның парызы демекші мынадай заманымыз технологияларға дамыған заманда әлемдік бәсекеге кірігу тіліне аударылған шығармалар да бар. Олай болса қазақ ақын –жазушыларының аудармаларымен аударылған шығармаларды тыңдап көрелік.


Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қандай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.- демекші, өз ақын- жазушыларымызды өзге тілде аударып оқысақ та, өз тіліміз мемлекетіміздің тілі қазақ тіліне не жетсін!

Мың бұралып биші қыз майысады,

Шыр айналып өлеңмен жарысады.

Қолын соғып көрермен риза болды,

Биші қыз өнерімен мақтау алды.

Би «Қара жорға»

2- жүргізуші

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн

Ырыс, дәулет, бақыты үшін халықтың

Жайнай берсін, жайнай берсін, жарық күн- демекші кезекті «» орындауындағы «Атамекен» әніне береміз.

1- жүргізуші

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады.....

Толқынмен толқын сырласып,

Толқынға толқын еркелеп,

Жарға жетер ентелеп,»- деп Мағжан ақын жырлағандай, бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасы кеңесіп, қорытындысы шыққанша «Сөздің көркі- мақал»- демекші көрермендерге арналған кезеңімізді бастаймыз. Сайысымызға қатысып отырған көрермендерге мақалды табуын сұраймыз. (Мақалдың біріншісін бастайды, қалғанын залдағы отырған көрермен жалғастырып әкетеді.)

2- жүргізуші

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.

1- жүргізуші

Қазақ тілі борандатқан дауыл күй,

Қазақ тілі- өлең, жырмен ән мен күй.

Байқасаңдар қазақ тілі осындай,

Аққан судай,ескен желдей табиғи.

2- жүргізуші

-О..... шіркін қазақтың нақыл, шешен сөздері жаға жайлы, жүрекке жылы тиеді емес пе?! Қазақ халқының ұлы ақыны- Абай атамыз «Шешеннің тілі –шебердің бізі», «Буынсыз тілің –буулы сөзің,»-деген.Ал, Қадыр Мырза әлі ағамыз: «Қай елде де болсын, тұрақты бір-ақ тілі,»- деген емес пе еді.

«Тілі төрдегі елдің- туы төрде,»- дегендей, тіліміздің мәртебесін жоғары көтерейік. Қазақ тілі, асқақтап, өркендеп, қанатын, жая берсін,»-деп сайысымыз да өз мәресіне жетті

1,2- жүргізушілер

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен сайысымыз аяқталды!
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!





 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ЗДІК К?РКЕМС?З О?У ШЕБЕРІ» САЙЫСЫ

Автор: Шужина Айгул Мамитовна

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326248


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства