kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұстаздық ұлы еңбек" тақырыбындағы іс-шара жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ұстаздық ұлы еңбек" атты іс-шара ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаның өту барысына құрылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұстаздық ұлы еңбек" тақырыбындағы іс-шара жоспары»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Innovative College» мекемесі







БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары________Касимова А.М.

«_____»________________2018жыл








«Ұстаздар күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған

«Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік іс-шараның

СЦЕНАРИЙІ






Жауапты: «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы, жетекшісі Макаева А.С.

Оқытушы: Тауыков А.Н., Жексембай М.А.





Семей-2018

(әсем әуен ойнап тұрады, сахнаға екі жүргізуші шығады)



1-жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

2-жүргізуші:

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

1-жүргізуші:

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.

2-жүргізуші:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!- дей келе колледжімізде студенттерді білім нәрімен сусындатып, болашақта білікті маман болар білімді шәкірттерінен бар білгенін аямайтын аяулы ұстаздар қауымын зор қошеметпен ортаға шақырайық.


(слайд жүріп жатады, оқытушылар кезекпен шақырылады, номинациямен марапатталады)

  1. жүргізуші:

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.


2-жүргізуші:

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!


1- жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсыншаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!


БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

(Ән. Ұстаз туралы)


1-жүргіуші:  Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.


2-Жүргізуші: иә, дұрыс айтасың. Осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                           

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің колледжде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

            

1-Жүргізуші:  

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

(Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик))


2-жүргізуші.     

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                  Мұғалімді ардақтайды барша жан

                  Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                   Бала десе ойламайды өз қамын

                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            

                   Шәкірттерін өзінен де озғанын.  


 1- жүрг.   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                  Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                  Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

      2-жүрг.  екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

      1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

      2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

      1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

      2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

      1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

      2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

      1-Жүргізуші: Біз екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.


1-оқушы: 

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.


2-оқушы: 

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.


3-оқушы:   

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!


4-оқушы: 

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.


5-оқушы:

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

6-оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.

7-оқушы:

Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!


Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)

1 жүргізуші:             

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында


2 жүргізуші:       

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!


2 — жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
(Ән «Алтын ұя мектебім» )
1 — жүргізуші: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
2 — жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін

«Ұстазым» әні 


1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.


1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?


2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?


3 — қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.


2 — жүргізуші:

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Әй ақымықтық деймін, біз осы асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, осы тақырып аясында дайындалған музыкалық қойылымымызды бірге тамашалайық!
Музыкалық қойылым

1 — жүргізуші: Тәтті әуен бағаланса, балдан нәрі, Өнердің асулары алда әлі. Өнерге іңкәр етіп қояр жанды
(биылғы жылы колледжге жаңадан келіп, қызмет жолын бастаған жас оқытушыларға кезек беріледі) 
2 — жүргізуші:
Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстазжайлыайтылар сыр да, жыр да көп. Ұстазсенімінақтау — адамгершіліктіңбелгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылықкерекекен.
(баяу музыка ойнап тұрады)
1 — жүргізуші: мен саған жұмбақ жасырайын? Шешіп көрші
2 — жүргізуші: Жарайды жасырып көр, кәне
1 — жүргізуші: Жылдың ең қысқа күндері.
2 — жүргізуші: Каникул
1 — жүргізуші: Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы
2 — жүргізуші: Күнделік.
1 — жүргізуші: Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
2 — жүргізуші: Дос
1 — жүргізуші: Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
2 — жүргізуші: Сабақ
1 — жүргізуші: Әжеме айтатын басты сылтауым.
2 — жүргізуші: Спорт секциясы
1 — жүргізуші: Қыздардың негізгі қаруы.
2 — жүргізуші:“Апайға айтам”
2 — жүргізуші: Әрине бұның бәрі әзіл.

2 — жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
(Екеуі хормен
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
8. Хор. «Ұстазым»(Көңілді әуен, сахнаға барлық оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді)
1 — жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау — саламатта болайық.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ұстаздық ұлы еңбек" тақырыбындағы іс-шара жоспары

Автор: Тауыков Асан Нурахметович

Дата: 01.02.2019

Номер свидетельства: 498013


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства