Просмотр содержимого документа
«Ұстаз-мектеп тұлғасы, шәкірт оның жалғасы»
Ұстаз – мектеп тұлғасы,Шәкірт – өмір жалғасы.
Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады. Ұлы суреткер жазушымыз М. Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың –бәрі де біліммен тікелей байланысты. Адам бойында болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері біліммен ғана кемелденеді. Білімсіз адамның бойынан бұл қасиеттердің бірін де табуға болмайды, болған күнде де жартыкеш, жансар күйде кездеседі. Бір ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі – білім ғана. Осындайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы халықтарына арнаған жолдауында: «XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» дегені үлкен парасаттылықпен айтылған көреген пікірі еске түседі. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының қандай екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар бағыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусар бұлағының көзі мектепте. Мектеп қабырғасы – әрбір адамның алдағы өмірін қалыптастырар алғашқы табалдырық. Сондықтан да әрбіріміздің алда қандай адам боларымыз да мектепте алған білімімізге, тәлім-тәрбиемізге байланысты.
Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі құдіреті, болашағының кепілі – кемел білім берер мектебінде десек,Жүзағаш дәл сондай құтты білім ошағының бірі.
Қазіргі таңда білім ордасында 160-тан астам шәкірт тәлім-тәрбие алып отыр. 32 ұстаз шәкірттерге білім береді. Мектебімізде жоғары санатты – мұғалім, І санатты – 1, II санатты – мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп директоры Асанова М.Н ағылшын тіліне зор үлес қосқан білікті де білімді, ұлағатты ұстаз. Білім ордасы болғандықтан, әрине, мектеп ұжымының негізгі назары – білімде. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» деген қағиданы берік ұстанған мектеп басшысы мен ұстаздар қауымы алдында отырған шәкірттеріне барынша сапалы білім беруге тырысады. Сабақ беру барысында заман көшінен қалмай, жаңа әдіс-тәсілдерді де сәтті пайдаланады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз болу – адамзат алдында үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық.
Бүкіл ғұмыры жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, келешегіне бағыт-бағдар беретін мектебіміздің ұстаздар қауымы қазіргі таңда да қажымай еңбек етуде Басшымыз мектеп ұжымы мен шәкірттерін жоғары бағалайды. Сонымен қатар мектебімізде тәрбие ісіне де ерекше ден қойылған.
. Мектеп ұжымы және оқушылар туған елінің тарихын, мәдениетін, табиғатын, тарихи ескерткіштер, жергілікті атақты адамдар жайында зерделеу жұмыстарына белсене кірісіп отыр.
Мектеп оқушыларын отаншылдыққа тәрбиелеудің бір құралы – өлкетану жұмыстары. Бұл оқушыларымыздың елінің шежірелі тарихын білуге деген құлшыныстарын арттырып, туған жеріне деген махаббат пен сүйіспеншіліктерін, елінің өткені мен болашағына деген мақтаныш сезімдерін оятады. Тәрбие ісінің орынбасары Көкеева Нұргүл Айтқазықызының ұйымдастыруымен биылғы оқу жылының ішінде көптеген ауыз толтырып айтарлық іс – шаралар өткізілді. .
Елдің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Жаһандану дәуірінде ізденудің арқасында ғана елді танытып, абыройын асқақтатуға болады. Осы орайда, алдағы уақытта білім ордасына жүктелер міндет орасан зор. Әлі де мектебіміздің табалдырығынан дарынды да, талантты, ақылды да, білімді оқушылар түлеп ұшады. Ұстаздар қауымы үкілеп отырған шәкірттерінің сенімдерінен шығып, үміттерін ақтайтынына кәміл сенеді.
Көпшіліктің ризашылығына бөленген киелі білім ордамыз ұзақ жасасын. Сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымның жұмысы жемісті болсын деп тілеймін.
Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде қаншама киелі құдірет,ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы не заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеру, білімді тоқумен келеді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісінде ұстаз өсіреді......
Өмірдегі ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз. Білім нәрімен сусындатып, білімге қадам бастырған алғашқы ұстазы Узбаева Л.А
Мектеп –білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Соның ішінде бәрі жақсы деген бағамен оқуды тәмәмдап,енді алда келе жатқан емтиханды жақсы тапсыр ады деп үміттенеміз.