kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: үлкенді құрметтеу, сыйлау, ата дәстүрімізді ардақтай білетін ұрпақ тәрбиелеу. Өз аталарының ісін өнеге ете білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына халқымыздың асыл-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын есте сақтауға үйрету. Оқушыларды ардақты ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат»

Тақырыбы: «Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат».

Мақсаты: үлкенді құрметтеу, сыйлау, ата дәстүрімізді ардақтай білетін ұрпақ

тәрбиелеу. Өз аталарының ісін өнеге ете білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына халқымыздың асыл-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын есте сақтауға үйрету. Оқушыларды ардақты ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Білімділік: үлкендермен кездесу арқылы кәсіптік бағдар беру.

Дамытушылық: танымдық ойларын дамытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: 1. Үлкенді сыйлауға, мейірімді, кішіпейіл болуға тәрбиелеу, үлкендерге

көмек көрсете білуге баулу.

2. Ұстаздар еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.


Түрі: кездесу-сұхбат, шығармашылық отырыс.

Көрнекілік: магнитофон, фотостенд, нақыл сөздер жазылған бетшелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, әдеп, таным.

Өнеге сағатының өту барысы:

  1. жүргізуші - Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Бүгінгі өткізгелі отырған «Үлкеннен- ұлағат, кішіден - ілтипат» атты мерекелік кешімізді ашуға рұхсат етіңіздер. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз , тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.

  2. жүргізуші - Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп, әлі де талай асулардан аса беріңіздер.

  1. жүргізуші - Кеңдікті сыйғызыпты-ау кеудесіне,

Ақыл құяр ұрпақтың зердесіне.

Шежіре, даналықтың қазынасы-

Әңгімесі қоймайды сенбесіңе.

Кеңдігі қазақтың кең даласындай,

Ақылы, парасаты жарасымды-ай.

Қазақтың дана шалы, қариясы

Біздермен ақылдасар баласындай.

2 – жүргізуші -Құрметті кешке шақырылған қонақтар, ауданымыздың ардагер аталары! Бүгінгі «Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат» атты өнеге сағатына қош келдіңіздер.

  1. жүргізуші -Бұл мереке – сұлу табиғатымыздың мол өнім беретін, күннің жұмсақ сәулесімен қуантатын, алтын күз шағымен тұспа-тұс келетін кезең. Біз өнеге тұтып, әлі де ақыл-кеңес, тәжірибе алатын, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білген аға ұрпақтарымызға бас иетін күн.

2 – жүргізуші - Бүгінгі өнеге сағатымызға құрметті қонақ болып отырған ауданымыздың ардагер ұстаздары Сарсенгалиев Насыролла ағамыз, Жұпбанов Қыдырбай ағамыз және №6 жалпы білім беру мектебінің психологы Киянова Куаныш Тұрғанбаевна. Үлкенді сыйлау, оларға әрдайым құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сол үрдіспен бүгінгі мерекеге арнап дайындаған балалардың ән-шашуын қабыл алыңыздар.

1-оқушы Ата- бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

2- оқушы Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

3 – оқушы Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, сөзі – нәр!

4 – оқушы Сәлем, ата – алтын күн

Сәлем, қарты халқымның!

Бақытты балғын балалар,

Арнайды Сізге алғысын.

Ән « Ата-ана парызы » орындайтын Нұрқасынова Камажай.

Би «Көңілді балалар биі» орындайтын 3,5- сынып оқушылары

  1. жүргізуші - Қазақстанның өсіп –өркендеуіне, еліміздің бейбіт тыныш өмір кешуіне зор үлес қосқан осы ардақты аталарымыз. Саналы ғұмырын Отан деп, тынымсыз еңбекпен мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосқан Насыролла атамыздың салт-дәстүр, бейбіт күн жайлы, тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдығы туралы әңгімесін тыңдайық.

  2. жүргізуші - Бүгінгі өнеге сағатымыздың қонағы, ардагер ұстаз Қыдырбай ағамызға сөз кезегін береміз. Өзіңіздің еңбек жолыңыз туралы, еңбекпен тапқан нанның қадірі туралы балаларға әңгімелеп берсеңіз екен.

1 - жүргізуші - Құрметті қонақтар, балаларымыздың сіздерге қоятын сұрақтары

бар сияқты, енді сол сұрақтарға кезек берсек:

  1. сұрақ - Өміріңіздегі қызықты бір сәтті айтып беріңізші?

2 – сұрақ - Балалық шағыңызда тентек болдыңыз ба?


Ән «Анашым» орындайтын Жолаева Дәріжан.

Ән «Мектебім» орындайтын 5-сынып оқушылары Нұржамал, Нұршат.

2 - жүргізуші - Құрметті қонақтар, оқушылар, бүгін біздер аяулы ұстаздарымызды

да төл мерекелерімен құттықтаймыз. «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес

далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы абыз Абай

атамыз айтып кеткендей оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген

ұстаздарымыздың еңбегі орасан зор. Осы мектеп үшін талай жылдар маңдай

терін төккен мектеп директоры Ардақ Өтешқызына алғысымызды айта отырып,

сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Тәттігүл Жәңгірқызына

береміз.

1 – жүргізуші - Адалдық пен имандылық тұрағы,

Өзіңде екен ілім-білім шырағы.

Саған қарап өсіп-өнер дейміз біз,

Қазағымның бүлдіршіні, ұланы.

Ақылшысы ұстаздардың елдігі,

Бұзылмаған салт-дәстүрдің өрнегі.

Сізге қарап өсер біздің балалар,

Бата берген ақсақалдар төрдегі.

2- жүргізуші - Бүгінгі өнеге сағатымыздың құрметті қонағы № 6 жалпы білім беру

мектебінің психологы Қуаныш апайларыңызға сөз кезегін беруге рұхсат

етіңіздер.

1 – оқушы Ұстаз ана – болашақтың анасы,

Ұстаз ана – ақыл-білім анасы.

Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,

Әр шәкірттің оянады санасы.

2 – оқушы Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан ұстазыма мың сан алғыс,

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

3 – оқушы Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем.

Терме орындайтын Нұрбергенова Дариға

Би "Көбелектер биі" орындайтын 3- сынып оқушылары.

Тренинг

Оқушылар, біз тәрбиелік- өнеге сағатымыздың басында қонақтарымызға

тапсырмалар таратқан болатынбыз. Тапсырмада бір параққа адам бойында кездесетін жаман қасиеттер, ал, екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазыңыз деген болатынбыз. Қазір сол тапсырмалар дайын болса оқып шықсаңыздар. Енді ортаға үш оқушы шығып, адам бойында кездесетін жаман қасиеттер жазылған парақшаларды жыртамыз.

1 жүргізуші - Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Нұр құйған санасына зейіндінің,

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дарыттың дарын отын бейімдінің.

Ұстаз атын небір сын сәттерден аласартпай алып шығатын, өнерге бергісіз осынау мамандығын жан- тәнімен сүйіп, көңіл тұщынып, көз қуантатын мұғалім- біздің ортамызда. Адам бағбаны болу қандай қиын десеңші! Оған халықтың қояр тілегі, шәкірттерінің одан күтер өнер-білімі мен тәлім тәрбиесі көп. Осы орайда сіздердің қуаныштарыңыз көп болсын, басыңыз аман, еліміздің болашақ патриоттарын тәрбиелеуде аянбай жасаған еңбектеріңіздің тек зейнетін көріңіздер демекпіз.

2 - жүргізуші - Ия, өте дұрыс айтылған пікір. Бүгінгі "Үлкеннен - ұлағат, кішіден - ілтипат" атты өнеге сағатымыздың қонақтары, Сіздерге көп рахметімізді айта отырып, бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін қуанышты сәттеріңіз көп болсын. Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар. Мереке құтты болсын. Құрметті қонақтар, бүгінгі өнеге сағатынан алған әсерлеріңізді, көңіл- күйлеріңізді алдарыңыздағы смайлик арқылы көрсетсеңіз.

Осымен бүгінгі «Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат» атты өнеге сағатымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен- көп рахмет.














































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат

Автор: Каниева Жумагул Хайроллаевна

Дата: 18.10.2016

Номер свидетельства: 350204

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Үлкеннен – ұлағат, кішіден - ілтипат"
    ["seo_title"] => string(37) "ulkiennien_u_lag_at_kishidien_iltipat"
    ["file_id"] => string(6) "350194"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476788037"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства