kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тілге-??рмет, елге-??рмет" ма?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекеттік тілді? м?ртебесін к?теру, ?дебиетті насихаттау, ?з елін, жерін, Отанын, ту?ан хал?ыны? тілі мен салт-д?ст?рін ?астерлейтін саналы да парасатты азамат етіп т?рбиелеу ма?сатында жыл сайын Ленин жалпы білім беру орта мектебінде гуманитарлы? п?н бірлестігіні? п?н апталы?ы ?ткізіледі.Биыл да ?а?тар айыны? 19-24 к?ндері аралы?ында "Тілге-??рмет, елге-??рмет" атты апталы? ?ткізілді.Апталы? барысында мектеп д?лізі тіл туралы жазыл?ан на?ыл с?здермен, шарлармен безендірілді. Мектебімізді? екінші ?абатында апталы?ты? ашылуы болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тілге-??рмет, елге-??рмет" ма?ала »

Ленин орта мектебінде «Тілге- құрмет, елге-құрмет» атты

апталық өткізілді

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әдебиетті насихаттау, өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында жыл сайын Ленин жалпы білім беру орта мектебінде гуманитарлық пән бірлестігінің апталығы  өтеді.

Биыл да  қаңтар айының 19-24 күндері аралығында «Тілге- құрмет, елге-құрмет» атты апталығы өткізілді.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Кенебаева Мадина Сұлтанқызының басшылығымен бастау алған бұл апталықты ұйымдастыруға  қазақ тілі, тарих пән мұғалімдері барынша ат салысты.

Апталық барысында мектеп дәлізі тіл туралы жазылған нақыл сөздермен, көркем суреттермен, шарлармен безендірілді. Мектебіміздің екінші қабатында Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылған «Тілге-құрмет, елге-құрмет»» атты салтанатты жиын барысында мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге үйрету  мақсатында қазақ тілі мәселесі бойынша басқа ұлт өкілдерінің арнайы дайындаған «Тіл» туралы өлеңдерін мәнерлеп оқулары, диалогтары ұсынылды. Жиын барысында мың бұралған биші қыздарымыздың тамаша биі тамашаланды.

Апталық барысында көптеген іс-шаралар мазмұнды, мақсатты болды деуге болады. Атап айтқанда, 20 қаңтар күні өткізілген пән мұғалімдері Ахметова Ақнұр Төлепбергенқызы мен Баянхан Харашаштың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында өткізілген «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы семинар, 21 қаңтар күні 5-7 қазақ сыныптары арасында өткізілген «Ең сауатты оқушы» атты сайысы, 5-қазақ сыныбы оқушылары мен ата-аналары арасында өткізілген «Анам және мен» атты ашық тәрбие сағаты, 7,8 -қазақ сыныптары арасында өткізілген «Білгірлер» сайысы өз деңгейінде өтті деп ойлаймын.

Апталықтың үшінші күні   5-7 орыс сыныптары аралығында өткізілген «Тілге-құрмет, елге-құрмет» атты зияткерлік ойыны өте тартымды да, қызықты болды. ( Жауапты мұғалімдер: Жақсыбаева Э.Е., Даулетбай Н.С.) Сайыс шарттары төмендегідей болды: 1. Таныстыру. 2. «Тіл» туралы өлеңді жатқа оқу. 3. Белгілі бір тақырыпқа әңгіме құрау. 4.Өз өнерін көрсету. 5. «Қазақстандықтар» деген сөзден бірнеше сөз құрау. 6. Берілген сөздерді қазақ тіліне аудару. 7. Сөз мәйегі-мақал.

Бұл сайыстың мақсаты-мемлекеттік тілімізді өркендету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, басқа ұлт өкілдеріне салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды таныту. Аталған сайыста 6-сынып оқушысы Смирнова Анна I орынға ие болса, II орынға 7-сынып оқушысы Кайль Ксения мен 5-сынып оқушысы Химонен Виктория ие болды.

Апталықтың төртінші күні екінші деңгейлі мұғалім, I санатты ұстаз Ибраев Ерсін Бейбітұлы «Коучинг туралы коучинг» тақырыбында мұғалімдер арасында коучинг өткізсе, ал аптаның бесінші күні бірінші деңгейлі мұғалім, жоғары санатты ұстаз Шоланов Ернұр Аманбайұлы «Дарынды және талантты оқушылар» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында әр түрлі тренингтер жүргізілді, мұғалімдер арасында топпен жұмыс ұйымдастырылды. Қорытынды бөлімінде мұғалімдер арасында «Бүгінгі коучингке деген өзіңіздің көзқарасыңыз?» деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Коучинг мұғалімдердің «Екі жұлдыз, бір тілек» атты өздерінің ұсыныс-тілектерін білдірулерімен аяқталды.

Барлық пән мұғалімдерінің ашық сабақтары ойдағыдай өтті. Соның ішінде Кембридж үш айлық мұғалімдердің біліктілігін көтеру оқу бағдарламасының бірінші деңгейлі курсын аяқтап келген Шоланов Ернұр Аманбайұлының «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында өткізген шеберлік сабағын ерекше атап өтуге болады. Сабақта Кембридж оқу бағдарламасының негізгі 7 модулін қамти отырып, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, диалогтік оқыту модульдерін шеберлілікпен пайдаланып, сабағын өз деңгейінде өткізді деп білемін. Оқушылар өз білімділік деңгейін көрсете білді, сабақ өте қызықты өтті.

Бұл ашық сабақтарға оқу ісінің меңгерушілері, пән мұғалімдері қатысып, өз пікір-ойларын білдіріп, ұсыныс-тілектерін айтты.

Апталықтың жабылуы күні қазақ тілі мұғалімдері қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Келешекте сабақтарда жаңа технология бойынша түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, басқа да іс-шаралар өткізуге, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін жетік меңгеруіне өз үлесімізді қосамыз деген ойдамын.

Осылайша, « Тілге- құрмет, елге-құрмет» » апталығы өз мәресіне жетті.

Ленин жалпы білім беру орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Даулетбай Нұргүл Сержанқызы











Гуманитарлық әдістемелік бірлестігі



















Ашық сабақтар

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, бірінші деңгейлі мұғалім Шоланов Ернұр Аманбайұлы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, I санатты ұстаз

Даулетбай Нұргүл Сержанқызы

Тарих пәнінің мұғалімі, I санатты ұстаз, екінші деңгейлі мұғалім Ибраев Ерсін Бейбітұлы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тілге-??рмет, елге-??рмет" ма?ала

Автор: Даулетбай Н?ргул Сержан?ызы

Дата: 09.04.2015

Номер свидетельства: 199364


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства