kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс әдеби-танымдық кеш "Төлен Әбдік 75 жаста"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Жазушының өмір жолымен таныстыру

Тәрбиелік мәні: драматург жазушының әдеби мұрасын дәріптеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс әдеби-танымдық кеш "Төлен Әбдік 75 жаста"»

Әдеби - танымдық тәрбие сағаты (7-сыныптар)

Танымдық тәрбие сағатының тәрбиелік мақсаты:

-Төлен Әбдіктің  шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту;

-Т. Әбдіктің педагогик-психологиялық идеяларын насихаттау арқылы оқушылардың кітапқа, поэтикалық сөздеріне деген қызығушылығын ояту;

-оқушылардың дербес және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік жасайтын жағдай жасау;

-жалпыадамзаттық құндылықтарға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру;

-шығармашылық қабілеттерін, сенімі мен тәртіп моделін, адамгершілік және эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу;

-қарым-қатынас, шығармашылық іс-әрекет және өзін- өзі ұйымдастыру қажеттілігін қалыптасты

-көркем және эстетикалық талғамын қалыптастыру;

-өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіруге негізделген адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;

-Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту;

-ұлттық мақтаныш сезімдерін, ұлттық сана –сезімін бекіту;

-оқушылардың бойында эмоционалды-құндылық бағыттарын өз мемлекетінің тарихы мен мәдениеті арқылы дамыту.

Міндеттері: Мектеп оқушыларының жазушы өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеуге ынталандыру.
Көрнекілігі: Т.Әбдіктің портреті, шығармалары мен аудармалары бойынша әдеби көрме, слайдтар.
Өтілу формасы: Танымдық тәрбие сағаты.

Танымдық  сынып сағатының өтілу жоспары :

1)кіріспе;

2) негізгі бөлім;

3) қорытынды.

Кіріспе бөлімде жазушы туралы кіріспе сөз,өмірімен таныстыру. Жазушының өмірбаяны әрбір адам өміріндегі және жалпы қоғамдағы тұтас алғандағы мәні  ашылуы қажет. Осы кезеңде тақырып бойынша оқушылардың бойында байсалды қарым-қатынас қалыптастыру қажет. 

Негізгі бөлім. Т.Әбдікұлы шығармаларындағы авторлық идеялар. Слайдтар арқылы көрсету,бейнекөріністерден мағлұмат алу.



Автор идеялары

Шығарма атауы

Жақсылық атаулымен қатар жүретін зұлымдық, жаман іс-әрекеттер мен жауыздықтың түп-төркіні - ой мен соны іске асыратын қол.

«Оң қол» әңгімесі

Әр адам өзгені тану үшін өзін тану қажеттілігі. Қанша мықты адам болса да өзін тани алмаса, өмірден бос өткені анық.

«Бассүйек» әңгімесі

Ұрпақтың ұлттық құндылықтардан айырылу, өзге ұлтқа үйленген жастардың тағдыры және тілден айырылуы

«Қонақтар» әңгімесі

Билік ол қашанда билік, адам оның құлы болып кеткенін одан айрылғанда түсінеді. Түсінген сәтте барлығы өз бояуын басқа бояумен араластырып, сіңіп кеткенін ғана көріп, «Қап!» деп санын соғумен аяқталады.

«Қайырсыз жұма» әңгімесі

Қорытынды бөлім

Сынып сағатының шарықтау шегі. Қорытынды бөлімде қарым-қатынастың қорытындысын  шығару үшін  оқушылардың өздері қатысқаны дұрыс.(бұл өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік береді). Оқушылар жазушы шығармаларынан көрініс көрсетіп,әңгімелерінің ерекшелігін,танымдық,тәрбиелік мәнін айтып өз идеяларымен бөліседі.

Мұғаліс сөзі:
Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! Заманымыздың заңғар ойлы, зергер зейін­­ді, зиялы жазушыларының бірегей жампозы. жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жылдық мерейтойына арналған танымдық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Төлен Әбдіктің есімі танымал жазушы қайраткерлермен қатар аталып, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған. Төлен Әбдіктің барлық сан қырлы қоғамдық қайраткерлік және шығармашылық іс-әрекеті қазақ халқының әлемдік өркениетті мәдениетпен танысуы және жазушының шығармалары адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге арналған.

1-слайд көрсетіледі. Төлен Әбдіктің портреті .

Өздерін экраннан көріп тұрған кісі – Төлен Әбдік атамыз. «Қазақ прозасының пырағы» деген атаққа ие. Бүгінгі таңда Төлен Әбдіков көзі тірі 75 жастағы қаламгер. Өткен жылдың 4- қыркүйегінде 75 жасқа толды. Осы күнге зейнеткерлік жасына дейін

Қазақстанның Президент аппаратында ішкі істер саясатын басқарып келді. Жалпы қоғамда өзіндік саяси орны,қоғамдағы қызметі,лауазымы жоғары тұлға. Онымен қоймай «Қазақ прозасының пырағы» деген атақ бүкіл шартарапқа тарап кетті 13 түрлі мемлекетте тұлғаның шығармалары аударылып,аты әлемге таралған «Қазақ прозасының пырағы» деп айта аламыз. 70 жасар мерейтойын бүкіл қазақ даласы шартарапқа таратып тұрып,Елбасының құттықтауымен бірге дүбірлі мерейтойы болып өтті. Сол мерейтойдан үзіндіні тамашалайық.

2-слайд. Мерейтойдан үзінді. Өмірбаяны

Мұғалім сөзі:



Міне,балалар бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша Төлен Әбдік атамыз туралы осындай мәліметтерді білдік.

-Ал ,енді келесі кезекті Төлен Әбдік атамыз туралы оқушылардың қосымша өз беттерімен ізденіп, шығармаларымен танысып келген қосымша ақпараттарына кезекті берсек.

- Құрметті оқушылар сөз кезегі өздерінде, рет-ретімен айтып өтейік.

1.Алдымен өміріне тоқталсақ;

2.Шығармашылық жолы;

3.Берілген атақтары;

4.Шығармалары және олардың тақырыбы туралы.

Оқушылар өздері дайындап келген қосымша ақпараттарын айтады.

Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері (2002). 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы бойынша жылдар сөйлейді.
1942 жыл Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген
1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірген
1965-1970 жылдары «Қазақстн пионері» (қазіргі Ұлан) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген
1970-1977 жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары
1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор
1979-1990 жылдары
Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитеті жауапты қызметкер
1985 жыл Республика театрларында «Біз үшеу едік» пьесасы қойылған
1985 жыл «Өлі ара» романы жарық көрген
1987 жыл «Ақшоқыдағы қыс қатты» романы жарияланды.
1990-1992 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары
2002 жыл «Парасат майданы»романының авторы –Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Франц Кафта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.

Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады.Бірінші «Көкжиек» жинағы 1969 жылы, одан кейін «Күзгі жапырақ» 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы «Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді.1979 жылы «Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повестер жинақтар жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы «Өліара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған.Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.1987 жылы «Ақшоқыдағы қыс қатты» және 2002 жылы «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафта атындағы орденімен марапатталады. 2003 жылы Халықаралық Франц Кафта атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығыны лауреаты. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне фолософиялық проза жанрын ала келді.
Жазушының қаламынан туған «Қонақтар» әңгімесі н топтық жұмыс арқылы жүзеге асырғалы отырмыз.Мұғалімнің алдынды 2 топтың атауы жатыр. Сондай-ақ үстелдің үстінде Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің шумақтары жеке-жеке қағазға жазылған. Оқушылар ортаға шығып, өлеңді кезекті тармақтары арқылы тауып екі топқа бөлінеді.Қалаулары бойынша топтың аттарын таңдап алады және не себептен таңдап алғанын өздері оқып келген әңгімемен байланыстырып өтеді.
Мғалім сөзі: Төлен Әбдіковтың көркем туындыларында халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтап, адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген.Бүгінгі өткелі отырған «Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік парызы туралы ой қозғайды.
Жазушының сүйікті шығармасының ал­ғашқысы «Әке» повесі. Бұл жеделхат алып, әке­сінің хал үстінде жатқанын естіген Сайлаудың елге келуі, көптен бері көрмеген ауылдағы ағайын, жұртпен жүздесіп, ақыр соңында көз алдында қайтыс болған әкесі Сейсенді арулап жерлеп, Алматыға аттануымен аяқталатын хикаят.

Төленннің «Оралу» повесі де тәуір туындылар санатында. Осынау оқу бітіре сала жолы ашылып  Алматыда қалып, бір мықты­ның қызына үйленіп, сырт адамдардың ойынша, ел алдында жүрген жігіт есебіндегі Әбді­кәрімнің шын мәнісінде тағдыры тайқы болатын. Себебі, оның жасындағы алау  арманы, үміт-дәмесі, студент кезіндегі білікті ғалым­ның талантты, болашағы зор деп баға­лауы, алғашқы сәтті қадамдар бүгінде құр қолпаш сөз, есек дәме күйінде бәрі жайына қалған. Қатардағы жорналшыдан аса ал­маған Әбді­кәрім­нің алғашқы  махаббаты, бала ғашығы– Бәтиманы араға ондаған жылдар салып іздеп келуі, келіншектің сонау бір қимас күндерді еске түсіріп, қуана қарсы алғаны, ұзақ уақыт өтсе де, ұмытылмай жүрегінде сақталған періште сезімінің сағынышы – көз жасының сырын түсінген жігіттің осы келісін жүрек сыз­дататын сырлы сөздермен суреттеген сәт сенің де көңі­ліңді толқытып, қай-қайдағы енді қайырыл­мас жастық шағың туралы ойға шомдырып, рахат күй кештіретіні ғажап емес пе?! Сүйіс­пен­шіліктің құпия сырын шерткен хикаят жан тазалығына, сезім мөлдірлігіне деген іңкәр көңіліңнің сағынышын жырлаған тамаша туынды екені даусыз.

Жалпы, жазушының шеберлігі жазған әңгі­мелерінен айрықша аңғарылатыны бел­гілі. Төлен де бірсыпыра әңгіме жазған. Со­лардың ішінен «Бассүйек», «Қайырсыз жұ­ма», «Қонақтар», «Жат перзент» әңгі­ме­лерінің тақырыптары да, мақсаттары да өзгеше өрнекті, өнегелі шығармалар. Бұ­лар­дың қай-қайсысы болсын бүгінгі күннің тіршілік-тынысын танытатын туындылар.

Айталық, «Бассүйек» мүсінші Хамиттың атақты Жаубөрінің келбетін жасау үшін қаншама жыл ізденіп, шығармашылықтың шырғалаң жолын таппай қиналғандығы, өлi тарихты тiрiлту пешенеге оңай бұйыра салатын бақыт еместiгi нанымды бейнеленген. Ол әуелде сәтсіздігін: «Мен антропологпін, сондықтан батырдың образын емес, пішінін кескіндеуге тиіспін», – деп сылтауратқан. Ал нағыз батырдың бейнесін сомдау үшін Жаубөрінің тарихтағы алатын орнын, хал­қына қадірін, өмір жолын мұқият зерттеп алып және өзі де жан дүниесін байытқанда ғана үміті ақталып, арманы орындалатыны біртіндеп жетесіне жетеді. Батыр туралы ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді тыңдап, оған қатысты тарихи деректерді зерделеді. Ақыр соңында Жаубөрінің жанқиярлық ерлігі мен халқына қадірін жан жүрегімен сезінген мүсінші өзіне ерекше шабыт оралғанын іштей сезініп, белін бекем буып іске кіріседі. Жаубөрінің бекзат бейне-мүсіні осылай сомдалғанын жазушы сендіре суреттегеніне дән риза боласың.

Ал «Қайырсыз жұма» ақадал, ерен ең­бегімен министр лауазымына қолы жеткен Әбен Ілиясовичтің ойламаған жерден тағынан тайдырылғаны және оның себебі қызметіндегі кемшілігі емес, басқа біреуге орны керек болғандықтан екен. Орталық Комитеттің салалық хатшысы оған орнынан босатуды сұраймын деген өтінішті ық­тиярсыз, зорлап жаздырған ғой. Осынау қиянатқа жүрегі шыдамай Әбен сол түні кенеттен қайтыс болады. Міне, бүгінгі қоғамның қиянатшыл кескін-келбеті әңгімеге арқау болған. Мұны қазіргі алмағайып кезеңнің ащы шындығын ашып көрсететін сәтті қадам емес дей аласыз ба?!

Немесе «Қонақтар» әңгімесінде не мақсат көзделгеніне ой жүгіртіп көріңіз. Нағыз осы заманның адамдарымен жолы­ғасыз. Ерғабылдың жалғыз ұлы Сапабек үлкен қалада тұратын, үлкен қызметтегі кісі. Оның да жалғыз ұлы бар. Сол Жеңісін ауыл­дағы әке-шешесінің қолына беруге келіншегі Тома қарсы, ал оған күйеуінің сөзі көк тиын. Оның үстіне биыл мектеп табал­дырығын аттайтын бала қазақ тілінен ма­құ­рым. Ерекеңнің тіпті ыза болатыны шақырса да немересінің қашқақтап қасына келмейтіні. Келінінің түрі анау: көйлегінің омырауы ашық, етегі шолақ. Қазақшасы орашолақ. Жыл сайын асығыс-үсігіс, курорттан қайтып келе жатқанда жолай соғып, бiр түнеп кететiн ұлына әкесiнiң өкпесi қара қазандай. Өз отбасына өзi қонақ болып жүрген жiгiтте қандай қадiр-қасиет болсын. Бұл бүгiнгi күннiң мұңы емес деп кiм дауласар?!

Қазiргi қоғамда орын алған тағы бiр жағымсыз қылық «Жат перзент» әңгiмесiнде сипатталған. Керiм мен Рүстем қызметтес кiсiлер. Екеуi жұмыс бабында жараспай қалған. Кезекті бір жиналыста Кәрімнің бөліміне Рүстем қатты шүйлігіп, сынап, мәселе оған сөгіс бергізумен аяқталған. Соған кектенген Кәрім одан өш алудың амалын тауып, Рүстемнің келіншегі Зәурешті көңілдесі етіп алады. Рас, арақатынастары ұзаққа бармаған. Арада алты жыл өткенде сыраның кезегінде тұрып, талай жыл жүздеспей кеткен баяғы Рүстемге жолығып қалады. Қасында баласы бар. Биыл мектепке барады екен. Зер сала қараса, айнымаған Кәрім, сойып қаптап қойғандай ұқсас. Күтпеген жаңалық Кәрімді әрі-сәрі күйге түсіріп, есеңгіретіп жіберген. Ол арамза пиғылымен жасаған күнәсінің арты осылай өкінішті болғанына не себеп екен? Баланың жат перзент болып кетуі қалай? Кейіпкердің жанын ауыртқан осы сұрақтарға қалай жауап қайыруды жазушы оқырман еркіне берген. Ойлансын, толғансын деген ниетпен, әрине. Ал бұл сауалдың бүгінгі күнге, қоғамдық өмірге қатысы жоқ, жеке бастың шаруасы дей аласыз ба? Әрине, бұл да әлеуметтік мәнді мәселе...

Біз жазушы Төленнің бірқатар әңгіме-повестеріне тоқталып, оқырман қауыммен бөліскен сырларына біршама қанықтық. Әр шығармасында қандай шындықтың беті ашылып, нендей көкейкесті мәселелер көте­рілгеніне ой жүгіртіп, тиісті түйін жа­сау­ға тырыстық. Бұл көрнекті қаламгердің қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі әдеби тәсілмен жазылған туындылары. Ал оның кейінгі жылдары жазылған шығар­маларын жаңашыл әдеби дәстүрдің жемісіне жат­қы­замыз. Ендігі әңгіме төркіні жазушы Төленнің шығармашылығындағы сол екінші қырын таразылауға арналғаны жөн шығар. Осы орайда қаламгердің кейіпкерлері де, олар­дың ғұмыр кешіп жатқан ортасы да, жазылу мазмұн-мақсаты да, тіпті әдеби мәнері де өзге қазақ жазушыларының біріне де ұқса­майтын «Ақиқат», «Тозақ оттары жымың­дайды», «Парасат майданы» повестерін бөле-жара талдау қажет.

Мысалы, «Ақиқат» повесі – оқырманын ойлантып-толғантуымен есте қалатын қыртысты шығарма. Басты кейіпкер Роберт кісінің ақылы жетпейтін ерекше құпия қасиеті бар кісі, яғни көріпкел. Оның кімнің адал, кімнің арамза, кімнің күнәкар, кімнің жақсы екенін жазбай танитын текті қасиеті – ақиқатты ашық айғақтауы, ақыры оның өз өлімімен аяқталады. Бұл болса ақиқат үшін күресу, шындық үшін шыр-пыр болып айтысу аса қажет болғанымен, бүгінгідей алма­ғайып заманда ажал құштыратынын жазушы дөп басып дәлелдеген. Ұлт мүддесі мен халық тағдыры толғантқан жазушының ғана осындай ойлар айтып, тәуекелге бел бууы мүмкін. Адам баласының жаратылысынан тыс, сирек кездесетін көріпкелдік қасиетін ізгілік жолына пайдаланбаған жағдайда керісінше оның кесірі тиетіні, ақылдан азап шегетіні шүбәсіз шындық екеніне сенбеске шараң жоқ.

Кезінде Мемлекеттік сыйлықпен мара­пат­талғаны үшін емес, жазушының көркемдігі келісті, жазылуы желісті, арналы ойлары адамзаттық құндылықтардың көзін ашып, сана-сезіміңді нұрландыратын толағай туындысы «Парасат майданы» повесі. Шығарма кейіпкері жүйке ауруына шалдыққан адам. Бұл тұлғаның екіге жарылуы, яғни бір адам­ның сана-сезімінің, жалпы дүниета­ны­мының қарама-қайшылықты жаратылысы. Бұлайша бір адамның бойында мінез-құлқы, дүниеге көзқарасы бөлек екінші тұлғаның пайда болуы адам психологиясындағы патология екендігі әлдеқашан медицина ғылымында дәлелденген. Жазушының өз кейіпкерін осы ортадан алуы, әрине бекер емес. Дүние құ­былыстарына адамдардың әрқилы көзқарасы мен түйсік-түсінігін көрсету үшін жазушы өзі­не қолайлы осындай кейіпкер образын сомдауды жөн санаған.

Егер «Оң қолдың» кейіпкері де осындай адам болса және сюжет желісі дәрігердің әңгімесі арқылы өрбісе, мына хикаятта ауру­ханада жатқан науқас адамның күнделігін­дегі жазбаларын оқисың. «Оң қолда» бір сәттік жағдай ғана баяндалса, мына «Парасат майданында» мүлде басқа мақсат көз­делген. Жазушы жалпыадамзаттық мәсе­ле­лер төңірегінде ой топшылап, сыр ақ­тар­ған. Мұндай мән-маңызы адам баласының бәріне ортақ, шиеленген шешімін табуға қанша арпалысса да амалы таусылып, ой-санасының өресі жетпей жүрген толағай мәселе жөнінде пікір таластыру, сол арқылы оқырманын толғандырып, ізгілік жолын іздестіруге көшбасшы болу – міне жазушының басты мақсаты осындай.

«Тозақ оттары жымың­дайды» повесі. Бұл зорлық-зомбылықтың зардабын көріп, ақыры ақ адамдармен елі, жері үшін айқаса жүріп, жер бетінен біржолата жойылып кеткен араку тайпасының қасіретті тағдыры жөнінде жазылған повест еді. Кеңестік заманда – қазақтың тілінен, ділі­нен, дінінен, керек десең жерінен де айырылуға аз-ақ қал­ған қилы кезеңде ұлттың басына түскен ауырт­палықты ашып жазу мүмкін емес-тін. Олай жасаған жағдайда қаламгер идеялық қателікке жол бергені үшін жазаланар еді ғой. Сондықтан жазушы Төлен төте жолдан ауытқып, ақиқатқа апарар жаңа жол тапқан. Қазақтың басына түскен мұң-зарын, үндістер көрген қорлығын егжей-тегжей сипаттай отырып, жеріне жеткізе баяндап шыққан. Бір қарағанда, алыс Бразилияны мекендеген жауынгер араку тайпасының тұқым-тұяғы қалмай құрып кеткендегінің мұңды баяны сияқты. Алайда, бұл кешегі бодандық бұғауында өлместің күнін кешкен аз ұлттардың, оның ішінде қа­зақтың тағдырына алаңдаудан туған толғаныс болатын. Жазушы медицинаға тұтас бір дәуір әкелген данышпан доктор Эдуард Бейкерді бала кезінде айы­рылған атамекеніне сапар шектіріп, оның араку тай­пасының ең соңғы адамы екенін, зая ғұмыр кеш­кенін есіне түсіріп жандүниесіне төңкеріс жасайды. Сөйтіп, қаламгер қазақ жұртына ой салып, болаша­ғыңды бодандықтан құтқарып, ұрпағыңды рухтан­дырмасаң, сенің де көрген күнің қараң дегенді ишарамен жеткізген. Бұл шын мәнінде орағытып өтіп, орайын келтіріп айтылған ақиқат еді. Түсінген адамға бұл жазушының ерлігі деп бағалайтын еңбек. Төленнен басқа ешбір жазушы мұндай шығарма жазған жоқ...

Ендігі әңгімеміз Төленнің су жаңа туындысы «Тұ­ғыр мен ғұмыр» хикаяты турасында. Бұл қазақ әде­бие­тінде әлі күнге дейін толық игерілмеген тақырыпқа түрен салған шығарма. Оның себебі айтпаса да айқын. Кеңес заманында халқымыз басынан кешірген небір нәубетті тағдыр кешулерін жазуға тыйым салынғанын білеміз.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен соңғы бес жылда дәстүрлі шараға айналған Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының  конгресі бұған дейін Түркия, Татарстан, Солтүстік Кипр және Әзірбайжанда өткізілген. Конгрестің мақсаты түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы ұлттық тілдегі қазіргі заманғы ақпарат алмасуын жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық қаламгерлерді анықтау. Шара бағдарламасы бойынша биылғы жылы да әдеттегідей «Түркі әлеміндегі жыл әдебиетшісі» сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіліп, 2012 жылдың үздік әдебиетшісі анықталды.

Университет бітірмей жатып талантты үркердей шоғырдың санатына қосылған Төлен Әбдіков есімі әдеби жиындар мен алқалы басқосуларда үкілеп айтылатын болды. «Райханнан» кейін іле-шала таралымы ең көп басылым «Лениншіл жас» оның «Қонақтар», «Бас сүйек» әңгімелерін жариялады. Қалың оқырманның жүрегіне ұялаған бұл шығармалар көтерген, қозғаған мәселелердің сонылғымен ерекшеленгені айдай анық. «Бас сүйек» әңгімесі газетте шығысымен 7-сыныптың Қазақ әдебиеті хрестоматиясына кірді. Бұл о кезде жас қаламгер үшін үлкен оқиға, үлкен мерей. Шығармашылық шабытына жаңа өріс ашты.

Қаламгердің төлбасы кітабы «Көкжиек» – 1969 жылы «Жазушы» бас­пасынан жарық көрді. Қазақ прозасына олжа салуды ойлаған ол өзіндік соны сүрлеуін іздеуден танбады. Жанкешті жазушы тыңнан түрен тартқандай құлшына еңбек етті. Моншақтата төгілген маңдай тер текке кетпегенін бүгінгі оқырман көріп отыр. Бұдан отыз жыл бұрын дүниеге келген «Оң қол» әңгімесі мен суреткер даңқын әйгілеген «Парасат майданы» романы арасында қазақ әдебиетінің қазынасын толтырған талай-талай асылдарды көреміз. Кәне, еске түсірейікші. «Күзгі жапырақ», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат», «Әке», «Өліара», «Ақшоқыда қыс қатты», «Парасат майданы», «Тұғыр мен ғұмыр» т.б. әңгімелер, повестер, романдар кітаптары халқымыздың көзайымына айналған жауһар туындылар. Сонымен қатар ол грек аңыздары – «Эллада ерлерін» қазақ тілінде сөйлеткен. Акутагава, Кобэ Абе шығармаларын аударған.

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, облыстық біраз театр ұжымдары қойды. «Ардагер» пьесасы республикалық конкурста бас жүлдені жеңіп алған. Осы шығарманың негізінде М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры «Ұлы мен ұры» спектаклін сахналады.

Орыс тілінде «Истина» кітабы, түрік тілінде «Парасат майданы» романы шыққан. Жекелеген шығармалары ағылшын, орыс, неміс, түрік, өзбек тілдеріне аударылған.

3-слайд. Бейне көрініс «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі.

4-cлайд. Хронологиялық кесте

5-слайд. Төлен Әбдік «Түркі әлемінің жазушысы» атанды.

Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға сіңдіріп, «Ата-ананы сыйлау- адамдардың парызы» деп бекер айтпаса керек, олай болса, осы отырған үлкеннің де, кішінің де парызы, міндеті, борышы — әлпештеп аялап өсірген ата-анаға деген құрметті естен шығармау.

Оқушылар дайындаған көрініс «Қарттар үйі», «Қонақтар»

6-слайд. Қарттар үйі бейне көрініс.

-Міне балалар тек Төлен Әбдік қпнп емес кезінде Сүйінбай да бұл тақырыпты қозғап кеткен екен.Бейне көрініс пен оқушылар дайындаған көрініс арқылы кішкене ой толғаныс жасадыңдар. Осындай дүниелердің салдарынан қазақ қоғамында қарттар үйіі көбейіп,әртүрлі оқиғалар орын алуда.Ата-анасын тастап кетіп жатқан безбүйректер көбейіп барады.Танымдық сабағымызды қорытындылау мақсатында постер әдісі. Осылай отырған күйі топ болып біріге саламыз.

1-топқа Хронологиялық кесте.

2-топқа Қарттар үйі қажет па?

3-топқа Осындай оқиғалар кез келген отбасында болуы мүмкін. Оған не себеп?Ішкі және сыртқы факторларды жазу.

Оқушылардың өз шығармашылығы. Өлең оқу

7-слайд. Төлен Әбдік батасымен аяқтау.

Елбасымыз айтқандай «Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады», - дегендей біз де осы аталарымызды мақтан тұтамыз. Осы тұлғаның шығармаларын ізденіп оқиды деген үміттемін. Осы сабақтан өздеріне әсер алған шығарсыздар деп ойлаймын. Ата-апаларымызды,ата-аналарымызды қадірлейік.құрметтейік. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сыныптан тыс әдеби-танымдық кеш "Төлен Әбдік 75 жаста"

Автор: Оразақынова Арайлым Ержанқызы

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389232


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства