Білімділік - оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін оята отырып, ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу;
Дамытушылық - оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тіл шеберлігін арттыру;
Тәрбиелік - ана тілін қастерлеуге, ана тілі арқылы мақтана білуге тәрбиелеу.
Тілімде менің-сәбидің батылдығы да,-демекші , тіл-әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялай, шұбарламай таза күйінде мұра етіп, қалдыру-біздің борышымыз.
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты тілдер онкүндігі аясында өткізілгелі отырған «Сөз-мерген» тіл танымдық сайысын бастайық.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-дей келе, өзінің туған тілін жан-тәнімен жақсы көретін,баба рухына, тіліне нәр алып, сусындап өсіп келе жатқан сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Бүгінгі сайысымызға қатысатын топтармен таныс болыңыздар.
(«Барыс» және «Сұңқар» тобы)
Жүргізуші: Сайысымыз алты кезеңнен тұрады:
Таныстыру
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
«Ойлы болсаң, озып көр»
«Жүйрік болсаң, шауып көр»
«Сөз түбін сөз табар»
Кім тапқыр?
Бүгінгі ойынымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздар
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптарын кәдік шықты
Білім мен тапқырлықты бағалайтын
Әлід-қазылар алқасы әділ, мықты
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді Төле би
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ. Мүсірепов
Ендеше осынау ұлағатты да асыл сөздерді санамызға тоқи отырып сайысымыздың І кезеңін бастаймыз.
Таныстыру. Шарты: Топ мүшелері топтың аты мен ұранын таныстырады.Мағыналы да мәнді таныстыруға 10 ұпай қойылады.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңінің тапсырмалары: Шарты: берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып,мағынасын ашып айту керек. Ойындағы әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.
1.
Ит
жер
Жауабы: ит өлген жер
Мағ: Алыс, ұзақ,қашық
Мысық
Қасқыр
түлкі
2.
арасында
Жауабы: қас пен көздің арасында
Мағ: тез, жылдам
Қас
Ауыз
Қол
3.
Ағаш
жер
Жауабы: таяқ тастам жер
Мағ: жақын
Отын
Таяқ
Тал
4.
Басы
көкке
Жауабы: төбесі көкке жетті
Мағ: өте қатты қуанды
Аяғы
Қолы
Төбесі
5.
Тайға
таңба
Жауабы: тайға таңба басқандай
Мағ: анық
Құлынға
Жылқыға
Атқа
6.
Бармағын
тістеді
Жауабы: бармағын тістеді
Мағ: өкінді
Қолын
Аяғын
Тырнағын
7.
Көзге
түртсе
Жауабы: көзге түртсе көргісіз
Мағ: қараңғы
Бетке
Ауызға
Басқа
8.
Кірерге
тесік
Жауабы: кірерге тесік таппады
Өте қатты ұялды
Шығарға
Барарға
Жүрерге
Сайыстың үшінші кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Ойынымыздың бұл кезеңінде ойыншылар берілген мақал- мәтелдердің жалғасын табады.
Балапан ұяда не көрсе, ... .
Көз жетпеген жерге, ... .
Отан үшін күрес - ... .
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
... .
Берекені көктен тілеме,
... .
Ел-елдің бәрі жақсы,
... .
Жақсы дос мақтап жүреді,
... .
Ел іші - ... .
«Жүйрік болсаң, шауып көр» . Шарты кестедегі сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.
Оқыған
Талаптыға жауар
Білімді
Саналы
Күшті
Білімді жығар
Айлалы
Өнерлі
Біреу
Екеу секіреді
Үшеу
Төртеу
Жалғыз
Аз шықпас
Көп
Мол
Ер
Батыр сөйлемейді
Дос
Сұлтан
Ешкі
Бұзау ысқырық
Лақ
Қой
«Сөз түбін сөз табар». Бұл кезеңнің шарты бойынша берілген көнерген сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.
Мысалы:Ерулік - жаңадан көшіп келгендерге берілетін сыбаға тамақ
1. Кебеже –
2. Қорамсақ
3. Бастаңғы –
4. Сыңсу –
Кім тапқыр?Бұл кезеңнің шарты бойынша ойынға қатысушы топтарға
жұмбақтар жасырылады. Ойыншылар жұмбақты шешіп, жауабына сәйкес мақал-мәтел айту қажет.
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
Желден желігеді,
Судан шегінеді.
Өзімнен өзгенің бәрін көремін
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті.
Ойында өздерінің білімділігін, тапқырлығын, шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғысымызды білдіре отырып, жеңімпаз топқа «Сөз мерген» деген атақты беру үшін әділ-қазылар алқасына сөз кезегін берейік
«Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттен-діре түседі» деп І. Омаров ағамыз айтқандай, өзінің байлығын , сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілінің бар екенін ұмытпаңыздар. Өз ана тілімізді қадірлеп, қастерлейік. Тіл болашағы мына сіздердің қолдарыңызда, жас ұрпақ!