Білімділік: ?лы ?алым Шо?ан У?лихановты? ?мір жолы, шы?армашылы? е?бектері жайында о?ушы білімін толы?тыру, т?сініктерін, ой - ?рістерін ке?ейту
Дамытушылы?: Шо?ан ?аза?ты? арасынан шы??ан – білімпаз, дара т?л?а екендігін о?ушылар?а жеткізу. ?алымны? ерекше ?асиеттерін аша отырып, о?ушыларды ізденімпазды??а жетелеу, ойлау ?абілеттерін шы?дау, тіл байлы?тарын дамыту
Т?рбиелік: ?аза? сахарасында ж?лдыздай жар?ырап к?рінген Шо?анды ?лгі ету, халы?ты, таби?атты ??рметтеуге, ізгілік пен е?бек?орлы??а, адал досты??а баулу
Саба? т?рі: Баспас?з - конференция саба?ы
Саба? ?ту ?дісі: ой ?оз?ау, пікірталас, шы?армашылы? ізденіс, с?ра? - жауап, ?орытындылау.
Саба?ты? к?рнекілігі: Шо?анны? суреті, интерактивті та?та, слайдтар, Шо?ан туралы пікірлер, б?ктеме, Ш. У?лихановты? шы?армалар жина?ы.
П?наралы? байланыс: тарих, география, сурет, ?н саба?ы, е?бек саба?ы.
Саба?ты? барысы:
I. ?йымдастыру кезе?і.
а) О?ушыларды?, ты?дармандарды? назарын саба??а аудару.
II. Саба?ты? ж?ргізілуі.
1) Ж?лдыздай жар?ырап ?аза? сахарасына шы?уы.
2) Шо?ан ж?не оны? айналасында?ылар.
3) Халы? ауыз ?дебиетіні? дамуына ?ос?ан ?лесі.
4) Зерттеу е?бектері (тарихи, географиялы?, этнографиялы?, ?деби т?р?ыда).
5) Шо?ан туралы зерттеулер.
6) ?орытынды
III. Саба?ты? I б?лімі.
1 - Ж?ргізуші: ??рметті о?ырмандар мен к?рермендер! «Шо?аны бар ел – шо?ты?ы биік ел» атты баспас?з - конференция саба?ына ?ош келді?іздер. Б?гінгі саба?ымызды? басты ма?саты – ?аза?ты? бір туар ?лы Шо?анны? ?леміне саяхат жасау, зерттеулерімен таныстыру, ?алымды ?р ?ырынан таныту.
Шо?ан У?лиханов ?останай облысы, ??см?рын бекетінде 1835 жылы д?ниеге келгендігін барлы?ымыз білеміз. Шо?ан - Орта ж?з ханы Абылайды? ш?бересі, хан У?лиді? немересі, Майор д?режесіндегі ??см?рын ауданыны? а?а с?лтаны бол?ан Шы??ыс У?лихановты? ?лы.
Шо?анны? шын аты М?хамед?анафия (Шо?ан анасыны? еркелетіп ?ой?ан аты).
Анасы Зейнеп ?аза?ша хат таны?ан, ?з заманыны? к?зі ашы?, к?кірегі зерек ?ыз - келіншектеріні? бірі бол?ан.
?жесі Ай?аным Ресейді? сырт?ы істер министрлігімен, Петербургтегі Сібір комитетімен байланысып отыр?ан. ?лкен ??рметке ие бол?ан Ай?аным?а Ресейді? императоры I Александр с?нді - салтанатты ?й салдырып беруге ?мір еткен.
Міне, Шо?ан осындай ал?аш м?дениетті? негізі ?алан?ан ізгілікті ортада д?ниеге келген деп, ары ?арай Шо?анны? білім сапары, ал?ырлы?ы, зеректігі ж?нінде айтылып кетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Шо?аны бар ел – шо?ты?ы биік ел» »
Сабақтың тақырыбы: «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел»– конференция сабағы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, шығармашылық еңбектері жайында оқушы білімін толықтыру, түсініктерін, ой - өрістерін кеңейту Дамытушылық: Шоқан қазақтың арасынан шыққан – білімпаз, дара тұлға екендігін оқушыларға жеткізу. Ғалымның ерекше қасиеттерін аша отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа жетелеу, ойлау қабілеттерін шыңдау, тіл байлықтарын дамыту Тәрбиелік: Қазақ сахарасында жұлдыздай жарқырап көрінген Шоқанды үлгі ету, халықты, табиғатты құрметтеуге, ізгілік пен еңбекқорлыққа, адал достыққа баулу Сабақ түрі: Баспасөз - конференция сабағы Сабақ өту әдісі: ой қозғау, пікірталас, шығармашылық ізденіс, сұрақ - жауап, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: Шоқанның суреті, интерактивті тақта, слайдтар, Шоқан туралы пікірлер, бүктеме, Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағы. Пәнаралық байланыс: тарих, география, сурет, ән сабағы, еңбек сабағы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылардың, тыңдармандардың назарын сабаққа аудару. II. Сабақтың жүргізілуі. 1) Жұлдыздай жарқырап қазақ сахарасына шығуы. 2) Шоқан және оның айналасындағылар. 3) Халық ауыз әдебиетінің дамуына қосқан үлесі. 4) Зерттеу еңбектері (тарихи, географиялық, этнографиялық, әдеби тұрғыда). 5) Шоқан туралы зерттеулер. 6) Қорытынды III. Сабақтың I бөлімі.
1 - Жүргізуші: Құрметті оқырмандар мен көрермендер! «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты баспасөз - конференция сабағына қош келдіңіздер. Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты – қазақтың бір туар ұлы Шоқанның әлеміне саяхат жасау, зерттеулерімен таныстыру, ғалымды әр қырынан таныту. Шоқан Уәлиханов Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде 1835 жылы дүниеге келгендігін барлығымыз білеміз. Шоқан - Орта жүз ханы Абылайдың шөбересі, хан Уәлидің немересі, Майор дәрежесіндегі Құсмұрын ауданының аға сұлтаны болған Шыңғыс Уәлихановтың ұлы. Шоқанның шын аты Мұхамедқанафия (Шоқан анасының еркелетіп қойған аты). Анасы Зейнеп қазақша хат таныған, өз заманының көзі ашық, көкірегі зерек қыз - келіншектерінің бірі болған. Әжесі Айғаным Ресейдің сыртқы істер министрлігімен, Петербургтегі Сібір комитетімен байланысып отырған. Үлкен құрметке ие болған Айғанымға Ресейдің императоры I Александр сәнді - салтанатты үй салдырып беруге әмір еткен. Міне, Шоқан осындай алғаш мәдениеттің негізі қаланған ізгілікті ортада дүниеге келген деп, ары қарай Шоқанның білім сапары, алғырлығы, зеректігі жөнінде айтылып кетеді.
2 - жүргізуші: Ұлы тұлға туралы зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар қонаққа келіп отыр, сол ғалымдармен таныстырайық. (қонақтар таныстырылады).
1 - жүргізуші: Оқырмандардың арасынан ғалымдарға қоятын сұрақтарыңыз бар ма? Оқырман: Мен сұрағымды тарихшыға қойсам деп едім. Біз Шоқанды ірі тарихи тұлға ретінде білеміз. Ғалымның тарихи ізденістері туралы айтуыңызды өтінеміз. Тарихшы: Шоқан Уәлихановтың тарихи деректерді жинауына, дүниеге деген көзқарасының кең тұрғыда қалыптасуына көп ықпал еткен Омбыдағы Кадет корпусында оқып жүргендегі тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский болды. Қоғамдық қозғалыстар жайлы оқыған лекциялары, әр түрлі елдердің тарихы мен XIX ғасырға дейінгі Европа мен Ресейде болған қоғамдық қозғалыстар жайлы әңгімелері Шоқанға үлкен ой салды. Ол ізденіп буржуазиялық қоғам шыншылдығымен бейнеленген философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды терең зерттеп оқыды. Көп оқығандығының арқасында Шоқан «Қазақ шежіресі», «Оңтүстік тайпаларының тарихы» атты еңбектер жазды. «Қазақ шежіресі» еңбегінде қазақтардың ру - руға бөлінуі бұрыннан келе жатқан дәстүр екендігін, олардың шығу тектерін таратқанда ортақ бір кіндікпен өрбитіндерін айтады. Қазақтың қай руы болмасын жүздерден тарайтындықтарын, ал рулардың өз ішінде тармақталып кететіндігіне жеке - жеке тоқталып өткен.
2 - жүргізуші: Шоқан жайлы оқырмандарымыздан да сұрай отыралық. *Шоқанға қай жерді зерттеу қиынға түспеді? Ақбота: Араб, парсы, ұйғыр тілдерін ерте танып, жетік меңгерген Шоқанға Орта Азияны зерттеу қиындық келтірмеді.
1 - жүргізуші: Ш. Уәлиханов Омбыдағы кадет корпусында қай жылдары оқыды? Қосымша қандай пәндер оқытылды? Бағлан: Шоқан кадет корпусында 1847 - 1853 жылдары оқыды. Бұнда саяси - әскери сабақтармен бірге батыс, орыс әдебиеттері, философия, математика негіздері, шетел тілдерін де қоса меңгерді.