kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Поэзия менімен егіз бе едің? іс-шара жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

мұқағали шығармашылығы туралы іс шара жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Поэзия менімен егіз бе едің? іс-шара жоспары»

Күні: 01.03.2017 жыл

Ұйымдастырған: Козыбаева Сабира Халметовна

Тақырыбы: «Поэзия – менімен егіз бе едің?»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақататаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат бере отырып, қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлендері арқылы оқушылардың халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Тәрбиелік: Ақын шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мұзбалақ Мұқағали туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Қара өлеңге деген құштарлықтарын арттыру.

Көрнекілік құралдары: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.

(Көңілді әуен ойнап тұрады. Ортаға 8 оқушы шығып, ақынның өлең жолдарын оқиды)

Литмонтаж

  1. Мейірман:

Өлмесін деп берген ғой тауды маған.
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран.

  1. Қадір:

Аласартып асуын, өткелдерін,
Астыма әкеп төсейді көк белдерін.
Алып тауды бесік қып өсіпсің ғой,
Ғұмырым, керемет ең неткен менің!

  1. Бексұлтан:

Тербетіліп тауымның аясында,
Өсіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым, қоясың ба?
Әлде, тағы алдыма жаясың ба?

  1. Мұхамед:

Тау менің несібіме тиіп сирек,
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.
Ақсақалдар: - Таудай бол! -дейтін маған,
Таудай болғым келеді, биік керек.

  1. Айгерім:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

  1. Гүлдана:

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

  1. Самал:

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

  1. Ғалымжан:

Бүгін менің туған күнім, ой бәлі-ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғанай!

  1. Азиза:

Мына дүние неге жатыр үндемей,

Мынау шапан, мынау атың мін демей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.


(Арайлым орындауында «Мен деп ойла...» әні орындалады )

Мен деп ойла

1.Сағындым ғой дедің ау, жаным маған,

Бұлт көрдің бе таулардан мамырлаған,

Сол менің ақжарыңнан ақжалыны,

Аулақтап ауылыңнан дамылдаған.

қайырмасы:

Мен деп ойла, самал боп есип өткен,

Мен деп ойла, нөсерді есі кеткен,

Мен деп ойла, өзіңді әр күн сайын,

Мен деп ойла, өзіңді мен ойла.

2.Естідіңбе аспанның күрсінгенін,

Сол менің саған деген тылсым демім,

Ұйықтап жатса оянсын, ояу болса,

Күңіренген жанымды білсін дедім.

Қайырмасы:

Мен деп ойла, самал боп есип өткен,

Мен деп ойла, нөсерді есі кеткен,

Мен деп ойла, өзіңді әр күн сайын,

Мен деп ойла, өзіңді мен ойла.

1-жүргізуші:

«Сырым да осы,

Жырым да осы

Алдыңда.

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты

Мұқағали Мақатаев бар мұнда».

2-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым деп елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
1-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
1-жүргізуші:

Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші:

Жыр дүлділі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 86 жылдығына арналған «Поэзия – менімен егіз бе едің?» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы орта мектепті бітіріп, мәдени-ағарту саласында түрлі қызмет атқарады. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ береді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.

2-жүргізуші:

Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында білім алады. Қазақ радиосында диктор, "Қазақ әдебиеті" газеті мен "Жұлдыз" журналаның поэзия бөлімдерінде редактор болып істейді. Ол қайда жүрсе де, қайда қызмет атқарса да, өлең жазуын бір сәт те тоқтатқан емес.

1-жүргізуші:

Ақынның алғашқы өлеңі Нарынкөл аудандық газетінде 1948 жылдары жарияланды. 1954 жылы "Әдебиет және искусство" журналында, "Қазақ әдебиеті" газетінде өлеңдер топтамасы жарық көрді. Ақын қайтыс болған соң да оның өлең жинақтары жыл сайын шығарылып отырды. "Соғады жүрек", "Шолпан" жинақтары бірінің артынан бірі басылып шықты. Алматы қаласының үлкен бір көшесіне Мұқағали Мақатаев есімі берілді. 70 жылдық мерей тойына орай ақын есіміндегі көшеге ескерткіш орнатылды. Ақынның ақындық мұрасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілді.

2-жүргізуші:
Мұқағали-ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

1-жүргізуші:
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де мен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...
2-жүргізуші:
Мұқағали ақынның жырлары-тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.
1-жүргізуші:

Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.

Менің анкетам

Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін…
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
– Мекен-жәйің?
– Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!


2-жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай!- деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев махаббат тақырыбына да ауқымды қалам тербеген ақындардың бірі де бірегейі.

1-жүргізуші:
Фариза!
Фариза жан,Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан табылса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз,-дей келе «ӨҚ-21» тобының оқушысы Төребаев Мараттың орындауында «Фариза қыз» өлеңін қабыл алыңыздар.

Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...


2-жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
1-жүргізуші:
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.


«ӨҚ-23» тобының оқушысы Тілектес Жалғастың орындауында М.Мақатаевтың «Ғашықпын» атты өлеңі

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бүл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.



«ЖҚҰ-23» тобының оқушысы Алтаева Мартаның орындауында «Өмір деген біреу бар»

Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің қабылдап аласың ба?
Қарасымен шамам жоқ таласуға
Ей өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға,
Құйын қуған қаңбақтай аласұра
Ей өмірім, зымырап барасың ба?!
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған аласым да,
Мені тастап толқындар ағасың ба,

Толқындатып өмірім барасың ба.
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба өмірім қиындаған.
Сыйын маған , Ей Өмір!
Ей Өмір! Сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған


«ӨҚ-21» тобының оқушысы Төребек Қарагөздің орындауында «Қазақ жері»

Пай, пай, пай! Киелі неткен жер

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер,

Бас иіпғ иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер.

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға.

Құлшылық етемін күн сайын

Тағзым жасаймын қырларда.

Шүкірлік етемін қашанда,

Осы бір Отанда тұрғанға

Жазы бар жалынмен жандырған

Қысы бар аязға қардырған

Көктемі балауса балдырған,

Ал күзі алып бір ақ қырман.

Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған

Күрең нан жаңа алған тандырдан

Көлденең көлбеген көкжиек

Қыранның қанатын талдырған.


«ЖҚҰ-23» тобының оқушысы Қосай Айгерімнің орындауында «Шәмілге жазған хаттардан»

Шәміл-ау

Хал жайымды білсең еді,

Білмеймін қайтерімді...

Кім сенеді

Он жетімде өшіріп алған отым

Қайтер ең қайта қарып жүрсе мені!

Белгілі менің саған маубастығым

Сабырсыз аузы күйген албастымын.

Кесемді алдыменен үрлеп алам

Ыссы шайды аузыма алмас бұрын.

Шәміл-ау!

Қалың достан қалған сен ең,

Қайтемін?

Ғашықпын мен

Шын ғашықпын!!!

Ғашықпын!

Ғашықпын деп білдірмедім,

Белгілі:білдіргенім,бүлдіргенім

Жарқ етіп,жайдың оты шашылғанда,

Жалт етіп,қарауға да үлгірмедім.

Достардың ортасына түсіп қалдым

Шәміл-ау

Осы мені ұшықтар кім?

Желдеріне желігіп пысықтардың,

Кеше мен махаббатқа ішіп бардым.


«Ана сен бақыттысың» Мейірман

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…


2-жүргізуші:
«Аққу-киелі құс». Олар екеу болып қана өмір сүреді. Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды. Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
1-жүргізуші:
Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,
Қош енді, қош болыңдар гәкку-наздар!
Кеудемде күңіренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған, - дей келе ақиық ақын Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық қойылым тамашалаңыздар.

(сахна сыртынан келесі өлең жолдары айтылып тұрады,

бейнежазба жүріп жатады)

Автор:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына

жылға да жоқ даламен жалғасуға

Тасқа тамған жаңбырдың тамшысындай

қалай біткен мына көл тау басына


әлдилеп ақ төсіне бермей тыным

ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын

бұл көлге мылтық алған саятшы емес

тірі жан аяқ басып келмейтұғын

аққулар аман-есен қайтқанынша

Суына жетімкөлдің шөлдейтуғын

Суымен сырқаттарын емдейтұғын


бала жатыр төсекте күйіп жанып

баласының ана отыр күйін бағып

қай қайдағы қатыгез сұрқай ойлар

миын қарып барады миын қарып.


Әке:

Мана күндіз тәуіп шал не деп кетті

әлде өтірік әлде шын демеп кетті


Ана:

аққуменен баланы аластаңдар

деді дағы жәйімен жөнеп кетті

(бала даусы)

Ана:

тұрсаңшы таяу қалды таң атуға

неткен жансың санасыз жаратылған

манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі

ұмытылып кетті ме санатыңнан


Әке:

апырай қалай барам қалай барам

Атармын аққу құсты қалай ғана

айдынның аққулары ұйықтағанда

өрген мал, өскен шырша абайлаған

барлығы қасиетке қарайлаған

оқ атам қасиетке қалай ғана,

бармаймын

қалай барам

баралмаймын


Ана:

жалғыз ұлдан артық па жалған бәрі

бала өлсе басқаның керегі не

топан су басып кетсін қалғандарын

перзент сұрап несіне армандадың

құрысын онсыз сенің жанған бағың

мылтықты әкел, атты ертте, жалған бәрі


Автор:

аққулар аққу мойын сүмбе қанат

алаңсыз тарануда күнге қарап

айдынның еркелері білми тұрмын

етермін тағдырыңды кімге аманат

шошымай шолжаң өскен баырларың

ана отырған шыршаға жақындады

Көзі тұңған бейбағың топ аққуға

Білмей қалды мылтықтың атылғанын


ию қию көл маңы астан кестең

жер айналып тау құлап, аспан көшкен

жаңғырып жар салып жартастар тұр

жетімкөлдің қайғысын бастан кешкен

тау жаңғырып тамаша құстың әні

қош айтысып көлменен ұшты бәрі

көл бетінде көлбеңдеп жаралы аққу

Ұшалмайды ұшпақ боп күш қылады.


Жетімкөлдің басында жылқы жатқан

дөңге шығып қарт тұрған жылқы баққан

апырай бұл кім болды таң сәріде

Көргенсіз көл басында мылтық атқан

құстардың зәре құтын шұрқыратқан

негілған қаныпезер құлқы қатқан.


Жылқышы:

Ей кімсің жаның бар ма

аққуды неге атасың арың бар ма

тастағын қаруыңды келгін бері

келгін бері кеудеңде жаның барда


ана:

мана күндіз тәуіп шал келіп кетті

әлде өтірік әлде шын демеп кетті

аққуменен баланы аластаңдар

деді дағы жәйімен жөнеп кетті


жылқышы:

әй балам болмады ғой болмады ғой

қасиет кетті көлден сорлады ғой

тәуіптің айтқанының бәрі өтірік

атқа мін ауылға қайт олжаны қой


мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да

білмеймін бақ аттың ба сор аттың ба

аққуға кезенерде ырым жасап

тым құрыса саусағыңды қанаттың ба


Ана:

жоқ, әлек боп арпалысып зор қайғымен

жоқ ата жасамадым ондайды мен

жасымнан естігенім бар-тын еді

әйтеуір аққу атқан оңбайды деп.


Автор:

Солай солай, аманат бір құдайға

қай қайдағы түседі құрғыр ойға 2рет

оң ба түс пе әйтеуір таласуда

өлі менен тірінің арасында

өліп жатқан ұлына қарсын да

қалсын ана жетім көл жағасында


ана:

жоооқ

өлі менен тірінің арасында

жоооқ

қасірет

сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең

қасиет

кешіре гөр жаратқаным ай кешіре гөр

о қасірет

қасиет

қасиет

қасиет


автор:

орнында екен жетімкөл жоғалмапты

ортаймапты немесе тола алмапты

жағалауын жауапты жасыл жалбыз

қасиетті аққулар оралмапты


1-жүргізуші:

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды.

Тек қана тыныштықты ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.


2-жүргізуші:
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.
1-жүргізуші:
Құрметті тыңдарман қауым! Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес дей келе ақынның сөзіне жазылған "Сәби болғым келеді" әнін қабыл алыңыздар.

Құс та болғым келмейді қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған.

Тар бесігі - кең жаһан, тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.
Сәби болғым келед-ау, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

От та болғым келмейд,і жылуым бар.
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым,
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.

Қанат қағып өмірге ұшарымда,
Кесілмесе бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым,
Сәбиі жоқ ананың құшағынд
а


2-жүргізуші:
О,махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,

1-жүргізуші:
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О,махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Келесі кезекте, ақынның махаббат сезімінен туындаған «Махаббат диалогі». Орындайтын Елдар мен Дана

-Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім
-
Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып ақыры жетер едім
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!


2-жүргізуші:
Жақындық сеземін-
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем-
Мұздардан, тастардан.

1-жүргізуші:
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,- деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.

2-жүргізуші:
Уақыт көші жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың бізге беймәлім құпиясы күрделі де сырлы қалпынан жазбай, асқақтай түспесе, «бәрін білдік, түйдік» деп есептеуге әуес пенделік санаға сыятын түрі жоқ.

3-курс студенті Канафиянов Елдардың орындауында М.Мақатаевтың

«Жоқ, дәрігер» атты өлеңін қабыл алыңыздар

Жүрегіме жүк артып жүргенімде.
Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе?
Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген,
Уландың ба білмеймін, кірледің бе?

Бары ақиқат бір дерттің жүрегімде,
Дәрігер-ау, арқалап жүремін бе?
Сорлайтындай соншама кім едім мен,
Неге аяныш атасың іренінңен?

Айтып өлтір, қайтесің босқа ойланып,
Жүрек дерті өлімге бастай ма анық?
Адасам ба өмірден жастай қалып?
Ет жүрегім кете ме тасқа айналып?
Неге айтпайсың, тұрғанша босқа ойланып?

Пері соққан пендедей есі жарым,
Тамырымда тулайды есіл ағын.
Бұл жүректің білмеймін, несін алдым,
Несі жоғын білмеймін, несі барын?

Қаным қайнап барады, қаным қайнап,
Бір амал тап, дәрігер, халімді ойлап.
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап.
...Жоқ!
Дәрігер!
Орнатпа басқа жүрек!
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,
Білдірмей доғдыр алып тастады деп?!

Өңгеріп өгей жүрек қайда барам,
Өзгенің ғұмырын қалай пайдаланам?
Сыйыңа рақмет, қайран Адам!
Өзімнің жүрегімдей қайда маған?

Алмастырам!?
Дедің-ау, алмастырам!..
Сірә, менің жұлдызым жанбас бұдан.
Өзімнің жүрегімді жерлеп келіп,
Өзгенің өмірін қайтіп жалғастырам?

Тула, Жүрек!
Өкінем мен несіне!?
Туған жүрек,
әрине,
өлмесін бе?
..Жоқ!
Дәрігер!
Қозғама,
дамылдасын,
Әрбір жүрек өзінің кеудесінде!


1-жүргізуші:
Ақынның өлеңдерінде ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.

«Жас қайың» әні.

Жапырақ жүрек жас қайың
Жанымды айыр бастайын
Сен адам бола бастасаң
Мен қайың бола бастайын
Келісемісің жас қайың?!

Көрінер мүмкін кімге ерсіз
Өміріңді маған бір берші
Дүрбілең мына дүниені
Қайың көзімен бір көрші

Қайың боп менде бағайын
Орманнан орным табайын
Беймәлім маған өмірге
Қайың көзімен қарайын

Сен дағы жерден нәр алдың
Мен дағы жерден нәр алдым
Біреуден сен де жаралдың
Біреуден мен де жаралдым
Тілі жоқ жансыз қайыңсың
Айырмашылығым - Адаммын!
Сондықтан ұзақ жасарсың
Құрдасы келер заманның

Мендегі барі бір жүрек
Ол өлсе мәңгі кеткенім
Сендегі семсе мың жүрек
Келгенде жасыл көктемің
Тірілер қайта дүркіреп
Бар жоғы менде бір жүрек
Беріпті жүрек саған мың

Сондықтан ұзақ жасарсың
Құрдасы келер заманның
Жапырақ жүрек жас қайың
Жанымызды айыыр бастайық?
Адам боп тұрсаң қасқайып
Қайың боп тұрам қасқайып
Келсемісің жас қайың?! (4рет)
Тәуекел айыр бастайық

(2 рет)Өмірге-өмір жалғасып
Анамыз жерге жармасып
Бірде адам,бірде қайың боп
Сүрейік өмір алмасып...


2-жүргізуші:
Сен қазақтың қазақтығын жырладың,
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген
Қара өлеңнің-жалындаған жырларың.
1-жүргізуші:
Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жылдарыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңгі есімің жадымызда қалады.

2-жүргізуші:

М. Мақатаевтың әр өлеңі ой мен сезімнің бірлігінен жаралып, оқырман жүрегіне жол тауып, ой-санасына ерекше әсер етеді. Ол өлең үшін өмір сүрді. Ақын әдемі өлең жазу үшін тақырып таңдамайды, сұлу сөз іздемейді. Өйткені, мөлдір сезім, сұлу сөз ақынды өзі іздеп табады.
1-жүргізуші:
Ақынның қиын сәттері көп болды. Бірақ ол әрқашан өз елін, туған жерін, ана тілін құрметтеді. "Үш бақыттым" атты өлеңінде сол үш бақытты ақын "Халқым, Тілім, Отаным" деп нақты айқындайды. Ақын ең алдымен, Елдің елдігін, Тілінің мәңгілігін, Отанның гүлденгенін ойлайды. Осы үшеуін бәрінен жоғары қояды.
2-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев - ақындық, өнерпаздық аясы кең шығармашылық тұлға. Оның лирикалары мен поэмаларында өз заманының шындығы, бүгінгі мен болашағы, зұлымдық пен махаббат, қастық пен достық, арамдық пен адалдық атты тақырып тұтастық тапқан. Сондықтан да Мұқағали қалдырған мол мұра қашанда халқымен бірге мәңгі жасайтын асыл қазына екені анық.

(Хор. Саржайлау әні. )
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым


Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым


1-жүргізуші:

Мәзір етіп мәпелеген жемісің,

Мәуелесе, баққа толы өрісім,

Барлығы да,

Поэзия сен үшін! – деп Мұқағали жырласа,

2-жүргізуші:

«Күйінішті, сүйенішті өлеңің,

Татып дәмін мен де өсіп келемін.

Өлген жоқсың, сен әрдайым тірісің,

Біздер үшін, қазақ деген пенденің» - деп ақын өлеңін мәңгілікке, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп табыстау – сіз бен біздің парызымыз екенін ұмытпайық ағайын!

«Есіңе мені алғайсың»

Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есiңе менi алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есiңе менi алғайсың

Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда менi арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есiңе менi алғайсың
Арманда менi арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есiңе менi алғайсың

Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есiңе менi алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есiңе менi алғайсың

Ақ ұлпа жердi жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есiңе менi алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есiңе менi алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есiңе менi алғайсың



(Естелік фотосуретке түсу)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Поэзия менімен егіз бе едің? іс-шара жоспары

Автор: Козыбаева Сабира Халметовна

Дата: 06.02.2019

Номер свидетельства: 498654


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства